Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гидросфера





Гидросфера — Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар

мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды. Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады:

1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер асты сулары

(шекаралық сулар). Олар жер қыртысында орналаскан. Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд. км3. Оның

көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит сулары, ал жер асты суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы

да табиғи ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде минералданған

сулар түрінде кездеседі. Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе 3,5%)

болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын, аралығындағы

динамикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.

Құрлық суларының көпшілігі атмосфералық сулар есебінен құралады. Олардың құрамында минералдық тұздар

өте аз кездеседі. Материктік сулар мен мұхиттық суларда кездесетін тұздардың химиялық құрамы өзіндік

ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын иондардың мөлшері бір-біріне кері пропорционал: мұхит

суында — Nа+>МЃ’2+>Са2+; С1->SО4-2>НСО3-; материк суында-— МЃ’2+<Nа<Са2+; С1-<SО4-2<НСО3-.

Барлық сулар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, табиғи жағдайда үлкен айналымға бірдей қатысады. Күн

энергиясы әсерінен сулар буланып бұлттар түзіледі. Олар жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, атмосфералық

сулар түрінде жер бетіне қайтып оралады. Олардың кейбір бөлігі қайтадан буланып ауа қаба-тына ұшып кетеді

де, ал көпшілігі өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға барып қосылады. Жаңбыр мен қар суларының

белгілі бір мөлшері жердің топырақ қабатына сіңіп жер асты суларымен араласады. Кейінірек, әр түрлі бұлақтар

түрінде жер бетіне шығып жатады. Олар ағын суларға қосылып, өзен суларын молайтады немесе буланып ауаға

ұшып кетеді. Сонымен, табиғи айналым әрекеттеріне қарай гидросфераны құрайтын барлық сулар бір жүйеге

бірігіп, атмосфера, жер кыртысы және биосфера қабаттарымен тығыз байланыста болады. Әр түрлі химиялық

реакцияларға араласады, Сондықтан да гидросфера жер бетінде жүріп жатқан геологиялық әрекеттердің

орталыгы және жасампаз күші болып саналады.

Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның

төменгі бөлігін және жер қыртысыньщ жоғарғы бөліктерін қамтиды. Биосфераны құрайтын тірі дүниенің жалпы массасы 1014—1016 т-ға дейін жетеді. Орга никалық

заттардың негізгі массасы көк-жасыл өсімдіктер бойында жиналран. Олар Күн сәулесін жұту арқылы, өз

организмінің күрделі мүшелерін құрайды. Бұл процесс (фотосинтез) атмосфераны және жалпы биосфераны от-

тегімен қамтамасыз етеді. Химиялық көзқарас бойынша, фотосинтез (қайта құру) тотығу реакциясы (СО2 + Н2О->--

э-СН2О + С>2) нәтижесінде жүріп жатады: көмір қышқылы мен су қосылысы кезінде органикалық заттар түзіліп,

оттегі жеке бөлініп шығады. Тірі организмнің өлімі кезінде фотосинтезге қарама-карсы процесс орга-никалық

заттың тотығуы байқалып, бұзылу немесе ыдырау заттары құралады. Бұл процесс Жер шарында фотосинтезбен

тепе-теңдік жағдайда жүріп жатады. Сондықтан Жер бетіндегі биомассаның. жалпы мөлшері тұрақты болып

келеді.

Гидросфераның газды кұрамының, атмосфераның және жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің

құралып жиналуына әсер ететін орасан зор күш ор ганикалық заттар екендігін дұрыс түсініп, алғаш рет өз-

еңбектерінде көрсете білген академик В. И. Вернадский болды. Ол жер қыртысының және биосфераның

қалыптасуында органикалық дүниенің атқаратын ролін зерттеуге негізделген геологиялық жаңа ғылым

бағытының, яғни биогеохимияның іргетасын (фундаментін) қалады. Тірі организмнің негізгі құрамы — көміртегі,

оттегі, сутегі және азот, аз мөлшерде күкірт, калий, фосфор, иод, марганец, мырыш — барлығын қосып

есептегенде 70-ке жуық химиялық элементтерден тұрады.

Микроорганизмдер мен өсімдіктер қоршаған ортадан химиялық элементтер мен әр түрлі тұздарды өз бойларына

сіңіре отырып темір, күкірт, фосфор секілді пайдалы қазбалардың құралып, бір жерге жиналуына әсер етеді.

Өсімдіктер дүниесінің шірінді калдық-тарынан көмір мен торф қабаттары құралады, ал жануарлар мен

жәндіктер дүниесінің калдықтары өсімдіктер қалдықтарына қосылып, бірге кездесетін жағдайларда табиғи газдар

мен мұнай қабаттары пайда болады.

Органикалық дүниемен байланысты диатомиттер мен радио-ляриттер, әктас және бор қабаттары құралады. Бірақ

органикалық заттардың геологиялық процестерге тигізетін әсері барлық уақытта және барлық жерде бірдей емес.

Бір жағдайда тау жыныстары бұзылып жатса, екінші бір жардайда олар жасампаздық қызмет атқарады. Биосфера, жер қыртысы, гидросфера және атмосфера қабаттары араларындағы қарым-қатынас

геодинамикалық процестерге арналған жеке тарауларды талдау кезінде кеңірек қарастырылады.

Date: 2015-11-13; view: 2612; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию