Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Файл ұғымы және файл түрлері





Компьютердегі мәліметтерді сақтау және жеткізу үшін өңдеу кезінде бөлінбейтін, біртұтас қарастырылатын жазбалар тізбегі қолданылады. Оны файл деп атайды.

Файл дегеніміз белгілі бір атаумен аталған дискідегі біртектес мәліметтер жиыны. Файл негізгі үш параметрі бойынша сипатталады: файл атауы, кеңейтпесі және көлемі. Файл атауы операциялық жүйенің талаптарына сәйкес жазылады. Файл көлемі әртүрлі болады. Файлдың ең аз көлемі: 0 байт. Оны нөлдік файл деп атайды.

MS DOS операциялық жүйесінде файл атауы латын әріптерімен жазылған 8 символдан аспайды, файл кеңейтпесі 3 символдан тұрады. Файл атауы мен кеңейтпесі нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: sport.exe.

Файл атауындағы * таңбасы кез-келген символдар санын білдіреді. Мысалы: *.com жазылуы барлық командалық файлдар тізімін көрсетеді.

Файл кеңейтпесі файл мәліметтерінің типін сипаттайды. Жиі қолданылатын файл кеңейтпелері:

1).arj,.rar,.zip – архивтік файл

2).bat – командалық файл

3).bak – резервтік файл

4).bas – Basic тіліндегі файл

5).com – командалық файл

6).doc – Word программасында құрылған файл

7).exe – орындалатын файл

8).lib – кітапханалық файл

9).pas – Pascal тіліндегі файл

10).sys – жүйелік файл

11).txt – мәтіндік файл

12).mdb – мәліметтер қорының файлы

13).xls – электрондық кесте файлы

Windows XP операциялық жүйесінде файлдың атауында 255-ке дейін кез-келген символдарды қолдануға болады. Файлдың сипаттамалары: жасырын, тек қана оқуға арналған, жүйелік, архивтік және т.б. Жасырын файл каталогтағы файлдардың жалпы тізімінде көрсетілмейді. Ашуға және қарап шығуға болатын, бірақ өзгертуге болмайтын файлдарды тек қана оқылатын файл деп атайды. Жүйелік файлдар операциялық жүйенің жұмыс істеуіне қажетті ақпаратты сақтайды. Алғашқы файлдарды архиваторлардың көмегімен тығыздап қысу нәтижесінде архивтік файл алынады.

Файлдың атауы, типі, көлемі, орналасуы мен даярланған немесе соңғы өзгертілген уақыты туралы ақпарат арнайы файлдар каталогында сақталады. Файлдар жиыны орналасқан сыртқы жадының бір немесе бірнеше томын файлдар қоймасы деп атайды. Кез-келген файл бүтін сандардан тұратын кластер құрайды. Операциялық жүйе әрбір кластерге ерекше нөмір береді.

Файлдармен орындалатын операциялар: жүктеу, көру, редактрлеу, атын өзгерту, жылжыту немесе орын алмастыру, көшірмесін алу, жою.

Файлдардың орналасу кестесі (FAT) дегеніміз файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпараттарды сақтайтын дискінің арнайы аумағы. Файлдардың орналасу кестесі иілгіш немесе қатқыл дискідегі әрбір кластер жайындағы мәліметті сақтайды, әрбір файлға қандай кластерлер жататынын көрсетеді. Ол дискіні пішімдеу кезінде құрастырылып, мәліметтер жазу кезінде толықтырылып отырады.

Файлдарды үш топқа бөлуге болады:

1) программа

2) берілгендер файлы

3) құжат

Компьютерде өте көп файлдар қолданылады. Бірнеше файлды топтастырып, бумаға сақтайды. Дискінің белгілі бір атаумен аталған мәліметтерді сақтау аумағы бума (каталог) деп аталады. Кез-келген буманың ішкі бумасы (ішкі каталог) болуы мүмкін. Файлдар мен бумалардың орналасу құрылымы иерархиялық (бұтақ тәріздес) құрылым деп аталады. Ол арқылы қажетті файлды жылдам табуға болады. Файлды адресі арқылы іздейді. Файл адресіндегі алғашқы элемент – диск атауы. Диск атауы бір әріпт ьен тұрады және мына түрде жазылады: C:\ немесе D:\

Диск атауынан кейін файл орналасқан бума атауы жазылады. Файл адресінің үшінші элементі - қажетті файлдың атауы. Мысалы: C:\Windows\regedit.exe

5.1-сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:

а) бірдеңгейлі, б) иерархиялық

 

Date: 2015-11-13; view: 763; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию