Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Карр және оймауыттар, пайда болу жағдайы





Карр деп тереңдігі 1-2м-ге жететін карбонтты тау жыныстар бетіндегі көптеген жарықтарды,жылғаларды және соларды бөлетін кішігірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды.Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары карбонттық тау жыныстарының үстімен аға келіп,жарықшақтар бойымен төмен сіңіп,олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп кеңейтуінде.

Оймауыттар деп көлденеңі бірнеше километрге,кейде ондаған километрге жететін,табаны тегіс,жан-жағы тік тұйық ойпандарды атайды.Югославиядағы Попова полья деген карстық пішіннің көлемі 180 -жетеді.Олар бірнеше қазаншұңқырардың бір-бірімен қосылуынан немесе жер астындағы карстық қуыстаардың төбесі опырылып құлап түсуінен пайда болады.Кейбір ірі пішіндердің жаатылысы тектоникалық құрылымдарына байланысты.Жоғарыда айтылып кеткен Попова полья карстық апаң-негізінде мульда,тектоникалық құрылымның орта бөлігіндегі орналасқан.Әдетте,апандар түбі құрғақ,бірақ мезгіл сайын тұрақты түрде суға

толып,көл немесе өзенге айналады.

9. Абразия, олардың түрлері Абразия– теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларының толқындармен соғылуы. Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалауларының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердiңауданы кемидi.Абразия-мұхитттардың,теңіздердіңң,көлдердің,өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі.Әсіресе теңіз жағалауларының соқпа толқындар әсерінен абразияға ұшырауы жиі кездеседі.Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес,сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады.Абразияға теңіз қайраңы да ұшырайды,алайда қайраңдағы абразия жағалаулық абразияға қарағанда бәсеңдеу жүреді.Теңіздер мен көлдердегі қайраңдық абразияға ондаған метр тереңдікке дейін байқалса,мұхиттарда бұл процесс 100 метрден астам тереңдіктердег белдемдерде болады.Абразия түсінігін геологиядағы шайылу ұғымымен шатастырмау керек,себебі,шайылу барысында түп жыныстар емес,тек борпылдақ,болбыр жыныстар бұзылуға ұшырайды.Абразия-тау жыныстарының соқпа толқын немесе ағын күштерінен бірте-бірте мүжілу процесі.

10. Мұздық аңғарлары (трог). Мұздык аңғарлары (трог) тay өлкелерінде мұздық әрекеті нәтижесінде пайда болады. Трогтың көлденең қимасы тік беткейлі, астау тәріздес ойпаң типті болып келеді. Оның жағалары қаншама тік болғанымен етек жағында едәуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің көлбеуленген үстіңгі тұсында трог иығы деп аталатын бүгіс байқалады. Трог - ең алғаш V - әріпі тәрізді таудың эрозиялык пішіні болған, ал кейінірек мұздық осы тау аңғары бойымен төмен ығысқан кезде, ол аңғар жағаларын өз салмағымен қопарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар түзген.

11. Тау жыныстарының үгілуі. тау жыныстарының үгілуі деп ауаның, су мен тірі организмдердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мен тау жыныстарының механикалық бұзылып химиялық ыдырауын айтады. Тау жыныстарының үгілу қарқындылығы оның әр түрлі физика механикалық қасиеттеріне және химиялық төзімділігіне байланысты. Тау жыныстарының негізгі қасиеттеріне олрадың беріктілігі, түсі, еру қасиеті, қат қабаттылығы және тағы басқа қасиеттері жатады. Тау дыныстарының беріктілігі олардың механикалық әсеріне төзімділік көрсетуі, мысалы, біртұтас қатты порфирит немесе кварцитке ұқсас жұмырланған магмалық тау жыныстары баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес бедерлерді құрайды, ал икемді. Жұмсақ тау жыныстары керісінше сыртқы, экзогендік әсерінен жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін түзеді. Түсі ақшыл тау жыныстары күн сәулесін шағылтады, ал қара түсті тау жыныстары күн сәулесін өзіне тартып, көбірек қызып, өз аумағын ұлғайтып жылдам үгіледі. Табиғат факторларына байланысты үгілудің үш түрі бар. Олар: физикалық, химиялық және органикалық. Физикалық үгілуге температураның өзгеруі, тау жыныстарының жарықшақтарында судың қатуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процечтері жатады. Физикалық үгілу барысында тау жыныстарының кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлемін бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Химиялық процесс нәтижесінде жаңа минералдар пайда болады. Мысалы, дала шпаттары мен слюдалар каолинитке, гидрослюдаларға айналады, ал ерітіндіге түскен заттар шайлып кетеді. Физикалық және химиялық үлһгілулер бір мезгілде өтеді, бірақ нақты физикалық географиялық жағдайларға байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Органикалық үгілуде механикалық және биохимиялық әрекеттер арқылы тау жыныстарының бұзылуы. Механикалық бұзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі арқылы атқарады. Механикалық әрекеттен басқа органикалық үгілу өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бактериялардың, балдырларды, саңырауқұлақтарлың, қыналардың, мүктердің биохимиялық әрекеттеріне тығыз байланысты.

12. Аңғарлық және жергілікті террасалар. Аңғарлық террасалар климаттың ғасырлар бойы ауытқуларына (жауын-шашынның көбеюі, мұз басу кезеңдері) немесе тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Өзен ағыны өтетін аймақтың тектоникалық көтерілуі сол жердің еңістігінің ұлғаюына әкеліп соғады да өзеннің түпкі эрозиясы соған бейімделіп күшею қабілетіне иемденеді. Өзен өзінің аңғарын тереңдете түседі, оның бұрынғы жайылмасы бірте-бірте кемерден биік жайылма үсті террасасына айналады. Осыған байланысты аңғарлық террасалар әр аймақтың палеографиялық жағдайларын яғни өзеннің ағып өткен аумағының даму тарихын бейнелейді. Жергілікті террасалар. Ол көп жерге таралмай жергілікті құбылыстар, яғни жақпарлы көтерілуі жылжыма нәтижесінде пайда болады. Сондықтан олар бүкіл аңғардың даму тарихына сипаттама бере алмайды.

13.Бедер және геологиялық құрылымдар. Тау жыныстары өздеріне тән қасиеттерімен бірге жер қыртысында әр түрлі жату,яғни астасу жағдайларында бір-бірімен әр алуан қатынаста болып,литосфераның қандайда бір бөлігіндегі геологиялық құрылымын белгілейді.Тау жыныстарының құрылымымен белгіленген әр түрлі

бедер пішіндері пайда болуы ықтимал,сондықтан мұндай пішіндерді құрылымды бедерлер деп атайды.Сөйтіп тау жыныстарының қасиеттері,олардың сыртқы күштерге төзімділігі геологиялық құрылым арқылы жер бетінде көрініс береді.Сондықтан бедердің қалыптасуында геологиялық құрылым маңызды факторлардың бірі болып табылады.

14. Барқандар, олардың пайда болуы. Барқандар (құм шағылдар) симметриясыз, үстінен қарағанда жарты айға ұқсаған немесе орақ пішіндес жел ескени бағытқа көлденең орналасқан құм бедері. Оның екі жақтағы ұшы жел соққан бағытты көрсетеді. Жел жақ беті жайпақтау 10-150, қарсы ық беткейі қысқалау еңкіш – 30-350 –қа дейін жетеді, яғни құмның табиғи құлама бұрышынасәйкес. Екі ұшының арасында жел ұйытқығандықтан ойма шұңқыр пайда болады. Барқанның көлемі әртүрлі. Кішкене барқандардың биіктігі 3м-ден 8м-ге дейін болады. Барқандар бір орында тұрмайды, жел соққан бағытқа баяу жылжи береді. Мысалы, Қарақұм шөліндегі барқандардың жылжуы ай сайын 12 м-ге дейін жетеді. Үлкен барқандарға қарағанда аз көлемді кішкене барқандар орнынан тез ауысады, олар үлкен барқанның жел жақ беткейімен жылжып, өрмелеп отырып нәтижесінде ірі көлемді күрделі, полсинтетикалық барқандар қалыптастырады. Осы барқандардың пайда болуы туралы басқа да ұғымдар бар. М. П. Петрованың пікірі бойынша, кішкене барқандардың түзілуі үлкен барқандардың жел жақ баурайындағы құйынның әрекетіне байланысты

15.Дефляциялық үдерістер. Тасымалдану. Дефляция – (лат. Deflare – үрлеу) желдің әрекетінен борпылдақ топырақтарды үрлеп ұшыруы.Дефляциялық үдерістер ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Жерді соқамен жыртқан кезде желдік эрозия пайда болуы мүмкін. Егер мұнда жыртылған жерлер тиісті қамқорлықпен пайдаланбаса, топырақтың жоғарғы құнарлы гумус қабаты өзінің тиісті құрылымын жоғалтып, желмен ұшып айдалып кетеді. Нәтижесінде жел эрозиясы мемлекетке жыл сайын көп тигізеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша кейде 1 гектардан 125 тонна құнарлы топырақ желмен ұшып кетеді екен.Тасымалдану. Жел жер бетіндегі ұсақ шаңдарды, тозаңдарды, құмайтты, құмдарды үрлеп көтереді де оны бүкіл жер жүзіне тасымалдайды. Мысалы 1883 ж Индонезиядағы Кракатау жанартауы атқылағанда оның күлі соншама биікке көтерілген, сөйтіп үш жыл бойында жерді үш рет айналып, аспанда ұшып жүрген. Тасымалдану жолының алыс-қашықтығы біріншіден, үгінді бөлшектерінің көлеміне және ауырлығына, олардың пішініне, екіншіден жел күшіне байланысты болады.

Date: 2015-11-13; view: 1261; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию