Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХАТТАМАСЫ. Басталу: 20 сағат 00 минут





 

20__ жылғы 16 шілде Алматы қ.

 

Басталу: "20" сағат "00" минут

Аяқталуы: "20" сағат "30" минут

 

Түрксіб ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А. Зайтов Алматы қаласы Түрксіб ауданы ІІБ әкімшілік ғимаратының №517 қызметтік бөлмесінде Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 128-132, 134, 197, 199-баптарының талаптарын сақтай отырып, осы ұстап алу туралы хаттаманы жасады:

 

Т.А.Ә. А.: Батаев Дмитрий Зайтунович

Туған кезі: 1991 жылғы «10» желтоқсанда туған

Туған жері: Ресей, Саратов облысы, Войск к.

Жеке басты куәландыратын құжат: ҚР ӘМ берген №5703394 паспорт

Ұлты: Орыс

Азаматтығы: ҚР

Білімі: орташа

Жұмыс орны, лауазымы (оқу орны): жұмыс істемейді

Тіркелген жері: Тұратын жері (нақты тұратын жері): Алматы қ., Мұратбаев көш., 64 үй, 72 пәтер

Отбасылық жағдайы: үйленбеген

Әскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті

Соттылығы: бұрын сотталмаған

ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі 3 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті.

 

Жеткізілген уақыты: 20 сағат 00 минут,

Нақты ұстап алынған уақыты: 19 сағат 30 минут.

 

Алматы қ., Мұратбаев көш, 64 үй, 72пәтер

(ұстап алынған жері)

Ұстап алуға негіз:

1) адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасалғаннан кейін ұсталса,

 

2) көзімен көргендер (куәлар),оның ішінде жәбірленуші осы адамды қылмыс жасаған адам ретінде көрсетсе не бұл адам ҚПК 130-бабында көзделген тәртіппен ұсталса,

3) оның бетінде немесе киімінде, оның бойында немесе оның тұрғынжайында қылмыстың анық іздері табылса;

4) шұғыл-іздестіру қызметінің және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің заңға сәйкес алынған материалдарында аталған адамға қатысты жасалған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болса.

Сондай-ақ ҚР ҚПК 128-бабы 4-бөлігіне сәйкес адамға қылмыстыққұқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ұстап алынуы мүмкін.

Ұстап алу себептері:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруден және соттан жасырыну мүмкіндігі.

2. Бостандықта жүрген кезде қылмыстық істік объективті тергеп-тексерілуіне кедергі жасау мүмкіндігі.

 

Ұстап алынған: Д. З. Батаевке, ҚР ҚПК 131-бабы 1-бөлігіне сәйкес қандай құқық бұзушылық жасауға күдікті екені ауызша хабарланды, сондай-ақ қорғаушыны шақырту құқығы, үнсіздік сақтау құқығы және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылу мүмкіндігі түсіндірілді.

Батаев Д.З _______________________

(ұстап алынушының қолы)

 

ҚР ҚПК 64-бабы 9-бөлігіне сәйкес ұстап алынған: Д.З. Батаевке

күдіктінің мынадай құқықтары түсіндірілді:

1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу;

2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білу;

3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану;

5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу;

6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру;

7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу;

8) айғақ беруден бас тарту;

9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу;

10) дәлелдемелерді ұсыну;

11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу;

12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру;

13) аудармашының тегін көмегін пайдалану;

14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу;

15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу;

16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасу;

17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру;

18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру;

19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау;

20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру;

22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру;

23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу;

24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.

Ұстап алынған: Д.З. Батаевке, ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігіне сәйкес ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруынан өту туралы тиісті өтінішхатты мәлімдеу құқығы түсіндірілді.

Батаев Д.З ______________________________

(ұстап алынушының қолы)

Дені сау, дене жарақаттары жоқ

(ұстап алынушының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді көрсеті, медициналық куәландыру өткізілген жағдайда оның қорытындысы қоса беріледі)

 

ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес жеке тінту нәтижелерін көрсету:

тінту кезінде ештеңе табылған жоқ және ештеңе алынған жоқ

 

Хаттаманы жасаған:

 

Түрксіб ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты (қолы) А.Заитов

Хаттама көшірмесін алдым:

Батаев Д.З _____________________________________________________

(қолы) (ұстап алынған адамның тегі, аты-жөні)

Ұстап алу туралы хабарлама прокурорға

20___ жылғы "16" шілдедегішығыс № 44/3- 14578 нөмірімен 20___ жылғы 16 шілдеде жіберілді.

 

Түрксіб ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты (қолы) А.Заитов

 

 

Жеке тінту

Date: 2015-12-13; view: 1651; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию