Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 13. Жеке тұлғаның дене мәдениетiн тәрбиелеу және оны игерудегi оқушылардың жетекшi iс-әрекеттерi





 

Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру құралдарына дене жаттығулары, табиғи және гигиеналық факторлар жатады.

Дене жаттығулары дегеніміз дене тәрбиесінің заңдылықтары мен мақсатын іске асыруға бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және саналы орындалатын қимыл-әрекеттер.

Дене жаттығуларын жіктеуге түрлі көзқарастар бар. Кеңінен тараған тарихи қалыптасқан жіктеменің бірі - тәрбие құралдарының жүйесі. Оның қрамына гимнастика, ойындар, туризм, спорт жатады.

Гимнастика ағзаның кейбір дене мүшелерінің қызметін дамытуға арнайы ықпал етуі. Гимнастаика гигиеналық, спорттық, көркемдік, емдік болып бөлінеді. Мектеп бағдарламасы бойынша гимнастика негіздері (түзу тұру, жалпы ағзаны дамытатын түрлі нәрселерді - доп, таяқ, жіп, жалауша қолдану арқылы жаттығу жасау; заттқа өрмелеу, тепе-теңдікті сақтап жүру, жүгіру, секіру, лақтыру; қарапайым акробатикалық жаттығулар жасау, т.с.с.).

Ойын баланың дене күші жетілідіреді, қолының күшін қатайтып, денесін икемдейді, көзімен бағдарлап, аңғарымпаздық және ұсыныс таба қою қабілеттерін дамытады. Ойын балалардың қимыл-күшін дамытумен бірге ұжымдық қатынасты сезінуге, бірінің –бірі қолдауын, бірігіп атқаратын әрекеттерін, олардың жолдастық, достық қатынастарын нығайтады. Бастауыш сыныптарда қимылды ойындар, ал орта және жоғары сыныптарда спорттық ойындар кеңінен қолданылады.

Туризм - оқушыларды туған өлке табиғаты, тарихи және мәдени ескерткіштермен таныстыру мақсатындағы серуен, экскурсия, саяхат ұйымдастыру. Туристік серуен құру оқушылардан дене күшін, төзімділігін, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін, күрделі жағдайда өзін алып жүруін, ұжымдық өмір мен іс-әрекет тәжірибесін, басқару және бағыну, табиғат аясында өзін ұстай білу тәжірибесін қалыптастырады. Оқушылардың туристік топтары түрлі саяхат, жарыс, слеттерге қатысады.

Спорт- үнемі дене тәрбиесінің белгілі бір түрінде жоғары нәтижеге жетуді көздейді. Спорттық-техникалық нәтижеге және жеңімпаздарды анықтау үшін жарсытар ұйымдастырылады. Жарыстарда күрделі спорттық бәсекеге қатысушының, ұжым алдындағы жауапкершілігін сезінуінен дене күші мен нерв жүйесіне салмақ түсіп, қимыл-әрекет және моральдық-еріктік жағынан үлкен жүк көтереді. Төменгі сынып оқушылары үшін оқу бағдарламасына сәйкес спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Орта және жоғары сыныптарда спорттық жарыстар жеке спорт түріне байланысты болады. Оқушылардың дене тәрбиесі мен дамуына ықпал ететін біз көңіл аудара бермейтін табиғи құралдар - күн, ауа, су. Оларды дене жатығуларымен кешенді қолдану оқушыларды сауықтырудағы маңызы зор.

Дене тәрбиесі мен денені дамыту сабақтары гигиеналық жағдай мен тиімді күн тәртібін, спорт залының жарық, жылы болуын, ауа алмасуын гигиеналық-санитарлық талаптарға сай жабдықталуын қамтамасыз ету шарт.

Дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын құрал жабдықтардың оқушының жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес болуы ескеріледі.

Күн тәртібі баланың өмірі мен еңбек әрекетін, сабақтан тыс және бос уақытын тиімді пайдалануды, гигиеналық қалыптарға сәйкес еңбек ету мен тынығуды қатаң реттеуді білдіреді. Баланың күн тәртібіне бой ұсынуы, оның шығындаған күш-қуатын қалпына келтіруді қатаң сақтап, денсаулығын нығайтып, өзін тың, көтеріңкі көңіл-күйде болуын, ұқыптылық, нақтылық, ұйымшылдық, уақытты сезіну, өз мүмкіндігіне орай атқаратын әрекетін таңдауды қалыптастырады.

Күн тәртібі әр оқушының еңбек қабілетіне, нақты өмір жағдайына, денсаулығына қарай белгіленеді. Дегенмен де, күн тәртібін құрастырудың барлық адамдарға міндетті ережелері бар. Барлық оқушыларға ортақ таңертеңгі сергіту жаттығулары, жуыну, мектептегі сабақ, түскі ас, түстен кейінгі тынығу, үй тапсырмасын орындау, қоғамдық жұмыс, таза ауада серуендеу, көңіл көтеру шаралары, кешкі ас, кешкі серуен, түнгі ұйқы уақыттары белгіленеді.

Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мектеп ішілік басқарудың бір түрі. Ол бүкіл педагогикалық ұжымның жұмысын үйлестіруді қажет етеді.

Date: 2015-07-22; view: 1919; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию