Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пән: Жалпы дәрігерлік практика OVP-4305 2 page





ЭТЖ- 17мм/с.анизоцитоз, пойкилоцитоз.Сарысудағы темір-6,4мкмоль/л

Төмендегі қай препарат тиімді?//

сорбифер дурулес//

Преднизолон//

Феррум лек//

Десферал//

Эритроцитарлық масса.

***

42 жастағы науқас физикалық күш түскеннен кейін пайда болатын ентігуге, жүрегінің қысып, шаншып ауыратынына шағымданды. Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт,жүрек ұшы соғысы күшейген және солға ығысқан.Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында 2-ші тон әлсіреген және систолалық діріл естіледі.Науқаста қандай аускультациялық өзгеріс болуы мүмкін?//

Жүрек ұшында систолалық шу//

Жүрек ұшында диастолалық шу//

Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында систолалық шу//

Төстің солжақ 2-ші қабырға аралығында диастолалық шу//

Семсер тәрізді өсіндінің үстінде систолалық шу

***

45 жастағы жүк тасушы болып істейтін науқас жүректің қосарласқан митральды-аортальды ақауы, ретсіз экстрасистолия түрінде жүрек ырғағының бұзылуы, ҚАЖ 2-ші А. Науқастың еңбекке жарамдылығын анықта://

Еңбекке жарамды, жүк тасушы болып істеуіне болады//

Уақытша еңбекке жарамсыз//

ДКК арқылы басқа жұмысқа орналастыру//

МӘСК-ке жіберу керек, өйткені еңбекке тұрақты жарамсыздықтың белгілері бар//

МӘСК шешімі бойынша емдеуді жалғастыру

***

Ревматизм тақырыбын талқылағанда студент осы ауруға тән белгілерді айтты. Студенттің қатесін тап://

Әсіресе ірі буындар зақымданады//

СҚҚП (НПВС) көмектеседі//

Аминохинол препараттарын тағайындау//

Глюкокортикоидтарды тағайындау//

Ауру қайталағанда буын деформацияланады және қозғалысы бұзылады.

***

63 жастағы науқас әйел тізе және дистальды фалангааралық саусақ буындарының ауыратынына шағымданды.Ауырғанына көп болды. Объективті тексергенде: салмағы 85 кг. бойы 155 см. Тізе буыны өзгерген, қабынған, қозғалғанда «сартыл» естіледі, саусақ буындары қисайған және қатты түйіндер анықталды, АҚҚ160\100мм.сын.бағ.Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Сіздің болжау диагнозыңыз://

Подагралық полиартрит//

Ревматоидты полиартрит//

Остеоартроз,полиостеоартроз//

Ревматикалық полиартрит//

Бруцеллезды полиартрит

***

63 жастағы науқас әйел тізе және дистальды фалангааралық саусақ буындарының ауыратынына шағымданды.Ауырғанына көп болды. Объективті тексергенде: салмағы 85 кг. бойы 155 см. Тізе буыны өзгерген, қабынған, қозғалғанда «сартыл» естіледі жіне ауырады, саусақ буындары қисайған және қатты түйіндер анықталды, АҚҚ160\100мм.сын.бағ.Ішкі ағзалары өзгеріссіз.Қанның анализі нв 120г\л,Эр 4.12 \л, лейкоцит 5,3* 10 9\л(формула өзгеріссіз)ЭТЖ 23 мм\сағ. СРБ+, буын R- графиясында буынаралық қуыс тарылған, субхондральды остеосклероз, зәр қышқылы 7 мг%. Ем тағайында://

Цитостатиктер

кортикостероидтар таблетка түрінде//

қабынуға қарсы стероидты емес дәрі//

Құрамында алтын бар дәрі//

кортикостероидтар буынға енгізіледі

***

Төмендегі 5 симптомның: зәр қышқылының жоғарылауы,бүйрек тас ауруы, тофустар,рентгенде сүйек эпифиздерінің ақауы, буындардың анкилозы мен деформациясы - төртеуі кездесетін ауруды тап://

подагра//

Ревматоидты полиартрит//

Остеоартроз,полиостеоартроз//

Ревматикалық полиартрит//

Бруцеллезды полиартрит

***

37 жастағы науқас аяқ қол буындарының ауыратынына және күні бойы құрысатынына,ісінуіне,қозғалуының шектелуіне шағымданды(саусақ,білезік,тізе буындары). Қарағанда: саусақ, білезік буындары ісінген,деформацияланған, сүйекаралық еттері сеңген(атрофия) Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Болжау диагнозыңыз қандай?//

Подагра//

Ревматоидты полиартрит//

Остеоартроз//

Ревматикалық полиартрит//

Бруцеллезды полиартрит

***

37 жастағы науқас аяқ қол буындарының ауыратынына және күні бойы құрысатынына,ісінуіне,қозғалуының шектелуіне шағымданды(саусақ,білезік,тізе буындары). Қарағанда: саусақ, білезік буындары ісінген,деформацияланған, сүйекаралық еттері сеңген(атрофия) Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Қанның анализі лейкоцит 14* 10 9\л нейтрофилез,ЭТЖ 42 мм\сағ. СРБ+++,Волер Роуз реакциясы 1:64, тізе буын Rграфиясында остеопороз, фибриноген 7 мг%

Дәрігердің тактикасы://

Емханада емдеу//

Күндізгі стационарда емдеу//

Ревматология бөлімшесінде емдеу//

Үйдегі стационарда емдеу//

Емді қажет етпейді

***

Науқас дәрігерге созылмалы подагралық полиартриттің өршу сатысының белгілерімен келді.Мына препараттардың қайсысымен емдеу маңызды?//

СҚҚП//

кортикостероидтар//

құрамында алтын бар дәрі //

цитостатиктер//

аллопуринол

***

40 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғаннан кейін жалпы әлсіздікке, дене қызуының 37 көтерілетініне, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданды. Науқастың айтуы бойынша осы шағымдар 3 жылдан бері мазалайды. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, тері жамылғысы бозғылт, дене бітімі толық, тілі сарғылт жабындымен жамылған, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 110/70 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырға асты еті қатайған, Кер, Ортнер белгілері оң, бауыр үлкеймеген, іш қатуы жиі, кіші дәреті өзгеріссіз. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

50 жастағы науқас соңғы бір айда ішінің үлкейгеніне, ентігуге, тәбетінің жоқтығына, әлсіздікке, денесінің қышығанына шағымданды. Анамнезінде: ішімдікті көп қолданған. Науқастың айтуы бойынша, ауырғанына 3 жыл болған бірақ дәрігерге көрінбеген. Обьективті: дене бітімі арық, тері жамылғысы сарғылт, қасығанның орны көрінеді, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, іші асциттің салдарынан үлкейген және бауыр мен көк бауырды анықтау мүмкін емес. Дәреті дұрыс. Диагноз қойыңыз//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы энтерит, өршу сатысы//

Созылмалы алкогольды гепатит, өршу сатысы//

Алкогольды бауыр циррозы. Ауырлық класы B Чайлд-Пью бойынша

***

Бауыр циррозымен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығын ұзартуға болады, егер://

Жүйелі түрде глюкокортикоидты қолданса//

Тамақтану тәртібін қатаң сақтаса//

Уақытында портокавальды анастомоз отасы мен спленэктомия жасаса//

психотерапия, дұрыс тамақтанса, этиотропты ем алып, алкоголь мен бауырға зиянды дәрілерді қолданбаса//

Алкоголь мен шылым шегуді тоқтатса

***

55 жастағы науқас 3 жылдан бері жиі өршитін 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Н2-блокаторларымен емдеу оң нәтиже берді. Жарадан қан кету себепті ауруханаға түсті. Ранитидинмен 4 апта емдегенде жара жазылды. Әрі қарай қалай емдеу керек//

Н2-блокаторларымен көмекші (поддерживающая) емдеу//

Хирургиялық ем//

Сукральфатпен емдеу//

Н2-блокаторларымен курстық емдеу//

Терапия бөлімшесіне жатқызу

***

49 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғаннан кейін пайда болған тәулігіне 6 ретке дейін құсатынына және ішінің бел аймағына берілетін ауыру сезіміне шағымданды. Анамнезінде: ішінің ауыруы әртүрлі кезеңділікпен мазалап, біртіндеп күшейді. Диетаны сақтамады, тексерілмеген. Қарағанда: тілі ақ жабындымен жамылған, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 130/80 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда эпигастрия аймағында және Мейо-Робсон нүктесінде ауырғандық сезім бар, бауыр үлкеймеген, үлкен дәреті күніне 4 рет ботқа тәріздес (кашицеобразный), майлы. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

44 жастағы науқас дене қызуының 37,5-ке көтерілетініне, кекірікке, жүрек айнуға, оң жақ қабырға астының ауыратынына, іші қататынына шағымданды. 5 жылдан бері ауырады. Қарағанда: дене бітімі толық, тері жамылғысының түсі өзгеріссіз, ішінде және арқасында қасығанның орны көрінеді, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 130/80 мм сынап бағанасы. Тілі ылғалды, сары жабындымен жамылған. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауырады және Мерфи симптомы оң, бауыр үлкеймеген, үлкен дәреті 2 күн болмаған. Диагноз қойыңыз//

Созылмалы холецистит, өршу сатысы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

26 жастағы ұста болып істейтін науқас эпигастрий аймағындағы тесіп ауыратын ауру сезімінің арқасына берілетініне және құсуына шағымданды. Ауру таңғы сағат 5-те басталады және таңғы астан кейін бәсеңдейді, бірақ 2-2,5 сағаттан кейін қайта күшейеді. Қарағанда: жағдайы орташа, тері жамылғысы ылғалды, суық, тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, Тілі ақ жабындымен жамылған. Ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағы қатайған, ауырғандық сезім анықталады және Мендель симптомы оң. Бауыр үлкеймеген. Диагноз қойыңыз//

Бірінші рет анықталған асқазанның жара ауруы//

Созылмалы вирусты гепатит, өршу сатысы//

Созылмалы эзофагит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы панкреатит, өршу сатысы

***

27 жастағы науқас басының және белінің ауыратынына, дене қызуының көтерілетініне, әлсіздікке, жүрек айнуға шағымданды. Анамнезінде: ангинамен жиі ауырған. Қалтырау болмаған. Обьективті: дене бітімі дұрыс, беті ісіңкі, дене қызуы 38,2. Тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз, АҚҚ 180/110 мм сынап бағанасы. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, кіндіктен оңға қарай ортаңғы бөлік терең пальпациялағанда ауырады, бауыр үлкеймеген, кіші дәреті жиілеген,ауыру сезімі бар, тәулігіне 6-8 рет.Зәрінің түсі қызарған, мөлдір емес. Диагноз қойыңыз//

Жедел диффузды гломерулонефрит//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

17 жастағы науқас ауруханаға түскенде шағымы болмады. Бір апта бұрын катаральды өзгерістер болды, дене қызуы субфебрильды. Ауырудың 3-ші күні зәрінің түсі өзгергенін байқады – қызғылт түс болған. Жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысы өзгеріссіз, АҚҚ 120/80 мм сын.б. Тыныс алу және қан айналым жүйесі өзгеріссіз. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, ауырмайды. «Қағу» симптомы (поколачивания) екі жағында да оң. Зәр шығаруы өзгеріссіз, ісік жоқ. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1018, ақ уыз 0,18 г/л, лейк.1-2-3 көру/кең. Гиалин және түйіршікті цилиндрлер. Қанның жалпы анализі- өзгеріссіз. Диагноз қойыңыз//

Жедел диффузды гломерулонефрит//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

 

***

2 апта бұрын ангинамен ауырған 30 жастағы науқаста таңертең кенеттен ісік пайда болды. Анамнезінде бүйрек ауруы бар. Қарағанда: жалпы жағдайының ауырлығы орташа, беті ісіңкі, бозғылт, аяғы, белі іскен, асцит.

АҚҚ 190/120 мм сын.б. Өкпесінінің төменгі бөлігінде демалысы бәсең. Жүрек тондары ырғақты, анық. Ішті пальпациялағанда жұмсақ, бүйрек аймағы ауырады. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1010, ақ уыз 3,06 г/л, эритр. 50-60, лейк.1-2-3 Гиалин және түйіршікті цилиндрлер. Қанның жалпы анализі: Нв – 120 г/л, эритр.4,6х10/л, лейк – 8,3х10/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Диагноз қойыңыз//

Жедел нефротикалық синдром//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

43 жастағы науқас сол жақ белі тұсының кейде күшейетін сыздап, батып ауыратынына шағымданды. Соңғы 5 жылда зәрмен кейде сары кірпіш түстес ұсақ тастардың шыққаны анықталды. УДЗ жасағанда сол жақ бүйректің кеңейген түбекшесінде эхопозитивті диаметрі 20 мм дейін акустикалық көлеңке анықталды. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – ақ уыз 0,033 г/л, эритр. 10-12, лейк.10-15, зәр қышқылының кристалдары аз мөлшерде анықталды, бактерии ++. Диагноз қойыңыз//

Сол жақ пиелонефрит, өршу сатысы//

Жедел пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Интерстициальды нефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

28 жастаға науқас жалпы әлсіздікке, ауызының құрғайтынына, мұрынынан кейде қан кететініне, бел тұсының батып ауыруына шағымданды. «Қағу» симптомы (поколачивания) екі жағында да оң. УДЗ жасағанда тостағанша – түбекше жүйесінің кеңейгені анықталды. Тексергенде: зәрдің жалпы анализі – меншікті салмағы 1004, ақ уыз 0,033 г/л, лейк.16-18, эритр.1-2, бактерии+++. Қанның жалпы анализі: Нв – 130 г/л, эритр.4,5х1012/л, лейк – 8,6х109/л. Диагноз қойыңыз//

Созылмалы екі жақты пиелонефрит, өршу сатысы//

Созылмалы сол жақ пиелонефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі//

Интерстициальды нефрит//

Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі

***

Урограммада бүйректің тостағаншасы мен түбекшесі кеңіген, асимметриялы зақымдалған.Бұл өзгеріс қай ауруға тән?//

пиелонефрит//

Амилоидоз//

Туберкулез//

Гломерулонефрит//

Бүйрек тас ауруы.

***

Зоб дегеніміз не?//

Қалқанша без функциясының төмендеуімен білінетін ауру//

Қалқанша без функциясының жоғарылаумен білінетін ауру//

Кеңірдектің басылуымен (компрессия) білінетін қалқанша без ауруы//

Қалқанша без көлемінің әйелдерде 18 мл, еркектерде 25 мл артық болуы//

Қалқанша безде түйіндердің анықталуы

***

Диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқастың қалқанша безін пальпациялағанда: //

Консистенциясы жұмсақ, былқылдақ //

Екі бөлігінде де қатты түйіндер анықталады//

Атрофияның салдарынан без анықталмайды//

Тығыздығы біркелкі емес безде жұмсақ бөліктердің болуы//

Қалқанша без тығыздалған және теп-тегіс

***

47 жастағы әйел ұйқышылдыққа, әлсіздікке, терісінің құрғауына, ішінің қатуына, салмағының жоғарылауына (4 кг) шағымданды. Тексергенде: гипорефлексия, гипотермия пальпация жасағанда қалқанша безі аздап үлкейген. Диагнозды нақтылау үшін ең маңызды лабораторлық көрсеткіш көрсет.//

Холестеринді анықтау//

Креатининді анықтау//

Зәр қышқылын анықтау//

Тиреоидтық гармонды анықтау//

ЭТЖ-ны анықтау

***

Тиреотоксикозды мерказолилмен емдегенде болатын асқыну.//

Гипокалиемия//

Қандағы креатининнің көбеюі//

+Нейтрофилдердің азаюы//

Гипергликемия//

Гипокальциемия

***

22 жастағы әйел ұйқышылдыққа, әлсіздікке, терісінің құрғауына, ішінің қатуына, салмағының азаюына, шөлдегіштікке және зәр мөлшерінің көбеюіне шағымданды. Осы белгілер соңғы 2-3 аптадан бері мазалайды. Қарағанда: есі анық емес, терісі құрғақ, тығыздығы (тургор) төмендеген, бұлшықет гипотониясы анықталды.Тыныс алуы жиілеген, (минутына 20 рет), АҚҚ 90/60 мм с.б., жүрек соғу жиілігі 98 мин., аузынан ацетон иісі шығады. Қандай диагноз қоясыз?//

2-ші типті қантты диабет, гиперосмолярлық жағдай//

Психогендік полидипсия//

1-ші типті қантты диабет//

1-ші рет анықталған қантты диабет, кетоацидоттық прекома//

Қантсыз диабет

***

Гликозилденген гемоглобиннің деңгейі нені көрсетеді?//

Осы уақыттағы гликемияның деңгейі//

Қант диабетінің соңғы асқынуларының даму болжамы//

Гипогликемияның даму қаупі//

Соңғы 3 айдағы гликемияның деңгейі//

Кетоацидоздың дамуы

***

Қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын 30 жастағы науқаста инсулин енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң коматоздық жағдай болды. көрсетілетін бірінші реттегі көмекті көрсет.//

ЭКГ-ге түсіру//

5% глюкозаны енгізу//

(10-20 б) инсулин енгізу//

Қанедағы креатинин, глюкоза, электролитті анықтау//

40% 20 мл глюкозаны енгізу

***

Көптен бері қант диабетімен ауыратын науқастың соқыр болу себебі//

Глаукома//

Катаракта//

Пролиферативті ретинопатия//

Көру нервтерінің атрофиясы//

Автономдық нейропатия

***

Бойы 178 см, салмағы 98 кг науқас дәрігерге келді. Осы пациенттің дене салмағының индексі қандай болады?//

Дене салмағының дефициті//

Дене салмағы қалыпты//

Дене салмағы жоғары//

1-ші дәрежедегі семіздік//

2-ші дәрежедегі семіздік

***

Суреттегі қалқанша без гиперфункциясына тән белгіні көрсет.//

Птоз//

Кератит//

Экзофталь//

Халязион//

Склерит

***

Артық салмақты 50 жастағы науқас әйелде ашқарынға 2 рет гликемия 6,9 және 7,.2 ммоль/л болды.Төмендегі қай диагноз сәйкес болады?//

Семіздік//

1типті қантты диабет//

2типті қантты диабет//

Ашқарындағы гликемияның бұзылуы//

Глюкозаға төзімділіктің төмендеуі.

***

24 науқас бір айда 9кг. арықтағанына, аузының құрғауына,шөлдегіштікке,

кіші дәреттің жиілеуіне, тәбетінің жоқтығына және жүрек айнуына шағымданды.Қарағанда: терісі құрғақ, алақаны мен табаны сарғайған, денесіне сыздауық шыққан. Зәрдегі қант-2,9%, ацетонурия бар. Төмендегі қай препарат тиімді?//

бигуанид//

сульфаниламид//

инсулин қоспасы//

қысқа әсерлі инсулин//

ұзақ әсерлі инсулин

***

 

***

35 жастағы науқас жүрегінің қатты соққанына және жүрек ырғағының бұзылғанына,ашуланшақтыққа, қолының дірілдеуіне шағымданды.

Тексергенде: қалқанша безі 2-ші дәрежеге дейін үлкейген, жүрек тондары қатайған,аритмия бар.ЖСЖ- 88рет 1 мин.(жүректің соғу жиілігі)

пульс-78,АҚҚ145/80мм.с.б.ЭКГ-де ритм дұрыс емес, қарыншалық комплекс алдында Р тісшелері жоқ, изосызықшаның ретсіз

ірі және ұсақтолқынды ауытқулары анықталды.

 

Дәрігердің шешімі бойынша науқаста://

Синустық тахикардия,жайылмалы уытты зоб//

Жайылмалы уытты зоб,жыбыр аритмиясы//

Жайылмалы уытты зоб, жүрекшелік экстрасистолия//

Жайылмалы уытты зоб, эктопиялық ритм//

Жайылмалы уытты зоб, қарыншалық экстрасистолия//

 

***

Ауруханада миокардтың алдыңғы қабырғасының жайылмалы трансмуральды инфаркті- деген диагнозбен емделіп жатқан науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, құрысу және естен тану болды.ЭКГ-де ретсіз, дұрыс емес ритм, QRS комплексі менТ тісшесі жоқ.

Науқастың жағдайының нашарлауы неден болды?//

Жыбыр аритмиясы//

қарыншалардың фибрилляциясы//

жүрекшелік экстрасистолия//

эктопиялық ритм//

қарыншалық экстрасистолия//

***

Стресстен кейін 25 жастағы науқаста жүрек тұсының шаншып ауыруы пайда болды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/60 мм сын.бағ.жүрек тондары анық, таза, бірақ ырғағы бұзылған. (аритмия) ЭКГ-де Р тісшесі кезектен тыс, синустық емес, ал QRS комплексі қалыпты. PQ интервалы 0,12-0,20. Сіз қандай диагноз қоясыз?//

Жыбырлақ аритмия//

Қарыншалық фибрилляция//

Жүрекшелік экстрасистолия//

Эктопиялық ритм//

Қарыншалық экстрасистолия.

***

Дәрігердің қабылдауында 36 жастағы науқас психикалық күйзелістен кейін пайда болған жүрек тұсының шаншып ауырғанына шағымданды.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/60 мм.с.б. Жүрек тондары анық, таза аритмиясы бар. ЭКГ-де төмендегідей өзгеріс болғанда сіз қандай диагноз қоясыз?

Жыбырлақ аритмия//

Қарыншалық фибрилляция//

Жүрекшелік экстрасистолия//

Эктопиялық ритм//

Қарыншалық экстрасистолия.

***

ЖИА,күш түскеннен болатын стенокардия ФК2. диагнозымен ауыратын 56 жастағы науқас күнделікті жүктемеден (нагрузка)кейін төс артының және жүрек тұсының бұрынғыдан жиі және ұзақ ауыратынына, нитроглицериннің көмектеспегеніне шағымданды.ЭКГ-де өзгеріс жоқ.Дәрігер науқасты тексеріп,төмендегі шешімге келді://

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК2.//

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК3.//

ЖИА, тұрақсыз стенокардия.//

ЖИА, күш түскеннен болатын стенокардия ФК4//

ЖИА, миокардтың жедел инфаркті.

***

Қауіп факторлары және қосарланған аурулары жоқ 40 жастағы науқастың АҚҚ 155/95 мм.с.б. 1999ж. ДДҰ-ның ұсынысы бойынша науқасты қандай қауіп тобына жатқызу дұрыс?//

Төменгі қауіп тобы//

Орташа қауіп тобы//

Жоғары қауіп тобы//

Өте жоғары қауіп тобы//

Ноль тобы

***

Науқастың АҚҚ 142/94 мм.с.б.Анамнезінде 2-ші типті қантты диабет.

Науқасты қандай қауіп тобына жатқызу дұрыс?//

Төменгі қауіп тобы//

Орташа қауіп тобы//

Жоғары қауіп тобы//

Өте жоғары қауіп тобы //

Ноль тобы

 

***

56 жастағы науқастың анамнезінде ЖИА инфаркттен кейінгі кардиосклероз, күш түсу стенокардиясы, ФК 3, жүрек функциясының жеткіліксіздігі 3. ЭКГ-де төменгі өзгеріс болғанда, сіздің шешіміңіз қандай?//

Date: 2015-07-01; view: 699; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию