Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудін жалпы шарттары





Дәріс мақсаты:Алдын-ала тергеу жүргізудін жалпы шарттарын ашу.

Қысқаша мазмұны:

1. Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы. Алдын ала тергеудің түрлері (нысандары). Анықтау мен алдын ала тергеу, олардың қарым қатынастары.Алдын ала тергеудің түсінігі, мазмұны мен міндеттері.Алдын-ала тергеу міндеттілігі. Тергелу ретінің түсінігі мен түрлері. Алдын-ала тергеу жүргізудің басталуы, аякталуы мен орны. Алдын-ала тергеу мерзімі, оны ұзарту тәртібі. Прокурордың алдын-ала тергеу барысындағы өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұскауларының міндеттілігі.

2. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Алдын ала тергеу кезінде шығарылатын қаулылар.

3. Алдын-ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының іс-әрекеті. Тергеу әрекеттерін жүргізудін жалпы ережелері. Алдын-ала тергеу барысында шығарылатын каулылар. Тергеу әрекеттерінің хаттамалары: мазмұны және оларды рәсімдеудің тәртіптері. Қылмыстардың және басқада заң бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс жасау.

4. Қылмыстық іс жүргізудегі анықтаудың түсінігі, міндеттері мен түрлері.Тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың түсінігі, оның қылмыстық іс жүргізу нысандары. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының қызметтері. Кідірілмейтін тергеу іс әрекеттерінің түсінігі, оларды анықтау органдары жүргізетін мерзімдері. Қылмыс жасаган тұлғаны анықтау бойынша жедел шараларын жүргізу барысындағы аныктау органдарыиың міндеттері. Алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізудің тәртібі, жағдайы мен мерзімдері. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар.

5. Айыптау хаттамасына қойылатын талаптар. Айыптау хаттамасын жасау және оны істі сотқа жіберу үшін прокурорға бағыттау. Істер бойынша анықтау органының бастығы мен прокурордың қабылдайтын шешімдері. Жеделтілген аныктау істері бойынша алдын ала тергеуді жүргізу. Аныңтаудың заңдылығы бойынша прокурордың өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеудің мәліметтерін жария етпеу.

1.Алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу сатыларының бірі. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокуорор қылмыстық іс жүргізу заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы дәлелдемелер, айғақтар жинау жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді. Одан кейін соттың әділ жазалау шараларын шығаруын жүзеге асырады (ҚР ҚІЖК 191-бап).

Алдын ала тергеу сатысында жинақталған материалдар негізінен сот мәжілісінде зерттеледі. Оны сот бағалап, сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы шешім қабылдайды.

Алдын ала тергеуге дейін қылмыс белгілерін анықтау және қылмыстық істі қозғау процестері жүргізіледі.

Қылмыстардың көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі, сондықтан бұл қылмыстық істі сотқа дейін тергеудің негізгі формасы болып табылады. Жеке айыптау тәртібімен ізге түсу бойынша қылмысты тергеу ерекше жағдай болып табылады (ҚР ҚІЖК 390-бап).

Алдын ала тергеу және анықтау органдарындағы қылмыстық іс жүргізу қызметінің іс жүргізу құжаттарын құрайтын мерзімі мен саны бойынша ең үлкен белімі болып табылады. Алдын ала тергеу барысында іс бойынша дәлелдеме айғақтардың ең көп бөлігі жинақталады және ашылады.

Алдын ала тергеу тергеушілер, анықтау органдары, анықтаушылар арқылы жүргізіледі. Ал бұл қылмыстың қылмыстық іс жүргізу заңдарын дұрыс қолданудың адам мен азаматтардың кұқығы мен бостандығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.

Алдын ала тергеу формалары.Алдын ала тергеу екі формада жүргізіледі: алдын ала тергеу және анықтау. Алдын ала тергеу — бұл ең алдымен қылмыстық іс жүргізу институты, яғни тергеуші арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық сот өндірісі туралы заңдылық нормаларының жиынтығы. Алдын ала тергеу — бұл сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары тергеушілері жүргізетін қылмысты тергеу. Оны тергеу бөлімінің бастығы да жүргізуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 63-бап).

Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар бойынша міндетті, тек қана ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 33 , 285-баптар).

Қылмыс жасалған жер(ҚР ҚІЖК 193-бап). Қоғамға қауіпті зардаптың басталған жерінен тәуелсіз оның аяқталған жері қылмыс жасалған жер болып есептеледі. Қылмыс жасалған жерді дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда алдын ала тергеу (бұл жерді толық ашу сәтіне дейін) қылмыс болған жерде немесе зардаптың жасалуы басталған жерде жүргізіледі. Тергеуші қызметінің жері деп әдегге оған аддын ала тергеу жүргізу тапсырылған аймақ (аудан, қала, т.б.) айтылады.

Алдын ала тергеу ондірісінің басталуы.Алдын ала тергеу тек қана қылмыстық іс козғалғаннан кейін басталады. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық іс қозғалғанға дейін тергеу іс әрекеттерін жүргізуге (окңға болған орывды тексеруден басқа) тыйым салынады.

Алдын ала тергеу мерзімі.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 196-бабына сәйкес адцын ала тергеу мерзімі тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен есептеледі. Тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64, 67-баптарында анықталған өз өкілеттігі шеңберінде қылмыстық істі қозғайды және оны қылмыс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Бұл мерзім ішіне қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап, істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдағанға немесе медициналық сипаттағы шара қолдану туралы болмаса істі тоқтату не тоқтата тұру туралы сотта қарауға жіберу жөніндегі қаулыға енеді. Алдын ала тергеу мерзімі аудандық, қалалық және оған теңестірілген прокурор арқылы 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Тоқтатылған және уакытша тоқтатылған істерді қосымша тергеу, оны қадағалауды жүзеге асыратын прокурор арқылы анықталады және оған іс тергеушіге түсіп оның істі өз өндірісіне қабылдаған сәтінен бастап бір айдан аспайтын мерзім беріледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ тергеу тоқтатылған уақыт тергеу мерзімін есептеуде есепке алынбайды.

Тергеу айрықша күрделі істер бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алдын ала тергеуді алты айға дейін созуы мүмкін. Тергеу мерзімін одан әрі созу істің күрделілігін есепке ала отырып, ерекше жағдайларда ғана тергеу мерзімі аяқталуға дейін он күннен кешіктірмей тергеушінің толық дәлел келтірген қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, оның орынбасарлары және бас әскери прокурор арқылы шешімін табады.

Алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс оларға прокурор немесе сәйкесті тергеу бастығы, анықтау органының жетекшісі арқылы берілуі мүмкін. Тергеуші немес анықтаушы өзі қозғаған немесе оған берілген іс бойынша оны өз өндірісіне қабылдай отырып, дереу тергеу жұмысын бастауға міндетті.

Тергеушінің, анықтаушының істі өз өндірісіне қабылдауы қаулы шығару жолымен жүзеге асырылады. Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығармай тергеу әрекетін бастап кетуі қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу болып табылады.

Қауырт тергеу әрекеттері.Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері бар іс әрекет бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғап қауырт тергеу әрекетін жүргізуге құқылы.

Қауырт тергеу әрекетіне мыналар жатқызылады: тексеру, бөлектеу, тінту, куәландыру, күдіктіні ұстау және жауап алу, қылмыс іздерін табу және тіркеу, бекіту мақсатында жәбірленуші мен куәлардан жауап алу, сол сияқты дереу бекітуді талап ететін дәлелдемелер, алып қою және зерттеу (ҚР ҚІЖК 200-бап, 1-белік).

Кейінге қалдыруға болмайтын қауырт тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы немес анықтау органының өкілеттігі бар лауазымды адам істі тергеушіге беруге, бұл жөнінде 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Тергеуші өз қалауы бойынша не анықтау органының бастамашылдығы бойынша өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді және жедел іздестіру шараларын анықтау органына тапсыруы мүмкін.

2.Қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшiсiнен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi. Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Шешiм тергеу бөлiмдерi бастықтарының бiрлескен қаулысымен ресiмделедi, ол осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ерекше жағдайларда тергеудiң толық және объективтi еместiгi фактiлерi анықталған, iс күрделi және маңызды болған кезде алдын ала тергеудi жүзеге асыратын бiр немесе бiрнеше органның тергеушiлерi арасынан тергеу тобын құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшiсi етiп тағайындап, бұл шешiмдi өз қаулысымен ресiмдейдi.

Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды.

Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн тоқтату, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ тергеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштердi қозғау, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.

Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының жетекшiсi жасайды және оған қол қояды. Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға, тергеу iс-әрекеттерiн жеке өзi жүргiзуге құқылы.

Тергеу тобының жетекшiсi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады.








Date: 2015-09-19; view: 542; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию