Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәжірибелік есептер жиынтығы





***

1. Баланың қолында төрт тиын болды. Ол қолын түрлі қалыпта ұстап тұрып тиындарын құмға тастады. Құмдағы баланың аяқтары мен тиындардың түскен орны 1-суретте көрсетілген.

 

1-сурет

Әр тиынды бала қолын қалай ұстап тұрып тастады?

2. Бөлмедегі балаға жарық түсіп тұр. Оның көлеңкесі екі қабырғаға түсуде (2-сурет). 3-суреттегі көлеңкелер бойынша баланың бөлмедегі орнын анықтаңыз.

Әсіресе 3-мысал қызығушылық тудырады. Қабырғада көлеңке жоқ, алайда бала бөлменің ішінде тұр. Баланың орны қай жерде?

 

 

2-сурет 3-сурет

 

3. 4-тапсырманы шешіңіз.

4. 4-тапсырманы кескіндемелік сызу тұрғысынан қарастыра отырып мысалдан төмендегілерді анықтаңыз:

1) кескін жазықтығы; 2) түпнұсқа; 3) кескіндер; 4) кескіндеуші сәуле.

5. Түзу сызықтың қисық көлеңкесі болуы мүмкін бе? Керісінше, қисық сызықтың түзу көлеңкесі болады ма?

6. Сіз фотосурет жасадыңыз, пленканы шығардыңыз, негативті алдыңыз сосын сурет басып шығардыңыз (4-сурет).

4-сурет

Негатив не боп табылады: кескін әлде түпнұсқа ма? Жақсылап ойланыңыз.

7. Мына суреттер бойынша қай бағанға күн жарығы, ал қайсысына шам жарығы түсіп тұрғанын анықтауға болады ма? (5-сурет)?

 

5-сурет

 

8. Грек ойшылы Фалес Египеттегі пирамиданың биіктігін көлеңкесі арқылы анықтады. Сіз көлеңке бойынша заттың биіктігін қалай анықтауға болатынын түсіндіріп бере аласыз ба?

9. 7-суретте көрсетілген заттардың көлеңкесі қандай жазықтыққа түседі?

7-сурет

 

10. Мына екі кілттің пішіні туралы не айтуға болады (8-сурет)?

 

8-сурет

 

11. Жылдың белгілі бір мезгілінде далада және тау етегінде мынадай іздерді (кескіндерді) көруге болады (9-сурет). Бұл көлеңкелерді қандай заттар қалдырған?

9-сурет

 

12. 10-суреттегі көлеңкелер алдыңғы параллельді сырықтардікі деуге болады ма? Әлде бұлар артқы сырықтардікі ме?

 

 

10-сурет

 

13. Үстелде бір ғана дойбы тасы бар деуге болады ма (11-сурет)? Ал енді ше (12-сурет)?

 

 

 

11-сурет 12-сурет

 

14. Сызбада (13-сурет) төрт дойбы және төрт табақ бейнеленген. Табақтарды дойбылардың астына салсақ сызба қалай өзгереді? Ал егер дойбыларды табақтардың астына қойсақ ше?

13-сурет

 

15. 14-суретте қандай таныс заттардың кескіндері бейнеленген?

 

14-сурет

 

16. Үстелде шар, қарындаш және баранка жатыр (15-сурет). Осы заттардың өзара жанасу нүктелері қандай фигураны құрайды?

15-сурет

 

17. Екі ғимараттың жоспары (жоғарыдан көрініс) бейнеленген?

(16-сурет). Қатені табыңыз.

16-сурет

 

18. Көше бойында екі ғимарат қатар орналасқан (17-сурет). Олардың бір бірінен айырмашылығы қандай?

17-сурет

 

19. 18-суреттегі ғимараттардың шатыры қалай орналасқан?

 

18-сурет

 

20. Нақты заттардың сызбаларын оқу барысында сіз қарастырылып отырған затқа баға бере алатын дәрежеге жетесіз (19-сурет).

 

19-сурет

 

Сағаттың цифр блатына 3, 6, 9 және 12 сандарын қойып шығыңыз.

Үстелдің беті қандай: дөңгелек әлде шаршы?

Мынау сол әлде оң туфли ме?

Шахмат тақтасының суретіндегі қатені табыңыз

21. Шаршы табанды жәшіктің түбіне тоғыз биллярд шары салынған. Тереңдіктегі осы қабаттың үстіне екінші қабат қойылды, оның үстіне үшінші қабат салынды.

Жәшікте қанша шар бар?

22. Сабаққа оқытушы бір зат алып келді және оны көрінетін жерге қойды. Бұл заттың сұлбасы барлық білім алушылар үшін бірдей болып көрінді.

Бұл қандай зат? Суреті қайда

23. Мына заттардың көпшілігің әр күн сайын кездестіресіз (20-сурет).

Оларды кескіндері бойынша анықтаңыз!

 

 

24. Мына суреттердің қайсысы кілттің кескіні, ал қайсысы құлып тесігінің кескіні болып табылады? (21-сурет). Кілтті құлыпқа салуға болады ма?

 

21-сурет

25. 22-суретте кітаптың қандай аксонометриялық кескіндері берілген? Әр жағдайдағы өстердің орналасу орнын анықтаңыз.

 

22-сурет

 

26. Суреттерді қарау кезіндегі алдамшы елес суретшілер, конструктурлар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бірнеше мысал қарастырайық (23-сурет).

 

 

23-сурет

Сіздің алдыңызда не тұр: ваза немесе терезедегі екі силуэт пе?

Цилиндрдің төбесі диаметрінен үлкен болып көрінуі мүмкін. Бұл осылай ма?

Егде және жас екі әйелдің суреті берілген. Егде әйелдің бет әлпеті толық қылып көрсетілген, алайда түптің түбінде жас әйелдің бет әлпеті де көрікті болып көрінеді. Табыңыз.

Суреттегі АВ мен ВС арасындағы қашықтық барлық жағдайда бірдей ме? Сызғыш немесе циркуль ала отырып тексеріп көріңіз.

Парақшаны көз деңгейінде ұстаңыз. Барлық әріптер бірдей қара болып көрінеді ме? Енді жазбаны 45° және 90° аударыңыз. Енді ше?

27. 24-суретте үш кескін және аксонометриялық суреттер берілген. Тік бұрышты кескіндерден ретімен нөмірлерді ала отырып, оларды тиісті аксонометриялық суреттің жанындаға әріптермен алмастырыңыз. «Айқай бар жерде, нағыз білім жоқ» деген қанатты сөзді кім айтқанын біліңіз.

24-сурет

28. 31-тапсырмадағыдай тәсілмен, 25-суретте көрсетілген кескіндер мен аксонометриялық суретті пайдалана отырып, сызбаның не екенін оқып шығыңыз?

 

25-сурет

 

29. 26-суретте тік бұрышты кескінде 16 зат бейнеленген. 27-суретте осы заттар аксонометриялық кескінде берілген. Тік бұрышты кескіндерден ретімен нөмірлерді ала отырып, оларды тиісті аксонометриялық суреттің жанындаға әріптермен алмастырыңыз. Сызба геометриясы не екенін оқып шығыңыз.

26-сурет

 

27-сурет

 

 

30. 28-суретте барлығы керісінше жасалған: сандар аксонометриялық суреттерге жазылған, ал әріптер – тік бұрышты кескіндерде орналастырылған. Әйгілі орыс қолбасшысының қанатты сөзін оқып шығыңыздар.

28-сурет

 

Бақылау сұрақтары:

1. Эпюр дегеніміз не?

2. Комплексті сызбадағы түзулер мен жазықтықтар және нүктелердің берілуі.

3. Cызба геометриясының міндеті не?

4. Проекциялау аппараты туралы не білесіз?

5. Аксонометриялық проекциялар дегеніміз не?

6. Стандартты аксонометриялық проекцияларға қалай түсінік бересіз?

7. Ортогональ проекциядағы нүкте, түзу,жазықтық?

8. Нүкте, түзу, жазықтық проекциялары.

9. Жазық параллель ығыстыру әдісіне мысал келтіріңіз.

10. Түзудің іздері туралы не білесіз.

11. Проекциялардың өзгеру тәсілдері дегеніміз не?

12. Жазық параллель ығыстыру тәсілі дегеніміз не?

13. Екі кескін әдісі дегеніміз не?

14. Позициялық есептер.

15. Позициялық есептердің негізгі түрлері.

16. Осьсіз сызба түсігі. Қолданылуы.

17. Аксонометрияның негізгі теоремасы.(Теорема Польке-Шварца).

18. Проекция жазықтықтарын алмастыру әдісі

19. Метрикалық тапсырмалар.

20. Жазықтықтар жөнінде түсінік.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 1337; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию