Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Диплом жұмысының жазылу ережелеріне қойылатын талаптар





7.1 Диплом жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-Times New Roman, қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Мәтін ішінде түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Мәтін мен тақырып арасында екі бос жол қалдырылады.

Абзац, тарау және тараушалар жол басынан 15 мм шегініп барып жазылады.

7.2 Диплом жұмысының орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

7.3 Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

7.4 Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

7.5 Диплом жұмысын бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

7.6 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

7.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бірінші әрібін бас, қалғанын кіші әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

7.8 Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

7.9 Мұқаба диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылмайды.

7.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

7.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

7.12 Диплом жұмысының бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысал

1 Типтік және негізгі мөлшері

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі
1.1

1.2

1.3

2 Техникалық талаптар

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі  
2.1

2.2

2.3

7.13 Диплом жұмысының әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

Мысал

[Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік, елжандылық, мемлекет аралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек.

2.3 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру

Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.]

 

7.14 Диплом жұмысының беттері және қосымшасы, диплом жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

7.15 Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) тікелей бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

7.16 Диплом жұмысында орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

7.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

7.18 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1 Банк жүйесінің құрылымы

7.19 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет.

Мысал

Шығыс Қазақстан обылысының атмосфералық ауасына шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының динамикасы келтірілген, одан атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар эмиссиясының шамалы төмендеу беталысы ластаушы заттар эмиссиясының шамалы төмендеу беталысы 5-суретте көрініп тұр.

 

Сурет 1 Атмосфераға шығарылып отырған ластаушы заттар көлемі

 

Егер сурет атауы 2 жолдан көп болса, онда ол келесі түрде болады: сурет атауының екінші жолы, сурет атының бірінші әріпі астында орналасады

Сурет 1 Атмосфераға шығарылып отырған ластаушы заттар көлемі

мың тонна

 

7.20 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «Кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

7.21 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

7.22 Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

7.23 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

7.24 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

7.25 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

7.26 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

7.27 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшері 12 кегель болуына рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

7.28 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріптен басталып жазылуы және сызылмауы тиіс.

7.29 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

7.30 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріптен басталып жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Таблицаларды рәсімдеу үлгісі Қосымша Ж көрсетілген.

7.31 Дипломдық жұмыста формула редактор формул көмегімен жазылады. Ол Times New Roman шрифт, кегль 14 курсив қолдануға болады.

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

7.32 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

7.33 Диплом жұмысындағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

7.34 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

7.35 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

Мысал

Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан. [1, 21б.]

7.36 Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

7.37 Қосымшалар осы диплом жұмысының жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

7.38 Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

7.39 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

7.40 Қосымшалардың диплом жұмысының қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс. Қосымша алфавиттің әріптерімен және бас әріптен жазылады.

Мысал. Қосымша А

(Қосымшада қолданылмайтын әріптер З, Й, О, Ъ, Ы, Ь)

7.41 Мәтін ішіндегі тізбелеу әріптермен, сандармен немесе дефис арқылы бас жолдан басталады.

 

Date: 2015-10-19; view: 1611; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию