Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері





 

«12 жылдық жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнына жетілдіру бойынша эксперимент өткізу туралы» Ережелер туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 593 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығына сәйкес 2014-2015 оқу жылында эксперименталдық сыныптардағы оқушыларды оқытудың одан арғы траекториясы анықталды.

2013-2014 оқу жылын аяқтағаннан кейін:

– 8-ші эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің 9-сыныбына көшіріледі;

– 9-шы эксперименталды сыныптың оқушылары негізгі орта білімі туралы куәлік алу үшін 11 жылдық мектептің 10-шы эксперименталды сыныбына көшіріледі;

– 10-шы эксперименталды сыныптың оқушылары 11 жылдық мектептің 11-сыныбына көшіріледі;

– 11-ші эксперименталды сыныптың оқушылары эксперименттің толық аяқтау және аяқтайтын сыныптың жаңа білім мазмұнын апробациялау мақсатында 12-сыныпқа көшіріледі.

8-ші және 10-шы эксперименталдық сыныптардың оқушылары 2014-2015 оқу жылында ата-аналарының өтініші және педагогикалық кеңестің шешімі негізінде 11 жылдық мектептің 8-ші және 10-шы сыныптарына көшірілуі мүмкін.

Осыған байланысты, 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперимент ҚР жалпы білім беру ұйымдарының 10-шы және 12-ші сыныптарында жалғасатын болады (2-қосымша).

Эксперименталдық және жалпы білім беретін мектептердің сыныптарының мазмұнындағы айырмашылықты оқытылатын тақырыптың аясында пәннің мазмұнын тереңдетіп оқыту, типтік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қолданбалы курстар мен таңдауы бойынша курстар жүргізу есебінен жою ұсынылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді формалары бағдарлама материалдарын блок-модульдік әдіс арқылы оқыту қажет жеке-өзіндік сипаттағы сабақтар болуы мүмкін (кеңес беру, өзіндік жұмыстар, рефераттар, оқу конференциялары, коллоквиумдар, мектеп жобалары т.б.).

12-ші эксперименталдық сыныптардағы білім мазмұны 11-ші эксперименталдық сыныптардағы білім мазмұнының тікелей жалғасы болып табылады және ол ҚР БҒМ вице-министрі 2014 жылғы 30 қаңтарда бекіткен оқу жоспарында іске асырылған.

12-сыныпқа арналған оқу жоспары:

– іргелі мектептік білімге қол жеткізу үшін қажетті жоғары мектепке арналған базалық барлық жалпы білім беретін пәндерді зерделеуді қамтамасыз етуге (1.1. т. Оқу жоспарының жалпы білім беретін пәндері);

– мектепті аяқтау кезеңінде білім беруді қоғамдық-гуманитарлық бағыты мен жаратылыстану-математикалық бағытына қарай бейіндеу (1.2.т қараңыз. Оқу жоспарының бейіндік пәндері);

– білім алушыларды жоғары білім беру жүйесіне бейімдеу мақсатында 12 жылдық мектеп мазмұнына жоғары оқу орнының компонентін кіріктіру;

– Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату және жоғары сынып оқушыларын кредиттік технология бойынша оқытуға дайындау және жобалау әрекетінің дағдыларын қалыптастыруға (тілдік пәндердің, информатика пәнінің мазмұнын жаңарту, «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Қазақстан қазіргі әлемде» компонентін қосу, «Жобалау әрекетінің негіздері» қолданбалы курсын, «Жобалау жұмысы» таңдау курсын, критериалды бағалау жүйесін енгізу) бағытталған.

Тілдік пәндердің мазмұнын сұрыптауға жаңа тұрғыдан келу көптілдікті дамыту мақсатында бірыңғай сөйлеу-тақырыптық негізде тілдерді оқытудың (T1, Т2) коммуникативтік бағдарын күшейту арқылы жүзеге асырылады (тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне сәйкес В2 деңгейіне қол жеткізу).

12 жылдық мектептің мазмұнына ЖОО компоненттерін кіріктіру жаңа пәндерді мынадай көлемде енгізу арқылы жүзеге асырылады: «Әлеуметтану» - 2 кредит, «Экология және тұрақты даму» - 2 кредит, «Алғашқы әскери дайындық және ӨҚН» кіріктірілген курсы - 2 кредит; «Орсы тілі/ қазақ тілі (Т2)» - 3 кредит, «Ағылшын тілі» - 3 кредит, «Қазақстан тарихы» - 3 кредит, «Информатика» - 3 кредит. Осыған сәйкес, бір кредит 45 сағатқа тең, мектептегі оқу үдерісінің ерекшелігін ескере отырып аудиториялық сабақтар 34 сағат беріледі (оқу жылындағы 34 оқу аптасы), сабақтан тыс уақытта оқушылардың өзіндік жұмысына 11 сағат беріледі (өзіндік жұмысқа үй жұмысы, зерттеу сипатындағы жеке тапсырмаларда кіреді). Білім алушылардың өзіндік жұмысына берілетн сағат мұғалімнің оқу жүктемесіне енгізілмейді.

12-сыныпқа арналған жаңа оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері:

1) «Технология, графика және жобалау» кіріктірілген пәні оқушыларда графикалық кескіндерді белгілеудің, көрген ақпаратты өзгертудің, коммуникацияның, жобалаудың; құрастырудың; жобалау мен бұйымды жасаудың, компьютерлік технологияларды кескіндемелік бейнелерді жасауға қолданудың және жоба құжаттарын құрастырудың әмбебап құралы ретінде қолданудың практикалық біліктерін қалыптастыруға арналған.

2) «Әлеуметтану» пәні оқушыларға әлеуметтік үдерістерді түсінуді, зерттеудің ұқсас әдістерін таңдай білуді, тапсырмаларды құрастыру мен шешуде сыни және тәуелсіз тұрғыдан келу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Пәннің маңыздылығы – әртүрлі бағыттар бойынша жобалау-зерттеу қызметіндеәлеуметтік статистикалық деректерді есепке алу үшін қажетті алғашқы біліктерді қалыптастыру.

3) «Экология және тұрақты даму» пәні жоғарғы сынып оқушыларында адамзат үшін қауіп тудырып отырған жаңа қиындықтар – Өмірлік экологиялық негіздерінің бұзылу проблемалары және оны шешу жолдары, экологиялық жағдаяттарды талдау және бағалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаға адамдардың әрекеті туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға арналған.

4) «Қазіргі заманғы жаратылыстану» кіріктірілген курсы (ҚГБ үшін) әлемді жаратылыстану ғылыми тұрғысынан өзара байланысқан нысандардың жүйесі ретінде түсіну үшін енгізіледі және «Биология», «Химия», «Физика», «География» дәстүрлі пәндерінің мазмұны шеңберінде оқушылар білімінің тұтастығын, жүйелілігін және іргелілігін қамтамасыз етуге арналған (бұл пәндер ЖМБ бейіндік пәндері ретінде жеке оқытылады). Курс оқушыларда мынадай біліктер қалыптастыруды көздейді: жаратылыстану ілімінің жекелеген салаларының арасында тұрақты байланыс орнату; меңгерген біліміне сүйене отырып, табиғатта болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды тануы, түсіндіруі және сипаттама беруі; адамзат қоғамының Жердің табиғатына жасаған ықпалы мен оның салдарларына талдау жасау; қоршаған ортада өзін ұстау ережелерін қолдану; құндылықтарды және «табиғат-қоғам-адам-техникалық сала» мегажүйесін тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсаттарын басшылыққа алу; Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы үшін оларды қолдана білу тұрғысынан өндірістің неғұрлым белгілі технологияларын түсіне білуі; адам және оның мәдениетін дамытудың өнімді қызметін ұйымдастыру құралы ретінде жаратылыстану ілімін және заңдылықтарын қолдана алу.

5) «Жобалау қызметінің негіздері» қолданбалы курсы мен «Жобалау жұмысы» таңдау курсы НЗМ тәжірибесін тарату аясында енгізіледі, білімді шығармашылықпен түсіндіруді білігін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, процестерді жобалау мен үлгілеуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген уәждемені қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл курстар жоба жұмыстарын дайындау және көпшілік алдында қорғау кезінде ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын тартуға есептелген. Жоба жұмыстарының тақырыптары әрбір оқушының сұраныстары мен жеке қабілеттеріне сәйкес анықталатын болады.

6) «Алғашқы әскери дайындық және өмір қауіпсіздігі негіздері» кіріктірілген пәніндегі өмір қауіпсіздігі негіздері компонентінің мазмұны ЖОО - ның осы аттас пәнінің бағдарламасына сәйкес келеді және ол оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және насихаттауына керекті қабілеттерді қалыптастыруға, табиғат өзгерісі, техногендік және басқа да апатты жағдайларында оқушылардың қауіп-қатерді бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға, өз басының қауіпсіздігін қорғау ережелерін сақтауға бағытталады.

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнында кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктері ескерілген, тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, пәнаралық байланыстар барынша айқындауға, оқушылардың әлемді тұстастай қабылдауын қалыптастыру мақсатында жаратылыстану ғылыми пәндер мазмұнында оқушылардың Қазақстанда экономика мен әлеуметтік өмірдің даму перспективасына бағдарланған.

Бір тақырып бойынша немесе тұтас тақырыптық блок бойынша сабақтарды (сабақ циклін) жоспарлау кезінде мұғалім 10-кестеде көрсетілген мынадай тапсырмалар түрлерінің ара қатынасын басшылыққа алуды орынды деп санаймыз.

 

10-кесте. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар түлерінің пайыздық ара қатынасы

Білу мен түсіну 20% Репродуктивтік қолдану 20% Продуктивтік қолдану 45% Жүйелеу және топтастыру, жаңадан ойлап жасау 20%
Ұғымдарды меңгеруі... Ұғымдармен операциялар жасауы Ұғымдарды салыстыру негізінде талдау Алған білімін сызба, диаграмма, карта, кесте т.б. түрінде көрсете алуы
Жіктеме жасау … Теориялық қағидаларға үлгілерді іріктеуі   Өмірлік жағдаяттарда қолдану оқиғаларын таба алуы Тақырып бойынша реферат әзірлеу  
Белгілер мен қасиеттері … Нысанды жіктемеде бар белгілі бір типке жатқыза алуы Жаңа жағдаяттарда қолдану мүмкіндіктерін анықтау Ғылыми мақала жазу  
Ақпараттан басты ой мен жанама ойды анықтай алуы Берілген нысандардағы белгілер мен қасиеттерді қайта толықтыру Теориялық тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдана алуы Лабораториялық сынауларды сипаттап жаза алуы
Түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарды белгілеу (салыстыру, ортақ және айрықша белгілерін анықтау) Негізгі ақпаратты, қайта жаңғырту, ақпаратты толықтыру, кеңейту Әртүрлі тілдерде монологтік айтылымдарды түрлі тілде қайта туындату (барлық пәндер бойынша эссе жазу) Өнімнің макетін әзірлеу
  Баламалардан белгілі бір нұсқаны таңдау   Таныстыру, көрсету

 

12-ші эксперименталдық сыныпқа кредиттік оқыту технологиясының енгізілуіне байланысты ағымдағы және қорытынды бағалау жоғары оқу орындарында да 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Нақты пәннің мазмұнын ескере отырып анықталған бағалаудың типтік өлшемдеріне сәйкес күтілетін нәтижелер әр сабақта 100 балмен бағаланады. Ең шекті 100 балл алдын ала білу мен түсінуге, репродуктивтік қолдануға, продуктивтік қолдануға, жүйелеу мен топтастыруға, ойлап табуға бөлінеді (таңдауы бойынша 2-3-і нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты болады).

Бағалау кезінде мұғалім кредиттік оқыту технологиясы бойынша бағалаудың жалпы қабылданған шкаласын басшылыққа алады (11-кесте).

 

11-кесте. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде бағалау

Пайыздық мазмұны Балдардың сандық эквиваленті Әріптік жүйе бойынша бағалау Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
Емтихан, сараланған сынақ Сынақ
95-100   A Өте жақсы Сынақ
90-94 3,67 A-
85-89 3,33 B+ Жақсы
80-84   B
75-79 2,67 B-
70-74 2,33 C+ қанағаттанарлық
65-69   C
60-64 1,67 C-
55-59 1,33 D+
50-54   D
0-49   F қанағаттанарлықсыз Сынақ емес

 

Мектептің үлгірім журналдарында әрбір сабақта бағалаудың 0-ден 100-ге дейін балдары қойылатын болады. Үлгірім табелінде тоқсан үшін 100 балдық шкала бойынша балдар санының эквиваленті болып табылатын 5 - «өте жақсы», 4 - «жақсы», 3- «қанағаттанарлық», 2- «қанағаттанарлықсыз» дәстүрлі бағалары қойылатын болады.

 

 

Date: 2015-11-14; view: 1096; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию