Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Позитронды-эмиссионды томография 10 page





Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Асқазан жарасының тесілуі

*Жедел панкреатит

*Ішектің жедел өтімсіздігі

*Жатырдан тыс жүктілік

*+Зәр-тас ауруы

!35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан.Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 %о? Цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Жедел аппендицит

*+Зәр-тас ауруы

*Ішек өтімсіздігі

*Жатырдан тыс жүктілік

*Асқазан жарасының тесілуі

!56 жасар ер адам. Зәрінің кідіруіне, кіші дәретке шыққысы келуіне, ішінің төменгі бөліміндегі кернеген ауыру сезіміне, оның аралыққа және жыныс мүшелеріне таралуына шағымданады. Объективті: терісі боз, маңдайында салқын тер. Іші жұмсақ, қасағасының үстінен қуығы сезіледі, оның күмбезі кіндіктен төмен тұр. Қасаға үсті аймақты перкуссиялағанда – тұйық дыбыс. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде ол тегіс, серпімді, контуры тегіс, ауырмайды, орталық жүлгесі бар. Қуық катетеризациясы жасалды.

Қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалады?

*+Антибактериалды терапия

*Қабынуға қарсы терапия

*Аденомоэктомия

*Цистостомия

*Простатаның трансуретралды резекциясы

!Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

*Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

*Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

*Жарғақты қуыстағы бөгде зат

*Сыртқы отит

!45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Көмекей гемангиомасы

*Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы

*Құлақ маңы безінің жарақаты

*Сілекей өзектеріндегі бөгде зат

*+Өңештегі бөгде зат

!4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған.

Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?

*+Жоғарғы бронхоскопия

*Трахеотомия

*Эндоскопия

*Коникотомия

*Кеңірдек интубациясы

!4 жасар сәби тынысының қиындауына, күшті ұстама тәрізді жөтелге шағымдарымен жеткізілді. Бір сағат бұрын аузына бұршақ салып жүрген, кенет шашалған, көгеріп кеткен. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Екінші дәрежелі стеноз белгілері, пульсі минутына 146 рет, әлсіз толумен, өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Кеңірдектегі бөгде зат

*Көмейдегі бөгде зат

*Өңештегі бөгде зат

*Бронхтағы бөгде зат

*Көмей-жұтқыншақтағы бөгде зат

!6 жасар бала балық жеп отырған, кенет күшті ұстама тәрізді жөтел, цианоз пайда болған. Бір рет құсқан. Жөтел мезгіл-мезгіл қайталанады. Объективті: жағдайы ауыр, екінші дәрежелі көмей стенозының белгілері. Көмейдің шырышты қабаты алқызыл, ылғалды.

Қандай шұғыл көмек тактикасы анағұрлым дұрысырақ?

*+Ларингоскопия

*Коникотомия

*Трахеостомия

*Кеңірдек интубациясы

*Ларингофиссура

!26 жасар ер адам қарбыз жеп отырғанда кенет шашалып, көгеріп кеткен. Ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тынысы қиындаған.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, кұшті жөтелген кезде «щапалақ» симптомы естіледі Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Аускультацияда екі жақтан дөрекі, құрғақ сырылдар естіледі. «Шапалақ» симптомы кезінде қандай диагноз дәлірек?

*Гиперсаливация

*Көмей экскурсиясы

*+Кеңірдектегі бөгде заттың қозғалуы

*Тыныс саңылауындағы бөгде заттың фиксациясы

*Дыбыс байламдарының үстіндегі бөгде заттың қозғалуы

!3 жасар сәби тынысының және жұтынуының қиындауына шағымданады. Бірнеше минут бұрын ауызына тиын салып жүрген, құлап қалған, сосын көрсетілген шағымдар пайда болған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныс алу қиындаған. Саливация, сұйықты жұту қиындаған. Өңеш рентгенограммасында бөгде зат көрінеді. Анағұрлым жөндірек тактика?

*+Тікелей гипофарингоскопия.

*Мезофарингоскопия

*Гипофарингоскопия

*Ларингоскопия

*Коникотомия

!6 жасар бала өңеш бойындағы ауыру сезіміне, тамақ жұтудың қиындауына шағымданады. Таңғы ас кезінде кенет төс артында ауыру сезімі пайда болған және тамақ өңештен өткен кезде қинала бастаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сілекейін жұтқан кезде қиналады. Алмұрт тәрізді синустарында сілекей жиналған. Земцов бойынша өңеш рентгенограммасында екінші физиологиялық тарылу деңгейінде тығыздығы сүйектікіндей қосымша көлеңке анықталады, өлшемі 2-0.5-0.7 см. Қандай тактика анағұрлым дұрыс?

*+Фиброэзофагоскопия

*Эзофагоскопия

*Фиброларингоскопия

*Трахеостомия

*Коникотомия

!3 жасар сәби ауызына шемекі салып жүріп кенет шашала бастаған, көгерген, ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, t-36.6, пульс минутына 118 рет, ырғақты, шырышты қабаты алқызыл, ылғалды. Көмей өзегі бос, стеноз белгілері жоқ. Оң кеудесі тыныс актісінен қалыңқы. Аускультацияда бүкіл оң өкпесінде тыныс әлсіреген. Перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*+Оң бронхтағы бөгде зат

*Өңештегі бөгде зат

*Көмейдегі бөгде зат

*Кеңірдектегі бөгде зат

*Көмейдің аллергиялық ісінуі

!12 жасар бала бөгетте шомылған соң бірден тынысы қиындаған және қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t -36.5, пульс минутына 86 рет, АҚҚ - 100/60, мм сын. бағ. Қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел қайталанып тұрады. Тікелей емес ларингоскопияда қызыл-көк түсті түзіліс көрінеді. Түзілістің перистальтикалық жиырылуы айқын байқалады. Түзілістің бекінген жерінде аздап қансырау бар. Қандай емдеу тактикасы анағұрлым дұрыс?

*+Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу. Сүлікті шығару.

*Сүлікті корнцангпен шығару

*Сүлікті пинцет көмегімен шығару

*Сүлікке 1% салицил спиртін жағу

*Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу

!52 жасар әйел оң көзінің, басының оң жартысының, желкесінің қатты ауыруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Объективті: көз алмасының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінуі, ұсақ алдыңғы камера, қарашығы кең, көру қызметінің күрт нашарлауы, көз ішілік қысым 45 мм сын. бағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Жедел конъюнктивит

*Жедел иридоциклит

*+Глаукоманың жедел ұстамасы

*Жедел кератит

*Гемолитикалық криз

!Бұзақылар көшеде 45 жасар ер адамның сол көзінен ұрып кеткен, жәбірленуші жұмсақ тіндеріне қан құйылуына, тұйық ауыру сезіміне, бұлдырлауға шағымданады, қара шіркейді көреді, оны ұстайын десе қашып кетеді.

Осы пациент үшін қандай тактика анағұрлым жөндірек?

*Антибактериалды көз тамшылары

*+Бинокулярлы таңғыш

*Конъюнктив қуысын жуу

*Йодты калиймен электрофорез

*Атропинмен инстилляция

!37 жасар әйел офисті жинап жүргенде оң көзіне әйнек ұшқыны кіріп кеткен. Зақымдалған көзіндегі ашыған ауыру сезіміне, қызаруына, жас ағуына және жарыққа сезімталдықтың жоғарылауына шағымданады.

Осы жағдайда қандай көз тамшысы анағұрлым тиімдірек?

*Пенициллин

*+Левомицитин

*Линкомицин

*Альбуцид

*Сульфацил натрия

!35 жасар әйел алма жинап жүргенде сол көзіне ағаш бұтағының қыртысы кіріп кеткен, ауыру сезіміне, жас ағуына, «көзінде құм тұрғандай» сезімге, жарықтан қорқуға, осы көзінің көруінің нашарлауына шағымданады.

Қандай жүргізу тактикасы бірінші кезекте жасалады?

*Mонокулярлы таңғыш

*Aнтибактериалды препарат

*+Бөгде затты шығару,

*Бинокулярлы таңғыш

*Сіреспеге қарсы сарысу

!33 жасар әйел 2 күннен бері жарықтан қорқуға, оң көзіндегі ауыру сезіміне, жас ағуға шағымданады. Объективті: қасаң қабықтың артқы бетінде прецепитаттардың пайда болуы, нұрлы қабық түсі мен суретінің өзгеруі, қарашықтың тарылуы, артқы жабысқақтардың – синехиялардың түзілуі, шыны тәрізді дененің бұлдырауы, көз ішілік қысымның өзгеруі, OS/OD = 0.4/1, көз ішілік қысым OD=20мм.сын. бағ. ВГД OS=18мм.сын. бағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

*Кератит

*+Иридоциклит

*Коньюнктивит

*Витреит

*Эписклерит

!35 жасар ер адам цехта жұмыс жасап жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан көзіне күкірт қышқылы кіріп кеткен. Күшті күйдірген ауыру сезіміне, жас ағуына, жарықтан қорқуға, көруінің нашарлауына шағымданады.

Осы науқас клиникасы бойынша сурет!!!!

Пациентке алғашқы көмек көрсету кезінде қандай шара анағұрлым тиімдірек?

*Көз тамшыларын тамызу

*Сода ерітіндісімен жуу

*Мұз қою

*+Салқын сумен жуу

*Вишневский жақпасын салу

!58 жасар ер адам жиі зәр шығаруына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, арықтауға шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Объективті: Терісі боз, тырнақ іздері. Оң шабында көлемі бұршақтай лимфа түйіндері сезіледі, консистенциясы тығыз. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: беті бұдырланған, тығыз, аз қозғалмалы, ұлғайған. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 2,8 х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер – 8,4 х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі анағұрлым күмәнсіз?

*Ультрадыбысты зерттеу

*Магниттік-резонанстық томография

*Компьютерлік томография

*+Нысаналы биопсия

*Радиоизотопты зерттеу

!61 жасар ер адам, түнде зәр шығаруының жиілеуіне, алғашқы зәр тамшысы шығуын күту уақытының ұзаруына, зәр ағысының әлсіздігіне, аузының кебуіне, шөлдеуге, зәр ұстай алмаушылыққа шағымданады. Объективті: Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: простата тегіс, серпімді, контуры анық, ауырмайды, орталық жүлгесі тегістелген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалады?

*Экскреторлы урография

*Шолу рентгенографиясы

*Урофлоуметрия

*+Ультрадыбысты зерттеу

*Сцинтиграфия

!22 жасар әйел, күндіз жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, қынапқа берілуіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты, ісінулер жоқ. Өкпе, жүрек, ішкі мүшелері жағынан өзгерістер жоқ. АҚҚ 120/80 мм.сын. бағ. Жалпы қан және зәр анализдері өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу тактикасы анағұрлым тиімдірек?

*Цистоскопия

*Лапароскопия

*Қуықты ультрадыбысты зерттеу

*+Урофлуометрия

*Цистометрия

!Ер адам 45 жаста. Бір ай бұрын асқазан резекциясына байланысты ота жасатқан. Науқаста тамақ ішкеннен кейін біраз уақыттан кейін пайда болатын бетінің қызаруы, құсу, іш өту, тырысуларға шағымданып келді. Науқаста қандай асқыну дамыған?

*Әкету ілмегі синдромы

*Әкелу ілмегі синдромы

*Анастамоздың пептикалық жарасы

*Жараның өршуі

*+Демпинг-синдромы

!ЖДА-ға 70 жас тағы науқас ішіндегі ауырсынуға, ісік тәрізді түзілістің пайда болуына шағымданып келді. түзіліс үстінен басып қарағанда яғни пальпация кезінде іші жұмсақ, аускультация кезінде систолалық шу естіледі. Науқаста қандай ауру?

*Сигма тәрізді ішектің обыры

*Құрсақ қуысының эхинококкозы

*+Құрсақ аортасының аневризмасы

*Ішек инвагинациясы

*Түйін түзілу

!Өскен тырнақ кезінде өршуден сақтау үшінміндетті түрде ескерту:

*Тырнақ пластинкасын алып тастау

*Тырнақ пластинкасын және грнауляцияны алып тастау

*Кең аяқ киім кию қажет

*Консервативті емді тағайындау (ванночкалар және т.б.)

*+Өскен аймақтағы тырнақ пластинкасын және грнауляцияны алып тастау

!Өңеш күйігі кезіндегі асқынудан сақтану үшін науқасқа ретроградты бужирлеу жүргізіледі:

*Медиастениттен сақтау үшін

*Қан кетуден сақтану үшін

*+Перфорациядан сақтану үшін

*Стеноздан сақтану үшін

*Жарықтың түзілуінен сақтану үшін

!Науқас анамнезінде ойын уақытында тұңшығу ұстамасы мен жөтел пайда болған. Науқас бала тынышталған. Қарап тексергенде: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алу актісінен қалып кояды. Аускультативті: оң жағында тыныс алу естілмейді. Диагнозы қойыныз:

*+Оң бронхтағы бөгде зат

*Жұтқыншақтағы бөгде зат

*Трахеядағы бөгде зат

*Көмей жұтқыншақтағы бөгде зат

*Өнештегі бөгде зат

!Науқас 9 жаста. Тамағының, әсіресе, оң жағында ауруына,ауырсынуына. 5 күн аурумын деп санайды, дене қызуы 38,60С, тері жабындылары бозғылт. Фарингоскопияда тризм, оң бадамша ортаңғыға және алдыға жылжыған, гиперемия жән жұмсақ таңдайдың алдыңғы доғасында инфильтрация. Оң жақтан жақ асты лимфа түйіндер ұлғайған. Диагноз қойыңыз:

*+Жұтқыншақ артындағы абсцесс

*Паратонзилярлы абсцесс

*Интратонзиллярлы абсцесс

*Лакунарлы ангина

*Бадамша ісігі

!Науқас К. кешке басы ауырып, сол көздің көруі төмендеп,жүрегі ауырып,құсқан. Қарағанда:көз қызарған,қасаң қабықта ісік бар,алдыңғы камера кішірейген.Қарашық 5 мм,жарыққа реакция жоқ. КІҚ 60 мм сын бағ.Кандай аурумен ажыранды диагноз жүргізесіз?

*Катарактамен

*Глаукоманың жедел ұстамасымен

*Тамақпен жедел уланумен

*Көз алмасының тұйық жарақатымен

*+Иридоциклитпен

!Науқатың көзі кешке қызарып, ауырсыну пайда болды. Қарағанда: visus=0,03 түзетумен, көз алмасының сүйелденген инъекция, қасаң қабықта ісік, алдыңғы камера кішірейген, қарашық жасыл түсті, КІҚ 70 мм сын. бағ. Диагноз қойыңыз.

*Факоморфиялық глаукома

*+Глаукоманың жедел ұстамасы

*Жетілген катаракта

*Иридоциклит

*Терминальды глаукома,ауырсынумен

!Науқаста зәр шығарудың қиындауына несепқуықты толық босаталмау сезімі.Объективті:іші жұмсақ ауырсынумен.Per rectum: простата 3 ретке ұлғайған, тығыз эластикалық, ауырсынусыз. Бөлік аралық жүлге тегістелген. УДЗ-да простата 4,0х3,2 4,5см,құрлымы біркелкі емес.Қалдық зәрдің көлемі-120,0мл. Сұрақ: қандай емдеу әдісі тиімдірек болмақ:

*Цистостомия І этап ретінде

*+Аденомэктомия

*Антибиотиктермен медикаментозды терапия

*Уретральді катетрдің уақытша бектілуі.

*Альфа адреноблокаторлармен медикаментозды терапия.

!Урологқа қабылдауға 12 жасар ұл бала оң жақ умада жұмыртқа жағына шағымданды. Локальді қарағанда: оң жақ умадағы жұмыртқасы пальпацияланбайды.УДЗ- да.шап каналының сыртқы өзегінде көлемі 2,5х1,5см.түзіліс анықталды,эхоқұрлымы аталық безбен ұқсас. Сіздің емдеу тактикаңыз:

*Динамикасын бақылау

*+Оң жақ жұмыртқаны төмен түсіру операциясы

*Орхоэктомия операциясы

*Шап каналы маңына Вишневский мазімен компресс

*Шап каналы маңына УВЧ

!Жаңа туған нәрестеде сол жақ бұғана-төс-емізікше бұлшықетінің ортанғы 1/3 бөлігінде домалақ, диаметрі 2.5 см, тығыз «ісік» тәрізді ауырсынатын түзіліс, басының қозғалысы шамалы шектелген. Сіздің диагнозыныз:

*Сол жақ бұғана-төс-емізікше тәрізді бұлшықет миозиті

*Сол жақ қисық мойын, сүйектік түрі

*Сол жақ қисық мойын, спастикалық түрі

*+Сол жақ қисық мойын, бұлшықеттік түрі

*Сол жақ Клиппель-Фейль ауруы

!Бала 1 жаста. жүрген кезде сол жақ аяғына ақсайды. Жамбас-сан буынының рентгенограммасында–сол жақ сан сүйегінің ұршық басы буыннан тыс орналасқан. УДТ – жамбастың ұршық ойығы жайпақталған, сол жақ сан сүйегінің ұршық басының деформациясы. Ядроның сүйектенуі сол жақта қалыс қалуда. Сіздің тактикаңыз:

*Емдік дене шынықтыру (ЛФК), массаж, Виленский шинасы

*+Буыннан шығуды Пачи-Лоренц бойынша орнына салу

*Колон-Лефлер бойынша ашық жолмен орнына салу

*Лейкопластырлық тарту, емдік дене шынықтыру, массаж

*Хиари бойынша операция, емдік дене шынықтыру, массаж

!Странгуляциалық ішек түйілуіне әкелетін ЕҢ жиі себебке жатады:

*+Ішек ілмегінің айналуы

*Копростаз

*Ішек қуысының ісікпен обтурациясы

*Көкбауыр инфаркты

*Ішек парезі

!Төменде көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қандай жағдай дамуы мүмкін?

*Бүйректік шаншу

*+Жара перфорациясы

*Шажырқай тамырларының тромбозы
*Қақпаша тарылуы

*Қолқаның ажырамалы аневризмасы

!18 жасар бойжеткен. Көбінесе қыста болатын аяқ-қолдар саусақтарының ауруына және қышуына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары бозарған, құрғақ, аяқ-қолдарын ұстағанда суық, цианозды, қасу іздері бар. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінен ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

*Спиртпен сүрту

*Массаж

*Жылы сұйықтық

*+Кешке жылы ванналар

*Маймен сүрту

!Қолқаның және оның тармақтарының аускультациясы маңызды

*+артериальды стенозда

*венаның варикозды кеңеюінде

*посттромбофлебитикалық синдромда

*Рейно ауруында

*Акроцианозда

!Науқас сізге сол жақ жамбас аймағындағы және балтырындағы ауырсынуға шағымданып келді. Түскі ас кезінде қайнаған суды аяғына төгіп алды. Қарағанда: алдыңғы сол жақ жамбас аймағының беткейінде және балтыры қызарған, көпіршікпен жабылған. Күйік аумағы 16%. Сіз не істейсіз:

*+Жедел жәрдем шақырып науқасты хирургиялық стационарға бағыттау

*Жедел жәрдем шақырып науқасты күйік орталығына бағыттау

*Жедел жәрдем шақырып науқасты травпунктке бағыттау

*Науқасты хирургқа кеңеске бағыттау

*Науқасты травмотологтың кеңеске бағыттау

!70 жастағы әйел эпигастрий, кіндік маңы аймағындағы кенеттен пайда болған жедел ұстамалв ауру сезіміне, көп ретті құсу, газдвң шықпауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші кепкен, оң жақ кіндік маңы аймақта тимпанит, «шалпылдаған шу», қарқынды перистальтика. Қанда: лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?

*+Ащы ішек түйілуі

*Тоқ ішек түйілуі

*Перитонит

*Жедел аппендицит

*Мезентериальды тамырлар тромбозы

!48 жасар әйел, эпигастрий аймағындағы үдемелі, арқасына берілетін ауру сезіміне, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін өтпен құсуға шағымданады. Көп мөлшерде алкоголь ішеді. Қарап: боз, пульсі минутына 90 рет, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.с.б.б., іші ассиметриялы кепкен, эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі бар, Керте және Воскресенский симптомдары оң. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ, зәр диастазасы 530 бір. Вольгемут бойынша, қандағы қант 6,5 ммоль/л. Көрсеілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу тактикасы қандай?

*Спирт-новокаинды бөгет

*Склеротерапия

*+Симптоматикалық ем

*Лапароскопия

*Хирургиялық ем

!67 жастағы ер адам, кенеттен пайда болған ұстама тәрізді іштегі ауру сезіміне, құсуға, газ шықпауына, үлкен дәретінің жоқ болуына шағымданады. Қарап тексергенде: бозғылт, адинамиялы, дене температурасы 35,80 С, тілі құрғақ. Іші ассиметриялы кепкен, сол жақ мықын аймағында Вале, Кивуль симптомдары оң, перистальтикасы қашықтықтан естіледі. Қанда: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілгендер ішінде қайсы диагностикалық зерттеу ЕҢ бірінші орында?

Date: 2016-05-25; view: 688; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию