Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы:Жүйке бұлшық ет жүйесі және оның жас ерекшеліктері





 

Мақсаты: Әрекеттердің жүйкелік және гуморальдық реттелісін,бірлестігін физиологтар ашқан жүйкеаралық байланыс- синапстармен де дәлелдеуге болады.Қозу жүйесі кезінде жүйке мен бұлшық ет арасында қандай байланыс бар екенін, қозғалысқа қалай келетіні жайында түсінік.

Жоспары: 1.Бұлшық еттің жиырылу түрлері?

2. Бірыңғай салалы ететрдің жиырылу түрлері?

3 Жүйке талшықтарының түрлері?

4.Қозуды өткізу заңдылықтарының түрлері?

5.Синапс, оның құрылысы?

Еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне,жиілігіне және еттің құрылыс ерекшелігіне,функциональдық жағдайына байланысты.Бұлшық ет мыңдаған ет талшықтары будағынан тұрады.

Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе,бұған сәкес еттің жиырылу күші белгілі бір деңгейге жеткен соң еттің жиырылу күші одан ары жиырылмайды. Еттің оптимум және пессимум жиілігі болатыны және оның себебі белгілі.Ұзын ет талшықтары қысқаларына қарағанда қаттырақ жиырылады. Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.

Еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады.,қатаяды. Мұндай күшті максимальды күш деп атайды. Максимальдық күш ет талшықтарының санына және оның әрқайсысының жуандығына байланысты.

Еттің максимальдыдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатысын еттің салыстырмалы күші деп атайды.Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық,қозуды өткізу,жиырылу қасиеттері болады. Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық қасиеті төмен,хроноксиясы және қозу табалдырығы жоғары, абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзақ лабильділігі төмен болады.

Бірыңғай салалы еттің жекелеген жиырылуы өте ұзаққа созылады. Әсіресе латенттік және жазылу кезеңі қаңқа етінен ұзақ.

Қозу процесі бірыңғай салалы ет арқылы өте баяу таралады. Мұның себебі бұл етте пайда болған ӘП-ның жылдамдығы тканьге әсер еткен тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіргенде бірден қозатын ет талшығының санына байланысты.

Бірыңғай салалы етті қатты созса, ол келесі тітіркендіруге дейін шиырықпай сол ұзындығын сақтайды. Кейбір бірыңғай салалы еттердің автоматиялық қасиеті болады.Олар тітіркендіргіштердлің әсерінсіз ақ өзддігінен белгілі бір ырғақпен жиырылады және ол түрлі сырттан келген әсерлер арқылы жиіленеді,кейде тежелуіде мүмкін. Бұл автоматиялық қасиетінің туу себебінің бірі- оның МП – ның тұрақсыздығы.

Жүйке талшықтарының құрылымы мен физиологиялық қөасиеттері.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон денесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Жүйке орталағынан шетке шыққан нейронның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайды. Әр жүйке көптеген талшықтардын тұрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12000 –дай жүйке талшықтарынан тұрады.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі- қозу процессін өткізу. Қозғыштық қозғыш ұлпаларының бәріне тән қасиет.Олар қозу процесінклеткалық мембрананың бойымен өткізеді.Қозу процесінің жүйкеден өтуін және өту ерекшеліктерін зерттеу үшін жүйке –ет препаратын пайдаланылады. Жүйке талшықтары миеленді және миеленсіз болып бөлінеді. Сезгіш, қозғалқыш жүйкелердің көбі миеленді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглиден кейінгі постганглилік талшықтардың көбі миеленсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын аксолемма қаптап жатыр, ал оның іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзыннан ұзақ орналасқан өте жіңішке, диаметрі 10-40 нм нейрофибрилдер мен нейротүтіктер бар. Араларында митохондрилар,микросомдар бар. Миеленді жүйке талшықтарының білігін сыртынан майлы қабық бірнеше рет орап жатыр. (Шванн клеткасы). Миеленнің арасында кертіктері болады. Олардың кертіктерін немесе үзілген жерін Ранвье керіктері деп атайды. Қозу процесінің жүйке талшығының бойымен жылжуы аксоплазманың қасиеті.

Қозудың жүйкеден өту заңдылықтары. Қозуды өткізу қозуды екі жақты өткізу және қозуды жеке өткізу. Қозуды екі жақты өткізу заңы бұл- қозу процесін екі жаққа қарай өткізеді. Орталық жүйке жүйесімен байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардлың қасиетіне байланысты болады. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа өткізеді. Қозуды жекеөткізу заңы - Әрбір шеттегі жүйке құрылымында мыңдаған жүйке талшықтары болады,осы жүйке талшықтары қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп,тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізеді. Егер қозу жананыды жатқан жүйке талшықтарының бәріне таралатын болса онда организм қалай болса солай қимылдап, қажетті қимылдар жасай алмайды. Синапс - өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі қызмет клеткасы түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Синапсты ең алғаш рет ағылшын физиологы Ч. Шерингтон ұғымын енгізген.Синапстра ұласқан клеткалардың түріне қарай нейронаралық, ет- жүйкелік болып әсеріне байланысты қоздыратын,тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық, электрлік, болып бөлінеді. Жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет- жүйелік синапс құрылады. Жалғыз жүйке талшығы бұтақтанып 3- -3000 дейін синапс құрайды. Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен тұрады пресинапстық, постсинапстық, синапстық саңылаудан тұрады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат- медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

 

1.Қозу дегеніміз не?

2.Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметі атқаратын ролі?

3.Қозудың өткізу заңдылықтары?

4.Синапс дегеніміз не?

5.Синапс деген ұғымды ең алғаш кіргізген ғалым?

6.Синапстар ұласу түрлеріне қарай қаншаға бөлінеді?

7.Синапс қанша элементтен тұрады және олардың атқаратын қызметтері,ролі?

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы.Алматы: «Білім» 1995

 

Дәріс

Date: 2016-11-17; view: 934; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию