Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценариі





Клиникалық жағдай: «Созылмалы жүрек жетіспеушіліктің диагностикасы және оны жүргізу тактикасы»

 

Жағдай: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 60 жастағы әйел келіп түсті.

Ø Анамнез жинап, науқасты қараңыз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – инструментальды зерттеу нәтижесін интерпретациялаңыз

Ø Диагноз құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Науқас 60 жаста, ҚКО қабылдау бөліміне келіп түсті

Шағымы: аяғындағы ісіну, шаршағыштық, жүрек қағуы, горизонтальды жағдайда күшейетін ентігу, құрғақ продуктивтілігі аз жөтел, жалпы әлсіздік, кешке қарай пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жүрек маңында жағымсыз сезімдерге шағымданады.

 

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Аяғындағы ісіну – немен байланысты, қашан пайда болған? Тәуліктің қандай кезінде пайда болады? Таңертеңгі уақытта бетінде ісіну бола ма? Ісінулер бір ай бұрын пайда болды, біртіндеп үдейді, кешке күшейеді. Бетте ісінулер байқамадым.
Ентігу сипатын анықтау, бірден пайда болды? Ентігу қандай – дем алу немесе дем шығару қиын ба? Дем алу қиын, пайда болуы біртіндеп, соңғы 2-3 жылда байқадым.
Жүрек қағудың пайда болу ұзақтығы, ол немен байланысты? Жүрек қағу психоэмоциональды, физикалық жүктеме, тыныштық кезінде де пайда болады, ештеңемен байланыссыз? Жүрек қағу алғашқыда физикалық жүктеме кезінде пайда болды, біртіндеп күшейе түсті, соңғы кездері тыныштық жағдайда да мазалайды. 3 жыл бұрын өткерген инфаркт миокардымен байланыстырамын
Ентігу ұстамалары немен шақырылады Ентігу ұстамаларының пайда болуы немен байланысты? Көбіне күндіз, түнде, қанша жастықта ұйықтайсыз? Ентігу ұстамалары белгілі бір иістер, шаң, дәрілік препарат қабылдаумен байланысты ма?   Физикалық жүктеме кезінде пайда болады, соңғы 2 айда ентігу тыныштық жағдайда да болады, горизонтальды қалыпта. Көбіне түнде, басты сәл жоғары етіп ұйықтағанды қалаймын, екі жастықта ұйықтаймын.
Қақырық сипаты, басқа белгілермен байланысы Қақырық түрі қандай, ол жеңіл шығарыла ма? Қақырық пайда болуы температура жоғарылаумен, дене суықтаумен байланысы бар ма жоқ па? Қақырық серозды-шырышты, көпіршікті (сілекейге ұқсас), қиын шығады, қызбамен байланыссыз, бір апта бұрын пайда болды

 

Анамнезінде: 3 жыл бұрын инфаркт миокардын өткерген. АГ және ҚД бойынша «Д» есепте тұрамын. Бастапқы кезде аяқ басының домбыққанын байқай бастадым (кешке қарай аяқ киімім тар бола бастады), тез шаршағыштық, ентігу пайда болды, алғашқыда жүрек қағу аз ғана жүктемеден кейін, кейіннен тыныштық жағдайда да пайда болды. Аяқтағы ісіну тұрақты болып қалды. Ата -анамда жүрек аурулары болған, әкем инсульттен қайтыс болды.

Объективті: бойы 168 см және салмағы 79 кг. Қарағанда: қалпы ортопноэ (orthopnoe) — төсекте мәжбүрлі немесе жартылай отырыңқы қалып, аяғы төмен түсірілген, тері жабындылары мұздай, акроцианоз, мойын веналары ісінген, аяғында ісінулер. Ісіктер симметриялық; басқаннан соң сирағында шұңқыр қалады. Перкуссия кезінде жүректің сол шекарасы ортаңғы-бұғана сызығынан солға 2,0 см сыртқа ығысқан. Аускультация кезінде тондары тұйық, П тон екі еселенуі, Ш және 1V тонның пайда болуы. ЖСЖ – 96 рет 1 мин. АҚ 170/90 мм сб.б. Өкпеде әлсізденген везикулярлы тыныс фонында жауырынға дейін жететін төменгі бөлімдерде ылғалды сырылдар естіледі. Бауыр 4-6 см дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, іші үлкейген, оң флюктуация симптомы анықталады. Зәр шығаруы жиі, түнде 3-4 рет.

 

 

ЖҚА: эритроциттер 4,2х1012, гемоглобин 144 г/л, ТК 0,94, лейкоциттер 5,1х109/л, с/я 67%, т/я – 3%, эозинофилдер 2%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 9 мм/сағ.   ЖЗА: мөлшері 120,0 мл, салыстырмалы тығыздығы – 1010, түсі– сары, лейкоциттер – 1-2 к/а.
Биохимия: Глюкоза – 5,5 ммоль/л Холестерин 6,8 ммоль/л АСТ – 0,24 АЛТ – 0,45 ТТЛП – 4,1 ммоль/л ЖТЛП – 0,9 ммоль/л Триглицеридтер – 2,9 ммоль/л Креатинин – 114 мкмоль/л Креатинфосфокиназа (КФК) - 46 КФК"MB - 24 Тропонин I - 0,01    

 

 

ЭКГ

 

 

Синусты тахикардия 112/мин, гипертрофия V S, терең Q тісшесі V1-4 шықпаларында, T (-) I, AVL,V4-6 шықпаларында ST депрессиясы

 

Date: 2016-08-30; view: 335; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию