Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Азақстандағы қара металлургияның негізі 1938 жылдан бастап қаланды





Қара металлургияда кәсіпорынның мына типтері бөліп көрсетіледі:

-толық циклді металлургиялық зауыттары,яғни шойын,болат және прокат шығаратын(кейде олардың құрамына темір кіреді);

-болат балқыту және болат прокаттау зауыттары (қайта қорыту металлургиясы);

-фероқорытпа өндірісі-темірді хроммен,марганецпен,кремниймен және басқа элементтермен байыту,бұл қосындылар одан әрі болат балқытуда оларға қажетті қасиет беруде пайдаланылды;-кіші металлургия – машина жасау зауыттарында болат және прокат өндіру;домнасыз металлургия-темірді тікелей қалыпқа келтіру (электр пештерінде сапалы темір кен орындарына өте бай.Оның ішінде,ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иініндегі Соколов-Сарыбай,Лисаков,Қашар,Аят,Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу,Қаражал кеніштері жатады.Соколов-Сарыбай кен орнын 1949жылы ұшқыш МюСургутанов ашқан болатын.

Қара металлургия қажетті шикізаттың бірі-марганец кені.Ол Жезді ,Қаражал,Үшқатын кен орындарында кездеседі.Қара металлургияда Топардың әктасы,Алексеевтің доломиті және отқа төзімді саз бен кварцит кені де пайдаланылады.

2. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде метаморфтанып (түрінің өзгеруі), яғни эндогендік үрдістердің әртүрлілігі құрылымындағы тау жыныстарының минералдық және химиялық құрылымындағы қандай да бір өзгерістермен түрлі минералдар пайда болады.

Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Эмбі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да қуатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республика жылына шамамен 45 млн мұнай, 7,5 млрд м³ газ өндіреді. Шет елге 17 млн т-дай өңделмеген мұнай шығарылады.

Көмір. Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 162 млрд т-ға жетті. Республика 90 жылдардың аяғвна қарай жылына 100 млн т көмір өндірді. Ғалымдардың жобалауы бойынша еліміздегі көмір қоры 248 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым көбі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Билет №11

1. Машина жасау кешені.

2. Қазақстанның тарихи және мәдени орталықтары. --------

1. Машина жасау кешені дегеніміз – шаруашылықтың барлық салалары үшін құрал-жабдық, сондай-ақ халық тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы.

Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуде және еліміздің эканомикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындаы аса маңызды еңбек құралдарын – білдектерді, көлік аппараттары мен аспаптарды, ауылшаруашылық машиналарын жасап шығарады. Машина жасау – өнеркәсіптің өзекті саласы. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыруды және афтоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Машина жасау кешені республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші рөл атқарады.Еліміздегі ауыр машина жасау зауыттары:пресс аптомат,эксковатор,кен шахталық,АЗТМ. Машина бөлшектерін жасайтын, дайын тетіктерден машиналарды құрастыратын жеке және арнаулы кәсіпорындар бар. Еліміздің жеке аудандарының табиғи-эканомикалық жағдайларын дұрыс пайдалану, машина жасау өнеркәсібіндегі тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайтады. Сондықтан шикізатты көп қажет ететін бөлшектер шығаратын машина жасау кәсіпорындары шикізат көзіне, машина құрастыру кәсіпорындарына, сондай-ақ тұтыну аудандарына мүмкіндігінше жақын орналастырылады. Машина жасау өндірісі ұйымдастырудың және кооперативтендірудің дамуына байланысты өркендейді.

Машина жасау зауыттарының мамандану түрлерінің бірі – технологиялық мамандану. Технологиялық мамандану дегеніміз – дайын тетәктерден, бөлшектерден машина, автомабильдер құрастыру. Мысалы, Алматыда құрылған «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны «Камаз», автобустарды тек дайын тетіктерден құрастырады. Машина жасау зауыттарының әрқайсысы өзі маманданған өнім түрін шығарады.Электротехникалық машина жасау зауыттары:

Ақтөбе ренген,Өскемен конденсатор,Семей кабель,Талдықорған аккумулятор,Шымкент жоғары вольт,Алматы төменгі вольт.

Еліміздегі машина жасау өнеркәсібі аспаптар мен жабдықтардың 2 мыңнан астам түрін шығарады.Қазіргі кезде ең жақсы автоматика,телемеханика құралдарын,электронды есептеуіш техникасын жасайтын өндірістердің және көптеген жаңа салалардың жедел дамуын іске асыру міндеті тұр.

2. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — бұл ерекше орталық, мұнда келесі құрылымдық бөлімдер бар:

· -Қазақстан республикасы мемлекеттігі тарихының Мұражайы.

· Ғылыми кітапхана

· Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттілігі институтының тарихын зерттеу Ғылыми Орталығы.

· Концерттік зал — ұлттық дәстүр Театры

· «Қазақстан музейлері» журналы баспасының орталығы








Date: 2015-09-05; view: 1218; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию