● Палеолиттің уақыты – б.з.б. -2 млн.500 мың жылдан – 12 мың жыл аралығы
●Тас дәуірінде адамдар тас құралдарды пайдаланды,сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады
●Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері – Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында, Маңғыстауда Шақпақата ескерткіштері
●Бұл тұрақтардан табылған тас құралдар: жарғыш сынатас,бифас,пышақ,қырғыштар т.б.
● Бифас – екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал
● Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар жасау арқылы өңделген
●Жамбыл облысындағы Бөірқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000 –ға жуық зат табылды
● Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақтар Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан табылды
● Батпақ тұрағы –Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын ең көне тұрақ, 6 м. тереңдіктен табылған,жасы –б.з.б. 30- 25 мыңыншы жыл, бұл жерден 300 –ге таяу тас құрал табылды
●Адамдар тобы уақыт өте –рулық қауымға айналды
●Рклық қауым «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді
●Рулық қауымда ортақ меншік болды
●Ру ішіндегі барлық мәселе – жалпы жиналыста шешілді
| ● Уақыты – б.з.б. 12 -5 мыңыншы жылдар
●Қазақстанда мезолит ескерткіштері аз кездеседі
●Жер бетін басқан мұз еріді,қазіргі-
ге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар қалыптасты
● Микролит – ұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар
●Тағы бір жаңалық – садақ пен жебенің шығуы
●Аңшылық негізгі кәсіпке айналды
●Мезолиттің тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтамады
●Қазақстанда 20- дан астам мезолиттік тұрақ белгілі
●Жануарларды қолға үйрету және дәнді дақылдар өсіруді бастады
● Мезолиттегі басты жаңалықтар:
1/ Ірі жануарлар жойылды
2/ Жебелі садақ
3/ Балта
4/ Ұсақ аңдарды аулау
5/ Ағашты құрал ретінде пайдалану
6/ Қайық, сал жасау
7/ Баспана тұрғызу,ағаш кесу
8/ Өзен –көлді кешіп өту
●Ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты
● Бағыштау (инициация) – балалар тобынан ересектер тобына өту
●Егіншілік пайда болды – 10 мың жыл бұрын
●Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді
●Егінді тас орқапен орды
| ● Уақыты – б.з.б. 5- 3мың жыл
●Мата тоқыды, киім тікті
●Керамикалық ыдыстарға өрнек салды
●Неолит дәуәрәнәң аңшыларының мекен –жайлары тұрақты болмау себебі –аңшылар аңдардың соңынан көшіп отырған
● Неолит тұрақтары:
1/ Усть –Нарым – Шығыс Қазақстан
2/ Қарағанды,Зеленая Балка – Орталық Қазақстан
3/ Пеньки – Солтүстік Қазақстан
●Жезқазған өңірінен 150 –ге жуық тұрақ табылды
●Табиғат осы заманғы табиғатқа ұқсас болды
●Қазақстаннан 500- ден аса неолиттік тұрақ табылды
●Адамдар қыш құмыра жасауды үйренді, сондықтан неолитті кейде «қыш құмыралар заманы» деп атайды
● Көзе – саздан жасалған ыдыс
●Арал маңындағы Сексеуіл тұрағынан 80% қой, сиыр сүйектері табылды
| ● Уақыты – б.з.б. 3000 -2800 жыл
●Адам баласы металдан құрал жасай бастаған дәуір
● Алғаш қолданған металл - мыс
● «Энео» - мыс, «литос» - тас
● Мыс өндіруді үйренді 7 мың жыл бұрын
● Екі ірі өзгеріс болды:
1/ еңбек бөлінісі
2/ аталық ру үстемдігі қалыптасты
● Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – егіншілік пен мал шаруашылығының бөлінуі
● Ботай тұрағы – б.з.б. 3-2 мың жылдықты қамтиды,аумағы 15 га жерді алады, 158 үй табылды, жылқы сүйектері көп табылды,яғни жылқыны көп өсірген
● Шебір тұрағы – Маңғыстау жерінде,ыдыстары саздан жасалған,тарақ тісі сияқты өрнек салған,теңіз моллюскаларын моншаққа пайдаланған, аң аулаумен айналысқан
● Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең – энеолит деп аталды
|