Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






мірбаяны





Мен 1962 жылдың тамыздың 4 жұлдызында дүниеге келдім.

Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі,еңбек өтілім 32 жыл,жоғары санатты мұғаліммін.

1979 жылы Байғанин орта мектебін бітіріп, сол жылы Гурьев педагогикалық училищесіне түсіп,1982 жылы «Үздік белгімен»бітірдім. 1987 жылы Гурьев педагогикалық институтының ПиМНО бөліміне түсіп,осы мамандық бойынша жоғары мамандық алдым.

Мұғалім мамандығын бала кезден таңдадым.

1982 жылы училищені бітіріп келіп,өзім білім алған Байғанин орта мектебінде еңбек жолымды бастадым.Алғаш 3-класты қабылдадым.1980 жылы мектеп реформасы бойынша 6 жастан оқытуды,кіріктіре оқытуды жүзеге асырдым.Өз сабақтарымда қазіргі жаңа технологияларды пайдаланып,сабақтың қызықты өтуіне көңіл бөлемін. Іс-тәжірибем аудандық,облыстық көлемде таратылды. «Қызықты математика» әдістемелік құралын шығардым.

Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасы және бастауыш класс мұғалімдерінің облыстық педагогикалық қашықтық олимпиадасына қатыстым.

2004 жылы Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасына қатынасып «Бас жүлде» алдым.

2011 жылы Педагогикалық жетістіктер конкурсына қатысып «Облыстың үздік мұғалімі» сертификатын,2013 жылы Бастауыш класс мұғалімдерінің облыстық педагогикалық қашықтық олимпиадасына қатысып III дәрежелі диплом алдым.

Көптеген іс-тәжірибем баспасөз беттерінде жарияланды.2011ж «Инновациялық оқыту жағдайында шағын жинақты мектептерде сапалы білім беру» республикалық жинаққа «Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі»атты тәрбие сағатым. «Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ»облыстық жинаққа «Адам болам десеңіз»атты ашық сабағым,2012ж «Әдіскер жаршысы»ғылыми-әдістемелік журналына «Шуағымсың,әже» атты әжелер сайысының сценариі, «Бастауыш мектеп»журналына «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жолдары»атты мақалам жарияланды.

Еңбек еткен жылдарымда көптеген шәкірттерім жоғары нәтижеге жетіп мектеп абыройын көтерді.

 

2012 жылы 7 оқушым «Ақбота-2012» интеллектуалдық марафонына қатысып II орын,2013 жылы «Знаток литературы»ойын байқауына 4 оқушым қатысып III орынды иеленді. 2013 жылы Оңғар Әлішер облыстық «Кішкентай білгірлер» олимпиадасына «Тұлпар»тобымен қатысып,III орын алды.2013 жылы «Ақбота-2013» интеллектуалдық марафонына10 оқушым қатысып III орын алды. YII республикалық «Бастау» атты математикалық құрама топтың олимпиадасының аудандық кезеңінде 1оқушым II орынды жеңіп алды.Бастауышта оқытқан 4 оқушым «Үздік белгі» иегері және 2 оқушым «Алтын белгі» иегері,1 оқушым «Үздік аттестат» иегері болды.

Еңбегім бағаланып мектепішілік,аудандық,облыстық марапаттауларға ие болдым.

 

Date: 2015-09-05; view: 285; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию