Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






D) ТЖА (ВПС). Қарыншааралық перденің ақауы. 5 page





B) Полиомиелитке қарсы

C) АКДС бірінші ревакцинациясын

D) вирусты гепатит А қарсы

E) вирусты гепатит В қарсы

Дұрыс жауабы}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Руководство по амбулаторно- поликлинической педиатрии: + CD \ под. ред А.А. Баранова. – 2-е изд –М; 2009.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$019

17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн?

A) Аралас тамақтандыруға көшіру

B) Қосымша тамақ енгізу

C) Ферментті препараттар тағайындау

D)Жасанды тамақтаандыруға көшіру

E) Емізу техникасының дұрыстығы

Дұрыс жауабы}=Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Жилагий П.Г.; Биклей Л.С. Руководство по клиническому

обследованию больного: пер с англ под ред Н.А. Мухина, И.Н.

Денисова. -2-е изд, М; 2011.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$020

Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң.

А) 4 дан 6 апта.

B) 2 дан 4 апта.

C) 6 апта. жоғары

D) 1 дан 2 апта

E) 3 аптаға дейін

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Кожные и венерические болезни, Скрипкин Ю.К., 2000г.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$021

Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады

A) экзоцитоз

B) спонгиоз

C) акантоз

D) гранулез

E) паракератоз

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Кожные и венерические болезни, Скрипкин Ю.К., 2010г.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$022

Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма?

A) болжамын

B) емін

C) диагностикасын

D) алдын-алу шараларын

E) себебін

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство + СD \ под ред. В.С. Моисеева – М; 2010..)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$023

ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз.

A) ЖИА – мен науқастарда қан кетулердің жиілеуі

B) ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы

C) Жүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуы

D) ЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді.

E) Асқазан ауруларымен науқаста антиагрегант қолданғанда қосымша әсерлер болуы

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство + СD \ под ред. В.С. Моисеева – М; 2010..)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$024

Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған?

A. кардиологиялық амбулаторлық пациент

B. қабылдаудағы кардиолог дәрігер

C. туа біткен қос жармалы қақпашаның жетіспеушілігі фонында жүрек шамасыздығы бар жас науқас

D. еміне коррекция қажет пациент

E. ревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адам

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство + СD \ под ред. В.С. Моисеева – М; 2010..)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$025

Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?

А. фуросемид

В. дигоксин

С. пенициллин

D. аспирин

Е. гентамицин

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная

информационно- образовательная система на CD.- М; 2009.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$026

Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек?

А. бензил пенициллин

В. ампициллин

С. карбенициллин

D. метациклин

Е. оксациллин

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная

информационно- образовательная система на CD.- М; 2009.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$027

25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.

Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.

Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.

Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.

Қандай ем қолдану қажет?

A. гликопептидтер

B. микотикалық дәрілер

C. макролидтер

D. фторхинолондар

E. цефалоспориндер

{Дұрыс жауабы}= В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни. Под.ред.В.С.Моисеева-М.,2010.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$028

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. Дресслер синдромы

B. Аорта аневризмасы

C. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. Қайталанған миокардтың инфаркті

E. Инфарктан кейінгі стенокардия

Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Внутренние болезни. Под.ред.В.С.Моисеева-М.,2010)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$029

28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер9800.

Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды?

A. Ревмосынама

B. Антистрептолизин

C. Ревмофактор

D. LE-клеткалар

E. Антинуклеарлы фактор

Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая терапия),учебник.Строжаков Г.И. Чукаева А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$030

68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.

Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.

Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады?

A. Амиодарон

B. Дигоксин

C. Верапамил

D. Магнезий сульфат

E. Этмозин

Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая терапия),учебник.Строжаков Г.И. Чукаева А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$031

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?

A. Кеуде клеткасының шолу R-графиясы

B. бүйректің УДЗ

C. бүйрек артерияларының УДЗГ

D. Көз түбін қарау

E. Экскреторлық урография

Дұрыс жауабы}=С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия),учебник.А.С.Калмыкова -М А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$032

Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:

А) қарынша ішілік блокада

B) сол қарыншаның гипертрофиясы

C) сол жүрекшенің гипертрофиясы

D) оң қарыншаның гипертрофиясы

E) Гис будасысол тармағының блокадасы

Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия),учебник.А.С.Калмыкова -М А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$033

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?

А) Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

В) Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

С) Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы

D) аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар

Е) Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

Дұрыс жауабы}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия),учебник.А.С.Калмыкова -М А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$034

Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. ұстамалы бронх демікпесі

C. жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі

D. спонтанды пневмоторакс

E. инфаркты пневмония

Дұрыс жауабы}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая педиатрия),учебник.А.С.Калмыкова -М А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$035

32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 380С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста қандай антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін?

А) Пенициллиндер

В) Аминогликозидтер

С) Макролидтер

D) Тетрациклин

Е) Гликопептидтер

Дұрыс жауабы}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Справочник по неотложным состояниям),учебник.С.А.Сумина -М А.А.2010г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$036

Тұрақсыз стенокардия АҚ - 180/100 мм.сын.бағ. (бірінші сағаттарда). Жүрек перкуссиясы кезінде тамыр шоғырының кенейгені анықталады. Аусультативті: қолқа жолдарында систоликалық шу, (қолқа регургитациясының ерте диастоликалық шуы). Пульс ассимитриясы, тахикардия. Пальпаторлы іші жұмсақ, пульсирлеуші түзіліс анықталады. Тропонинмен Экспресс (-). ЭКГ-да: коронарлы жетіспеушілік белгілері, миокардтағы ошақты өзгерістер. Қарыншаның гипертрофиясы. ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдардың себептері не болуы мүмкін?

A) Гипертоникалық ауру

C) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) Қолқаның қабаттасқан аневризмасы

E) Гипертоникалық криз

Дұрыс жауабы}= Д

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Справочник по неотложным состояниям),учебник.С.А.Сумина -М А.А.2010г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$037

Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола, ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты таңдау керек?

A) Этоцизин

B) Лидокаин

C) АТФ

D) Мезатонмен новокаинамид

E) Строфантин

Дұрыс жауабы}= В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Справочник по неотложным состояниям),учебник.С.А.Сумина -М А.А.2010г.,)

{Курс }=7

 

$$$038

Науқас 59 жаста, құрылысшы, 1 жыл бұрын миокардтың трансмуралды инфарктсын бастан кешкен. Жақында 1ай бұрын АКШ жасалған. Жағдай күйі орташа ауырлықта. Тыныш кезде ентікпе, жүрек жеткіліксіздік белгілері бар. керек Аяқтарында ісіктер. Науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтаңыз:

А. Еңбекке жарамды

В. МСЭК-ке жіберу

С. ВКК-ға жіберу

Д. уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру

Е.. еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру

Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Международные стандарты аккредитации лечебных учреждений: пер с анг – М; 2011)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$039

Венеролог дәрігер қабылдауына иммундық жүйесі өзгеріссіз 25 жастағы ер кісі келді.Обьективті қарағанда эретематозды фонында топталған көпіршіктер, сонымен қатар қызару фонында эрозиялар, қабықтар.

Генитальды ұшық диагнозы қойылды. Ацикловирдың курстық дозасы қандай?

A) 10 грамм

B) 20 грамм

C) 30грамм

D) 50грамм

E)100 грамм

{Дұрыс жауап}= А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Руководство по медицине. Диагностика и лечение \ под ред. М.Х. Бирса; пер с англ под ред. А.Г. Чучалина.- М; 2011.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$040

Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 т күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті?

А. препараттың жоғары дозасы

В. АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы

С. препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі

D. препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы

Е. диазепамның және раутиннің әсерлесуі

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная

информационно- образовательная система на CD.- М; 2009.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

 

$$$041

ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді?

А. тахикардия болғандықтан

В. AV өткізгіштіктігі баяулағаннан

С. лидокайнның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан

D. бауырдың кардиалды циррозында гипоальбуминурия жиі болатындықтан

Е. СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная

информационно- образовательная система на CD.- М; 2009.)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$042

38 жастағы науқас әйел, түнге қарай оң қабырға астында оң иық пен қолға берілетін қатты толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрегінің айнып құсуына шағым айтады. Ауруын диетаны бұзуымен-майлы асты қабылдауымен байланыстырады. Ауырсынуды но-шпаны ішіп сәл басқан.Бірнеше жылдар бойы холециститпен ауырады. Тұрақты емделмейді.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, сарғыштау. Жүрек-өкпе жағынан дерттік өзгерістер жоқ. Іші қаттылау, оң қабырға асты басып қарағанда тітіркенеді, ауырады.Бауыры ұлғаймаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. Реактивті панкреатит

B. Гепатит

C. Өт тас ауруы

D. Өт қабының перфорациясы

E. Жайылмалы перитонит

Дұрыс жауабы}=С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая терапия),учебник.Строжаков Г.И. Чукаева А.А.2009г.,)

{Курс }=7

{Семестр}=14

$$$043

Науқас К. 24 жаста,қатты арықтағанына,аузының құрғауына,шөлге, жиі зәрінің жиілеуіне,жүрек айнуына,тәбетінің төмендеуіне шағымданады.Обьективті: терісі құрғақ,табаны мен алақандары сарғыш реңді,фурункулезі бар.Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия.Науқасқа қандай дәрі тағайындау қажет:

А) қарапайым инсулин

В)Сульфаниламидтер

С)Бигуанидтер

D)Пролонгирленген инсулин

E)Гипокалориялы диета

Дұрыс жауап} =А

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} = Руководство по медицине. Диагностика и лечение \ под ред. М.Х. Бирса; пер с англ под ред. А.Г. Чучалина.- М; 2011

{Cеместр} =14

$$$044

40жастағы әйелде аутоимунды тиреодит ауруы анықталған.тиреоидты дәрілерді тұрақты қабылдайды. Дәрігерде тексерілгенде соңғы 3-4 ай ішінде зобтың көлемі кішіреймеген.

Дәрігер қандай емді ұсынуы қажет?

A. Тиреоидты дәрілер

B. Глюкокортикостероидтар

C. Цитостатиктер

D. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

E. Радиоактивті йод

Дұрыс жауап} =В

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} = Руководство по медицине. Диагностика и лечение \ под ред. М.Х. Бирса; пер с англ под ред. А.Г. Чучалина.- М; 2011.

{Курс} =7

{Cеместр} =14

 

$$$045

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

А) темір препараттары

В) фолий қышқылы

С) В-12 витамині

D) преднизолон

E) аскорбин қышқылы

Дұрыс жауап} =С

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} = Руководство по медицине. Диагностика и лечение \ под ред. М.Х. Бирса; пер с англ под ред. А.Г. Чучалина.- М; 2011.

{Курс} =7

{Cеместр} =14

 

$$$046

Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай:

А) ЭТЖ жоғарылауы

В) анемия

С) тромбоцитопения

D) лейкоцитоз

E) бластемия

Дұрыс жауап} =Е

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} = Руководство по медицине. Диагностика и лечение \ под ред. М.Х. Бирса; пер с англ под ред. А.Г. Чучалина.- М; 2011.

{Курс} =7

{Cеместр} =14

$$$047

45 жастағы науқас аяқтарының ісуіне,жалпы әлсіздік, ентігу, түнде тұншығу ұстамаларына, жұректің жиі соғуына шағым айтады. Көп жылдар бойы 3 жарнамалы қлапанның ақауымен ауырады. Қарағанда: акроцианоз. Тыныш күйде ентігу бар. Жүрек шекаралары оңға қарай ығысқан. Мойын веналарының пульсациясы айқын көрінеді.Тыныс алғанда күшейетін жүрек ұшынан оңға қарай естілетін систола шуы.

Қан қысымы160/90мм.сын.бағ. Пульсі 90рет минутына. Іші ұлғайған, қаттылау. Бауыры қабырға доғасынан 3см өскен. Аяқтары іскен.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. Сол қарыншалық шамасыздық

B. Оң қарыншалық шамасыздық

C. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. Өкпе текті жүрек

E. Бауыр шамасыздығы

Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Поликлиническая терапия),учебник.Строжаков Г.И. Чукаева А.А.2009г.,)

Date: 2015-08-24; view: 555; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию