Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтан зиян келтіру





Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа әр түрлі ауырлықта зиян келтіру, ұрып соғу, сондай-ақ соз ауруларын жұқтыру және адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы жатқызылады. Мұндай қылмыстардың объектісі адамның денсаулығы болып табылады.

Адамның денсаулығы — бұл адам денесінің анатомиялың, тұтастығы және оның тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуі.

Мұндай қылмыстар әрекетпен немесе әрекетсіздікпен жасалуы мүмкін және басқа адамның денсаулығына зиян келтіруден тұрады. Өз денсаулығына зиян келтіру қылмыс деп есептелінбейді. Тек бір ғана жағдайда, дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтаруда ғана дене мүшесіне зақым келтіру қылмыс деп қарастырылады.

Адамның денсаулығына зиян келтіру дене жарақаттарын салудан және адам организмінің физиологиялық қызметін басқа жолмен бұзудан (жүктілікті тоқтату психикалық ауру, есірткі немесе уытқұмарлықпен ауыру көрінуі мүмкін.

Денсаулыққа зиян келтіру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: механикалық ықпал ету, химиялық немесе термиялық құралдар қолдану. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл деп бөлінеді.

Қылмыстық кодексте адамға қаза келтіру мен денсаулыққа зиян келтіруге ғана емес, сонымен бірге осы объектілерді зиян келтіру қаупінде қалдыратын әрекеттерге жауапкершілік бекітілген. Ондай қылмыстарға мыналар жатқызылады: қорқыту, өміріне қауіп төндіру, ауыстырып салу не басқаша пайдалану үшін адамның органдарың немесе тінін алуға мәжбүр ету, медидина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы, заңсыз аборт науқасқа көмек көрсетпеу, қауіпті жағдайда қалдыру. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыкка қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыкха қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4)ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыкка абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) корқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарың, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның денсаулығына, кұкыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет аркылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсак, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалык әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылыктан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялык операциялардаң туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін ерескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқүрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі кінәнің әрекетінен немесе әрекстсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлыктағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыкқа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10)адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) зансыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамнын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас. Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар. Енді ауыр дене жарақатын салу тусінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалтты денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінін қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан кұйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамнын іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару
органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жаракаттық тізбегі жоғарыда айтылған ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден
айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады. Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір кезден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе2 метр қашықтықта бармақтың санын кере алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мелшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде катыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей
қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, кұлағынан 3-6 см қашықтықта айтканда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарынын, бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың естімей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір кұлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтын, бұзылуына әкеп сокқан жеңіл жарақат деп
бағаланады.

л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға — аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.

е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сикының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т. б. ұксап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жаракатына жатады, ейткені мұндай жағдайда орың алатын іш кұса болып қатты қайғыруға бетпішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.

и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп — жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Енбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады.

Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардын, кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дорежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.

к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінін мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші оргаиизмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оғаң дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.

ж) Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасынын
бұзылуы) ауыр дене жаракатының белгісі болып табылады.
Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты пайда болатын
қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын
қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының кұзыретіне жатады.

Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе коғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінәліға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса катыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылык ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,— деп атап кәрсетілген.

Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір кұрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:

- қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,

- абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.

Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғаттың кінәліның әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлілық әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлінын әрекеттерінін, субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің, денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасаканалықпен елтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінәліның әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Егерде кінәліның өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәліның әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта — дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.

2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің өліміне кінәліның тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінәліның әрекеті тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.

Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте кезделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы — қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген, коғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі казіргі заманғы талапқа сай келеді.

Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері қоғамға қауіптіліктіқ дәрежесін бейнелейді және әр түрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза мөлшершін баптардың санкциясында нақты белгіленушің өзі судьяның өз білермендігімен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік бермейді. Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады.

Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік, шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады.

Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабаңда, денеге касақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайды біле түра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту т. б. қылмыстар жатады.

Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар жатады.

Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің манызы ерекше. Санаттарға бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейтін режимді белгілеу: шартты жазаны қолдану немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-бап), қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау (59-бап), жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны етеуден босату (75-бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76-бап), сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап) мәселелері шешіледі [18, 365].

Қоғамдық ортада адамның жеке басына қарсы қылмыстар кең тарауда Қазіргі таңда, бұрынғы жылдарға қарағанда жеке басқа қол сұғушылық, соған байланысты адам өлтіру, адам өлтіру, соз ауруын жұқтыру, ұрып — соғу, науқасқа көмек көрсетпеу, заңсыз аборт жасау, зорлау сияқты, адамның өмірімен денсаулығана төнетін қауіп — қатерлер саны көбейіп кетті. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылдың 1 — қантарынан бастап заңды күшіне енді.

Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айра алмайды. Сондықтанда заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы оның жасаған қылмысына қарай анықталады.

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар және адамның құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда заңды түрде қорғалады. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.

Өлім жазасы тек, ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде есептеледі. Осындай әрекеттердің көбею себебінен „Адамның жеке басына қарсы қылмыстар ” қоғамда ерекше орын болып отыр. Бір адамның қылмыс жасауы арқылы бірнеше адамның құқықтары бұзылады. Ал, бұл жалғыз адамның басына байланысты мәселе болғанымен мемлекеттің болашақ ұрпағына үлкен әсерін тигізетіні рас.

Қазіргі таңда ақпараттық-бұқаралық техналогияның дамуына байланысты әртүрлі бейне фильмдердің көрсетілуіне байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің де қылмысы үлкен орын алуда. Сонымен қатар бұрын біздің елімізде болмаған түрлі аурулар қатары күннен күнге өршіп, тіпті өлімге дейін апарып жатыр.

Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заң актілерімен шектеледі.

Қазақстан республикасы конституциясының 1 — бабы адам, оның өмірі құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. Бұрынғы Қаз ССР Қылмыстық Кодексіне қарағанда бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жеке адамға қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.

Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар намысы мен қадір қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс — әректтер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтарымен бостандығына қауіп төнеді. Осындай қылмыстардың тектік обьектісі-адамның жеке басы, ал тікелей обьектісі — оның өмірі, денсаулығы, ар — намысы қадыр қасиетті.

Жаңағы қылмыстың тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауды мынандай топтарға бөлуге болады:

1. Қылмыстық кодексінің 96 — 102 баптарында өмірге қарсы қылмытар туралы көрсетілген.

3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар қылмыстық кодекстің 103 — 111 — 114 — 116 баптарында көзделген

4. Өмірге және денсаулыққа қаіп төндіретін қылмыстар Қылмыстық кодекстің 112 – 113 – 117 — 119 баптарында көрсетілген.

1. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар. Қылмыстық кодекс 120 – 124 баптарында көрсетілген

2. Қылмыстық кодексінде 125 — 128 баптарында адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар көрсетілген.

3. Адамның және азаматтың ар намысы қадыр қасиетіне қарсы қылмытар қылмыстық кодексінің 129 — 130 баптарында көрсетілген.

Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар заң шығарушы жеке адамға қарсықылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамаға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық — құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.

Орытынды

Денсаулық – адамнаң ең қымбат та, асыл да, ардақты қазынасы. Яғни денсаулық адам үшін ең маңызды байлық деп есептелінеді. Сол байлыққа ешкімнің де қол сұғуына немесе зиян келтіруіне жол берілмейді.

Жалпы Қазақстан Республикасының заңнамасында адам денсаулығына байланысты тек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы қабылданған Конституциясында емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың арнайы жүйелерінде де көруге болады.

Сонау ерте кезеңдегі мемлекеттерде денсаулыққа қарсы қылмыстар ең ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған. Мысалыға алар болсақ қанға қан, жанға жан принціпі, немесе ақшамен сатып алу қарастырылған.

Осы жоғарыда айтылған негіздер бойынша мысалға алатын болсақ, құқықтық дамудағы ең ежелгі және көне хаммурапи кодексін алуға болады. (біздің эрамазға дейінгі 1792-1750жылдар).

Хаммурапи кодексіндегі 196-214 баптар денсаулыққа қарсы қылмыстар және медецина қызметі саласындағы денсаулыққа зиян келтіру де қамтылған.

Ал жазалауда талион принціпі бойынша жүзеге асырылған.

Ежелгі үнді халқында қоғамдық қатынас, жалпы айтқанда қоғам. Сасловян қалыптасқан ежелгі үнді мемлекетінде денсаулыққа қарсы қалмыстар да ең негізгі қылмыс ретінде қалыптасқан.

Сонымен қатар орта ғасырларда Руси (Русская правда), сонымен бірге батыс Еуропада (Салическое право(государства франков), Франция мемлекетінде (Кутюмы Бовези), Германияда (Саксонское зерцало), “Швабское зерцало”, “Пандектное право”, “Каролина”, Англияда “Общее право”, “Право справедливости” денсаулыққа зиян келтіргені үшін осы жүйелерде ақша қаражатымен өтейтін болған.

Бертін келе денсаулыққа зиян келтіру қылмыстық әрекет болып саналды, және сол әрекет үшін қамауға, яғни түрмеге қалатын жүйе қалыптасты.

Date: 2016-07-25; view: 2111; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию