Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Е вирустық гепатитті алдын алу





Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.

Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.

Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.

Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.

Вирусты гепатиттердің жалпы сипаттамасы:

№25 кесте

Белгілері ВГА ВГЕ ВГВ ВГД ВГС ВГG
Вирустар тобы РНК-лы пикорна-вирустар РНК-лы калици-вирустар ДНК-лы гепадно-вирустар РНК-лы дефекті вирус,ВГВ бірге РНК-лы флави-вирустар РНК-лы флави-вирустар
Биологиялық орталар Нәжіс, сиректеу шәуітте Нәжіс Қан, шәуіт, сілекей Қан, шәуіт, сілекей Қан, шәуіт Қан, шәуіт (?) сілекей
Берілу механизмі Фекальді-оральдідық Фекальді-оральдідық Парентер- алдық Парентералдық Парентералдық Паренте ралдық
Таралу жолдары Су, тұрмыстық заттар, жыныстық, жанасу Су Тері, шырышты қабат, жыныстық перинатал-дық, трансфузия Тері, шырышты қабат, жыныстық перинаталдық, трансфузия трансфузия перинаталдық, жыныстық трансфузия, перинатал-дық
Таралу факторлары Су,тұрмыс заттары Су Қан, шәуіт, ластанған құралдар Қан, шәуіт, ластанған құралдар Қан,құралдар, шәуіт, донорлық заттары Қан, құралдар, шәуіт (?)
Созылмалы процес жоқ жоқ ия Ия ия ия
Арнайы алдын алу вакцина жоқ вакцина ВГВ вакцинасы жоқ жоқ
Жұқтыру қауіптілігі Вирустар-мен ластанған суды ішу, тұрмыстық гигиенаны сақтамау, гомосексу-алдық қатынас Вирустар-мен ластанған суды ішу, пайдала-ну Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция Наркотик егу, жыныстық қатынас, мед. аспап. дұрыс залалсыз-дамау, мед емес манипуля-ция Ластанған қан құю, наркотик егу Ластанған қан құю, наркотик егу
Диагностика-лық белгілері Ig M anti HAY Ig M anti HEY HBeAg, HBsAg Ig M anti HBcor PHK HDY, HDY Ag, Ig M anti HDY PHK HCY, anti – HCY total PHK GBY- C/HGY

 

Тырысқақ

 

Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.

Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:

· эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,

· емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,

· арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,

· этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,

· халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

 

 

Сурет

№17 кесінді

 


Date: 2015-07-01; view: 1626; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию