Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары.





Кіріспе

 

Мамандыққа сәйкес оқу жоспары негізін «Мұнайгаз кәсіпшілігінің есептеу және конструкциялау», «Мұнайгаз машиналарын мен жабдықтарын жобалау» курсы қарайтын пәнді оқутыды қарастырады. Бұл пәнді оқу кезінде студенттердің курстық жобасына белгілі сағат мөлшері беріледі.

Курстық жобаны орындау- ол студенттің білімін ары қарай жетілдіріп, курстық жоба бойынша берілген тапсырманы және оқу жоспарын алуды үйретеді.

Курстық жоба оқулық бағдарламалардағы тапсырмаларды бөлімге бөліп тереңірек үйренуді талап етеді.

Тереңдете оқығанымен теоретикалық білімін кеңейте отырып, жобалауды үйретеді және ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуді, әдебиет тізімдерімен, МЕСТ-термен, осы пәнге қатысты шарттармен, қолданылатын материалдар мен және басқа да техникалық әдебиеттермен, инженерлік практикаларда есеп пен жобалауды машина мен қондырғылар қолданылады.

Нақты жобалау әдістерімен сәйкестендіре және өзіндік конструкторлы және жұмыс есебі. Курстық жобалау студенттердің дипломдық жұмыстарында маңызды сатысы болып табылады.

Түсіндіру мен есептеу бөлімдерінің көлемі орташа санмен 30-35 бетті, ал жобаның графикалық көлемі А1 форматта 3-4 парақты құрайды.

Ескерту:

Курстық жобалаудың реті мен әдістері курстық жобалаудың оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген.

Курстық жобалаудың мазмұны:

1. Кіріспе. Тағайындау, жұмыс істеу принципі, сызба, қондырғының жұмысы мен конструкциялау ерекшеліктері. Қондырғының кинематикалық есебі. Қондырғының кинематикалық сызбасын келтіру (жасау).

2. Тағайындау, жұмыс істеу принципі, сызба, қондырғының жұмысы мен конструкциялау ерекшеліктері.

3. Жобалаудағы бір қондырғының есебі.

Курстық жобалаудың практикалық бөлімі:

2 немесе одан да көп А1, А2, А3, А4 сызба форматынан тұрады. МЕСТ-пен масштаб сақталуы керек.

ыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары.

 

Штангалық сораптармен ұңғымаларды пайдалану әдісінің негізіне ұңғымаға түсірлетін іс-әрекеті қайтымды көлемдік сораптар кіреді және олар жер бетінде орналасқан жетектеуші механизммен механикалық түрде байланысқан. Барлық мұндай жабдықтар кешені штангалық ұңғымалы сорапты қондырғы деп аталады (ШҰСҚ).

Штангалық сорапты қондырғы сағалық жабдықтан, штангалық сораптардың тізбегінен, сораптық компрессорлы құбырлардың тізбегінен, ұңғымалы сораптан және қосымша жер асты қондырғысынан тұрады. Бөлек жағдайларда қандай да бір элемент орын алмауы мүмкін, сол кезде оның қызметін ШҰСҚ-ң басқа элементтері атқарады.

Сораптық штангалардың тізбегі бір-бірімен бұрандалармен байланысқан және штангалардан құралған өзекше (стержень) түрінде келтірілген. Сораптық штангалар тізбегі механикалық энергияны жетек механизмінен ұңғыманың сорабына береді. Ұңғымалық сорап (негізінен плунжерлі болып келеді) қайтымды-ілгерілмелі қозғалатын штангалардың механикалық энергиясын қабаттық сұйықтарды жоғарыға тартып шығару энергиясына түрлендіреді.

Көп жағдайда ШҰСҚ-да жетек ретінде балансирлі тербелмелі-станоктарды қолданады (сурет 1). Балансирлі тербелмелі-станоктар массалы фундаментте (1) орналасқан рамадан (2) құралған. Рамада тірек (9) орнатылып, оған топсаның көмегімен балансир (10) бекітілген, оның бір шетінде бас (12) орналасқан, екінші шетінде оны шатунмен байланыстыратын топса бар. Шатун редуктордың шығар білігіне бекітілген кривошиппен (5) біріктірілген. Редуктордың кіру білігіне сына (клин) тәрізді белдікті беріліс арқылы электр-қозғалтқышы (3) жалғанған. Балансирдің басына штангалар тізбегі арқанды ілгіштің көмегімен (13) байланысады.

Сораптың арқанды ілгіші сораптық штангалар тізбегін тереңдікте орналасқан ұңғылық сораптың плунжерлерімен жалғастырады. Тізбек жеке штангалардан (17) жиналады. Штангалардың ұзындығы 6-дан 10 м дейін, диаметрі 12-ден 25 мм аралығында болады және бір-бірімен муфталар (23) арқылы жалғасады. Жылтырлатылған штоктың жоғары класты тазалықпен өңделген беті болады және оны бірінші немесе сальникті штанга деп атайды.

Сораптық компрессорлы құбырлар тізбегі қабаттық сұйықты жер бетіне шығарады және сағалық арматураны тереңдегі ұңғылық сораптың цилиндрімен біріктіреді. Ол жеке құбырлардан (18) құралған, ұзындықтары 8-12м, диаметрі 48-114мм және шығар жердегі құбырлар буынымен біріктірілген.

СКҚ-ды герметизациялау үшін тізбек құрылғысының жоғарғы бөлігінде сағалық сальник орнатылған. Сальник арқылы жылтыратылған штанга өткізілген ұңғыма сағасының жабдықтарынан өндірілетін сұйықты

сурет 1. Штангалы ұңғымалы сорап қондырғысы (ШҰСҚ):

 

1-фундамент; 2-рама; 3-электр-қозғалтқыш; 4-сына-белбеулі беріліс; 5-кривошип; 6, 8-контрасмалық жүктер; 7-шатун; 9-ұстын; 10-балансир; 11-балансир басын бекітіп қою механизмі; 12-балансирдің басы; 13-арқан ілу құрылғысы; 14-жылтыратылған шток; 15-сағалық сальник; 16-шегендеу құбырларының тізбегі; 17-штанга тізбегі; 18-СКҚ; 19-тереңдік сорабы; 20-газды якорь; 21-штанганың шыңдалған нығыздағышы; 22-құбырлы цилиндр; 25-сорап плунжері; 26-айдау клапаны; 27-сору клапаны.

алып кететін жері болады және ол арқылы сұйық алынады да, сүзгі тор арқылы өндіріске жіберіледі.

Әрекеті бір жақты ұңғымалық сорапты қарастырайық ІІІ. Ол СКҚ тізбегіне жалғанған цилиндрден (24) және штанга тізбегіне жалғанған плунжерден (25) тұрады. Айдау клапаны (26) плунжерге, ал сору клапаны (27) – цилиндрдің төменгі бөлігінде орнатылған.

Сораптың төменгі бөлігінде қажетті жағдайда газды IV немесе құмды сұйықтан бөлетін якорь орнатылған. Газ құбыр сыртындағы кеңістікке СКҚ (18) және шегендеу (16) құбырлар тізбегінің арасы арқылы өтеді, құм якорьдің корпусында тұнып қалады.

ШҰСҚ-ның жұмыс істеуі кезінде оған энергия электрлі қозғалтқыштан редуктор арқылы кривошипті-шатунды механизмге беріліп, оның көмегімен айналмалы қозғалыс штангалар тізбегінің қайтымды-ілгерілмелі қозғалысына түрленеді. Тізбекпен байланысқан плунжер де қайтымды-ілгерілмелі түрде қозғалады. Плунжердің жоғары қарай қозғалысында айдау клапаны плунжердің үстіндегі сұйық қысымымен жабылады да, ол СКҚ бойымен жоғары көтеріледі. Сол уақытта сору клапаны ашылып, плунжердің астындағы цилиндр көлемі сұйыққа толады.

Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде сору клапаны сұйық бағанасының қысымымен жабылады да, айдау клапаны ашылып сұйық плунжердің үстіндегі кеңістікке жиналады.Үстіңгі бетке көтерілген сұйық сағалық сальниктің бүйіріндегі бұрып алу тесігі арқылы өндірістік коллекторға жіберіледі.

Кәсіпшіліктің түріне немесе жекеленген ұңғымаларға байланысты ШҰСҚ-лардың басқа конструкциялары қолданылуы мүмкін.

ШҰСҚ көптеген күрделі жүйелі тораптардан тұрады. Оның классификациясы 4.2-суретте морфологиялық матрица ретінде келтірілген.

Морфологиялық матрицаның үстіңгі қатары жетектеушілердің түрлері мен модификацияларын бейнелейді. Мұнда балансирлі тербелмелі-станок (ТС), трапециялы заңдылықпен қозғалатын ұзын жүргішті механикалық жетек, гидравликалық және пневматикалық жетек түрлері келтірілген.

Date: 2016-07-25; view: 778; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию