Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүйелік файлдар





Бірміндеттілік орта үшін қосымшалар жасайтын адамдар операциялық жүйенің функцияларына өтуді үзілісті өңдеу процедурасының көмегімен алуға болатынын біледі. WINDOWS-та WINDOWS қосымшалары операциялық жүйе функцияларына өтуді қосымшаларды бағдарламалау интерфейсінің көмегімен өтеді. Негізінде WINDOWS-та қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі MS DOS тағы үзілістер сияқты қиындықтарды шешу үшін арналған: олардың көмегімен қосымша белгілі бір жүйеге белгілі бір тапсырманың орындалуы қажет екенін хабар- лайды. WINDOWS (16-разрядты және 32-разрядты) барлық қосымшалары бұл операциялық жүйенің үш негізгі компоненттерінің функциялар шақыруын қолданады: Kernel модулі (WINDOWS 98 ядросы), GDI модулі (сызба құрылғыларының интерфейсі) және USER модулі (қолданбалы интерфейс құрылғылары). Бұл компоненттердің 16-разрядты түрлері мына файлдарда болады: KRNL386.ЕХЕ, GDI.ЕХЕ и USER.ЕХЕ, ал 32-разрядты сәйкесінше KERNEL32.DLL, GDI32.DLL и USER32.DLL. файлдарында.

WINDOWS ядросы (WINDOWS Kernel). Операциялық жүйенің бұл бөлігі қосымшаларды орындау үшін қажетті төмен деңгейлі функцияларды қамтамасыз етеді. Мысалы, әрқашан қосымшаға жады керек болған кезде ол WINDOWS ядросына жүгінеді. Бұл компонент құрылғылармен өзара әрекеттеспейді, ол тек WINDOWS операциялық жүйесінің өзімен жұмыс істейді.

Сызба құрылғысының интерфейсі (GDI module). Әрқашан қосымшаға экран бетіне шығару керек болған кезде ол сызба қүрылғысының интерфейсімен (Graphical Device Interface - GDI) берілген қызметтерді қолданады. Бұл WINDOWS компоненті шрифтермен, баспа құралдары мен WINDOWS басқа сызбақұралдарымен басқарады.

Қолданбалы интерфейс құралдары (User module). WINDOWS, дәл өз аты айтып тұрғандай, терезені білдіреді. Бұл операциялық жүйеге қосымшалардың ақпаратты көрсету үшін жасаған терезелердің барлығын бақылау үшін басқарушы бір мүше қажет. Әрқашан қосымша белгі не батырманы көрсеткен кезде ол USER компонентінің белгілі бір функциясының типін қолданады.

Windows 98 әлі де 16-разрядты қосымша ретінде қосылады, сондықтан бұл операциялың жүйе Plug and Play технологиясын қолдана алады. Plug and Play BIOS нақты режим сұрауларын және 16-разрядты сақталған режимді өңдеу үшін жеке бөлімдерден тұрады. Егер де Windows 98 32-разрядты режимде қосылатын болса, онда ол құрылғыларды орнату үшін Plug and Play BIOS жүгіне алмас еді. Құрылғыларды орнықтыру бойынша барлық жұмыс Windows қолданушының сызба интерфейсін (Graphical User Interface - GUI) қосқанға дейін біту керек.

16-разрядты режимдегі операциялар Windows қосқан соң бірден бітеді. Қолданылатын қабаты 32-разрядты қосымшалар болып табылады. 16-разрядты ядро қабаттың сұрауларын қабыл алғанда ол VWIN32.386 атты қосымшаны қосады. Бұл бағдарлама 32-разрядты динамикалық топтастырылған кітапханаларды (Dynamic Link Library - DLL) қосады, олар Windows бағдарламалық интерфейсін жасайды. Бұл тапсырманы бітірген соң VWIN32.386 өз алдына 32-разрядты ядроны шақыратын 16-разрядты ядроға басқаруды қайтарады. Осы уақыттан бастап Windows 32-разрядты режимде орындалады.

Date: 2015-05-22; view: 1059; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию