Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






В050100 –Әлеуметтану» мамандығы, бакалавриат, 3 курс, қ/б

Факультеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде

Хаттама «___»___________2013ж.

ФжСФ деканы м.а. _________ Исмағамбетова З.Н

 

«Мемлекеттік қызмет әлеуметтануы»

пәні бойынша емтихан сұрақтары, 3 кредит,

В050100 –Әлеуметтану» мамандығы, бакалавриат, 3 курс, қ/б

 

Сұрақ Бөлім
  Мемлекеттік басқарудың кезеңдері мен дамуын сипатттаңыз  
  Мемлекеттік басқаруды зерттеген ғалымдардың көзқарасын кезеңмен қарастырыңыз  
  Бюрократия теориялары мемлекеттік қызметтің дамуының ғылыми негізі ретінде негіздеңіз  
  «Мемлекеттік қызмет» түсінігінің кең және тар мағынасы. Мемлекеттік лауазым мен оның негізгі сипаттамаларын көрсетіңіз  
  Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қағидалары мен құрылымын айқындаңыз  
  М.Вебердің теориясы бойынша мемлекеттік шенеуліктің сәтті қызметінің негізгі шарттарын көрсетіңіз  
  Саясат және мемлекеттік басқарудың өзара байланысын факторлар арқылы көрсетіңіз  
  Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік басқаруды сипаттаңыз  
  Саяси режим мен саяси биліктің түрлерін айқындаңыз  
  Мемлекеттік басқарудың құрылымы мен мамандануын, мемлекеттік құралдың формаларын көрсетіңіз  
  Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің бөліну қағидаларын дәлелдеңіз  
  Кәсібилік пен компетенттілік қағидасын сипаттаңыз  
  Басқарудың түрлі формаларындағы мемлекеттік басқарудың орталық органдарын (монархия, конституция, республика, президенттік, парламенттік) және олардың ерекшеліктерін қарастырыңыз  
  Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы сипаттамалары мен негізгі қағидаларын, олардың функциялары және түрлерін негіздеңіз  
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет бойынша жаңа моделінің негізгі ерекшеліктерін қарастырыңыз  
  М.Вебер бойынша бюрократияның идеалды типін сипаттаңыз  
  «Мемлекеттік қызметтің негізі туралы» заңында бекітілген мемлекеттік қызметтің құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз  
  ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңындағы мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік қорғалуын сипаттаңыз  
  Америка менеджменті бойынша адами ресурстар концепциясының негізін көрсетіңіз  
  Жапондық менеджменті бойынша персоналды басқарудың ерекшеліктерін сипаттаңыз  
  Англиядағы мемлекеттік қызмет институтының негізгі құрылымын, ерекшеліктерін негіздеңіз  
  Германиядағы мемлекеттік қызмет институты мен мемлекеттік қызметкерлерді дайындау ерекшеліктерін қарастырыңыз  
  Жапониядағы мемлекеттік қызмет институтын, ұлттық ерекшеліктерін, басқа елдермен салыстыра отырып айқындаңыз  
  Франциядағы мемлекеттік қызмет институтының ерекшеліктерін көрсетіңіз  
  Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметтердің топ категорияларының мәртебесінің ерекшелігі, қызметке тағайындау (қызметттен босату) әдісін сипаттаңыз  
  Мемлекеттік қызметке тұру мен қызметкерлерден талап етілетін талаптарды жалпы сипаттамасын беріңіз  
  Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерді дайындаудың ерекшеліктері мен оқу орындарының қызметін қарастырыңыз  
  Мемлекеттік құралдың формалары. Мемлекеттік басқарудың құрылымы және мамандануын айқындаңыз  
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерді дайындаудың жаңа моделін сипаттаңыз  
  ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» заңындағы мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтары мен жауапкершіліктерін талдаңыз  
  Сіз қол астындағылармен қалай қатынас жасау керек туралы болып жатқан бірнеше басшының сөз таласына куәгер болып қалдыңыз деп елестетіңіз. Бірнеше пікірлер айтылған болатын: • қол астындағы адам жақсы жұмыс жасауы үшін оған индивидуалдық қатынас жасау керек, оның тұлғасының ерекшелігін ескеру қажет. • бұл маңызды емес. Адамды бағалаудығы негізі – іскерлік қасиеттері, қызметі. Әр адам өз міндеттерін жасауы қажет. • мен басқарудағы сәттіліктің негізі ретінде қол астындағылардың басшыға деген сенімділігі мен құрметін қарастырамын. • бұл дұрыс, алайда басқаруды реттеуші болып қатаң бұйрық, жақсы төлем ақы, сәйкес сый ақысы болып қала бермек. Өз таңдауыныңызды дәлелдеңіз.  
  Сізді жақында өзіңіз бірнеше жыл жұмыс жасаған бөлімнің бастығы етті. Сіз сағат 9-15-ке өзіңіздің қол астыңыздағы қызметкерді оның кешігуі жөнінде сөйлесу үшін шақырдыңыз, алайда өзіңіз 15 минутқа кешігіп қалдыңыз делік. Ал қызметкер болса уақытында келіп, сізді күтіп тұр. Сіздің әрекетіңіз: • өз кешігуіңізге қарамастан, одан түсіндірме сұрайсыз. • одан кешірім сұрап, онымен әңгімені бастайсыз. •амандасып, өз кешігу себебіңізді айтып, одан «Сіз қалай ойлайсыз, өзіңіз секілді жиі кешігетін бастықтан нені күтуге болады?»деп сұрайсыз. • кездесуден бас тартып, кейінге қалдырасыз. Жауабыңызды негіздеңіз.  
  Менеджердің өзімен жұмысы неден басталады? Жауапкершілік пен атағы. Басқарушылық талаптарды сипаттаңыз  
  Сіз қала әкімшілігінің инспекциясының кадр бөлімінің бастығысыз. Сізге 1 қызметкерді жұмыстан босату қажет. Барлық қызметкерлер бірдей ақы алып, 1 қызметті атқарады. Әр талапкердің кәсіби сипаттамалары кестеде ұсынылған. Сіздің кейінгі әрекетіңізді негіздеңіз, мәселені айқындап, оның шешу жолын ұсыныңыз.  
Кәсіби сипаттамалар Аты-жөні Аты-жөні Аты-жөні Аты-жөні
Жасы        
Білімі Жоғары экономикалық Орта мамандық, ЖОО-да білім алуда Техникалық Экономикалық
Қызмет ету ұзақтығы 6 жас 2 жыл 5 жыл 13жыл
Отбасы жағдайы Ажырасқан, 2 мемьеп жасындағы баласы бар Үйленбеген Үйленген, 2 баласы бар, 1 мектеп жасында, 1 студент Үйленген, немерелері бар
Жұмысқа қатынасы Жауапкершілікті, бірақ жай жұмыс жасайды Жақсы жұмыскер, араласуға тез Жақсы жұмыскер, аккуратты, жауапты Орташа жұмыскер, ыньасы аз
Ұжымдағы байланысы Жақсы қатынаста, тез ьіл тапқыш бірақ көңілі тз ауысады.   Көмекке жайын, араласуға жағымды Қағидалы, қатаң, ұжыммен араласуы жай Беделге ие, көмекке дайын
Мансабы бойынша күтілімдері Бұрынғы қызметте қалуды қалайжы ЖОО аяқтаған соң, көтерілуді қалайды Ең жақсы қызметті иеленуді қалайды Бұрынғы қызметте қалуды қалайды
         

 

 
  Сіз білім министрлігінің кадр бөлімінің бастығысыз. Мақсатыңыз – «жоғары қызметтер» категориясына сай әлеуметтік сұрақтар бойынша әкім орынбасарына ұсынуыңыз қажет. Бекітілген жағдайға сай сіз «В» катеогориясының «жоғары қызметтер» кадрына сай жұмыс жоспарын жасауыңыз қажет. Талапкерді дайындауға кіруі мүмкін негізгі ұйымдар мен шаралардың тізімін құрыңыз. Талапкер туралы ақпарат: Орта мектеп директоры. Жасы 36-да, директор болып 6 жыл қызметте, білім жоғары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Математика» мамандығы бойынша бітірген, квалификацияны жоғарылату курсынан өткен. Сипаттамалары: Ынталы, мектебі «Білім» жобасының жеңімпазы, мектеп ұстаздары мен оқушылары конкурстар жеңімпаздары. Ол мектеп қолдаушылар кеңесін құрып, жаңарту үшін қолдаушылар таба алды. Қалада дамыған әлеуметтік инфроқұрылым орын алған, 20 бала бақшалар, 30 мектеп, 15 жасөспірімдік клубтар, 10 емхана, 3 қалалық көп салалы ауруханалар, 4 әлеуметтік көмек орындары бар. Директорды қаланың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына дайындау үшін жоспарына кіретін шаралар тізімін атаңыз, квалификацияны көтеру мен стажироканың бағдарламасын ұсыныңыз. Қандай мекемеде өтуі қажет. Жауабыңызды негіздеңіз.  
  Сіз денсаулық сақтау министрлігінің кадр бөлімінің бастығысыз, резервке кірген кандидатпен жұмыс жоспарын ұсыныңыз. Мақсатыңыз – денсаулық сақтауды басқарудың талапкерлер ревервін құру. Аталған кандидаттардың іскерлігін тексерудің жолдарын айтыңыз. Қандай құралдарды кандидатпен жұмыста қолдануға болатындығын (іскерлік ойындар, тәжірбелі тапсырмалар, тест т.б) негіздеңіз. Талапкер туралы ақпарат. Резервке қалалық аурухананың басты дәрігері ұсынылған. Жасы 40. Білімі жоғары, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген. Квалификацияны жоғарылату және денсаулық қорғау басқармаларын дайындау курсына қатысқан. Басқаратын ұжымында жоғары сапа мен тәртіппен ерекшеленеді. Аурухананы тексеру барысында бюджеттен тыс іскерліктен құралдарды щығындауына байланысты ескертпелер алған болатын. Ол жоғары беделмен белгілі, оның жұмыс үлгісіне қарсы шыққанды жұмыстан шығарған жағдайлар орын алған.  
  Мемлекеттік әкімшілікте Парсонстың жүйелі анализ әдісінің рөлінің әсерін қарастырыңыз.  
  Мемлекет мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби емес әрекеттерінен Қазақстан азаматтарын қорғайды? Іс-шаралар тізімін атап өтіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеп, қорытынды жасаңыз.  
  Келесі көзқарастарды сәйкестендіріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз. 1. Мемлекет – «барлығына қарсы соғыстан» қашудың жалғыз жолы. (Гоббс Т.). «Мемлекет бір тапты қалғандарына басшы етіп қоятын бір тапты екіншісіне қарсы қоюдың машинасы» (Ленин В. И.). 2. Билік ету – «адамдарға бағдарлама беру, олардың тағдырына, ортасына араласу, мерекелік санасыз өмірдің, көңіл қалудың жындылығына кедергі беру» (Ортега-и-Гассет). Мемлекет – «ең қанішер, қатаң, адамзатты жоққа шығарушы, индивидуалды бостандықты жоюшы» (Бакунин А. М.).  
  Атақты американдық социолог Э. Шилз «Әлеуметтану борышы» мақаласында әлеуметтану мен биліктің 3 байланысын атап өтті. Алғашқысы «манипулятивті» — билікпен әріптестікті сипаттайды: әлеуметтік білім қоғамдық үрдісті басқару мен адам және топтың әрекетін басқару үшін қолданылады. Екінші түрі «сыни» — әлеуметтану билікпен әрекеттесуден бас тартып, тәуелсіз, аналитикалық орын алғанда қолданылады. Үшінші – «келісушілік» — бағытталу типі, ол келісім іздеуде, билікпен, топпен және тұлға арасындағы келісімді іздеуге сай келеді. Осы әдістерді сипаттаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.  
  Квалификациялық кадрға қажеттіікті анықтаудағы әдістерді сипаттаңыз.  
  Мақсат-міндеттер, мақсат-бағыттар, мақсат-өз­-өзін сақтауды түсіндіріңіз. Мемлекеттік кадрлар саясатының ұйымдарында қолдану деңгейін мысал келтіре отырып сипаттаңыз  
  Мемлекеттік кадр саясатының объектісі ұғымын талдап, сипаттап беріңіз.  
  Мемлекеттік қызмет қағидаларын, олардың топтамасын қарастырыңыз.  
  Функция дегеніміз не? Мақсаттар мен міндеттерге қарағанда функция неліктен өндірістік, екінші деңгейлі категория болып табылатынын дәлелдеңіз. Мемлекеттік қызметтің ең маңызды қызметін көрсетіңіз.  
  Кадрлар резервін қалыптастыру мақсаты. Перспективті кадрлық резерв. Кадр резервінің қалыптасу қағидаларын сипаттаңыз. Негізін ашыңыз.  
  Мемлекеттік басқару органдарына кадрларды алу қағидаларын атаңыз. Мемлекеттік басқару органдарына жұмысқа орналасатын талапкерлердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалауда қандай әдістер қолданылады. Өз жауабыңызды негіздеңіз.  
  «Мемлекеттік қызмет персоналы» терминіне анықтама беріңіз. Мемлекеттік қызметте персоналдарды басқару жүйесі қандай компоненттерден құралған? Өз жауабыңызды сипаттап беріңіз.  
  Мемлекет – саяси әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының бірі. Қоғамның мемлкеттік ұйымын мемлекеттікке дейінгіден ажырату үшін мемлекеттің белгілерін анықтау қажет. Қоғамның мемлекеттік құралдар сипатын атап, оларды талдаңыз. Қазіргі заманға сай мемлекетке қатысты «қоғамдық билік» ұғымын ашыңыз.  
  Кәсіби үрдістерге (мансап) әсер ететін факторларды мінез–құлқы бойынша, ұстану және қарсы болу сияқты түрлерін көрсетеді. Осы факторларды сипаттаңыз.  
  Қандай құқықтық нормалар арқылы мемлекеттік қызметте өту үрдісі жүзеге асырылады? Мемлекеттік қызметте өтудің негізі болатын қағидаларды атап, оларды сипаттап беріңіз.  
  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер» туралы заңын мемлекеттің қызметтің негізгі өту кезеңдерін қадағалайтын негізгі құжат ретінде сипаттап беріңіз.  
  Франциядағы мемлекеттік басқарудағы кадрларды даярлау жүйесін сипаттаңыз. ҚР–ның мемлекеттік қызметкерлерді даярлау жүйесімен салыстырмалы талдау жасаңыз.  
  АҚШ–тағы мемлекеттік басқарудағы кадрларды даярлау жүйесін сипаттаңыз. ҚР–ның мемлекеттік қызметкерлерді даярлау жүйесімен салыстырмалы талдау жасаңыз.  
  Кейбір басқару ұғымдарының анықтамаларын ойланыңыз. Басқарудағы мәселелер – анықталмаған жағдай, яғни идеяны алға қойған уақыттан бастап, нәтиже алынған уақытқа дейін барлық құрылымдық құраушылар және олар арасындағы байланыстар таныс болмайды. Шешім қабылдау – мүмкін болатын шешімдер арасынан тек бір шешімді қабылдап, оны жүзеге асыратын, шығармашылық процесс. Басқарудағы коммуникативтілік – жаңа қажеттіліктерге байланысты ақпараттық ағымдар арналарының циркуляциясын, деңгейлерін құрылымын және олар арасындағы өзара байланыстарды өзгертетін, басқару жүйесінің сыртқы әсерлерге тез жауап беру әрекеті. Координация – ұйымның барлық әрекеттері мен күштерін байланыстыруға, біріктіруге және сәйкестендіруге мақсаттлаған басқару функциясы болып табылады. Тапсырма: өз өміріңізде болған тәжірибеңіз арқылы жоғарыда көрсетілген анықтамалардың дұрыстығын дәлелдеңіз. Шешім қабылдау және шешімді жүзеге асыру ұғымдары арасындағы негізгі байланыс элементтерін көрсетіңіз.  
  Өз қызметкерлерінің мансабын жоспарлауда мемлекеттік ұйымдардың рөлін айқындаңыз. Жұмыскердің мансап бойынша өсу жоспарына қандай факторлар әсерін ететіндігін көрсетіңіз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.  
  ҚР-ның квалификациялық рангтері, лауазымдары (звания) және дәрежелері (разряды) (оларды иелену тәртібі). АҚШ пен салыстырмалы талдау жасаңыз.  
  Қазіргі заманға сай мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік бейнесін жасаңыз.  
  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер» туралы заңын мемлекеттің қызметтің негізгі өту кезеңдерін қадағалайтын негізгі құжат ретінде сипаттап беріңіз.  
  Мемлекет қоғамды мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби емес әрекеттерінен қалай қорғайды? Іс-шаралар тізімін атап өтіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеп, қорытынды жасаңыз.  

 

 

Факультеттің әдістемелік бюросының


<== предыдущая | следующая ==>
 | курса общемедицинского факультета

Date: 2015-10-22; view: 847; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию