Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі

Ылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі проректор м.ғ.д., профессор ________________ Ф.А.Галицкий «____»___________2011ж.

 

 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ» МАМАНЫ РЕТІНДЕ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

 

Мамандығы: 051102 – «Қоғамдық денсаулықты сақтау»

 

Дифференциалық сынақ - 10 семестр

Барлық сағат саны _____50 (сағат)

Курс _____________5

Семестр __________9-10

Астана, 2011ж.

 

Бағдарлама

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе бойынша типтік бағдарлама 2006 жылғы 051102 –«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.

Еңбек гигиенасы бойынша маман ретінде кәсіптік тәжірибенің типтік оқу бағдарламасы гигиена және эпидемиология бойынша мамандардың немесе қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған және оқу жұмыс бағдарламаларын құрастыруға негіз болып табылады.

2.2 Тәжірибе мақсаты: «Еңбек гигиена» пәнін өткенде меңгерілген теориялық білімдерді тереңдету мен нығайту және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде Еңбек гигиенасының маманы ретінде жұмыстың тәжірибелік машықтарын игеру.

2.3 Тәжірибе шаралар:

· студенттерді тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын ұйымдастыру және қамтамасыздандыруына үйрету

· қолайсыз өндірістік факторларға байланысты тұрғындар аурушандығының алдын алу шараларын, мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыруына үйрету;

· өндірістік орта жағдайына байланысты еңбек етуші тұрғындардың денсаулығын зерделеуге, бағалауға және болжауға үйрету;

· еңбек етуші тұрғындарының денсаулығын сақтау және өндірісті қалпына келтіру мақсатымен санитарлық-гигиеналық, санитарлық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-алдын-алу шараларын жобалау, ұйымдастыруын және орындауын үйрету

Тәжірибе жетекшісінің ағымды бақылауы:

· әртүрлі өндірістік объектілерде студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінің және қатынасуын бақылау;

· еңбек гигиенасы маманы ретінде меңгерілген тәжірибелік машықтарын бақылау;

· студенттердің күнделіктерін тексеру.


Қорытынды бақылау – дифференцирленген сынақ.

Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі

1. МСЭҚ облысындағы нормативті-құқықтық құжаттармен (ҚР ДСМ бұйрықтары, ҚМСЭҚ, СанЕжН) әдістемелік ұсыныстармен жұмысыт.б.

2. Жекелеген нозологиялық формалар және жұмыскерлердің аурушаңдық динамикасының классы бойынша, құрылыстарын, деңгейіне оперативті бағалауды жүргізу

3. Өндірістік желдетудің гигиеналық сараптамасын жүргізу.

4. Өндірістік жарықтандырудың гигиеналық сараптамасын жүргізу

5. Ауадағы шаңның құрамын анықтау

6. Микроклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның жылдамдығы және өндірістік жайлардағы жылу сәулеленуінің деңгейі.

7. Өндірістік жайлардағы діріл деңгейін анықтау.

8. Өндірістік жайлардағы шу деңгейін анықтау.

9. Әртүрлі өндірістік объектілер ортасынан сынама алу кезінде жолдама құжаттарын толтыру және өлшеулерді жүргізу.

10. Белгіленген уақытта өнеркәсіп бөлімінің жұмыс есебін және жоспарын құрастыру.

11. Тұрғындар арасында гигиеналық біліктілігін арттыру бойынша шаралар жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттасулар).

12. Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу.

13. Санитарық бюллетень толтыру.

14. Тұрғындардың хатымен жұмыс істеу.

 

2.5 Тәжірибенің реквизитіне дейін: жалпы гигиена, химия, биохимия, тағамтану гигиенасы, балалар және жәсоспірімдер, коммуналдық гигиена

2.6 Тәжірибенің реквизитінен кейін: магистратураның пәндері

 

2.7 Еңбек гигиенасы бойынша маман ретінде өндірістік тәжірибенің

Мазмұны

№ п/п Дағдылар және іскерлік, бағалау критерийлері Баллдық бағалаулар
  МСЭҚ облысындағы нормативті-құқықтық құжаттармен (ҚР ДСМ бұйрықтары, ҚМСЭҚ, СанЕжН) әдістемелік ұсыныстармен жұмысы 4,0
«ҚР еңбек Кодексі» білу 1,0
«Денсаулық сақтау жүйесі және тұрғындар денсаулығы туралы кодексі» ҚРЗ білу 1,0
ҚР ДСМ N243, 12.03.2004ж. бұйрығын білу 1,0
ҚР ДСМ N294, 23.06.2005ж. бұйрығын білу 1,0
  Жекелеген нозологиялық формалар және жұмыскерлердің аурушаңдық динамикасының классы бойынша, құрылыстарын, деңгейіне оперативті бағалауды жүргізу 4,0
Аурушаңдықтың негізгі көрсеткіштерін есептейді 1,0
Аурушаңдықты тіркеудің персональды картасын және N16 ф. толтырады. 1,0
Көрнекті көрсеткіштер және бір өндірісте Стьюдент критерийін қолдана отырып аурушаңдықты талдау 1,0
Өндірістегі аурушаңдықты төмендетудің нәтижелігін эконокмикалық есептеу 1,0
  Өндірістік желдетудің гигиеналық сараптамасын жүргізу 4,0
Ауа үрлегіштердегі ауа қысымын өлшеуді жүргізу 1,0
Ауа үрлегіштердегі ауа шығынын және ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеуді жүргізеді 1,5
Желдету қондырғысы өнімділігінің қортындысын құрастыру 1,5
  Өндірістік жарықтандырудың гигиеналық сараптауын жүргізу 4,0
Өзінің жұмыс орнында жасанды комбинирленген жарықтандыруды өлшеу және жарықтандырудың біркелкілігін бағалау 0,5
Шағылысу коэфициентін қараңғы (ақ қағаз, сұр, қараңғы) және орташа жарықтау, жарық беттен анықтау. 0,5
  Фон және ажырату объектісі арасындағы контрасты анықтау (көгілдір немесе фиолетовый, ақ қағаз). 1,0
Өз жұмыс орны кабинетінде бүйірлі жарықтандыруда ТЖК анықтайды және жарықтандыруды бағалау кезіндегі, сол жарық белдеуіне байланысты оның көлемін есептейді. 0,5
Кабиентте жасанды және табиғи жарықтандыруды және келесі көру жұмыстарын: хат және кітап текстерін оқуын гигиеналық бағалауды жүргізу. 0,5
  Санитарлы-гигиеналық қортынды және хаттама толтырады. 1,0
  Ауадағы шаң құрамын анықтау 4,0
Ауадағы шаң бөлшектерінің құрамын анықтау 1,5
Шаңның дисперсті құрамын және ондағы бос кремний тотығын анықтау (IV) 1,5
  Ауадағы шаң бөлшектерінің құрамын СанЕжН салыстыра отырып гигиеналық бағалауды жүргізу 1,0
  Микроклимат көрсеткіштерін анықтау: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы және өндірістік жайлардың жылу сәулеленуінің деңгейін. 4,0
Микроклимат параметрлерін аспаптық өлшеу нүктелерін белгілеу 0,5
Микроклимат параметрлерін анықтау 0,5
Зерттелетін микроклимат типін және әсер ету сипатын айқындау 0,5
Жоспар құру және қажетті физиологиялық зерттеулердідің көлемін анықтау 1,0
Бос кестелерге алынған нәтижелерді енгізу 0,5
Нормаланатын микроклимат параметрлерін нормативті-техникалық құжаттармен салыстыру 1,0
  Өндірістік жайлардағы діріл деңгейін анықтау 4,0
Өндірістік дірілдің негізгі параметрлерін өлшеу 0,5
Октава жолағы жиілігіндегі діріл үдеткіш және діріл жылдамдығының деңгейін өлшеу 0,5
Дірілді өлшеу нәтижесінің гигиеналық бағасын беру 1,0
Алынған нәтижелерді гигиеналық нормалармен салыстыру 1,0
Діріл деңгейін төмендетуге ұсыныстар беру 1,0
  Өндірістік жайлардағы шу деңгейін анықтау 4,0
Шу өлшегішпен дыбыстың (шудың) жалпы деңгейін өлшейді 0,5
Шудың октавалық жолағы жиілігіндегі дыбыс қысымының деңгейін анықтау 0,5
Аудиометр көмегімен есту мүшесінің өндірістік шу әсеріне тұрақтылығын анықтау 1,0
Тұрақсыз бір шу дыбысы деңгейінің эквивалентін есептейді және бір жағдайлық есеп шешеді. 1,0
Шу деңгейін төмендету ұсынысын беру және өлшенген өндірістік шуға гигиеналық баға беру 1,0
  Жүргізілген өлшеулер және әртүрлі өндірістік объект орталарынан сынама алудағы жолдама құжаттарын толтыру 4,0
  Сынамалар алады, жолдама құжаттарын толтыруды аяқтайды 0,5
Жолдама құжатта таңдау әдістерін, таңдау мақсатын, таңдау орнын, уақытын, күнін көрсетеді 1,0
Өнеркәсіп (ауа сынамасын таңдаудағы) өкілінің және сынама таңдаушының фамилиясы көрсетіледі 0,5
Зиянды заттардың бөліну көзі және еденнен ара қашықтығы, таңдау нүктелері, қоршаған ортаның температурасы, аспирация жылдамдылығы жұтушы құралдардың әртүрлілігі, (басында және жұмыстың соңында) уақыты көрсетіледі. 1,0
Арнайы тіркеу журналында зертханаға жеткізілген (сынама) үлгілерді тіркейді 1,0
  Белгіленген уақытта өнеркәсіп бөлімінің жұмыс есебін және жоспарын құрастыру 4,0
Еңбек гигиенасының әртүрлі объектілеріне қойылатын «Санитарлы-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды» білу 0,5
Еңбек гигиенасы бөлімінің есеп-тіркеу құжаттарының түрлерін білу 0,5
Қызмет көрсету районы бойынша қажетті анықтамаларды, еңбек етуші тұрғындардың санын, жоспарды құру принциптерін білу. 1,0
Қызмет көрсету районында орналасқан, өндірістік объектілерге бару мерзімдерін жоспарлайды, атмосфералық ауаның ластану көзін біледі 1,0
Белгілі уақыт аралығында жүргізілген жұмыс қортындысы бойынша бөлімнің есебін құрастырады 1,0
  Тұрғындар арасында гигиеналық біліктілігін арттыру бойынша шаралар жүргізу (дәрістер, семинарлар, сұхбаттасулар) 4,0
Ұйымдасқан еңбек етуші тұрғындар арасында сұхбаттасулар өткізу 1,0
Өндірістік коллективтерге дәрістер дайындау (жылу сәулелену көзімен еңбек етушілерге жылу соққысының алдын-алуы туралы) 2,0
Жеке бас гигиенасының сұрақтары бойынша жұмыскерлерге арналған семинарларды ұйымдастырады 1,0
  Санитарлық сұрақтар бойынша жоғарғы инстанцияларға шешім жобасын құрастыру немесе мекеме басшылығына ұйғарым жазу 4,0
Төлем ақы немесе басқа да ескерту шараларын райондық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың шешім жобаларын дайындауына қатысу (кез-келген бір өнеркәсіптік объектіде санитарлы-гигиеналық ереженің және норманың бұзылуын анықталған кезде) 2,0
Мемлекеттік санитарлық дәрігерге тексерілген объектілердегі анықталған санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормалардың бұзылуларына «Денсаулық сақтау мекемелерінің алғашқы медициналық құжаттарының тізімі» (4-томдық) формасы бойынша ұйғарым дайындауына қатысу 2,0
  Санитарлық бюллетень толтыру 4,0
Кәсіптік аурушаңдық, ЕУҚЖ аурушаңдығының мәселесі бойынша санитарлық бюллетеньді өз бетінше толтыру 2,0
Өндірістік жарақаттану мәселесі бойынша санитарлық бюллетеньді өз бетінше толтыру 2,0
  Тұрғындардың хатымен жұмыс істеу 4,0
Тұрғындардың шағымдары бойынша сұхбаттасу 2,0
Хаттарға өздігінен жауап жобасын дайындау 2,0

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
ВОПРОС №2 Организация системы мониторинга городских территорий и поселений на основе ГИС и ДДЗ | Подбор элементов силового набора

Date: 2016-06-07; view: 772; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию