Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Осы жағдайда қандай маммандықтың кеңесң ең тиімді? 15 page





$$$00115

Жүкті әйел 32 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінде біріншілік бедеулік 6 жыл бойы. Зерттеу кезінде созылмалы арнайы инфекциялар анықталды- ЦМВ, ВПГ, токсоплазмоз. Осы жүктілікте нәрестеде қандай асқынулар болуы мүмкін?

А. нәресте даму ақауы

В. ірі нәресте

С. изосерологиялық сәйкессіздік

D. нәрестенің көлденең жатуы

Е. нәрестенің жамбаспен жатуы

{Дұрыс жауабы}=A

$$$00116

Алғаш босанушы 22 жаста босанғаннан кейін 3 күні аралықтағы тігісте ауырсыну мен қышу пайда болған. Жүктілік кезінде кандидозды кольпит, босану уақытының ұзаруы, аралықтың 1 дәрежелі жыртылуы болған. Нәрестенің салмағы 3800,0 гр. Дәрігерлік қарау кезінде тігіс аймағы ісінген, іріңді бөліністер бар, тігіс қиылған. Дәрігер қандай ем тағайындау керек?

A. Жараны өңдеу, екіншілік тігіс салу.

B. Антибиотиктер тағайындау

C. Инфузионды терапия, иммундыкорректорлар

D. Тігісті алып тастап, іріңді жараларды емдеу принципін қолдану

E. Құрамында антибиотиктері бар мазьдарды қолдану

{Дұрыс жауабы}=D

$$$00117

Жүкті әйел ауыр жағдайда жеткізілді. Осы жүктілігі -5ші. Алғашқы екеуі мерзімімен босанумен аяқталды, 3-шісі кесар тілігі операциясы арқылы, операциядан кейін екі апта дене температурасы көтерілді, 4-жі жүктілігі жасанды түсік арқылы үзілген. Таңертең төсекте бүйіріне қарай аунағанда, кенеттен іштегі ауру сезімін байқады, әлсіздік, нәесте қимылын сезбейді. Объективті қарағанда: пульсі минутына 120 ерт. АҚҚ -90/50 мм с.б.б, мұздай тер басқан, апатипті. Жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғйаған, пальпация кезінде ауру сезімді, әсіресе төменгі сегмент аймағында. Нәрестенің жатуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соығысы тыңдалынбайды. Құрсақ қабырғасы арқылы нәрестенің ұсақ бөлшектері пальпацияланады. Қаныптан көп емес қанды бөлінділер бөлініп жатыр.

Емдеу тактикасын таңдаңыз:

А. наркоз беру, гемотрансфузияны бастау, лапаротомия жасау

В. диагнозды дәлледеу үшін УДЗ жүргізу

С. қан құю, ВГГК фонжасау, босандыру

D. спазмолитиктер, анальгетиктер енгізу, қан құю және бақылауды жалғастыру

Е. Кесар тілігін шұғыл бастау

{Дұрыс жауабы}=A

$$$00118

19 жас алғашқы босанушыда мерзімінде босану болды. Анамнезінде – 2 медициналық аборт. 3 кезең активті жүргізілді: нәресте туылғаннан кейін 1 минуттың соңында бұлшық етке 10Ед окситоцин жасалды. Жатыр жиырылған кезде акушерка сол қолымен жатыр түбіне қысым жасап тұрып бір уақытта кіндік бауын тартты. Босанушының жағдайы кенет нашарлап кетті, есінен танып қалды, лоқсу, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болды. АҚҚ – 90\50-95\55 мм.с.б.б. Пульс жиілігі – 100 рет минутына. Іш аймағын пальпациялағанда іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, жатыр қасаға үстінде анықталмайды. Кіші жамбас қуысына кіреберіс жерде шұңғыма тәрізді қуыс пальпацияда қатты ауырсынады, жамбас қусына өтеді. Жыныс жолдарында жұмсақ консистенциялы домалақ, қызыл-күлгін түсті түзіліс анықталады. Ілініп тұрған түзілістің орталық бөлігіне плацента жабысып тұр, ұрық қабымен қапталған. Босанудың асқынуын ата және ол неден болды:

A.Босану тез болғандықтан жатырдың толық жыртылуы

B.Акушерлік анамнезі ауыр – жатырдың жартылай жыртылуының қауіп факторы

C. Жатырға контрқысым дұрыс жасалмағандықтан жатыры айналып кетті

D. Босану кезінде құрсақішілік қысымның жоғарылауына байланысты жатыры түсіп кетті

E. Бұрын анықталмаған қынап кистасы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$00119

Босанушы 26 жаста, екінші жүктілік. Бірінші жүктілік жедел босанумен болған, босанудан кейін эндометрит болған.Толғақ қысқа, әлсіз. Жыныс жолдарынан белгілі мөлшердегі қанаралас бөліністермен келді. Кіші жамбасқа басымен келуі. Ұрықтың жүрек соғысы 140рет/мин. Қынаптық тексеру барысында:жатыр мойны 4см ашылған, ұрық жолдасының шеті көрінеді.Ұрықтың суы бүтін. Қан аралас бөлініс жеткілікті. Не істейміз?

А. босануды консервативті жүргізу

В. ұрық шарын ашу

С. кесар тілігі отасына кірісу

D. босану барысын жылдамдату

Е. спазмолитиктер енгізу

{Дұрыс жауабы}=B

$$$00120

80. 26 жастағы науқас етеккірге дейінгі 5 күнде жағдайының нашарлауына шағымданады, дене салмағының қосылуына, сүт бездерінің ауырсыну сезіміне, тітіркенгіштігіне, көңіл күйінің болмауына, бас ауруына. Етеккір басталысымен жоғарыдағыдай шағымдар жойылады. Гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер жоқ. Бұл жағдайдың туындауына тікелей әсер ететін гормон

А. Эстрогендер

В. Андрогендер

С. Глюкокортикоидтар

D. Прогестерон.

Е. Эстрадиол

{Дұрыс жауабы}=D

$$$00121

Перзентханаға алғаш босанушы әйел келіп түсті, 19 жаста, іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Босанудың басталғанына 12 сағат, сусыз кезең 4 сағат болған. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-17 см. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б мерзімі жеткен жүктілік, нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген. Жатырдың төменгі сегменті ауру сезімді, контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Нәрестенің жүрек соғысы 10 рет минутына, аритмиялық, тұйықталған. Күшенулер бірінің артынан бірі болып жатыр. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске қол жетеді. Диагоналдық коньюгата 11,5 см.

Қажетті емдеу әдістерін таңдаңыз:

А. окситацинмен босануды ынталандыру

В. акушерлік қысқыш

С. нәрестенің вакуум- экстракциясы

D. кесар тілігі

Е. нәрестені бөлшектеп алу

{Дұрыс жауабы}=D

$$$00122

Жүктілік кезінде ұрықтың жамбастық орналасқанын (тазовое предлежание) диагностикалау үшін Леопольд-Левицкийдің сыртқы қабылдауы ақпаратты:

А) бірінші және үшінші

B) үшінші

C) екінші

D) төртінші

E) бірінші

{Дұрыс жауап}=A

$$$00123

Ана өлімінің көрсеткіші келесі тәсілмен есептеледі:

А) Босану кезінде қайтыс болған әйелдер саны/босану саны х 100000

B) Қайтыс болған жүкті әйелдер саны/босану саны х 100000

С) Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000

D) Қайтыс болған жүкті әйелдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі және өлі туған нәрестелермен босану саны х 100000

E) Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000

{Дұрыс жауап}=С

$$$00124

Шарананың шетінеуі (перинатальная смертность) төмендету бойынша іс-шаралардың ішіндегі бағалысы, төмендегісінен басқасы болып табылады:

А) Жүктілікті сақтау мүмкіндіктері туралы мәселенің дер кезінде шешілуі

B) Шарананың шетінеу себептерін саралауды жүргізу

C) Нәрестенің созылмалы гипоксиясын уақытылы диагностикалау

D) Жүкті әйелдің диететикасын жүзеге асыру

E) Дистресс-синдромды уақытылы жүргізу

{Дұрыс жауап}=С

$$$00125

Шарана өлімінің көрсеткіші келесі түрде есептеледі:

А)(Өлі туған нәрестелер саны)/(босанулар саны)ө1000 //

B)(Интранатальды шетінегендер саны)/(өлі туғандар саны)ө1000 //

C)(Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде шетінегендер)/(тірі және өлі туғандар саны)ө1000 //

D)(Туғаннан соң алғашқы 7 тәулік ішінде шетінегендер саны)/(босанғандар саны)ө1000 //

E)(Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде шетінегендер)/(тірі туғандар саны)ө1000

{Дұрыс жауап}=С

$$$00126

Пациент әйел 17 жаста. Етеккірінің 3 апта бойына жоқтығына шағымдарымен әйелдер консультациясына келді, бірнеше күн бойына жүрегі айну, сүт бездерінің ісінуін байқаған. Айнада қарағанда –, жатыр қынабы мен мойыншығы шырышының көгеріңкілігі. Бөлінділер шырышты, бірқалыпты. Бимануалды тексеру: жатыр қалыптан сәл үлкенірек, ауырсынусыз, мойнақ аймағында «жұмсару». Өсінділер ерекшеліксіз, жиынтықтар еркін (Қосалқылар ерекшеліксіз, қабырғалары еркін). Дәл диагнозды қою үшін қандай қосымша тексеру әдістерін орындау қажет?

А) ХГ-ға қан тапсыру

B) Жүктілікке қан тапсыру

C) УДЗ

D) 2 аптадан соң қайталама тексеру

E) МРТ

{Дұрыс жауап}=С

$$$00127

Науқас М., 21 жаста, 2 ай бойына етеккірінің жоқтығына, тәулігіне 15 ретке дейін құсуына, тәбетінің жоқтығына, дене салмағының 6 кг-ға дейін төмендеуіне шағымдарымен әйелдер консультациясына келді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, тамыр соғысы минутына 92, АҚ 90/60 мм сын. бағ., көздің ағы сарғыш. Айнада – қынап және жатыр мойнының қынаптық бөлігі көгеріңкі. Қынаптан бөлінділер мардымсыз, сүт түстес. Қынаптық тексеру: қынап тар. Жатыр жұмсақ консистенциялы, жүктіліктің 7-8 апта мерзіміне сәйкес ұлғайған, ауырсынусыз. Қосалқылар анықталмайды. Қабырғалары еркін. Диагнозы:

А) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының жеңіл түрі.

B) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының ауыр түрі.

C) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының орташа ауырлық түрі.

D) 7-8 апталық жүктілік. Жедел гастрит.

E) 7-8 апталық жүктілік. Тамақтан улану.

{Дұрыс жауап}=С

$$$00128

27 жастағы науқас әйел біріншілік бедеулікпен, жатырдың шырыш асты миомасы бойынша хирургиялық ем үшін гинекологиялық стационарға түсті. Аталған жағдайда операцияның оңтайлы көлемі қандай?

А) Гистерэктомия

B) Гистероскопия кезінде миоматозды түйіннің резекциясы

C) Өсінділерсіз жатырдың қынапүстілік ампутациясы

D) Жатырдың дефундациясы

E) Лапаротомия, консервативті миомэктомия

{Дұрыс жауап}= B

$$$00129

18 жастағы науқас М. Жетекші симтомдар: ішіні төменгі бөлігінде тік ішекке таралатын жедел ауырсыну, жыныс жолдарынан біраз қанды бөлінділер. Ауырсынулар етеккір циклының 18-ші күні жыныстық қатынастан кейін пайда болды. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Тамыр соғысы минутына 80. Дене т-сы 36,9С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөлігі ауырады, көбіне оң жақ мықын тұсында. Ішастар тітіркену синдромы жоқ. Айнада зерттеуде – цервикальды каналдан қанды бөлінділер. Қынап арқылы зерттеуде – сыртқы жатыр тесігі жабық. Жатыр ұалыпты көлемде, anteversio, аnteflexio ширақ, ауырсынусыз, қалыпты консистенциялы. Қосалқылар сол жағынан пальпацияланбайды.Оң жағынан қосалқылар аймағында айқын пішінсіз құрылым образование, ауырады. Артқы қабырға сезімтал. Сіздің диагнозыңыз?

А) Жедел аппендицит

B) Жатырдан тыс жүктілік

C) Анабезге қанның құйылуы

D) 12 елі ішек ойық жарасының перфорациясы

E) ДМК

{Дұрыс жауап}= C

$$$00130

Менопауза алдындағы кезеңде дисфункциялы жатыр қан кетуін тоқтатудың негізгі әдісі болып табылады:

А) Андрогендер қолдану

В) Жатыр қуысы мен жатыр мойны каналының шырышты қабығын бөлек диагностикалық қырып тазалау

C) 17-оксипрогестерон капронатын (17-ОПК) қолдану, үздіксіз режимде.

D) Синтетикалық эстроген-гестагенді препараттарды қолдану

E) Қан тоқтататын және жатырды жиырылтатын дәрілерді енгізу

{Дұрыс жауап}=B

$$$0131

Бартолинит – бұл:

F) Әйелдің сыртқы жыныс органдарының қабынуы

G) Қынап кіреберісі үлкен безінің қабынуы

H) Жатыр түтіктерінің қабынуы

I) Қынап шырышының қабынуы

J) Ана бездердің қабынуы

{Дұрыс жауап}= B

$$$0132

25 жастағы жүкті әйел, қалыпты жамбас мөлшерімен және уақыты жеткен жүктілікпен жыныс жолдарынан 100 мл мөлшерінде ұйыған қан бөлінділерімен келіп түсті. Анамнезінде 4 медициналық аборт. Асқынусыз. Соңғы 3 аптада жіліншігінде айқын ісік. АҚ 150/90 мм сын. бағ., 160/90 мм сн. бағ. Акушерлік статус: уақытына жеткен жүктілік мерзіміне сай жатыр ұлғайған, іштегі баланың жүрек қағысы тыңдалады. Жатыр ширыққан, жатыр түбінде сол жағынан пальпация кезінде ауырсыну білінеді. Жіліншігінде айқын ісіктер. Сіздің диагнозыңыз?

А) ПОНРП

B) Плацента предлежаниесі

C) Босанудың І-ші кезеңінің басталуы

D) Жатыр мойнының эрозиясы

E) Жалған толғақ

{Дұрыс жауап} = А

$$$0133

Медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу қай мерзімге дейін жүзеге асырылады?

А) 28 аптаға дейін

В) 23 аптаға дейін

С) 30 аптаға дейін

D) 12 аптаға дейін

Е) 16 аптаға дейін

{Дұрыс жауап} =В

$$$0134

28 апта жүктілікпен 30 жастағы әйел қабылдауға келді. Әлсіздікке, бас айналуына, қолы мен аяқтарындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 37,2 0С, тері жабындылары әдеттегі реңкте, АҚ 165/100 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 88 соғу. Аяқтарында, қолдарында, ішінде ісіну бар. ЖҚТ: ақуыз 1,0 гр., іші жұмсақ, ауырсынусыз. Дәреті мен диурез қалыпты. Жүкті әйелдің жағдайын бағалаңыз?

А) Гестоз. І дәрежелі преэклампсия

В) Гестоз. ІІ дәрежелі преэклампсия

С) Гестоз. ІІІ дәрежелі преэклампсия

D) Гестоз. Жүкті әйелдер гипертониясы

Е) Гестоз. Жүкті әйелдер ісінуі

{Дұрыс жауап} =В

$$$00135

23 жастағы әйел адам, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жыныс мүшелерінің аймағындағы тыныштық және қозғалыс кезіндегі жедел ауырсынуға шағымданады. Объективті: Сыртқы жыныс ерінінің төменгі үштен бір бөлігінде флюктуациясы бар, ісік тәрізді жедел, ауырсынатын түзіліс анықталады. Емді неден бастау керек?

А) Антибиотикотерапия

B) Майлы аппликация (ихтиол, Вишневский майы)

C) Калий перманганаты ерітіндісімен ванночкалар

D) Үлкен бездің өзегін ашу

E) Безді өзекпен бірге энуклеациялау

{Дұрыс жауабы} = D

$$$00136

24 жастағы әйел жыныс мүшелерінде қышып, ашуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қызарған, сарғыш түсті, көпіршікті, сасық иісті бөліністер бар. Қынаптық қарауда: жатыр мен жатыр қосалқылары қалыпты. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағындыда: III – дәрежелі. Болжам диагноз қойыңыз:

А) Хламидиозды кольпит

B) Гонорея

C) Трихомониаз

D) Вагиноз

E) Ашытқылы кольпит

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00137

Аналық безінің апоплексиясы ол:

А) Аналық безіндегі жүктілік

B) Аналық безінің бүтіндігінің бұзылуы

C) Аналық без ісігі аяғының айналуы

D) Аналық безінің поликистозы

E) Аналық безінің қабынуы

{Дұрыс жауабы} = В

$$$0138

Әйел жүрек айнуға, құсуға және ішінің кебуіне шағымданады. Анамнезінде: Аналық безінің кистасы, жиі қабынбалы аурулар. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қалыпты түсте. Жыныс мүшелерінен шырышты бөліністер. Қынаптық тексеруде: Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, ауырсынбайды. Жатыр қосалқылары: сол жақтан жедел ауырсынатын, ісік тәрізді түзіліс. Диагноз қойыңыз:

А) Аналық безінің апоплексиясы

B) Пельвиоперитонит

C) Жатырдан тыс жүктілік

D) Аналық безінің поликистозы

E) Кистома аяқшасының айналуы

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$00139

Қабылдауға 28 жастағы әйел келді. Анамнезінде: жүктілік – 3, босану - 3, асқынусыз. Объективті: шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық дені сау. Айнамен және қынаптық тексеруде гинекологиялық патология анықталмады. Зиянды әдеттері жоқ. Осы әйелге қандай контрацепциялық әдіс ең ыңғайлы?

А) Комбинирленген оральді контрацептивтер

B) Тосқауыл әдісі (презерватив)

C) Күнтізбелік әдіс

D) Жатыр ішілік спираль

E) Хирургиялық стерилизация

{Дұрыс жауабы} = D

$$$00140

HELLP – синдромға анықтама беріңіз:

А) Өкпе ісінуімен жүретін, жүрек жетіспеушілігі.

B) Миға қан құйылу, тромбоздар, ми ісінуі, кома;

C) Гемолиз, плазмада бауыр ферменттерінің жоғарылауы және тромбоциттер санының төмендеуі.

D) Аса маңызды мүшелердегі қан айналым бұзылыстарымен жүретін, ДВС – синдром.

E) Қалыпты орналасқан шарананың уақытынан бұрын ажырауы.

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00141

Контрацепцияның эффективтілігін қандай көрсеткіш бағалайды?

А) Глазго шкаласы

B) Апгар шкаласы

C) Перль индексы

D) Дене салмағының индексі

E) Витлингер шкаласы

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00142

25 жастағы әйелде, жүктілік мерзімі 28 апта, II дәрежелі преэклампсия белгілері анықталды: АҚҚ= 160/100 мм.сн.б.б., пульс 86 рет минутына, аяқта және іш пен қол саусақтарында ісіну. ЖҚА: ЭТЖ = 20 мм/сағ, ЖЗА: ақуыз 1 г/л. Қандай гипотензивті дәрілік зат қауіпті болуы мүмкін?

А) Клофеллин

B) Диуретиктер

C) Магния сульфат

D) В - адреноблокаторлар

E) Кальций антогонистері

{Дұрыс жауабы} = В

$$$00143

Босану үйіне 28 жастағы әйел адам келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 39 апта. Анамнезінде жүктілік бірінші – қазіргі. Сыртқы акушерлік тексеру кезінде: 1- позиция, алдыңғы түр, ұзыннан орналасу, баспен келу. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.сн.б.б., ЖСС 84 рет минутына, ісінулер жоқ. Жүктілікті жүргізудің жоспары қандай?

А) Кесарь тілігі арқылы

B) Рахманов төсегінде босану

C) Еркін жағдайда босану

D) Мини – кесарь тілігі

E) Акушерлік қысқыштарды қолдану

{Дұрыс жауабы} = С

$$$0144

64 кг салмағы бар, 25 жастағы әйел босану кезінде 400 мл қан жоғалтты. Осы қан кету шекаралық болып табыла ма? Неге?

А) Жоқ, себебі, қан кетуге қалыптастыратын механизмдер қосылады.

B) Жоқ, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

C) Иә, себебі, компенсаторлы мүмкіндіктер шектеліп, геморрагиялық шок дамиды.

D) Иә, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

E) Иә, себебі, осындай қан кетуді әйел ағзасы оңай көтеріледі.

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$0145

«Кувелер жатыры» немен сипатталады?

А) Жатыр құм сағатына ұқсайды

B) Жатырдың барлық қабырғалары қанға сіңеді

C) Жатыр гипотониясы

D) Жатыр атониясы

E) Инфантильді жатыр

{Дұрыс жауабы} = В

$$$0146

Жүкті әйелдің жағдайы жедел нашарлады. Тері жабындылары бозғылт, көздің қарашығы кеңейген және жоғарғы қабаққа кетеді. Қабақтың, бет және мойын бұлшық еттерінің ұсақ тартылуынан кейін, басы артқа шалқайып, денесі ұзыннан түсті. Осы жағдайға сипаттама берініңіз?

А) Гестоз. Преэклампсия III дәрежелі.

B) Гестоз. Преэклампсия II дәрежелі.

C) Гестоз. Эклампсия. Діріл алды кезең.

D) Гестоз. Эклампсия,тоникалық дірілдер кезеңі.

E) Гестоз. Эклампсия, клоникалық дірілдер кезеңі.

{Дұрыс жауабы} = D

$$$0147

Пубертатты кезең деп аталады:

А) Жыныстық жетілудің кезеңі

B) Эмбриональді кезең

C) Балалық шақ кезеңі

D) Жыныстық жетілген кезеңі

E) Менопауза кезеңі

{Дұрыс жауабы} = А

ХИРУРГИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ

$$$001

Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің АНАҒҰРЛЫМ жиі себебі:

A) Ішектердің түйілуі

B) Копростаз

C) Ішек өзегінің ісікпен бітелуі

D) Көкбауыр инфаркты

E) Ішек парезі

{Дұрыс жауап} = A

$$$002

Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

A) Асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы

B) Созылмалы эрозивті гастрит

C) Асқазанның қатерлі ісігі

D) Меллори-Вейс синдромы

E) Тоқ ішектің дивертикулезы

{Дұрыс жауап} = A

$$$003

Ер адам, 38 жаста. Алкоголь қабылдаған соң кенет эпигастрий аймағында өте қатты, шаншыған ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тізелерін ішіне жинап алған, өте бозарған, салқын тер, іші тартылған, тақтай тәрізді, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері өте тырысқан, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализі: эритроциттер 4,4х1012\л, лейкоциттер 15х109 \л, ЭТЖ 25 мм\ч.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы анағұрлым ықтимал?

A) Жараның перфорациясы

B) Бауыр шаншуы

C) Шажырқай тамырларының тромбозы

D) Қалтқының стенозы

E) Аорта аневризмасының жарылуы

{Дұрыс жауап} = A

$$$004

68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Аш ішектің өтімсіздігі

B) Тоқ ішектің өтімсіздігі

C) Перитонит

D) Жедел аппендицит

E) Мезентериалды тамырлардың тромбозы

{Дұрыс жауап} = A

$$$005

56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

A) Ирригоскопия

B) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

Date: 2015-10-21; view: 694; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию