Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шы есеп





Дебиет

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер жиынтығы

4. Патологиялық физиология пәні бойынша тест-тапсырмалар. 4-бөлім. Семей, 2004ж.

Қосымша:

1. Клиническая нефрология под ред. Е.М. Гареева – М., Медицина 1983

2. Маждраков М. Болезни почек – София, 1988

3. Ф. Дж. Нокс и др. Современная нефрология – М., Медицина, 1984 – 512 с.

4. Минкин Р.Б. Болезни почек – Л.: Медицина 1990 – 157 с

5. Нефрология. Руководство для врачей в 2 – х томах (под. Ред. И.Е. Гареевой – М.: Медицина 1995 г. Т. 1.- 495 с; Т.2. 1995 – 495 с

8. Білім бақылау (тесттер, сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша әңгімелесу)

1. Жаңа туған балаларда зәр түзiлудiн ерекшелiктерiн атаңыз:

1. ересектермен салыстырғанда iрi шұмақтардың арқасында фильтрация мөлшерiнiң үлкендiгi

2. судың реабсорбциясы көп мөлшерде жүредi

3. тұздардың реабсорбциясы аз мөлшерде жүредi

4. глюкозаның реабсорбциясы ересектерге қарағанда көп жүредi

5. Боумен-Шумлянский капсуласының висцеральды жапырақшасы цилиндрлiк эпителиймен төселген

 

2. Жаңа туған балаларда ауыспалы протеинурияға тән белгiлердi атаңыз:

1. патологиялық түр тән

2. шала туған балаларда кездеседi

3. босану кезiнде баланың организмiнде жиналып қалған баласты заттардың шығуымен байланысты

4. емшектiк қоректенудiң басталуымен байланысты

5. босану кезiнде ұрықтың гипоксиясымен байланысты

 

3. Олигурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефрит

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдром

4. созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi

5. астаушаның қабынуы

 

4. Полиурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефрит

2. созылмалы гломерулонефрит

3. бүйрек амилоидозы

4. жедел бүйрек жетiспеушiлiгi

5. астаушаның қабынуы

 

5. Массивтi протеинурия тән:

1. жедел гломерулонефрит

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдром

4. жедел бүйрек жетiспеушiлiгi

5. астаушаның қабынуы

 

6. Көрнектi гематурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефрит

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдром

4. созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгi

5. бүйректас ауруы

 

7. Гипостенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефритке

3. нефротикалық синдромға

4. некронефроздың полиуриялық кезеңiне

5. бүйрек тас ауруына

8. Гипостенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефрит

3. нефротикалық синдромға

4. бүйрек астаушасының қабынуына

5. бүйректас ауруына

9. Гиперстенурия тән:

1. жедел диффузды гломерулонефритке

2. созылмалы гломерулонефритке

3. бүйрек астаушасының қабынуына

4. бүйрек тас ауруына

5. созылмалы пиелонефритке

 

10. Түнгi диурездiң күндiзгiден жоғары болуы қалай аталады:

1. протеинурия

2. гематурия

3. никтурия

4. олигурия

5. анурия

 

№ 2 тәжірибелік сабақтарға

арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модуль: 6 “Несептік жыныстық жүйесі”

Тақырыбы: Бүйрек патологиясы жеке түрлерінің (жіті және созылмалы

гломерулонефриттер, нефротикалық синдром) патофизиологиялық

сипаттамасы. Балалардағы ерекшелітері.

Мақсаты:

- жіті және созылмалы гломерулонефриттін, нефротикалық синдромның этиологиясы мен патогенезін оқыту.

 

Оқыту мақсаты :

Студент білуі қажет:

- жіті және созылмалы гломерулонефриттін этиологиясы мен патогенезін.

- нефротикалық синдромының даму тетіктері мен себептерін.

Студент үйренуі қажет:

- ситуациялық есептерді шешу кезінде бүйрек ауруларының жеке түрлерінің белгілерін анықтау

 

Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

1. Жіті және созылмалы гломерулонефриттер, этиологиясы мен патогенезі.

2. Нефротикалық синдром, себептері мен даму тетіктері.

3. Гломерулонефриттердің тәжірибелік үлгісі.

4. Бүйрек амилоидозы, бүйректің дистрофиялық және тамырлық зақымдануы;

тәжірибелік үлгілері.

5. Әр түрлі шама жасындағы балалардың нефротикалық және нефритикалық

синдромдардың ерекшеліктері.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, презентациялар, несептік жыныстық жүйесі бойынша тест-тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешу.

 

Ситуациялық есептер

1-ші есеп

Науқас 18 жаста, 30.05.2006ж. жанұялық дәрігер жолдамасымен ауруханаға келесі шағымдарымен түсті: ентігу, жүрек соғуы, басындағы ауырлық сезімі, «денесіндегі күшею сезімі», тері жабындыларының созылу сезімі, әлсіздік, көру қабілетінің төмендеуі, балтыр бұлшықеттерінде болатын тырыспалар, ұйқышылдық, аузындағы құрғақтық, шөлдеу, диурездің төмендеуі.

Науқасты сұраған кезде, екі жұма бұрын баспаны бастан өткіргені белгілі болды.

Объективті: келбеті домбыққан, тері астылық торшалардың кең тараған ісігі. Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық анықталады. Тыныс алу жиілігі минөтіне 28 рет. Артериялық қысымы 190/110 мм.сын.бағ. Диурез 150 мл (тәулігіне принял 1200 мл сұйықтық қабылдаған). Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

Зәрдің жалпы талдауы:

Түсі – етті жуындылар тәрізді

Үлестік салмағы – 1030

Цил.- гиалин. – 10-20 в п/зр.

Нәруыз – 6,6 г/л

Түйіршікті − 20-30 в п/зр.

Лейкоциттер - көру/алаңында.

Эритроциттер – сплошь в п/зр.

Қанның жалпы талдауы:

Гемоглобин – 150 г/л

Эритроциттер – 4,8х1012

Лейкоциттер − 9х109

ЭТЖ – 35 мм/сағ

Лейкоциттік өрнек - өзгеріссіз

Қан калиі – 8 ммоль/л

Бүйректің УДЗ:

Бүйректің көлемі ұлғайған. Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық анықталады.

Көз түбі:

Торлы қабығының ісігі, ұсақ нүктелі геморрагиялар.

 

2-ші есеп

Таңертенгі уақытта болатын толық ауызды қақырықты бөліп шығаратын арық және ұзақ уақыт ауырып жүрген, әрі антибиотикпен ұзақ уақыт бойы емделген науқастың клиникалық көріністері іріңдік пневмонияға ұқсас. Содан кейін келбетінің домбыққаны, денесінің массивті ісіктері көріне бастады. Өкпесінде жіңішке қабырғалық қуыстар байқалған, олар тез арада іріңдеген. Ауыз уылу пайда болған.

Қандай асқыну өкпелік дерт фонында қосыла бастады:

1. Созылмалы өкпелік жүрек

2. Сепсис. Септицемия.

3. Бүйрек амилоидозы

4. Өкпелік артериялар тромбоэмболиясы

5. ЖБЖ

 

3-ші есеп

Науқас, 15 жаста. Шағымдары: бүкіл денесіндегі ісіктер, зәр мөлшерінің азаюы, әлсіздік, басының ауыруы, жүрек айнуы, тәбетінің төмендеуі, жеңілдікті тудырмайтын кезеңдік құсуы, бел аймағындағы ауырлық сезімі. Бес жастан ауырып жүр. Педиатрға қаралып жүрген. Екі апта ішінде жағдайы нашарлаған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное.

Тері жабындылары бозғылт. Денесінің, келбетінің, аяқтары мен қолдарының айқын ісіктері көрінеді. ЖЖС минөтіне 100 рет. АҚ 150/100 мм.сын.бағ. Құрсағы ұлғайған, жиналу орындарында тұйықталу, кіндігі тегістелген. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

Зәрдің жалпы талдауы:

Үлестік салмағы – 1004;

Нәруыз – 9,9 г/л;

Эритроциттер - 8-12 в п/зр;

L – 8-14 в п/зр;

Бүйректік эпителийдің жасушалары - 3-4 в п/зр;

Гиолиндік түйіршікті цил - 8-10 в п/зр.

Қанның жалпы талдауы:

Зәрнәсіл – 19 ммоль/л;

Қан креатинині – 2,5 мг;

Қан қанты – 4,5 ммоль/л.

УДЗ:

Өкпеқаптық және құрсақ қуыстарында сұйықтық;

Оң жақ бүйрек – 106х64 мм;

Сол жақ бүйрек – 104х60 мм;

Паренхиманың қалыңдығы – 18,8 мм;

Паренхиманың бүйректің табақша-астау коэффицентіне қатынасы - 2:71.

4-ші есеп

Науқас, 24 жаста, бірінші жүктілік фонында (18 апта) массивті ісіктер пайда болды. Дәрігерлердің консилиумы бойынша жүктілікті тоқтату туралы ұсыныс шешілді. Науқас әйел келіспей бөлімнен шығып кетті. Содан кейін қаладан кетіп қалған болатын. Екі айдан кейін «жедел жәрдем» каретасымен жеткізілген. Массивті ісіктер байқалған. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

Қанның жалпы талдауы:

Жалпы нәруыз - 46 г/л.

Гемоглобин – 102 г/л;

Эритроциттер – 2,7х1012/л;

л – 3,4х109/л;

ЭТЖ – 56 мм/сағ;

Зәрдің жалпы талдауы:

Нәруыз – 3,3 г/л

Эритроциттер – 30-40 в п/зр;

Холестерин-10,9 ммоль/л.

Түйіршікті цилиндрлер + +;

 

5-ші есеп

Науқас әйел С., 28 жаста, диклофенак пен пенициллинді қабылдау фонында жедел бронхопневмониямен байланысты ем қабылдағанның 5-ші күнінде бас ауыру, аузындағы құрғақшылық, шөлдеу, АҚ – 130/180 мм.сын.бағ. Диурезі оң. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

Б/Х:

креатинин – 3 мг%

ЗЖА:

Нәруыз – 0,099 г/л

Түсі - сол.сары.;

Үлестік салмақ. – 1005;

L- 10-15 в п/зр.

 

6-ші есеп

Науқас М., 26 жаста, жедел гломерулонефрит аңғарымымен стационарлық емдеуге жіберілген. Сыртартқысынан: 10 күн бұрын жедел фарингит, бірнеше күн бойы басының ауыруы байқалған. Ісіктер тез арада түннің бір мезгілінде пайда болды. 1-2 рет зәрінің лай-қызғылт түсті екенін байқаған. ЖДА-ға қаралған. Дәрігер АҚ 150/100 мм.сын.бағ. дейін жоғарылағанын атап шыққан. Түскен күні келбетінің домбыққаны әлі сақталған, ісіктері жоқ. АҚ 130/95 мм.сын.бағ. Екі тәулік бойы гипотиазид қабылдаған. Бұл жедел гломерулонефриттің қандай клиникалық түрі деп ойлайсыз?

1. нефротикалық түрі

2. моносиндромдық түрі

3. жедел классикалық

4. ұзаққа созылған ағымдағы жедел гломерулонефрит,

5. бисиндромды түрі

 

7-ші есеп

Науқас Л., 25 жаста, бұдан 5 жыл бұрын басынан өткірген жедел гломерулонефрит ауруы бойынша ЖДА-ның диспансерлік тіркеуінде тұр. АҚ 150/120 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы бел аймағындағы жағымсыз сезімдерімен ілесіп жүреді.

Қандай аңғарыммен науқас диспансерлік тіркеуде тұр?

1. жедел гломерулонефрит

2. созылмалы пиелонефрит

3. созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық вариант

4. гипертониялық ауру

5. созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық вариант

8-ші есеп

Науқас Н., 18 жаста, келбетіндегі, төменгі аяқ-қолдарындағы ісіктердің болуы, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, лай қызғылт зәрдің пайда болуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өзін 3 күндей ауырып жүрмін деп есептейді. Басынан өткірген аурулар: тұмау, 2 апта бұрын баспа ауруымен ауырған.

Объективті: дене қызымы 37,7°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Кебеті ісінген, табаны мен сирағында ісіктер байқалады. Терісі бозғылт. Пульс минөтіне 84 рет, ырғақты, күштенген. АҚ 165/100 мм.сын.бағ. Пастернацкий әйгіленімі екі жағынан да әлсіз оң.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз.

 

шы есеп

Науқас В., 26 жаста, жедел әлсіздік, ентігу, бас ауруы, жүрегінің ауруы, келбетіндегі ісіктердің болуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. 15 жасында жедел гломерулонефрит ауруын басынан өткірген. Осыдан кейін бас ауруы, әлсіздік, зәрдегі өзгерістер сақталған болатын. Жағдайының нашарлауын тоңумен байланыстырады.

Объективті: дене қызымы 37,2° С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза, бозғылт, келбеті домбыққан, аяқтарында ісіктер бар. Жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғаналық сызық бойымен анықталады.

ЖЖС минөтіне 78 рет, АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Тілі таза, ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз.

 

Date: 2015-06-11; view: 2055; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию