Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дүниеге жар





Заттың сыны сапасын, түсін білдіріп Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.

Имя прилагательное — часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы какой? чей?

Сын есім түрлері (Виды прилагательных):

құрамына қарай:

Дара (простое – один корень)

Мысалы: әдемі, қызыл, ыңғайлы.

Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: қып-қызыл, жап-жасыл, өте көрікті.

тұлғасына қарай:

Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: алтын, ауыр, кең.

Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: ақылды, пайдалы.

мағынасына қарай:

Сапалық (качественное)

Мысалы: ыстық, қоныр.

Қатыстық (относительное)

Мысалы: таулы, өткір.

Зат есім + –ды, -ді, -ты, -ті,- лы, -лі, -сыз,- сіз сын есім тудырушы жұрнақтар

жауын-шашын + ды = жауын-шашын ды
жауын-шашын + сыз = жауын-шашын сыз
жауын-шашын ды = жауын-шашын бар/ болады
жауын-шашын сыз = жауын-шашын жоқ /болмайды

Лы/лі -лық/лік -ды/ді -дық/дік -ты/ті -тық/тік


Жауын – жауынды дала – далалық
қар – қарлы суық - суықтық
су – сулы шалғын – шалғындық
дала – далалы тау– таулық

СЫЗ / СІЗ
Пайда - пайдасыз
Ақша - ақшасыз
Пана- панасыз

Дүниеге жар

Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен қазақтың баласы!

«Тағы жұрт» деп тағы да,

Танымассың, білмессің.

Өйткені мен қазақпын,

«Англичанин» емеспін.

Танисың ғой сен оның

Өзінен бұрын мылтығын,

Дәріптейсің қасиетін

Адамы түгіл, итінің.

Мен де оны бір кезде

Етігінен танығам

Қадай басып өкшесін,

Далама кеп қаңғыған.

«Тағы» дейтін халқымды,

Дозақ дейтін даланы.

Кен қазам деп көр қазып,

Ақтаратын моланы.

Жылап жатса бір қазақ,

Күлуші еді-ау ол өлі!

Соның бәрі сұрқия

Сұм патшаның әлегі.

Екі аяқты ақ патша

Көп батырды шеңгелін.

Cap далада сарғайдым,

Қасіретпен шөлдедім.

Мынау қара көзімнен

Сансыз дария жас ақты.

Өз етімді өзіме

Кесіп алып асатты.

Айтып-айтпай, не керек,

He көрмеді бұл қазақ!

Дүние бүгін ұялар,

Айтпа, ойбай, аузың жап.

Сорлы емес ем ежелден,

Қаралы едім, зарлы едім.

Ұялушы ем өзге елден,

Намысты едім, арлы едім.

Есе тиер, енші алар

Ел болсам деп ойлаушы ем.

Қазақпын деп айта алар

Мен болсам деп ойлаушы ем.

«Тәкаппар дүние төріне

Емін-еркін шықсам-ау!

Айтқанымды тыңдатып,

Айтқандарын ұқсам-ау», -

Деп ойлаушы ем, сол болды,

Арманыма жеттім мен.

Үдере жорттым, жол болды,

Тау төңкердім екпінмен.

Енді мені менсінбес

Европаның қай елі?

Қарсы келсем, құшақтар

Қаратпайтын әйелі.

Сорлы негр қара боп

Туғанына жазықты.

Тәкаппарсың, дүние,

Көп қорладың аз ұлтты.

Қаталастың бірақ сен,

Аз дегенің көп екен.

Көміп кетер кепшілік,

Көп кешікпес, күні ертең.

Бола бермес дүниеде

Күнде жанжал, күнде шу.

Жауып кетер жер бетін

Жалғыз ғана қызыл ту.

Сол қызыл ту астында

Күн келбетті қазақпын.

Отар емен телмірген,

Азаматпын, азатпын.

Енді, сірә, дүние,

Танисың ғой мені сен.

«Танысамын соғысып», -

Деп ойлама, тегі, сен.

Төрт құбылам түгел сай,

Қорқытпайды соғысың.

Жетпіс қабат қорғаңдай

Батысымда - орысым.

Шымқай болат киінген

Шүғылалы шығысым.

Тас түлектей түйілген

Қырғыз, якут туысым.

Қазақ деген атымды,

Өшіре алмас ешбір жау!

Төбесінен, тиіссе,

Төңкерілер Алатау.

Аумағы мол алыппын,

Кеңіді менің құшағым.

Британия аралын

Қолтығыма қысамын.

«Тағы» емеспін, тағы айтам,

Адаммын-ды бұрыннан.

Адаммын деп жылағам,

Адаммын деп қырылғам.

Тәкаппар ұлы дүние!

Қазақ деген мен деймін.

Мылтығыңды ұсынба,

Қолыңды ұсын, кел деймін!

Алматы, 1940.

 

Билет №2

 

1) Мен жастарға сенемін!!!
(М. Жұмабаев)

 

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!

 

2.Түбір және қосымша

3.Тапсырма

 

 

Билет №3

1) Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Бұрынғы Ақмола облысының Нұра өзенінің жағалауындағы Сарытөбе атты жерде (қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы орыс-қазақ мектебін бітірген. 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты.
1925-1933 жылдары білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеген. 1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді.

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Ғабиден Мұстафиннің шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Оның шығармалары ХХ ғасыр басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауыртпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда ол өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалақ суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмытылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелеген. Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.1985 жылы кайтыс болды.

 

2)

3.Тапсырма

Билет №4

1.

 

 

Билет№5

1) Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына, қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.

2)

  Атау кім? не?  
  Ілік кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің
  Барыс кімге? неге? қайда? -ға, -ғе, -қа, -қе, -а, -е, -на, -не
  Табыс кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, н
  Жатыс кімде? неде? қайда? -да,-де, -та, -те, -нда, -нде
  Шығыс кімнен? неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
  Көмектес кіммен? немен? -мен (менен) -бен (бенен) - пен (пенен)  

 

3) тапсырма

 

Билет №6

1) Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

 

2) Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемненқұралып? Бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері

1. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем- құрамында кемінде 3 жайсөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.

Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.

2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлем бар сабақтас түрі.

Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

3. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.

Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесінде жауып үлгердік

 

3. М.Жұмабаев бір өлеңін жатқа айт

 

Билет№7

1)Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар" тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.Балаларға арналған "Сонарда" деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер", 1962 жылы "Кімнің мекені жақсы?", 1983 жылы "Сақау бәтеңке" сияқты т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін, 1965 жылы "Жапандағы жалғыз үй" романын жазып, орыс тіліне 1968 жылы аударылған. "Ақан сері" дилогиясының бірінші кітабы 1971 жылы жарық көрсе, 1977 жылы екінші кітабы оқырмандарына жол тартты, ал 1979 жылы орыс тіліне аударылды. 1987 жылы "Заманай мен Аманай" повесін жазды.Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көкадыр" романдарын қазақ тіліне аударған.Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол – ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз.Кезінде белгілі жазушы Рамазан Тоқтаров Сәкен серінің 60-жылдық тойында шымыр да ширақ, олпы-солпысыз жинақы, ең бастысы ірі қаламгер қақында қапысыз қамтылған шүбәсіз шынайы адал сөзін арнай келе, Сәкен Жүнісов туралы ойын былай қорытындылаған екен: «Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал, жазу столында отырып өзімен-өзі жапа-жалғыз қалғанда, дүние – оның алақанында».Қытайға ауған қаймана қазақ жұртының жетім жыртыстай жыртылып кеткен қаралы тобының тағдыр-талайын көшке ілесіп кеткен қаламгерлердің жазғанын жақсы білеміз. Ал ата-жұртта отырып, осы тақырыпқа арналған "Заманай мен Аманай" тәрізді классикалық туындыны берген қаламгерді көрген де, естіген де емеспіз. Бұл да Сәкен Жүнісовтің ғана қолынан келген сүйсіндірер сәттілік болды.

 

2) Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады. (стр 146-147)

 

3) Тапсырма.

 

Date: 2015-07-27; view: 1047; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию