Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бағалауышылар палатасының басқару органдары





1. Бағалаушылар палатасының жоғарғы басқару органы бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы жарғыда белгіленген тәртіппен кемінде жылына бір рет шақырылады.

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне:

1) бағалаушылар палатасының жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;

2) бағалаушылар палатасының төрағасын, басқарма және ревизиялық комиссия мүшелерін сайлау;

3) бағалаушылар палатасы қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

4) бағалаушылар палатасының бюджетін бекіту;

5) бағалаушылар палатасының қаржы-шаруашылық және ұйымдастырушылық қызметінің нәтижелері туралы бағалаушылар палатасы басқармасының, төрағасының және ревизиялық комиссиясының есептерін жарғыда белгіленген тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;

6) бағалаушылар палатасына мүшелік туралы ережені бекіту;

7) біліктілік емтиханын тапсырған бағалаушылар палатасының мүшесін бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңес құрамына сайлау;

8) коммерциялық емес ұйымды ерікті тарату туралы шешімді қабылдау жатады.

Бағалаушылар палатасының жарғысында шешімдерді қабылдау жалпы жиналыстың ерекше құзыретіне жататын өзге мәселелер де көзделуі мүмкін.

2. Бағалаушылар палатасын басқаруды бағалаушылар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған бағалаушылар палатасының басқармасы және төрағасы жүзеге асырады.

Басқарма құрамына бестен кем емес адам кіретін бағалаушылар палатасының басқару органы болып табылады. Басқару мүшелері жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.

3. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ бағалаушылар палатасының төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері бағалаушылар палатасының жарғысында айқындалады.

4. Бағалаушылар палатасының төрағасы болып сайлау күніне дейін бағалаушылар палатасының мүшесі болған бағалаушыны сайланады. Бағалаушылар палатасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы үш жылға сайланады. Бір адам қатарынан екі реттен төраға болып сайлана алмайды.

Бағалаушылар палатасының төрағасы:

1) бағалаушылар палатасының жұмысын ұйымдастырады, бағалаушылар палатасына жүктелген міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

2) бағалаушылар палатасының жұмысын басқарады, бағалаушылар палатасының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және одан босатады;

3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, басқа ұйымдарда бағалаушылар палатасының мүдделерін білдіреді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бағалаушылар палатасының жарғысында көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Date: 2015-05-09; view: 640; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию