Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Статистика сөзі ғылыми әдебиетте 18 ғасырда қолданысқа енді және алғашқыда “мемлекеттану” деген мағынада ұғынылды. Бірақ статистика ғылымы 17 ғасырдың ортасында “саяси арифметика” нысанында дами бастады. Ғылымдағы бұл бағыттың бастауында ағылшын ғалымы – Уильям Петти (1623 – 1687) тұрды. Статистика терминін ғылымға 1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін Германия университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына “Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайдахалық санағы, Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін бағалау. Статистика 19 ғасырдың басында А.Кетленіңжәне оның мектебі өкілдерінің еңбектерінде қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын зерделейтін ғылым мен құралға айналды. Статистика қоғамдық ғылым ретінде қоғамдық құбылыстарды олардың сапалық мазмұнымен тығыз байланыста қарастырылатын сандық қатынастарының қалыптасу және өзгеру заңдылықтарын зерделейді. Қоғамдық құбылыстарды белгілі бір уақытпен және орынмен байланысқан нақты тарихи жағдайларда сандық тұрғыда зерделеу статистика ғылымының айрықша белгісі болып табылады. Заңдылықтарды тану және құбылыстардың дамуын айқындайтын факторларды анықтау үшін пайдаланылатын статистик. сипаттамалардың өзіндік ерекшелігі олардың сандық және сапалық қасиеттерінің ажырағысыз бірлігінде. Сондықтан статистика ғылымы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдауды өзіндік (ерекше) әдістер, тәсілдер, ережелер жиынтығы, яғни статистик. әдіснама арқылы жасайды. Оны басқа да ғылымдар өз зерттеулерінде, тәжірибесінде қолданады. Статистик. әдіснаманың негізгі бөліктеріне статистик. байқау, топтастыру, орта шамалар, индекстер, корреляц. талдау, т.б. әдістер жатады. Мемлекеттік статистика – статистик. ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесі. Статистиканың негізгі салалары: статистиканың жалпы теориясы – статистик. ғылымның неғұрлым жалпы категорияларын, қағидаларын және әдіснамасын зерделейтін саласы; әлеуметтік статистика – бұқаралық әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен олардың сандық жағын сапалық жағымен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; экономикалық статистика – экономиканың даму үйлесімділіктерін, үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен материалдық өндіріс саласындағы қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді сандық тұрғыдан зерделейді; демографиялық статистика – халықтың саны, құрамы, орналасуы, қозғалысы туралы деректерді талдауда статистик. әдістерді қолданумен айналысады; халық тұрмысы деңгейінің статистика сы – халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы мәселелерін зерттейді; қаржы статистика сы – қаржы-ақша қатынастарының сандық жағын қаржы ресурстарының ұдайы көбейтілуі және ауыспалы айналымы үдерісінің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; салалық статистика – халық шаруашының жекелеген салаларын немесе қоғамдық өмір саласын зерделейді (өнеркәсіп статистикасы, банк статистикасы, құрылыс статистикасы, а. ш. статистикасы, сауда статистикасы, кеден статистикасы, байланыс статистикасы, т.б.); халықаралық статистика – түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, құрылымын, үдерісін зерделейді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық даму стратегиясын белгілеуде статистиканың рөлі зор. Бұл, әсіресе, мемл. басқару органдарының, халықар. ұйымдардың, қоғамдық және ғыл. ұйымдардың, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, кедейшілік туралы, баға, халықтың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экон. қызмет, т.б. жөнінде сапалы және жедел статистик. ақпараттарға жоғары дәрежедегі сұранысынан, халықаралық стандарттарға, ұлттық есеп жүйесіне көшуден туындайды. Қазақстанның қазіргі статистика жүйесінде осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асырушы өкілетті орган болып табылатын және елдегі бүкіл статистикалық қызметті ұйымдастырып, үйлестіріп, бағыттап отыратын орталықтандырылған бірыңғай статистик. орган – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жетекші рөл атқарады.

 

Статистика теориясы

Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII
болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.

Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін

Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б

 

Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы.

Статистикалық көрсеткіштер жиынтықты белгілі бір белгісі бойынша, құрамы бойынша сипаттайды, кеңістікпен уақыттағы өзгерісінің жағдайы мен тенденциясын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштің мағынасы зерттейтін құбылыстар мен процестердің нақты құрамының көрінісі бола тұрып, статистикалық көрсеткіш танымның құралы болып табылады.

Статистика теориясында нақты объектілердің құрамының көрсеткішін және осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді кез-келген қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрамының көрсеткішін бөледі. Біріншісінде нақты статистикалық көрсеткішті және көрсеткіш-санатты бөліп қарайық.

Нақты статистикалық көрсеткіш – зерттелетін құбылыстың немесе процестің нақты бір уақыттағы және нақты бір орындағы көлемін, шамасын сипаттайды. Егер біз өнеркәсіптегі өнім өндірісі көлемінің нақты шамасын айтатын болсақ, онда оны өндңрген кәсіпорынды, орынын және уақытын айтуымыз керек.

Көрсеткіш-санат – нақты бір статистикалық көрсеткіштің бір түрінің (орынын, уақытын және сандық мәнін көрсетпей) жалпы мәнін, ерекшелік құрамын сипаттайды. Әр түрлі қалалардағы өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі көлемі орнымен, уақытымен жіне сандық көрсеткішімен ерекшеленеді, бірақ ол бір мәнге ие, ол өнеркәсіп кәсіпорыны өндірісі шығарылымы көрсеткіш- санатында көрсетіледі.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрылымының көрсеткіші – осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді емес көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштерге: қатысты шама, варияция көрсеткіші, белгілер байланысының тығыздығы, құрылым көрсеткіші және бөлу мінездемесі, динамиканың құбылмалылығы көрсеткіші және т.б.

Абсолюттік көрсеткіштер – статистикалық көрсеткіштің алғашқы, жалпы формасымен суреттеуі. Абсолюттік шаманың мәні біріншіден статистикалық көрсеткішті айқындайтын алғашқы формасы, екіншіден зерттейтін құбылыстар мен процестердің абсолюттік шаманы сипаттайды, ал үшіншіден жиынтықтың көлемін сипаттайды.

Абсолюттік көрсеткіштер аталмыш сан болып табылады. Зерттелетін құбылыстың әлеуметтік-экономикалық мағынасына қарай натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құндық өлшем бірліктерімен көрсетіледі.

Жеке абсолюттік көрсеткіштер – зерттелетін объектілердің жеке бірліктерінің сандық белгілері шамасын айқындайтын көрсеткіш, мысалы, нақты бір жұмысшының көрсетілген айдағы жұмыс өндірімі, нақты бір фермердің егіс көлемінің шамасы т.б. Жеке шамаларды тәртіп бойынша статистикалық бақылай процесінде алады.

Қатысты (қосынды) абсолюттік шамалар –зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің бір белгісінің шамасын нмесе олардың жеке топтарын сипаттайды және нәтижесінде жеке абсолюттік шамаларды бір-біріне салыстырып қойып шығарады. Қатысты абсолюттік шамасын жеке мәндерді жинақтау және топтау нәтижесінде алады.

Қатысты көрсеткіштер – екі сәйкестірілген абсолюттік шамалардың сандық қатынасын сипаттайтын қорытылған көрсеткіш. Қатысты көрсеткіш зерттелетін құбылыстың уақыттағы қарқындылығын өлшейді; бір құбылыстың даму деңгейін байланысы бар басқа бір құбылыстарға қарап бағалайды.

Тақ бөлікке орналсқан абсолюттік көрсеткіш ағымдық және салыстырмалы, ал жұп бөлікте орналасқан көрсеткіш негіз немесе салыстыру базасы деп аталады. Қатысты шамалар коэффициентпен, пайызбен(%), промильмен(%0), продецильмен(%00), просантильмен (%000) көрсетіледі.

Қатысты шамалар аталмыш емес болуы мүмкін егер олар бір атты шамаларда бөлу нәтижесінде алынса. Аталмыш қатысты шама деп әр түрлі атты абсолюттік шамаларды бөлу алынатын қатысты шаманы айтамыз. М, халықтың тығыздығы (тұрғындардың санының олар өмір сүріп жатқан территориясның көлеміне қатынасы) бір шаршы километрге адамдардың орташа санымен анықталады. Барлығы 7 түрлі қатысты шамалар бар: құрылымының (бөлудің) қатысты шамасы, координацияның қатысты шамасы, динамиканың қатысты шамасы, салыстырудың қатысты шамасы, қарқындылықтың қатысты шамасы, жоспарды орындаудың қатысты шамасы және жоспар тапсырмасының қатысты шамасы.

Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты сызық белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні ондағы жиынтықтың барлығына тән және жалпы; кездейсоқ факторлармен шарттасылған жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі өтеледі; кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.

Орташаның ағымдық қатынасы – белгінің сандық мәнінің жиынтық көлеміне қатынасы.

Орташа шаманың 2 түрі бар:

а) орташа деңгейлі, демек әр түрлі деңгей варианттарынан құрастырылған орташа: орташа арифметикалық, орташа квадраттық, орташа үйлесімдік, орташа геометриялық және т.б. Барлық деңгейлі орташа екі формада есептеледі: жай және салмақталған.

б) орта құрылымдық: мода және медиана, демек жиынтықтың құрылымын сипаттайтын орта шамалар.

Кез-келген орташаның бірін таңдау зерттеу мақсатына, орташа көрсеткіштің экономикалық мәніне және алынған мәліметтердің сипаттамасына байланысты.

Орташа арифметикалық жай есептеледі егер жиіліктер бір немесе бірдей бірнеше рет кездессе, демек орташа топталмаған мәліметтер арқылы есептелсе:

_ Σх

Х =— мұнда x-белгінің жеке мәні;

n n – жиынтықтың бірлігі саны;

Орташа арифметикалық салмақталған есептеледі, егер жиіліктері өзара бірдей болса Σx·ƒ

Х= —— мұнда ƒ- жиіліктер және салмақ;

Σƒ

Интервалды қатардың орташа арифметикалық шамасы. Интервалды қатардан орташаны есептеудің бірнеше өзгешеліктері бар. Интервалды қатардан орташа арифметикалықты есептеу үшін, алдымен әр интервалдық орташасын анықтау керек, ал одан кейін қатардың барлығының орташасын анықтау керек. Орташаның әр интервалы жоғары және төменгі шекараның жарты санымен анықталады, демек орташаның арифметикалық жайы бойынша.

Орташа үйлесімді салмақтанған - орташа арифметикалықтан қайта құрылған. Ол қажет салмақ берілген мәліметтерде көрсетілмеген болса қолданылады. Олар алынған көрсеткіштердің біріне көбейтіліп кіре алады.

Келтірілген формула орташа үйлесімді деп аталады. Ол нақты салмағы ƒ белгісіз, ал туынды ƒ·х=М белгілі болғанда есептеледі.

Егер туынды ƒ·х бірдей немесе бірге тең (М=1) болса, онда орташа үйлесімді жай қолданылады, ол мына формуламен есептеледі:

Мұнда х – жеке варианттар;

n –олардың саны;

Орта геометриялық – орта жылдық өсім деңгейін есептеу үшін қолданылады. Ол белгінің жеке мәнінің туындысынан деңгей түбірін шығарып алумен есептеледі.

Вариация деп зерттелетін жиынтықтың кез-келген бірлігі белгісі мәнінің бір кезеңдегі және мезеттегі құбылмалылығын айтады.

Вариация мәні:

Ø Оның өзгеруі басқа өзгермелі белгілердің сол белгіге әсер ету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Ø Статистикалық моделбдерді құруда қолданылады.

Вариация өлшемі деп бегінің ауытқушылығын көрсететін абсолюттік және қатысты көрсеткіштерді айтады. Вариацияның абсолюттік көрсеткіштеріне: вариация ауқымы, оташа ауытқу, дисперсия, орта квадраттық ауытқу жатады. Вариацияның қатысты көрсеткіштеріне: осцилляция коэффиценті, вариацияның сызықты коэффиценті, вариация коэффиценті жатады.

Дисперсия б2 – бұл орташа арифметикалықтан белгінің жеке мәндерінің квадраты ауытқуының орташа арифметикалығы. Дисперсия шыққан мәліметтерге байланысты орташа арифметикалық жай және салмақтанған фориулаларымен есептеледі:

- салмақталмаған (жай);

-салмақталған;

Орта квадраттық ауытқу (б) деп дисперсияның квадратының түбірін айтады.

- салмақталмаған (жай);

-салмақталған;

 

Дисперсияға қарағанда орта квадраттық ауытқу жиынтықтағы белгінің вариациясының абсолюттік өлшемі және өзгермелі белгінің өлшем бірлігімен сипатталады.

Әр түрлі белгілердің вариациясы размерін салыстыру үшін, сонымен қатар бірнеше жиынтықтағы бірдей белгілердің вариация деңгейлерін салыстыру үшін:

Ø Вариация коэффиценті шығарылады;

Ø Орташа квадраттық ауытқудың орташа арифметикалыққа пайыздық қатынасы:

V=

Вариация коэффиценті шамасы бойынша белгілердің вариациясы деңгейін айтуға болады, демек жиынтықтың құрамының бірегейлігі туралы. Шамасы үлкен болған сайын, орташалық айналысындағы белгі мәнінің тасталымы көбейе түседі, соғұрлым құрамы бойынша жиынтық брегейлігі азаяды.

Вариациялық қатардың құрылымдық сипаттамасына: мода, медиана, децили, квартили, перцентили жатады.

Мода деп – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін вариантаны айтады.

Дискреттік қатарда мода деп – көп рет кездесетін белгіні айтады. Мода мысалы, сатып алушыларда үлкен сұранысқа ие киім мен аяқ киімінің размерін анықтау үшін жиі қолданылады.

Ø Интервалды вариацияның қатарда моданы есептеу үшін алдымен мода орналасқан модальді интервалды анықтау керек, ал одан кейін белгінің модальді шамасының мәнін анықтау керек.

Медиана (Ме)- белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы. Ол мұндай қатарды ортасынан бөледі. Медиананы табу үшін реттелген қатардың ортасында орналасқан белгінің мәнін табу керек. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы деп ортасында тұрған белгінің шамасын айтады. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы номері келесі формуламен есептеледі:

NMe= , мұнда – қатардың мүшесі саны;

 

Жұп сандағы реттелген қатардың медианасы деп қатардың ортасында орналасқан екі варианттың бірінің орташа арифметикалығын айтады.

Дискретті вариациялық қатардың медианасы жиынтық көлемінің ортасынан асатын жинақталған жиілігін сомасымен табылады.

Вариациялық қатардағы моданы және медиананы тапқаннан кейін қатарды 4 бірдей, 10 және 100 бөлікке бөлетін бірліктердің белгісі мәнің табуға болады. Бұл шамаларды «децили», «квартили», «перцентили» деп атайды.

Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері
Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай:
ішінара жеке ауқымды (монографиялық)
жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді
Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын–ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелінетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданылатын жетілдірілген түрі және статистикалық зерттеуде оның атқаратын рөлі (орны) өте жоғары.
Жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.
Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөлінеді.

Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады.

Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады.
Үзілісті бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір–ақ рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды.
Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.

Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп беру формаларын толтыру арқылы жиналады. Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында болып жатқан жалпы өзгерістер толығымен, жан –жақты суреттейді.

Сұрақ – жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мүмкіндік болмайды. Ондай кезең керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ- жауап тәсілдері қолданылады.
Статистикалық бақылаудың тәсілдері
Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтар өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұраушылар келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оны мемлекет тарапынан көптеген қаражат жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді және соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады

Өзін - өзі тіркеу тәсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлерінің (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздары таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бұл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу немесе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады
Тіршілік тәсілімен қызметті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді.
Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұраушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ-қағаздарында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсілдің ерекшелігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен – жайы көрсетілмейді.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой – пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік және демографиялық зерттеу жұмыстарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал– сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.

 

Ортытынды

Статистикалық зерттеу тәжірибесінде бақылау бағдар-ламасы жасалынғаннан кейінгі шешуші жұмыстардың бірі – бақылаудың түрін анықтау. Ол бақылауда жүргізудің алдына қойған мақсатына байланысты. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екі түрге бөлінеді
Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Оған мысал ретінде халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің ұжымдардың және т.б. белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп отыратын есеп беру формаларын алуға болады. Сондықтан, жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Сондай–ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады
Жеке ауқымды (монографиялық) бақылау. Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсаттан егжей- текжейлі, жан – жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда оны жеке ауқымды (монографиялық) бақылау деп атайды. Оның мысалы ретінде озат кәсіпорындармен шаруашылықтармен тәжірибесін тарату кезіндегі мәліметтерді жазба түрінде суреттеуді, көрсете білуді келтіруге болады.
Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуына тиіс. Яғни оны жаппай жиынтық қорытындысы ретінде, толық түрінде қолдануға болады.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Классификации систем открытой разработки (по Е.Ф.Шемко, Н.В. Мельникову и В.В. Ржевскому) | По курсовому проекту

Date: 2016-05-23; view: 1173; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию