Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Грамматика: Төл сөз бен төлеу сөз





1-тапсырма. Берілген сөйлемдерден төл сөзі мен автор сөзін тауып, олардың жазылу тәртібін сақтап жазыңыздар.

1. Я деп ойлады, шелегін босағаға қойып, далаға шыққан Ақбала қуанатын жөні бар. 2. Трест жанып жатыр деді Валя келтесінен, даусын көтере сөйлеп. Мама, мен барып ұйықтаймын. 3. Жұмыскерлер мал ұстаймын дей ме, құс асырағылары келе ме, сондайларын да сұрап жүру күнә емес шығар? деп Сикорскийге қыжырата қарады да, Ушаков бұйрығын бітірді. Дұрыстап көшіріп жаз да, мына жерге іліп қой. 4. Екінші ауыр жараланғаным 1944 жылы деді ол сөзін қайтадан жалғап. Комдив болып жүргенде құладым. 5. Үстіндегі кительді жауырынының астындағы көйлекпен қоса, жоғары қарай жұлқи тартып, тез көтерді де қара деп зекіді маған.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыздар.

1. - Мен басалқы айтқалы келгенім жоқ, шақырған соң келдім. Ағат кеткен жерім болса, ойланайын, сіздер де ойланыңыздар. Ой мен ел ешкімнің еншісіне берілмеген. Әркімнің-ақ “ойым” деуге, “елім” деуге хақы бар, - деді де, Аман орнынан тұрып жүре берді. (Ғ.Мұстафин).

2. - Мына Малқар ақсақалды ертіп келдік, - деді Жақып.

3. - Түн жабығын көтере сығалаған таң сәулесі қандай сұлу! – деді Аман.

4. - Жақсы келдің, шырағым, - деді Қалабай Аманға.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып жазыңыз

Бірде бір ақсақалды қарт кісі келе жатса, алдынан бір жас қыз шыға келеді. Жүзі жылыдан түңілме дегендей, қыздың күлімдеген қара көздеріне, мейірімді жүзіне қарап тұрып:

– Әй, кішкентай қыз атың кім? – деп сұрайды.

– Мен кішкентай қыз емеспін. Ал, атым – Әсел, – дейді.

– Кішкентай емеспін дейді, сонда жасың нешеде? – дейді, қарт күліп.

– Менің жасым анамның жасынан екі есеге кіші, ал, әкем анамнан бес жас үлкен, бәріміздің жасымызды қосқанда жүз шығады. Енді есепке жүйрік болсаңыз, өзіңіз есептеп көріңіз, - дейді Әсел қыз.

Қарт риза болған қалпы, ойланып қала берді. Ол қыздың жасын есептеуге кірісті.

 

Сұрақ: Әселдің жасы нешеде?

 

4-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңыздар, тыныс белгісін ережеге сай жазыңыздар.

1. Аман арашашыдан Сайлаубекті босатып алды да, наганын қайтарып беріп, оның құмарынан шығуы керектігін, өзінің төбелесте айғайдан, оқтан қорықпайтынын айтты. Шәкен өзінің сонда да аруақ-құдайға, дәм-тұзына тапсырып, ағайынға, оның ішінде өте-мөте Мақаң ағасына, Сайлаубек інісіне сеніп, тиыш жата беретінін айтты.

2. Бауыржан басқа бөлмеде сөйлесуіміздің керектігін айтқанда, мен оған сенерімді де сенбесімді де білмей тесірейе қарап қалдым.

3. Ол өзінің немісше Гетені, орысша Лермонтовты, қазақша Абайды алдына жайып қойып тұрып зерттеген кісі екенін түсіндірді.

 

4-тапсырма. Оқуға түсу мақсатында келген түлек пен құжат қабылдаушы университет қызметкері арасында болғансұхбатты құрыңыз (құжат қабылдаушы түлекке өзі таңдаған мамандығы туралы кеңестер беруі жөнінде), төл сөз бен автор сөзін қатыстырып диалог құраңыздар.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдердің тыныс белгілерін емлеге сай қойыңыздар.

- Қай жерде кездесіп едіңдер

- Максим Горький пракінде

- Қандай белгілерін білесің

- Ешқандай белгілерін білмеймін апай. Екі көзі жылтырап тұратын сияқты еді. Қалқам, айналайын деп кісінің асты-үстіне түсіп өліп кете жаздайды екен. Парктің аузында таныса сала:

- Жүр қалқам ресторанға кіріп сусын ішіп шығайық айналайын деді. Айналайын деген сөзді ылғи созып айтады. Мен содан бері осы үйге күнде телефон соғып жүрмін.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерден төл сөз бен төлеу сөздерді табыңыздар.

.... Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:

- Татулық болды, татуластырды! – деді.

- Ал, байлау не болды? – деп Майбасар ентелей түсті.

- Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің аралассын! – десті...

- Осыған тоқтасты ма?....

- О не қылған бала? Өзінен туған бала ма? – деп Майбасар, Жақып қайталай сұрасып еді...

- Тәйірі, айттым ғой! Өз баласы!... Асырауға алады! – деп Қаратай асығып кетті.

7-тапсырма. Берілген төл сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып жазып, төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңыздар.

Майор өзі келді де Аға сержант, қайда жол тартып барасың деді. (Б.М.) Нұрағаңа Халық Қаһарманы атағы берілгенде бүкіл халық қуанғаннан аспанға атқан бөркіміз әлі жерге түскен жоқ деп шаттанды. (Қ.Н.) Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант дедім мен тік қарап тұрып.(Б. М) М. Жұмабаев қазақ тілі туралы таза, терең, өткір, күшті кең тілім деді. Біз Қазақстанды Орта Азияның көшбасшысына айналдырдық деді Н. Назарбаев өзінің соңғы Жолдауында.(Е.Қ.) Б. Момышұлының “Соғыс психологиясы” кітабында айтылған командир- басты тұлға, әскердің миы, ұрысты ұйымдстырушы, жеңіске жеткізуші адам деген пікірі оның әрбір командирге айтқан кеңесі болмақ. Онда былай делінген рухани жағынан қазақтар дарынға бай халықтар қатарына жатады. (Қ.Н.) Психолог ғалым осы мәселеге байланысты талап қоюдың түрлі әдістерін жауынгердің дара ерекшеліктеріне орай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет деген пікір айтады. (Ә.Н.)

 

Атонимдерін жазыңыз. Қорқақ, жомарт, ұзын, жас, терең, ауыр, қатыгез

Тапсырма: антонимге бірнеше мысалдарды жазыңыз

 

Синонимдер: берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз

Ант –

Ақпарат –

Жалған –

Түрме –

Сезікті –

Дәлел –

Борыш –

Құрықталды –

Келісім –

Атақ –

Әділ –

Басқару –

Еркіндік –

Босату –

уақыт –

Дау –

кінәлі –

Ерекше –

Жарлық –

Жемқор –

Жорамал –

Уәде –

кешірім –

қызмет –

тәуелсіз –

 

Date: 2015-09-02; view: 3188; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию