Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Викторина 1





Топ-

....

Олимпиадамызға алтын уақыттарын бөліп келіп отырған құрметті қонақтармен таныс болайық:

· Университетіміздің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Жунусова Айгуль Битимбаевна

· Жалпы медицина факультетінің деканы – Алимбаева Алия Акановна

· Оқу методикалық орталығының бастығы – Токешова Айгуль Манарбековна

Жүргізуші Нұрбек:

Әділқазы армысыздар, алқалар. Талай-талай шындық сізде бар табар! Бағаларын ойыншының беретін
Қымбат бізге-әділетті тұлғалар!

1. «Жалпы хирургия» пәнінің оқытушысы, профессор Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлы!!!

2. Көп жылдар бойы университетке еңбегі сіңген, ұлағатты ұстаз, жоғары дәрежелі хирург, кафедра асистенті- Нұрғалиев Бекен Нұрғалиұлы

3. Кафедра асистенті, м.ғ.к- Абылхайыров Қадылбек Тұрысбекұлы

4. Кафедра асистенті және магистранты- Ашубаева Арна Қуанышқызы

Жүргізуші Еңілік: Бүгінгі олимпиада барысында қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар профессор Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлының «Жалпы хирургиядан ситуациялық тапсырмалар» 2010ж «Жалпы хирургияның тест сұрақтары» 2013 ж 2013 жылы жарық көрген «Жалпы хирургия» оқулығынан алынды.

Жүргізуші Нұрбек: Білім бәйгесінің қатысушыларын сайыс талаптарымен таныстырып өтсек. Жалпы есепте 25 сайыскер бақтарын сынайтын болады. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Атап айтатын болсақ:

1 кезең – «Бәйге» 2 кезең – «Жорға» 3 кезең – «Кім тапқыр?» 4 кезең – «Көкпар» 5 кезең – «Дода» 6 кезең – «Ғажайып алаң» 7 кезең – «Супер ойын – «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Әрбір кезең, бағалау критерийлеріне сай 5 – 10 балл аралығындағы ұпайлармен бағаланатын болады.

Жүргізуші Еңілік: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –

-деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық!

Жүргізуші Нұрбек: Бірінші кезең «Бәйге»

Бұл кезеңнің шарты бойынша, сіздердің назарларыңызға слайд түрінде 25 сұрақтан тұратын тесттік тапсырма ұсынылады, ол үшін алдарыңызға таратылған жауап парақшасына тапсырманың дұрыс нұсқасын жазып көрсетулеріңіз керек. сіздерге берілетін 15 секунд уақытты ұтымды пайдаланыңыздар.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайыс ережеcіне сай, осы айналымда ең аз ұпай жинаған 5 қатысушымызбен қош айтысамыз.

Ендеше сайыстың шартымен таныс болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз!

Жүргізуші Еңілік: Екінші кезең - «Жорға»

Бұл айналымда сіздер сұрақтар қоржынынан асық алып, алған асықтарыңыздың реттік санына орай, экранда көрсетілген ұяшықтағы сұрақтарға 1 мин ішінде ойланып, жауап берулеріңіз шарт. Әділ – қазылар алқасы, әрбір топтың жауап беруіне байланысты сәйкес ұпайлармен бағалап отырады.

Ереже бойынша, бұл айналымда төменгі ұпай жинаған 5 сайыскермен қош айтысамыз!

Жүргізуші Нұрбек:

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй –

деп Абай атамыз айтқандай керемет өнер иесі Қалибеков Ақжігітті тамаша «Қазағым – ай әнімен» сахна төрінешақырамыз!!!

Жүргізуші Еңілік: Үшінші кезең - «Кім тапқыр?»

- Бұл кезеңде әрбір ойыншыға бір мағына беретін 4 суреттен құралған сұрақ қойылады. Берілетін уақыт – 30 сек, Әділ қазылардың әділ шешімі негізінде, жауаптарыңыздың дұрыстығына сай сәйкес ұпайлармен бағаланатын болады!

Ережеге бойынша, бұл айналымнан төмен ұпай жинаған 5 сайыскермен қош айтысатын боламыз!

ВИКТОРИНА 1

Ұпайлар есептелгенше ортаға Құмарбеков Мирасты көрермендерге дайындаған сұрақтарымен шақырамыз.

Жүргізуші Нұрбек: Төртінші кезең – «Көкпар»

Айналым ережесіне сай, әрбір ойыншы экранда көрсетілген Ұлағатты ұстазымыз дайындаған ұяшықтағы видео сұрақтарға жауап берулері шарт. Бұл сайыста сіздерге берілетін уақыт – 1 мин. Ойларыңызды жинақтап, уақыттарыңызды ұтымды пайдаланып, сұраққа толық әрі нақты жауап беріңіздер. Сәттілік серіктерің болсын!!!

Date: 2015-07-01; view: 541; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию