Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы





Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

Қоғамдық пікір мониторингін іріктеу өте күрделі, екі сатылы құрылымды білдіреді, онда 1-ші сатысы бойынша іріктеудің аумақтық принципі есепке алынады (1-кестені қараңыз):

 

1-кесте

 

(р/н Облыстар атауы Барлық халықтың саны (мың адам) Іріктеу жиынтығы
1. Ақмола 836,2  
2. Ақтөбе 682,5  
3. Алматы 1558,5  
4. Атырау 440,2  
5. Шығыс Қазақстан 1531,0  
6. Жамбыл 988,8  
7. Батыс Қазақстан 616,8  
8. Қарағанды 1410,2  
9. Қостанай 1017,7  
10. Қызылорда 596,2  
11. Маңғыстау 314,6  
12. Павлодар 806,9  
13. Солтүстік Қазақстан 725,9  
14. Оңтүстік Қазақстан 1978,3  
15. Алматы қаласы 1129,3  
16. Астана қаласы 319,3  
  Барлығы    

2-ші сатысы бойынша - квоталық принцип, этникалық және кәсіби өлшемдер негізінде. Іріктеудің мұндай құрылымы репрезентативтіліктің аумақтық принципін, сол сияқты республиканың жалпы жиынтығының репрезентативтілігін қамтамасыз етіп, іріктеу жиынтығын орнықтыруға мүмкіндік береді.

Мысал түрінде “ұлты” деген белгі бойынша “N” қаласының социологтары жүргізген іріктеу есебін қарастырайық (2-кестені қараңыз).

2-кесте

Негізгі этникалық топтар Жалпы жиынтық Іріктеу жиынтығы
1. қазақтар 53,0% (34450 адам) 53,0% (34 адам)
2. орыстар 30,0% (19500) 30,0% (20 адам)
3. басқалар 17% (11050) 17% (11 адам)
Барлығы 100% (65000) 100% (65 адам)

 

Есеп (n*p)/100 формуласы бойынша жүргізіледі, мұнда n - іріктеу жиынтығы, p - пайызбен көрсетілген халық үлесі (статистикалық мәліметтер бойынша). Бөлшектік мағына болған кездегі ондықтар 5-тен кіші болса - “0”-ге дейін, 5-тен үлкен болса - “1”-ге дейін жинақталады.

Осы секілді кестелер мөлшерлестік принцип негізінде құрылатын басқа да өлщемдер бойынша жасалынуы мүмкін. “N” қаласының мысалында негізгі сегіз әлеуметтік-кәсіби өлшемдер (ауыл шаруашылық жұмысшылары жоқ, өйткені сұрау қалада жүргізіледі) бойынша іріктеуді қарастырайық (3-кестені қараңыз). Әрбір квотаның мәні белгілі (статистикалық жинақтар) және пайызбен көрсетілген. Социологтың міндеті жоғарыда берілген формула бойынша сұралуға тиісті респонденттер санын есептеу.

3-кесте

 

№№ р/н Әлеуметтік-кәсіби категориялар Жалпы жиынтық (%) Іріктеу жиынтығы (адамдар саны)
1. Кәсіпорын, ұйым басшысы    
2. Өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары    
3. Бюджеттік сала қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, ғылым, деңсаулық сақтау, мәдениет, қызметкерлері)    
4. Кәсіпкерлер, фермерлер, сауда қызметкерлері    
5. әскери қызметкерлер, полиция, сот, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері    
6. Студенттер    
7. Зейнеткерлер    
8. Жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер    
  Барлығы    

 

Квоталық іріктеу бойынша сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушыға респонденттерді жынысы, жасы және білім деңгейінің белгісі бойынша таңдауда біршама еркіндік беріледі. Қоғамдық пікір мониторингінің тәжірибесіне негізделе отырып, жыныстық белгі бойынша квоталардың бөлінуі келесідей: әйелдер - 53 %, ерлер - 47 %. Өзіндік зерттеулерді ұйымдастыру кезінде іріктеуді нақтылы аймақ, аудан бойынша соңғы статистикалық мәліметтер негізінде есептеу керек екенін ескеру қажет.

Кәмелетке толған халық арасында сұрау жүргізген кезде талдау және мониторинг бөлімінің мамандары пайдаланатын жас мөлшерінің деңгейін негізге алған жөн (4-кестені қараңыз). Кестеде формула бойынша (жоғарыда көрсетілген) зерттеу үшін халықтың жас құрамы жөніндегі статистикалық мәліметтерді пайдалану арқылы “N” қаласының социологтары жүргізген іріктеудің есебі көрсетілген. Квоталарды бөлу статистикалық мәліметтерге мөлшерлес жасалынады.

 

4-кесте

 

Жастық өлшемдер Жалпы жиынтық (%) Іріктеу жиынтығы (адам саны)
1. 18-ден 30-ға дейін 26,9  
2. 31-ден 45-ке дейін 40,6  
3. 46-дан 60-қа дейін 20,9  
4. 61-ден жоғары 11,6  
Барлығы    

 

Қоғамдық пікір мониторингінің іріктеуін есептеген кезде пайдаланылатын өлшемдердің бірі респонденттердің білім деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда статистикалық жинақтардан алынған материалдар да пайдаланылады. “N” қаласының социологтары жүргізген зерттеулерге сәйкес параметр бойынша іріктеудің есебін қарастырайық. Отандық социологияда пайдаланылатын классикалық градациялар бойынша жоғарыда көрсетілген стандартты формула қолданылады (5-кестені қараңыз).

 

 

5-кесте

 

Білім деңгейі Жалпы жиынтық (%-бен) Іріктеу жиынтығы (адам саны)
1. толық емес орта 4,7  
2. орта 18,8  
3. арнайы орта 31,0  
4.аяқталмаған жоғары 10,7  
5. жоғары 34,8  
барлығы    

Іріктеу репрезентативтілігінің сақталуын қамтамасыз етіп, сұхбат алушының жұмысын жеңілдету үшін негізгі, өзара байланысты өлшемдер бойынша есептеу жүргізіледі (6-кестені қараңыз).

6-кесте

 

№№ р/н Әлеуметтік-кәсіби категориялар қазақтар орыстар басқалар
1. Кәсіпорын, ұйым басшысы      
2. өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары      
3. Бюджет саласының қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау қызметкерлері)      
4. Кәсіпкерлер, фермерлер, сауда қызметкерлері      
5. әскери қызметкерлер, полиция, сот, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері      
6. Студенттер      
7. Зейнеткерлер      
8. Жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер      
  Барлығы      

 

Мұндай кестелер қоғамдық пікір мониторингін жүргізу кезінде алғашқы мәлімет жинауда пайдаланылады. Өз зерттеулерін ұйымдастыру кезінде социолог аймақтың өзіне тән ерекшелігін ескеруі тиіс, яғни іріктеу жиынтығын есептеуде нақтылы елді мекен (облыс) жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйену қажет.

Кездейсоқ іріктеу әдісі - зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің зерттеуге түсуінің тең ықтималдылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Кездейсоқ іріктеу әдісі көп еңбекті қажет етпейді, көбінесе экспресс-сұраулармен және телефондық сұхбат жүргізу кезінде қолданылады (АТС және қала немесе ауыл абоненттерінің саны жөнінде мәліметтер болғанда).

Іріктеу жиынтығының көлемін анықтау кезінде жоғарыдағы әдісте қарастырылған технология пайдаланылады. Таңдау қадамы (К) мына формула бойынша есептелінеді: K=N/n, мұнда N - жалпы жиынтық көлемі, n - іріктеу жиынтығының көлемі.

Мысал:

N = 1500 адам, ал n = 150 адамға болса, онда: 1500/150=10 болады. Бұл тізімнен әрбір ондық бірлік алынуы тиіс екенін білдерді.

Есептеу алфавиттік тізімнің басынан да, соңынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Респонденттерді таңдауға арналған мұндай тізімдер ретінде сайлаушылар, кәсіпорын жұмысшылары, оқу орындарының тізімдері немесе үй кітапшасындағы жазбалар пайдаланыла алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әлемнің жетекші елдерінде қазіргі заманғы социология теориясы бойынша ең соңғы басылымдардың бірін толық шолып қарауға болады. Онда кез келген басқа түсініктерге қарағанда, “марксшілдік теория”, “марксшілдік”, “марксшілдік социология” териминдеріне сілтеулер саны жағынан көбірек және кітапта марксшілдік түсіндірмелік социологиялық теорияның рөлі жөнінде жоғары баға беріледі. Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. - СПб.: Питер, 2002.

2. Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. - С. - 459.

3. Социология. Основы общей теории: учебное пособие / Г.В.Осипов и др. / под ред. Г.В. Осипова, Л.Н. Москвичева. - М.: Аспект Пресс, 1996. - С. 353; Ядов В.А. Стратегия социологического иссле­дования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - М.: “Добросвет”, “Книжный дом “Универмитет”, 1998. - С.70.

4. Фрейм - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру принциптері //Ритцер Дж. Современнные социологические теории. - С. 272-273.;

5. Болжамдардың сипаттамалары мына кітапта жақсы корсетілген: Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - С. 100-103.

6. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. - С.106.

7. Джарол Б.Мангейм, Ричард К. Рич. Политология. Методы исследования. М., 1997.

8. Ядов В.А. Социологические исследования: методология, программа, методы. М., 1995.


Date: 2016-07-25; view: 456; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию