Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химиядағы атом-молекулалық ілім





Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов. Бұл ілімнің негізгі қағидалары «Математикалық химияның элементтері» (1741) атты және де тағы басқа еңбектерінде баяндалған, Ломоносов ілімінің қағидалары мыналар:

1. Барлық заттар «корпускулалардан» (Ломоносов молекулаларды осылай атаған) тұрады.

2. Молекулалар «элементтерден» (Ломоносов атомдарды осылай атаған) тұрады.

3. Бөлшектер — молекулалар мен атомдар — үздіксіз қозғалыста болады. Денелердің жылу қалпы бұл олардың бөлшектерінің қозғалуы.

4. Жай заттардың молекулалары бірдей, ал күрделі заттардың молекулалары әртүрлі атомдардан тұрады.

Ломоносовтан кейін 67 жылдан соң атомистикалық ілімді химияға ағылшын ғалымы Джон Дальтон қолданды. Ол атомистикалық негізгі қағидаларын «Химиялық философияның жаңа жүйесі» (1808) атты кітабында баяндады. Дальтон ілімі негізінен Ломоносов ілімін қайталайды. Сонымен бірге ол оны әрі қарай дамытты, өйткені Дальтон түңғыш рет сол кездегі белгілі элементтердің атомдық массаларын анықтауға әрекет жасады. Алайда, Дальтон жай заттарда молекулалардың бар екендігін теріске шығарды, бұл Ломоносов ілімімен салыстырғанда бір адым кейін шегіну болды. Дальтонның айтуынша жай заттар тек қана атомдардан, күрделі заттар ғана —«күрделі атомдардан» (қазіргі түсінік бойынша — молекулалардан) тұрады. Дальтонның жай заттардың молекулалардан тұратындығын теріске шығаруы химияның одан әрі қарай дамуына кедергі жасады.

Атом-молекулалық ілім химияда тек қана XIX ғасырдың ортасында біржолата қалыптасты. 1860 ж. Карлсруэ қаласында өткізілген химиктердің халықаралық съезінде молекула мен атом түсініктерінің анықтамалары қабылданды.

Молекула — бұл берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кішкене бөлшегі. Молекуланың химнялық қасиеттері оның құрамы және химиялық құрылысымен анықталады.

Атом — бұл жай және күрделі заттардың молекулаларының кұрамына кіретін химиялық элементтің ең кішкене бөлшегі. Элементгердің химиялық қасиеттері оның атомының құрылысымен анықталады. Бұдан қазіргі көзқарасқа сәйкес атомға анықтама беріледі:

Date: 2015-11-13; view: 2952; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию