Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс №1





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ИНСТИТУТЫ

 

«Мектеп учаскаскесінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру»

пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

 

 

Тараз -2015

 

Құрастырғандар:

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Биология және БОӘ»

кафедрасының доценті а.ш.ғ.к. Қ. Мырзалиев.

 

«Мектеп учаскаскесінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқауы.- Тараз:

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – 2015ж.

 

Әдістемелік нұсқау «Мектеп учаскаскесінде оқу тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру» курсының оқу бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орнындарының биология мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінде оқитын білімгерлерге арналады.

 

Зертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Суғармалы алқаптың ауыспалы егістігін жобалау.

Мақсаты: Суғармалы алқаптың ауыспалы егістігін жобалауды үйрену.

Жұмыстың барысы:

Ауыспалы егіс схемасын құру кезінде топырақтың құнарлығына әсер ету дәрежесі бойынша ауыл шаруашылық дақылдардың ерекшеліктерін ескеру қажет. Әсер ету дәрежелері бойынша барлық алғы дақылдар: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық болып бөлінеді және мынандай топтарды құрайды:

1. Таза (бос) және бос емес парлар;

2. Көпжылдық шөптер;

3. Дәнді бұршақ тектес;

4. Отамалы;

5. Техникалық;

6. Күздік дәнді дақылдар;

7. Жаздық дәнді дақылдар;

8. Бір жылдық шөптер.

Таза пар деп бүкіл вегетация кезіндегі ауыл шаруашылық дақылдары өсірілмейтін танапты айтады. Таза пар ылғалдылық, қоректік заттардың жинақталуын қамтамасыз етеді.

Көпжылдық шөптер жоңышқа, люцерна, эспарцет және топырақты органикалық заттармен және азотпен байытады.

Бұршақ тұқымдас дақылдар – бұршақ, соя, нут, үрмебұршақ атмосферадағы ауаны жұтып, оны топыраққа жинақтайды.

Отамалы дақылдар – картоп, жүгері, күнбағыс, мақта, бақша дақылдары, қант қызылшасы арамшөптерден тазартушылар болып табылады.

Күздік дәнді дақылдардан топырақта көптеген тамыр және өсімдік қалдықтары қалатындықтан және танапты ерте босататындықтан топырақты келесі дақылдар үшін жақсы дайындауға мүмкіндік береді.

Жаздық дақылдардың арамшөптермен күресуі әлсіздеу болады, олардан тамыр және өсімдік қалдықтары аз қалады.

Тапсырмалар:

  1. 6 танапты, 8 танапты ауыспалы егіс схемасын жаса.
  2. Суғармалы жерлер үшін ауыспалы егістік схемасын жаса.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыспалы егіс дегеніміз не?
  2. Ротация дегеніміз не?
  3. Дақылдарды кезектестірудің 4 себебін ата.
  4. Техникалық дақылдарға сипаттама бер.

Date: 2016-02-19; view: 897; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию