Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тірі ағзалардың қасиеттері. Биосферадағы тірі ағзалардың таралуы





1.)Қазіргі ғылымның көзқарасы бойынша, тірі заттарға кейбір арнаулы қасиеттер тән және олар биосферада белгілі биогеохимиялық функцияларды орындайды.Тірі заттардың арнаулы қасиеттері және ерекшеліктері:1. Биосфераның тірі заттары энергияның үлкен қорымен сипатталады.2. Тірі және өлі зат арасындағы күрт айырмашылық химиялық реакциялардың өту жылдамдығынан байқалады (тірі затта осы реакциялар мың есе, ал кейде млн есе тез жүреді).3. Тірі заттардың ерекшелігі- оның құрамындағы жеке химиялық қосылыстарының белок, фермент және т.б.-ның тек тірі организмдерде ғана тұрақтылығында.4. Еркін қозғалыс - биосферадағы барлық тірі заттардың жалпы белгісі болып табылады.5. Өлі затпен салыстырғанда тірі затта көбірек морфологиялық және химиялық әртүрлілік кездеседі. Тірі заттардың құрамына кіретін органикалық қосылыстар саны 2 млн-нан артық, ал бұл уақытта өлі заттардың табиғи қосылыстар саны 2 мың ғана.6. Тірі зат мөлшері биосферада үлкен шамада жеке организмдер түрінде кездеседі. Ең ұсақ вирустар шамасы 20 нм (1нм = 10-9), ең ірі жануар –кит, ұзындығы 33 м-ге жетеді, ең үлкен өсімдік-секвойя, биіктігі 100 м.

Тірі заттардың негізгі биогеохимиялық функциялары:Энергетикалық функция- негізгі Күн радиациясымен қатар, биосфера-планетарлық құбылыстардың жүзеге асуының космостық сәулелермен байланыстылығы.Күн энергиясы жинақталатын және биосфера компоненттері арасында таралатын жасыл өсімдіктердің фотосинтездік іс-әрекеті бұл функцияның негізін құрайды. Жерде бүкіл тіршілік құбылысының барлығы күн энергиясының жинақталуы есебінен өтеді.Газдық функция- газдардың миграциялануына және олардың айналымын жүргізіп, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді. Қызмет ету процесінде тірі заттардан негізгі газдар азот, көмірқышқыл, оттегі, метан және т.б. түзіледі.Жинақталу функциясы- қоршаған ортадан биогенді элементтерді тірі организмдердің бөліп алуы және жинауы. Тірі заттар құрамына жеңіл элементтің атомдары сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, алюминий, күкірт, калий, хлор, кальций т.б. кіреді. Сыртқы ортаға қарағанда бұл элементтердің концентрациясы тірі организмдер денесінде мың есе жоғары. Бұл биосфераның химиялық құрамының әртектілігімен және оның планетаның өлі заттарының құрамынан анағұрлым айырмашылығымен түсіндіріледі.Тотығу-тотықсыздану функциясы- ауыспалы тотығу дәрежесі бар атомдар құрамында болатын заттары бар химиялық айналым тән. Мысалы, темір, марганец және т.б. қосылыстар.Деструктивті функция-органикалық заттардың минералдануы жүретін организмнің өлгеннен кейінгі ыдырауымен байланысты процесс, яғни тірі заттарды минералды заттарға айналдырады. Нәтижесінде сонымен қатар биогенді және биокосты заттар түзіледі.Орта түзуші функция-нәтижесінде тіршілік процестері ортаның физико-химиялық параметрлерінің түзілуін жүзеге асырады.Тасымалдаушы функция-ауырлық күшіне қарсы және көлденең бағыттағы заттардың тасымалдануының жүзеге асуы. Тірі заттар- заттардың жоғарыдан төмен қарай кері араласуын қамтамасыз ететін, мұхиттан континентке шығатын биогеохимиялық циклдерінің бұтағын жүзеге асырушы жалғыз фактор.

Date: 2015-11-13; view: 2105; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию