Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Феодалдық экономиканың қалыптасуы мен дамуы





Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі - жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйекшонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Шонжарлар тегін жатқан орман-тоғайды, тау-тастар мен өзен-көлдерді де өз меншіктеріне айналдырды. Жерге деген өз кұқықтарын олар заң жүзінде бекітіп алды. Еңбек құрал-жабдықтарының дамып, жетілуіне байланысты жерден, егін және мал шаруашылытарынан түсетін табыс өсе түсті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды

Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары - мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағыныштыларына (вассалдарына) үлестіріп берді. Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі «феод» деп, ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Бірінші жыл себу пар екінші жыл пар себу Қос танапты егіншілік. Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместъе деп аталды. Поместьедегі шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды. Шаруалар поместьедегі шаруашылык жұмыстарын өз еңбек құрал-жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нөтижесіне мүдделі болды. Сөйтіп феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық және құл иеленушілік құрылыстарға қарағанда озық құрылыс екендігін таныта бастады.

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның Натуралды шаруашылықтың белгілері Натуралды шаруашылық Сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы Қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. VI-X ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.

 

 

Date: 2015-10-22; view: 1707; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию