Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ





А.Есептеу факторын табу қажет

Анықталатын зат Гравиметриялық форма

 

1) Na2S203 BaSO4

2) Ba BaSO4

3) Al Al2O3

4) Na2O NaCl

5) CaCО3 CaSO4

6) CaO CaCO3

7) Ca3(PО4)2 CaO

8) FeO Fe2O3

9) FeSO4 Fe2O3

10) H3PO4 Mg2P2O7

11) Pb3O4 PbSO4

12) Fe3O4 Fe2O3

13) N (NH)2PtCl6

14) CuO CuSCN

15) K2O K2PtCl6

16) Ag2O AgCl

17) MoO3 (NH4)3PO4·12MoO3

18) P2O5 (NH4)3PO4·12MoO3

19) K K2SO4

20) MgO Mg2P2O7

21) K K2PtCl6

22) Mg Mg2P2O7

23) SiF4 SiO2·12MoO3

Б. Анықталатын зат және өлшенді мөлшерлерін есептеу

1) Қалайыны диоксид ретінде анықтау үшін құрамында 5% қалайы бар жездің қанша өлшендісін алу қажет?

2) Техникалық магний сульфатының 0,4085г өлшендісінен 0,1800 г. Mg2P2O7 алынды. Техникалық магний сульфатында қанша пайыз MgSO4 · 7H2O бар?

3) Күкіртті барий сульфаты түрінде гравиметриялық анықтау үшін құрамында 2% күкірт бар шойынның қандай өлшендісін алу қажет?

4) 0,4320г руда сынамасынан 0,1985 г. Cu(SCN)2 алынды. Руда үлгісіндегі мыстың массалық үлесін есептеу қажет.

5) Қорғасынды гравиметриялық анықтау кезінде 2,000г қорытпадан 0,6048 г PbSO4 алынды. Қорытпадағы қорғасынның массалық үлесін анықтау қажет.

6) Салмақтық форманың максималды массасы 0,1г. болғанда өлшендідегі темірді темір тотығы ретінде анықтау үшін FeSO4∙7H2O-нің қандай өлшендісін алу қажет?

7) Гравиметриялық форма ретінде 0,15 г-нан артық емес Al2O3 алу үшін, құрамында 85% (масса бойынша) Al2(SO4)3·18H2O бар тұз өлшендісін алу қажет?

8) Әк тастың 0,9866г өлшендісі талданды және талдау нәтижесінде 0,4105 г Mg2P2O7 алынды. Әк тастағы магний карбонатының массалық үлесін анықтау қажет.

9) Кальцийді оксалат ретінде анықтауда гравиметриялық форма ретінде келесі заттар қолданылды: а) кальций оксиді; б) кальций сульфаты. Гравиметриялық форма массасы 0,1г. Әк тас өлшендісінің массасын есептеу қажет.

10) Массасы 0,50000г руда өлшендісінен 0,3989г Fe2O3 алынды. Fe3O4-тің массалық үлесін (%) анықтау қажет.

11) Массасы 0,9200г техникалық темір купоросы өлшендісін талдау нәтижесінде 0,2545 г Fe2O3 алынды. Талданатын үлгідегі FeO және FeSO4 ·7H2O-нің массалық үлестерін (%) есептеу қажет.

12) Массасы 0,3000г техикалық натрий сульфидінен, сульфидті сульфатқа дейін тотықтырғаннан кейін, 0,8250 г BaSO4 алынды. Зерттелетін үлгідегі күкірттің массалық үлесін (%) анықтау қажет және оны теориялықпен салыстыру қажет.

13) Массасы 0,4525г криолит өлшендісінен 0,0809 г Аl2О3 алынды. Криолиттегі Na3AlF6 массалық үлесін (%) есептеу қажет.

14) Массасы 2,634г тыңайтқыш өлшендісі хлорсутек қышқылында ерітілді және 250,0мл-ге дейін сұйылтылды. Осы ерітіндінің 50,00мл-де MgNH4PO4 тұндырылды және алынған тұнба Mg2P2O7-ге дейін қыздырылды, оның массасы 0,3062г болды. Үлгідегі ылғалдың мөлшері 8,50%. P2O5-тің ылғалды және абсолютті құрғақ тыңайтқыштағы массалық (%) үлесін есептеу қажет.

15) Массасы 5,000г сильвинит өлшендісі сыйымдылығы 500,0 мл өлшейтін колбада ерітілді. Осы ерітіндінің 10,00мл-нен 0,1948 г калий тетрафенилбораты KB(C6H5)4 алынды. Үлгідегі ылғалдың мөлшері 2,50%. Ылғалды және абсолютті құрғақ сильвиниттегі KCl-дың массалық (%) үлесін есептеу қажет.

16) Массасы 0,3500г техникалық натрий сульфаты өлшендісінен 0,5032 г BaSO4 және 0,0131 г AgCl алынды. Na2SO4 және NaCl-дың техникалық натрий сульфатындағы массалық үлестерін (%) есептеу қажет. Өнімнің ылғалдылығы 10,98%. Na2SO4 және NaCl-дың массалық үлестерін (%) абсолютті құрғақ затқа есептеу қажет.

17) Фосфорды анықтау кезінде органикалық заттың өлшендісі күлге айналдырылды және күл сыйымдылығы 200,0 мл колбада ерітілді. Алынған ерітіндінің 20,00мл-нен (NH4)3PO4 ·12MoO3 тұндырылды. Кептірілген тұнба массасы 0,1982г. Талданатын заттағы фосфордың массалық үлесін (%) есептеу қажет.

18) Салицил қышқылын анықтау үшін массасы 0,2102 г фармацевтикалық препарат өлшендісі Na2CO3 ерітіндісіне өткізілді, иод қосылды және тетраиодфениленхинон (C6H2I2O)2 тұнбаға түсірілді. Алынған тұнба массасы 0,5175г. Препараттағы салицил қышқылының С6Н4(ОН)СООН массалық үлесін (%) есептеу қажет.

19) Құрамында хлоромицетин (С11Н12O2N2Cl2) бар массасы 1,5318г көз майының өлшендісі металдық натриймен бірге дәнекерленген ампулада қыздырылды. Сынаманы әрі қарай дайындаудан кейін AgCl хлорид- иондар ретінде тұнбаға түсірілді. Гравиметриялық форманың массасы 0,01918 г. Сынамадағы хлоромицетиннің массалық үлесін (%) анықтау қажет.

20) Массасы 1,000г болат өлшендісінен жалпы массасы 0,1021г SiO2 және WO3 тұнбасы алынды. Тұнбаны НҒ-мен өңдегеннен кейін және SiO2-ні шығарғаннан кейін, WO3 қалдығының массасы 0,0712г болды. Болаттағы Si және W-ның массалық үлестерін (%) есептеу қажет.

21) Құрамында Cu, Fe, S бар массасы 0,3500г минерал өлшендісінен 0,1392г СuO; 0,1397 г Fе2О3; 0,8169 г ВаSО4 алынды. Минералдың эмпирикалық формуласын есептеу қажет.

22) Темір рудасын талдау кезінде Fe2O3-тің массалық үлесі 103,45% тең болды. Артық мөлшер 3,45% зерттелетін руданың құрамы басқа болуымен түсіндіріледі. Руда тұратын темір оксидінің формуласын табу қажет.

23) Массасы 0,1200г мыс оксидінің өлшендісінен массасы 0,5901г мыс оксихинолинаты Cu(C9H6ON)2 алынды. Мыс оксидінің эмпирикалық формуласын есептеу қажет.

24) Айдың қабатының үлгісінде табылған минералдың құрамы: 16,2% Са, 22,5% Fe, 22,6% Si, 38,7% О. Осы минералдың эмпирикалық формуласын анықтау қажет.

25) Массасы m1 (г) болатын кристаллогидраттың өлшендісінен m2(г) гравиметриялық форма алынды, кестеде берілген тұздардың кристаллогидраттарының молекулаларындағы судың молекулаларының санын (х) есептеу қажет.

Нұсқа Тұз m1(г) Гравиметриялық форма m2 (г)
  BaCl2 ·xH2O MgSO4 ·xH2O Al2(SO4)3 ·H2O CoSO4 ·x H2O Cr2(SO4)3 ·xH2O NH4Fe(SO4)2·xH2O MnSO4 ·xH2O CaCl2 ·xH2O Na2SO4 ·xH2O Ni(NO3)2 ·xH2O 0,3245 0,5520 0,7000 0,4800 0,8500 0,5020 0,3240 1,0000 0,4000 0,3000 BaSO4 Mg2P2O7 Al2O3 BaSO4 Cr2O3 Fe2O3 BaSO4 CaO BaSO4 Ni(C4H7O2N2)2 0,3100 0,2492 0,1070 0,3985 0,1803 0,0831 0,3137 0,2560 0,3262 0,2980  

 

26) 1,0000г қоланың үлгісінен 0,0430 г PbSО4, 0,1553 г Zn2P2О7 және 0,0632 г SnО2 алынды. Қоладағы Pb, Zn және Sn-нің пайыздық мөлшерлері неге тең болады?

27) 2,7000 г қорытпадан 0,2004 г А12О3 және 0,0518 г SiО2 алынды. Қорытпада қанша пайыз А1 және Si бар?

28) Техникалық темір купоростың 0,9200 г өлшендісінен 0,2545 г Fe2О3 алынды. Техникалық темір купоросында қанша пайыз FeO бар? Зертталатін өнімдегі FeSО4·7Н2О-тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет.

29) А1РО4 өлшендісінен 0,1126 г Mg2P2О7 алынды. Осы өлшендіден қанша грамм А12О3 алынады?

30) Суперфосфаттың 1,2250 г өлшендісінен қатты қыздырудан кейін 0,3756 г CaSО4 тұнбасы алынды. Суперфосфаттағы Са3(РО4)2-тің пайыздық мөлшерін анықтау қажет. СаО-ге есептегенде мөлшері қаншаға тең болады?

31) Минералдағы кремний оксидінің массалық үлесін анықтағанда алынатын SiО2-нің массасы 0,2 грамнан артық болмауы тиіс. Құрамында 30% кремний бар талдауға қажетті минералдың массасын есептеу қажет.

32) Алынатын BaSО4 тұнбасының массасы 0,5 г болуы үшін, гравиметриялық талдауға Na24-тің массалық үлесі 90% болатын техникалық натрий сульфатының қандай массасын алу қажет?

33) Алынатын тұнба массасы 0,1 грамнан артық емес болуы үшін, хромды ВаСrО4 түрінде анықтауда пигменттің өлшендісі қанша болуы қажет? Пигменттегі Сr2О3 –тің массалық үлесі 20%.

34) Қатты қыздырудан кейін алынатын СаО тұнбасының массасы 0,1г болуы үшін қажетті әк тас өлшендісінің массасын есептеу қажет. Әк тастағы СаСО3-тің массалық үлесі 75%.

35) Шойындағы кремнийді анықтау үшін 3,0000 г өлшенді алынды және қатты қыздырылғаннан кейін массасы 0,1244 г SiО2 тұнбасы алынды. Шойындағы кремнийдің массалық үлесін анықтау қажет.

36) Калий хроматы ерітіндісін талдауда массасы 0,1524г болатын РbСrО4 тұнбасы алынды. Осы ерітіндіде калий KClO4 түрінде анықталды. Алынатын KClO4 тұнбасының массасы қаншаға тең болады?

37) Мыстан, қалайыдан және цинктен тұратын жезді талдауда 0,9274 г өлшенді алынды. Сонда 0,6540 г CuSCN және 0,0575 г SnО2 тұратын тұнба алынды. Жездегі мыстың, қалайының және цинктің массалық үлестерін анықтау қажет.

В. Тұндырғыш мөлшерін есептеу

1) 0,3025г BaCl2· H2O өлшендісінен барийді тұндыруға қажетті массалық үлесі 4% күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемін есептеу қажет.

2) 120%-ға дейін тұндырғышты қолданып, магнийді MgNH4PO4 ретінде 100 см3 0,02М MgCl2 ерітіндісінен тұндыруға қажетті 0,05М Na2HPO4 ерітіндісі ретіндегі тұндырғыштың көлемін есептеу қажет.

3) Тұндырғыштың мөлшері бір жарым есе артық болғанда, 0,2г кальцийді тұндыру үшін натрий карбонаты ерітіндісінің (массалық үлес – 17,7%, ρ = 1,19)қандай көлемі қажет?

4) Құрамында 150мг NiCl2 бар (тұндырғыштың артық мөлшері 1,5%) ерітіндіден Ni2+-ді тұндыру үшін, қанша мл 1,2%-ды диметилглиоксим C6H8N2O2 (ρ=1) ерітіндісі қажет? Жауабы: 23,5 мл.

5) 0,9556 г алюмокалийлі ашудастар ерітілген ерітіндіден алюминийді тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 2% болатын қанша аммиак ерітіндісі қажет?

6) Құрамында массалық үлесі 12% қорғасын бар 0,5865г қорытпа өлшендісінен қорғасынды тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 5% күкірт қышқылының қанша грамы қажет?

7) Құрамында массалық үлесі 15% қорғасын бар 0,6856г қорытпа өлшендісін ерітумен алынған ерітіндіден қорғасынды тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 15% күкірт қышқылының қанша көлемі қажет?

8) Құрамында 0,5228г MgSO4 · 7H2O бар ерітіндіден магнийді MgNHPO4 ретінде тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 4% Na2HPO4 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

9) Құрамында 10,0% BaO бар массасы 0,5625г сынама қышқылда ерітілді. Барийді BaSO4 түрінде гомогенді тұнбаға түсіру үшін, 30% -дық артық мөлшерді есепке алып, қанша грамм диэтилсульфат (C2H5) SO4 алу қажет?

10) Құрамында хлоромицетин (С11Н12O2N2Cl2) бар массасы 1,5318г көз майының өлшендісі металдық натриймен бірге дәнекерленген ампулада қыздырылды. Сынаманы әрі қарай дайындаудан кейін AgCl хлорид- иондар ретінде тұнбаға түсірілді. Гравиметриялық форманың массасы 0,01918 г. Сынамадағы хлоромицетиннің массалық үлесін (%) анықтау қажет.

11) Молярлық концентрациясы 0,01 болатын 200 см3 NaCl ерітіндісінен хлоридті тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 3,4% күміс нитратының қандай көлемі қажет?

12) 0,4880 г BaCl2 ∙ 2H2O ерітіндісінен барийді тұнбаға түсіру үшін, тығыздығы 1,1 г/см3 болатын күкірт қышқылының қандай көлемі қажет? Жауабы: 1,2см3.

13) 0,6076 г теміраммонийлі ашудастардың өлшендісінен темірді тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 4% қанша аммиак ерітіндісі қажет?

14) Молярлық концентрациясы 0,05М болатын 200 см3 CaCl2 ерітіндісінен кальцийді тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 2,5% аммоний оксалатының қандай көлемі қажет? Тұндыру кезінде тұндырғыштың артық мөлшері 20%-ды құрауы тиіс.

15) 100см3 0,01 М КВr ерітіндісінен бромды тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 2% болатын күміс нитратының қандай көлемі қажет?

16) Қорғасынның массалық үлесі 12% болатын қорытпаның 0,5865 г өлшендісінен қорғасынды тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 5% болатын күкірт қышқылы ерітіндісінің қанша граммы қажет?

17) Қорғасынның массалық үлесі 15% болатын қорытпаның 0,6856 г өлшендісін ерітумен алынған ерітіндіден қорғасынды тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 10% болатын күкірт қышқылы ерітіндісінің қанша көлемі қажет?

18) Молярлық концентрациясы 0,05 моль/дм3 болатын 100 см3 Na24 ерітіндісінен сульфатты тұнбаға түсіру үшін, массалық үлесі 10% болатын ВаС12 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

Date: 2016-06-06; view: 1320; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию