Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырып. Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның зансыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу





Дәріс мақсаты:Ақтауды сипаттау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның зансыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуді ашу.

Қысқаша мазмұны:

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақталуға жататын тұлғалар, ақтау негіздері.

2. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсінігі, мен түрлері. Өтелуге жататын зиян, оның түрлері мен мөлшері.

3. Зиянды өтеу құқығын тану. Мүліктік зиянды өтеудің іс жүргізу тзртібі. Моралдық зиянның зардаптарын жою.

4. Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.

1.Қылмыстық процестің міндеттерінің ішінде азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету талабы қойылған. Заңның бұл талабы қылмыстық іс жүргізу органдарының өз қызметін атқаруда ерекше орын алады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу қызметінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау болғандықтан, ол қызметті атқаратын мемлекеттік органдар зандылық принципін қатаң сақтауға міндетті. Олай болса да, бұл органдардың қызмет атқару тәжірибесінде, өкінішке орай, адам құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеудің кездесетіндігі және басқа да кемшіліктердің болатындығы жоққа шығарылмайды. Сондықтан ҚІЖК-нің төртінші тарауы (39—47-баптар) қылмыстық процестегі ақтау институтына және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне арналған.

Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адам қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы — азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді. Мәселен, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негізсіз қолданылған жағдайда оның жеке басының бостандығы заңсыз шектеледі. Олай болса, қылмыстық ізге түсу органы сезіктінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндетті болып табылады.

Ақтау құқығының субъектілері және ақтаудың негіздері. Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған (бұрын сотталушы болған) адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты (сезіктіге, айыпталушыға немесе сотталған адамға) қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады. Қылмыстық істі қысқарту алдын ала тергеу, басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, апелляциялық және қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадияларында болуы мүмкін. Осыған сәйкес, ақтау институтын соттың ақтау үкімін шығаруға және қылмыстық істі әр стадия кезінде қысқартуға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы құрайды.

Ақтау институтын қарастыруға байланысты, мұнымен қамтылатын соттың ақтау үкімін шығарудың негіздері мен қылмыстық істі қысқартудың негіздері бірдей болмайтындығына назар аудару қажет. Ақтау үкімін шығарудың негіздеріне мыналар жатады: қылмыстың оқиғасы болмауы; әрекетте қылмыстың құрамы болмауы; сотталушының қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі. Ал, қылмыстық істі қысқартудың негіздері екі топқа бөлінеді: 1) ақтайтын негіздер; 2) ақтамайтын негіздер. ҚІЖК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі қысқартудың ақтайтын негіздеріне мына жағдайлар жатады:

—қылмыстың оқиғасы болмауы;

—әрекетте қылмыстың құрамы болмауы;

—жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің арызы болмауы, сондай-ақ ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамның келтірілген зиянның есебін толтырып жәбірленушімен татуласуы;

—бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы;

—бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы.

Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында және 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады (рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.)

ҚІЖК-нің 39-бабына көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады.

Ақтау толық немесе жартылай болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушынын, айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы; сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе жартылай болатындығы жоққа шығарылмайды.

ҚІЖК 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот және қылмыстық ізге түсу органы ақталған адамдардың мүдделерін қорғау, қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеуге қажетті барлық шараларды қолдануға тиіс. Ал, ҚІЖК 40-бабының 1-бөлігінде бекітілген ереже бойынша, әр адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметінен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізуші органның кінәсіне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен етеледі.

ҚІЖК-нің 41—47 баптарында ақталған адамдардың құқықтары және құқықтарын жүзеге асырудың тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 41-бабында олардың мынадай құқықтары болатындығы көрсетілген:

—қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянның толық көлемде етелуіне;

—моральдық зиянның зардаптарының жойылуына;

—еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтірілуіне;

—мемлекеттік және өзге наградаларының қайтарылуына, сондай-ақ құрметті, арнаулы және өзге де атағының, сыныптық шенінің, біліктік сыныбының қалпына келтірілуіне.

Айыпталушы немесе сотталушы, не сотталған адам жартылай ақталған жағдайда, ол соған сәйкес көлемде ақталған адамның құқықтарына ие болады.

Ақтау құқығының субъектісі ретінде өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам да болуы мүмкін. Мұндай шараны қолдану туралы соттың қаулысы заңсыз не дәлелсіз деп танылып, ол қаулынын, күші жойылған жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам ақталған адамның құқықтарына ие болады.

2. ҚІЖК 40-бабынын, 2-бөлігінде басқа да жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы болатын адамдар көрсетілген:

—жеке айыптау істері бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанына қарамастан заңсыз түрде өзіне қатысты қылмыстық іс жүргізілген адамдар;

—рақымшылық актісінің болуына, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өтуіне байланысты істің қысқартылуына мүдделі адамның келісім беруіне қарамастан заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдар;

—қылмыстық іс жүргізу барысында процессуалдық мәжбүрлеу шарасын заңсыз қолдануға ұшыраған адамдар, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімнен артық негізсіз қамауда болған адамдар және т.б.

ҚІЖК-нің 39—40 баптарынын жоғарыда айтылған ережелері соттың айыптау үкімі мына аталған ақтамайтын негіздер бойынша бұзылған не өзгертілген немесе ол негіздер бойынша мәжбүрлеу шаралары жойылған не өзгертілген жағдайларда қолдануға жатпайды: рақымшылық ету актісін қолдану, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескеруі, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты (ҚІЖК 40-бабының 5-бөлігі).

Сонымен қатар, егер алдын ала тергеу (анықтау) және қылмыстық істі сотта қарау кезінде бұл адам өзіне өзі жала жабуының салдарынан ақиқатқа жетуге кедергі жасағандығы және сол себепті оған зиян тигенді дәлелденген болса, ол зиян өтелуге тиіс емес (ҚІЖК 40-бабының 4-бөлігі).

3.Ақталған адамның өз құқықтарын білудің және құқықтарын жүзеге асырудың бастапқы шарты қылмыстық іс жүргізу органының ол адамды ақтау туралы шешім қабылдауы болып табылады (соттың ақтау үкімін шығаруы немесе соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қылмыстық істі қысқарту немесе өзге заңсыз шешімнің күшін жою не оны өзгерту туралы қаулышығаруы). Бұл құжатта кімнің және қандай негіз бойынша ақталғандығы көрсетіліп, сол арқылы ақталған адамның зиянды өтеттіру құқығы танылады.

ҚІЖК-нің 42-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы осы шешімінің көшірмесін ақталған адамға тапсыруы немесе почта арқылы жіберуі тиіс. Мұнымен бірге мүдделі адамға зиянның өтелу тәртібі түсіндірілген хабарлама да жолданады.

Жалпы ереже бойынша, заңсыз іс-әрекетпен келтірілген зиянды өтеттіру ақталған адамның өз құқығы болып табылады. Бұл адам қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеттіру құқығы оның мүрагерлеріне немесе асырауындағыларға ауысады және сондықтан құқықтарын түсіндіру хабарламасы оларға жіберілуі тиіс. Мұрагерлердің тұратын жерлері туралы мәлімет болмаған жағдайда, хабарлама олардын, өзі қылмыстық іс жүргізу органына өтініш жасаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жолданады (ҚІЖК-нің 42-бабы).

Мүліктік зиянды өтеу. ҚІЖК-нің 43-бабына сәйкес, ақталған адамға өтелуге тиіс мүліктік зиянға мыналар жатады:

—қылмыстық қудалаудың салдарынан төленбеген жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, сондай-ақ пайда етілмеген қаражаттар мен кірістер;

—соттың үкімінің немесе өзге шешімнің негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлік;

—соттың заңсыз үкімін орындау үшін өндіріліп алынған айыппұлдар, заңсыз әрекеттерге байланысты төленген сот шығындары және өзге де сомалар;

—заңгерлік кемек үшін төленген сомалар;

—қылмыстық қудалаудың салдарына келтірілген өзге де шығыстар.

Бұл аталған мүліктік зияндардың ішінде өзге шығыстарға не жататындағы жөнінде сұрақ туындайды. Оған жауап ретінде -ҚІЖК-нің 41-бабында көрсетілген жалпы ереже бойынша, мүліктік зиян толық көлемде өтелетін болғандықтан, ақталған адам қылмыстық қудалаумен байланыстылығы бар барлық шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы деп тұжырым жасау қажет. Бірақ, ондай жағдайда талап етуші ол шығыстардың болғандығын құжаттармен дәлелдеп көрсетуі тиіс.

Ақталған адам зиянның өтелу тәртібі түсіндірілген хабарламаны алған кезден бастап ақтау шешімін шығарған органғамүліктік зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер қылмыстық істі жоғары тұрған сот қысқартса немесе бұл сот үкімді өзгерткен болса, онда зиянды өтеу туралы талап үкім шығарған сотқа жолданады. Ақталған адам кәмелетке толмаған жағдайда, зиянды өтеу туралы талапты оның занды өкілі қоюға құқылы. Ақтау шешімін шығарған қылмыстық іс жүргізу органы өтініш (талап) келіп түскеннен бастап бір айдан кешіктірмей, қажет болған жағдайларда қаржы және әлеуметтік қорғау органдарынан есеп сұрату арқылы мүліктік зиянның мөлшерін айқындайды және инфляцияны ескере отырып, бұл зиянды өтеу үшін төлем беру туралы қаулы шығарады. Егер қылмыстық іс апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қарау кезінде қысқартылған болса, айтылған іс-әрекеттерді бірінші саты бойынша істі қараған сот атқарады.

Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты судья шешеді. Судья ақталған адамның талабын (оған қосылған материалдармен бірге) ҚІЖК-нін, 371-бабына көрсетілген үкім шығару кезіндегі тәртіп бойынша қарастырып, ол жөнінде қаулы шығарады. Судьяның бұл қаулысы герблі мөрмен расталып, оның көшірмесі талап қойған адамға тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі. Осы қаулы төлем беруді орындауға негіз болып табылады.

Моральдық зиянның зардаптарын жою. ҚІЖК-де моральдық зиянның ұғымы берілмеген. Бұл ұғым Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысында келтірілген1: моральдық зиян — азаматтың өзіндік мүлікті емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы салдарынан басынан кешірген жан азабы мен тән азабы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес, моральдық зиян азаматтарға ғана емес, сонымен қатар ұйымдарға да келтіріледі. Мұнда былай деп жазылған: моральдық зиян — жеке және занды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, сонын, ішінде жәбірленушінін, өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, ұайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, тұңілту, тән2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 қаулының редакциясы бойынша.қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Моральдық зиян ұғымын дұрыс білудің ондай зиянның зардаптарын жою үшін маңызы бар. Мәселен, егер моральдық зиянды жан азабы ретінде ғана қарап, тән азабы ескерілмейтін болса, онда сот арқылы шешілетін өтемақының мөлшері тән азабының дәрежесіне және сондықтан әділдік талабына сәйкес болмауы мүмкін.

ҚІЖК-нің 44-бабына сәйкес, моральдық зиянның зардаптарын жоюдың екі жолы бар:

1)зардап шеккен адамның абыройын, ар-намысын қорғайтын шараларды жүзеге асыру;

2)моральдық зардап үшін ақшалай өтемақы төлеу. Зардап шеккен адамның ар-намысын қорғау мақсатындажүзеге асырылатын шараларға мыналар жатады:

Біріншіден, ақтау шешімін шығарған қылмыстық іс жүргізу органы ақталған адамнан келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрауға міндетті. Заңның бұл талабы — тиісті адам ақталған жағдайда оған зиянның өтелу тәртібін түсіндіру хабарламасын тапсырумен қатар өз жағынан жіберілген заңсыздық үшін кешірім сұрау қажеттілігін білдіреді. Яғни, ақталған адамға құқықтарын түсіндіру хабарламасы және ресми кешірім сұрау — бұлар екі түрлі ресми құжаттар болып табылады.

Екіншіден, егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыратылып, ал ол туралы және оған қатысты кейіннен заңсыз деп танылған іс-әрекеттер туралы мәліметтер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, осы адамның талап етуі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда оның туыстарының немесе қылмыс-тық іс жүргізу органының талап етуі бойынша тиісті бұқаралық ақпарат құралы бір айдың ішінде бұл адамның ақталғандығы туралы хабарлама жасауға міндетті.

Үшіншіден, ақталған адамның, ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының талап етуі бойынша қылмыстық іс жүргізу органы екі апта мерзім ішінде өзінің заңсыз шешімдерінің бұзылып күшін жойғаны туралы бұл адамның жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жері бойынша жазбаша хабарлама жолдауға міндетті.

Бұл айтылған шаралармен қатар, ҚІЖК 44-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ақталған адам келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы төлеу туралы талап қоюға құқылы. Мұндай талапазаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралып шешіледі.

4.Ақталған адамның өзге құқықтарын қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-де жеке түрде көзделмеген. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9-шілдедегі «Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолдану тәжрибесі туралы» қаулысының 9-тармағында мынадай түсініктеме берілген: еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы талапты — ақталған адам бұрын жұмыс істеген кәсіпорынға немесе мекемеге, зейнетақыны немесе жәрдемақыны төлеу туралы талапты — әлеуметтік қорғау органына, тұрғын үй құкықтарын қалпына келтіру туралы талапты — жергілікті атқару органдарына, тәркіленген мүлікті қайтару туралы талапты — бұл мүлікті иеленіп отырған органға, мемлекеттік наградаларды, құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағын, сыныптық шенін, дипломатиялық дәрежесін, біліктілік сыныбын қалпына келтіру туралы талапты — бұл мәселелерді шешуге құзыреті бір органдарға жолдауға болады.

Осы қаулының 10-тармағында жазылған түсініктемеге сәйкес, ақталған адамдар өз құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптарын басқа органдарға жолдамай, тікелей азаматтық іс жүргізу сотына бере алады.

Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеу туралы талаптарды қоюдың мерзімі ҚІЖК-нін 45-бабында көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес, мүліктік зиянды ақшалай өтеу туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органы мұндай төлем жасау туралы қаулы шығарған сәттен бастап үш жылдың ішінде қоюға болады. Өзге құқықтарды қалпына келтіру туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органының ақталған адамға құқықтарын түсіндіру хабарламасын ол адам алған күннен бастап алты айдың ішінде қоюға жатады. Бұл мерзімдер дәлелді себептерге байланысты өтіп кеткен болса, ол мерзімді мүдделі адамдардың өтініші бойынша қылмыстық іс жүргізу органы қалпына келтіре алады.

ҚІЖК-нің46-бабында қылмыстық проідесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі көрсетілген. Бірақ, занды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылмайтын болғандықтан, оларды заңсыз айыптаудан немесе соттаудан қорғау мәселесі қойылмайды. Егер қылмыстық іс жүргізудің барысында заңсыз іс-әрекеттердің салдарынан ұйымдарға (занды тұлғаларға) мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген болса, ол зиянды ҚІЖК-нің бұрын айтылған ережелеріне сәйкес толық көлемде мемлекет етейді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар.

2. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсінігі, мен түрлері.

3. Өтелуге жататын зиян, оның түрлері мен мөлшері.








Date: 2015-09-19; view: 317; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.013 sec.) - Пожаловаться на публикацию