Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лабораториялық жұмыс. Жұмыс мақсаты: сұйытылған майшыты алып,тегін анықтау; бензолсу майшытындағы көріністі айналдыру





Эмульсиялар

 

Жұмыс мақсаты: сұйытылған майшыты алып,тегін анықтау; бензолсу майшытындағы көріністі айналдыру.

Аспаптар мен ыдыстар: микроскоп,шыны әйнек,сыйымдылығы 100 мл берік тығындалған тығынды колбалар.

Жұмыс реті: сыйымдылығы 100 мл болатын екі колбаны алады.Оның біріншісіне 10 мл натрий олеатының 3% судағы ерітіндісін,судан ІІІ бояуы мен боялған 10 мл бензолды құяды.Егер судан ІІІ бояуы жоқ болса,онда суды бояйтын метиленді көкті пайдаланады.Енді екінші колбаға 10 мл таза су мен 10 мл бензолды құяды.Мұнан кейін екі колбаны да мықтылап тығындайды да біртекті майшыт алғанша сілкілей араластырады.Сосын екеуін шамалы уақытқа қояды.Бірінші колбадағы майшыт тұрақты болады да,екіншідегі тез бұзылып,екі қабаттағы сұйыққа бөлінеді,мұны тұрақсыз майшыттың бұзылуы дейді.

Алынған майшыттардың түрліше тұрақтылығын түсіндіріңдер. Колбада түзілген майшыттың тегін анықтау үшін,біріншіден,яғни тұрақтыдан алынған тамшыны шыны әйнекке тамызып,микроскоппен қарап,ненің,қандай боялғанын анықтайды.

Сол сияқты майшыт тегін,шыны әйнектегі тамшылардың бірігуі арқылы да анықтауға болады.

Мұнымен қатар бірінші колбадағы қалдыққа кальций хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосып,сілкілей араластырады.Мұның нәтижесінде пайда болатын жаңа майшыттың тегін микроскоп көмегімен анықтайды.

Жұмыс соңында есепте екі жағдайдағы және кері тұстағы майшыт тамшыларын сызып,ондағы тамшы бетінің құралысын,молекуланың орналасу бағытын суретке салып,көрсетеді.

 

Бақылау сұрақтары

1.Ұсақ әртекті жүйеге қандай жүйелер жатады? Оның коллоидты жүйемен қандай жалпы қасиеті бар?

2. Майшыт дегеніміз ен және олар қалай жіктелінеді?

3. Майшыт тұрақсыздығы неде?

4. Орнықтырушыға қойылатын талап.

5. М/В және В/М тектегінің суретін сал.

6. Майшыттағы жүзгіндік көрініс айналуының мәні неде?

7. Майшыт тегін анықтау әдістері.

 

 

1 – т ә ж і р и б е.

Тақырыбы: Эмульсиялар алу және олардың кейбір қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: Концентрациясы әртүрлі эмульсиялар және типін анықтау.

Жұмысқа керекті заттар: Көлемі 50 мл цилиндр, бензол, пробиркалар, 3% сабын ерітіндісі, 2% СаСl2 ерітіндісі, микроскоп.

Жұмыстың барысы: Көлемі 50 мл цилиндрге 20 мл дистилденген су және 5 мл бензол құйып, қатты шайқап араластырады, 2-3 мин. өткен соң ыдыстағы қоспаның жіктелгенін байқайды. Онан соң оған 2-3 мл 3% сабын ерітіндісін қосып, тағы да қатты шайқап араластырады. 2-3 мин. соң қоспада не байқалады? Жіктелу бола ма? Даяр болған эмульсиядан шыныға 1-2 тамшы тамызып, микроскоппен қарайды. Эмульсия түрінің суретін салады. Алынған эмульсияның қандай типке (м/с және с/м) жататындығын анықтайды.

Цилиндрдегі қалған эмульсияға 2 мл 3% СаСl2 ерітіндісін қосып, шайқап араластырады. Онан соң шыны пластинкаға 2-3 тамшы эмульсия тамызып, оның суретін салады. Алынған эмульсияның қандай типке жататындығын анықтайды.

2 – т ә ж і р и б е.

Пробиркаға 10 мл 1% машина майының ацетондағы ерітіндісін дайындайды. Колбаға 20 мл дист. су құйып, ацетондағы машина майының ерітіндісінен 4-5 тамшы тамызып, араластырады. Май суда ерімейді. Коллоидты ерітінді алынады. Даяр болған қоспадан үш пробиркаға 5 мл құйып, олар лайланғанша бірінші пробиркаға 0,1М NaCl, екіншіге-0,025М ВaCl2 және үшіншісіне 0,001М AlCl3 ерітінділерін пипеткамен тамшылатып қосады.Әрбір ерітінді үшін электролиттің ұйыту қабілетін (ұйыту үшін жұмсалған электролиттің ең аз мөлшері) анықтайды. Шульце-Гарди ережесі орындала ма, соған көңіл аудару керек.

Бақылау сұрақтары

1.Эмульсия деген не? Мысал келтіріңіз.

2. Эмульсия типтерін анықтаңыз және оларды қалай анықтауға болады?

3. Эмульсия фазаларының алмасуы деген не? Мысал.

4. Эмульсияларды алу жолдарын атаңыз. Мысал.

5. Эмульсиялардың практикалық маңызы.

 

Date: 2015-05-08; view: 1200; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию