Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лабораториялық жұмыс. Жоғары молекулалық заттың ісінуі





Жоғары молекулалық заттың ісінуі

 

Жұмыс мақсаты: ЖМҚ ісінің жылдамдығының тұрақтысын анықтау.

Аспаптар мен ыдыстар: ісіну кинетикасын бақылайтын құрылғы, мысалы, Догаткин құрылғысы-аспабы немесе МУ аспабы, таразы, 10 мл тамызғыш түтік пипетка.

Реактивтер: резеңке, ЖМҚ ерітіндісі, толуол, бензол.

Жұмыс реті: ЖМҚ ісіну кинетикасын бақылау үшін Догаткин аспабын пайдаланған жөн. Ол жабдық бірі жоғарыда екіншісі төменде орналасқан, көлемдері бірдей екі шыны шардан және оларды жалғастыратын түтіктен тұрады. Оның сол жақтағы бөлігі іші қуыс тығынмен жабылған. Осы тығынды ісінетін зат сымға ілінетін ілгек және оның буірінде және онымен тұтас қабырғада тесік бар. Осы тесіктерді тығынды айналдыра бұрау арқылы тұтас еткенде, шар атмосферамен қатынасады, ал оны ауыстырғанда, жалпы жабдық жабық жүйеге айналады. Оң жақтағы түтік бөлігі көлемді өлшеу үшін белгілермен белгіленген.

ЖМҚ-полимер (резеңке) ісінетін сұйықты, шүмекті ашып, тығынды алып, осы мойындықтан аспап ішіне құяды. Оның деңгейі жоғарғы шардан төмен, нөлдік өлшемді көрсететін деңгейде болуы керек. Сосын, алдын ала таразыда өлшенген құрғақ резеңкені сым көмегімен, тығындағы ілгекпен бекітіп (іліп), тығын тесігін, мойындағы тесікке тұтастыра жабады.Шүмекті ашып, түтіктен үрлеген кезде,төменгі шардағы сұық жоғарыға ауысып,онда ілулі тұрған затты қоршайды. Осы кезде тығынмен шүмекті бұрап, жүйелі жабады және осы сәтті белгілеп, тапсырған мерзім бойынша, өлшейді, бұл тәжірибенің басталуы. Мұнда йөлшеді қалай, қанша рет қандай мерзімде жүргізу керектігін оқытушы нұсқайды. Мысалы, бірінші өлшем мерзімді бір минут дерлік. Мұндайда бір минуттан кейін тығын мен шүмекті бұрап, жүйені атмосферамен жалғастырады.Осы сәтте жоғарғы шардағы сұйық төменгіге ағады да, орныққан кездегі деңгей, әуелгіден шамалы болса да төмендейді және оны өлшем белгісі бойынша анықтап, екі есеге дейін көбейтіп жазып қояды. Уақыт өткен сайын, сұйық ЖМҚ тұтылып, көлемі азая береді және ол оқтын-оқтын жоғарыдағыдай өлшеніп, анықталынады.

Әуелгі құрғақ резеңке мен сіңірілген сұйық салмағын біле отырып, ісіну дәрежесін өлшейді:

 

Q=(V ∙γ/m)∙100% (12)

 

Мұндағы Q-ісіну дәрежесі, % V-сіңірілген сұйық көлемі,мл; γ-сіңірілген сұйық тығыздылығы ол толуол үшін 0,8669 тең; m-құрғақ ЖМҚ (резеңке) салмағы.

Бақылап, өлшеу уақытын жиі аралықта бастап, бірте-бірте көбейтеді, мысалы, 1,2,4,8,16,32 минут сияқты. Бақылау нәтижесін кестеге жинақтап, ісіну жылдамдығы, жылдамдық кинетикасы және ісіну жылдамдығының тұрақтысы үш түрлі сызбаны тұрғызады.

 

1-кесте Толуолдағы каучуктің (резеңкенің) ісіну жылдамдығының тұрақтысын анықтау

Уақыт, мин h V=2h Q=(V∙γ/m) ∙100% dQ/d=K∙(Qm-Q) Ig∙(Qm/Qm-Q)
           

Бақылау сұрақтары

1. Полимерлердің еру ерекшеліктері қандай?

2. Қандай құбылысты ісіну дейді? Қандай шекті және шексіз ісіну жүреді?

3. Ісіну дәрежесі дегеніміз не және оны қалай анықтайды?

Date: 2015-05-08; view: 1046; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию