Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дәріс. Қазіргі оқытудың ұйымдастарудың формалары





Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастару формалары-тұтас жүйенің элементі

2. Оқытуды ұйымдастарудың негізгі формаларына сипаттама

3. Сабақ-мектептег оқытуды ұйымдастарыудың негізге формасы

4. Сабақтың типтері және құрылымы. Сабақ-оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын қалыптаструы мен дамыту жүйесінде,

 

1. Оқытуды ұйымдастырудың формасы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырып белгіленген іс-әрекеттері. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғаліммен оқушылардың іс-әрекеттерінің, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында , оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып –сабақ жүйесі. Топтық және жеке –дара оқытудың әртүрлі үйлесуімен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дәрежесінің әртүрлілігімен мұғалімдердің тарапынан олардың оқуына түрліше басшылық жасау тәсілдерімен сипатталады.

Оқытуды ұйымдастырудың формасы бұл – оқушы мен оқытушының бірлескен қызметінің сырттай көрініс беруі. Оқытудың ұйымдастыру формалары дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болып дамып отырады.

Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып, тыңдайды, қалай оқу керектігін түсіндіріп, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін.

Қазіргі кездегі мектептерде оқыту сынып-сабақ деп аталатын жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Оның ішінде сыныптық деп аталуы мектептердің барлық оқушылары жас шамаларымен білім деңгейіне қарай жеке сыныптарға топтастырылады, яғни оқушылардың тұрақты құрамы болады. Сабақтық деп аталуы әр пән бойынша оқу курсын бірқатар жеке топтаулармен топтастыруға, ал тараумен тақырыптың біркелкі және бірізді түрде бөлінген сабақтарға бөлінеді.

Сабақтан басқа қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың сыныптан тыс жұмыстар, оқу топ саяхаттары, практикумдар, факультативтер, семинарлар қолданылады. Оқытудың бұл формасы да күн кестесіне енгізіліп сабақ сияқты өткізіледі. Қазіргі сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде мектептердің алда тұрған міндет-мақсаттарды көздейді.

2. Оқытуды ұйымдастыру формалары оның ішінде сабақ мектептерге бірден келген жоқ, оның өзіндік даму тарихы бар. Оқытудың жеке дара топтық жүйелері, оқытудың анағұрлым ерте тараған қолданылған жүйе. Ол топтап оқытудың алғы кезеңінде қалыптасты.

Орта ғасырларда шіркеу, рыцарлық мектептерде қолданылды. Оқытудың бұл жүйесі жылдың кез келген уақытында мектептерге, әр түрлі жастағы оқушылар қабылдана береді. Оқушылар топ болғанымен оқыту жеке дара жүргізіледі, яғни мұғалім әрбір оқушыға жеке тапсырма беріп, кейіннен оны сұрап отырады. Оқыту әдістемесі тым қарапайым, оқыту нәтижесі мәнсіз болады. Сондықтан олар білім беру мәселелері жөнінде талаптардан төмен дәрежесіне сай.

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп, әр кітаптан оқыған.

Оқытудың бұқаралық болмауынан белгілі бір кезде оқытудың бұл жүйесіне төзуге тура келді. Оның ғылыммен техниканың дамуы өмірде болып жатқан өзгерістер кең көлемде білім беруде, яғни түрлі салаларда білім қажет болғанда бұл жүйе жарамсыз болып қалады. Оқытуды ұйымдастырудың жалпы формасына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалар жатады. Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмылдыра тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы балалар ұжымы. Ол балаларды оқытудың ұжымдық мәні әрбір балаларды оқытады, тәрбиелейді.

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақ барысында сыныптағы оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмаларын орындайды. Топтық жұмыс қортындысы ұжымдық түрде талқыланады. Сабақтарда жұмыстардың мұндай формасы оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық дистанция, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу т.б.

Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компютерлендіріліп оқыту. Сыныптағы әрбір оқушыға дербес оқып зерттеуге тапсырмалар беруге болады. Бұл өз бетімен іздендіру жұмыстарын, болымды формалары. Әрбір оқушы тақырып бойынша әдебиеттерді, материалдарды пайдаланып, танысып жоспарға сәйкес орындайды. Олардың негізінде оқу семинарларында өз пікірлерін айтады. Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмыстарын, білімдерін терең игеруге мүмкіншілік туғызады, ол жеке адамның құнды қасиеттерін, өзінің түпкі ойына жету мақсатын қалыптастырады.

Оқыту формасын таңдап алу.

1-ден, оқу-тәрбие жұмысын міндеттеріне;

2-ден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне;

3-ден, сыныптағы оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне байланысты.

Оқыту процесінде ең басты тұлға – бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, одан оқыту нәтежиелі блмақ.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары олардың әртүрлі критерийлері бойынша жіктеледі. Сыныптағы оқушылардың мөлшеріне байланысты оқытуды фронтальды, топтық және дербес деп бөлеміз. Оқудың орны бойынша мектептегі, мектептен тыс және экстернат болып бөлінеді. Мектептегі оқу формасына мектеп ауласындағы жұмыстар, консультациялар, үйірме сабақтар жатады. Ал мектептен тыс оқуға үйде орындалатын өзіндік жұмыстар. Экскурсиялар, табиғатты тану формалары жатады. Ал экстернат дегеніміз – білім алу туралы куәлікке ие болу үшін оқу соңында емтихан тапсыру міндетті болатын өзіндік оқудың ерекше формасы. Оқытудың ұзақтығы бойынша да бөлуге болады. Жалпы сыныптағы сабақтар 45 минутқа созылады, ал қысқартылған сабақтар 35 минутқа созылады. Мектептің жалпы тарихы оқытудың әртүрлі жүйелерін басынан кешірді. Солардың ішінен оқытудың дербес (индивидуальдық) жүйесін (антикалық мемлекеттердегі), оқытудың индивидуальдық-топтық жүйелерін (орта ғасырдағы мектептердегі), өзара оқыту жүйесін (Англиядағы белль-ланкастерлық жүйе), оқушылардың қабілеттері бойынша дифференциацияланған оқыту жүйесін (мангеймдік жүйе), бригадалық оқыту жүесін атап өтуге болады.

Бастауыш мектептерінің оқытушылары көбінесе «Дальтон-жоспары» деп аталатын жоспарға сүйенеді. Бұл Дальтон деп аталатын американдық қаладағы бастауыш мектептерінде 20 ғасырдың басында оқытушының қызмет атқаратын Э.Паркхерстің ұсынған дербестендірілген оқытудың формасы, Дальтон жоспарының ерекшеліктері мынада: балаларға оқытудың мазмұнын өздері еркін таңдап алуға мүмкіндік беріледі, оқылатын пәндерді алма кезек алмастырып отырылады. Жылдың басында әрбір оқушылар өз оқытушысымен белгілі бір материалды өз алдына дербес оқып, меңгеруге байланыс жасасады. Оқушылар жекелеген лабораториялық кабинеттерінде жұмыс істейді, сондықтан Дальтон жоспарын лабораториялық жоспар деп те айтуға болады. 20 жылдары бұл форма бригадалық-лабораториялық атаумен біздің мектептерімізге де енгізілді. Бұған жалпы

1. Барлық сыныппен жалпы жұмыс істеу;

2. Бригаданың ұжымдық жұмысы;

3. Әрбір оқушының дербес жұмысы жатады.

Оқытудың кең таралған түрі сынып сабақ жүйесінің негізін қалаған Я.А. Коменский болды. ХVІІ ғасырда Я.А. Коменский мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді. Оқу материалдарын баяндау, оқушылардын оқу материалын сұрау т.б. мәселелерді қарастырды.

Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегінде ол негізгі дидактикалық сұрақтарға жауап береді, олар:

1.Оқуды қалай жақсы оқып, меңгеруге болады.

2.Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

3.Оқыту мен оқудың негізділігі.

4.Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

«Ұлы дидактика» еңбегінде білім берудегі дидактикалық принциптер қарастырылған оларға: оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелілігі, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына лайықты болуы және т.б.

Коменский көрнекілік принципін психолгиялық талаптармен байланыстырады. Ол дүниеде сезім мүшелері қабылдай алмайтын нәрселер бар, бұларды оқытуда айналадағы заттарды негізге алып, салыстыра отырып оқыту керек дейді.

Коменский білім беру ісін ұйымдастыруда бірнеше ережелерді ұсынды. Оларға:

- сабақ құрылымын тиімді етіп құру;

- барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие процесін қарапайым дәрежеде басқару;

- оқу мәселелерін шешуде ұжымдық ізденісті қамтамасыз ету;

- сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға;

- оқу тоқсандарында жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады;

- оқушыларға арналған демалыстарды;

- оқушыларды мектепке қабылдаудың белгілі тәртібін;

- оқу күнінің мерзімін енгізді.

Сөйтіп Коменский педагогика тарихында оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сынып-сабақ жүйесін ұсынады.

Я.А. Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурлон жүргізеді.

Сол сияқты жүйе ХVІІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында Англияда пайда болды. Оны оқытудың Белль-Ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және Д.Ланкастер. бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар-топ басқарушылары жүргізеді.

Уақыт өте келе оқытудың бұл формасынан мектептер бас тартып сыныптық-сабақтық жүйесі біздің елімізде де, шет елдерде де кең қолданылып келді. Жалпы сыныптық-сабақтық оқыту формасы мынадай сипаттармен ерекшеленеді:

- сыныптағы оқушылардың құрамы олардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлерінің бірдейлігімен сипатталуы тиіс;

- әрбір сыныптағы жұмыс жылдық жоспарға сай жүргізілуі керек;

- оқу процесі жеке-жеке бір-бірімен өзара байланысқан және бірінің артынан бірі келетін сабақтар түрінде жүзеге асырылуы тиіс;

- әрбір сабақ бір ғана пәнге арналуы керек;

- сабақтарды кесте бойынша әрдайым кезектестіріп отыру керек;

- сабақты оқытушы педагогикалық шеберлікпен басқарады;

- оқушылардың танымдық қызметінің әртүрлі формалары мен түрлері көрініс береді.

Оқытудың басқа формаларымен салыстырғанда сыныптық-сабақтық форманың өз артықшылықтары болады. Оқытудың сыныптық-сабақтық формасы өте қатаң ұйымдастырылған құрылымымен ерекшеленеді. Оқытудың бұл формасы үнемді, өйткені бір ғана оқытушы бір уақытта көп оқушылармен жұмыс істейді, олардың бір-бірін өзара оқытуы үшін де қолайлы жағдай жасайды.

Осындай сыныптық-сабақтық оқыту формасынан басқа оқытудың басқа да формалары бар, олар қосымша сыныптан тыс, сабақтан тыс, өзіндік оқыту, үйде оқыту деп бөлінеді. Оқытудың қосымша формасына консультациялар, қосымша сабақтар, инструктаждар, үйірме сабақтары, клубтық жұмыстар, сыныптан тыс оқу, оқушылардың үйде орындайтын өзіндік жұмыстары жатады. Оқытудың осы қосымша формасы оқушылардың сыныптық-сабақтық қызметін толықтырып, дамытады. Сыныптан тыс оқыту формаларына оқу экскурсияларын, шеберханалардағы жұмысты, туған өлкеге жорық жасау, спорттық жарыстарды да жатқызамыз.

Оқытуды ұйымдастырудағы сыныптық-сабақтық жүйенің басты элементіне сабақты жатқызамыз. Сабақ дегеніміз оқу процесінің мазмұына, уақыты жағынан аяқталған элементі немесе кезеңі, звеносы. Ұзақтығы қысқа болғанына қарамастан сабақ оқу процесінің өте күрделі де маңызды элементі болып табылады, жекелеген сабақтардың сапасы мектептегі дайындықтың сапасына байланысты. Сондықтан оқытушылар тиімді де қысқа мерзім ішінде оқыту мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін сабақтың технологиясын жасауға басты назарларын аударуда жақсы да сапалы сабақ беру тіпті тәжірибелі оқытушы үшін де өте маңызды іс. Барлығы педагогтың сабаққа қойылатын талаптарды ұғынып түсініп, атқаруында, ал бұл әлеуметтік сұраныстар арқылы, оқушылардың жекелеген қажеттіліктері, оқытудағы міндеттер мен мақсаттар, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері арқылы анықталады.

Қазіргі кезде мектептерде сабақтың қандай жаңа түрлері қолданылады, оларға сипаттама жасаңыз.Бастауыш мектептің бір пәні бойынша жаңа сабақты түсіндіру фрагментін дайындап, оны өткізу әдістерін көрсетіңіз.

Қазіргі заманғы сапалы сабақтар мынадай талаптарға жауап беруі керек, олар:

- ғылымдағы жаңа жетістіктерді қолдану, алдыңғы қатарлы педагогикалық практиканы қолданып, сабақты оқу-тәрбиелік процесстің заңдылықтары негізінде құру;

- барлық дидактикалық принциптер мен ережелердің бір-бірімен байланыстылықта болуы;

- оқушылардың қажеттіліктері мен қазағушылықтарын ескере отырып олардың танымдық қызметінің өнімді болуы үшін жағдайлар жасайды;

- пәнаралық байланысты орнату керек;

- бүгінгі оқылатын материалдың алдыңғы сабақтағы материалмен байланысты болуы;

- тұлғаның барлық сфераларының дамуын белсенді ету және мотивациялау;

- оқу-тәрбиелік процесстің барлық этаптарының логикалық тұрғыдан қисынды болуы керек;

- педагогикалық құрал-тәсілдерді тиімді де нәтижелі қолдану;

оқыту өмірмен, өндірістік қызметпен, оқушылардың жеке тәжірибесімен байланысты болуы керек;

- практикалық тұрғыдан қажетті білімдер мен дағдыларды әрекет ету мен ойлаудың рациональды тәсілдерін қалыптастыру;

- оқушылардың оқуға деген бейімділігін қалыптастыру. Олардың қажеттіліктерін әрдайым біліммен толықтыру;

- әрбір сабақты жоспарлап, жобалап, болжап отыру керек.

Жалпы әрбір сабақ 3 түрлі мақсатқа қол жеткіздіруге бағытталады, олар: оқыту, тәрбиелеу және дамыту(№ 1 кестеде оқыту мақсаттары көрсетілген).

Осыларды ескере отырып, сабаққа деген жалпы талаптар дидактикалық, тәрбиелік және дамытушы талаптарда нақтылана түседі;

Дидактикалық талаптарға мыналар жатады:

- әрбір сабақтың білім беру міндетіне нақты анықтама беру;

- сабақты ақпараттармен толықтыру керек;

- танымдық қызметті жаңа технологиялармен қамтамасыз ету;

Сабаққа қойылатын талаптарға мыналар жатады:

- оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттері мен қимылдарын анықтау;

- балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу, олардың өмірде қажетті жауапкершілік, жұмысқа қабілеттілік, мұқияттылық сияқты сапаларын қалыптастыру;

- оқытушы оқушыға мұқият және кішіпейіл қатынаста болуы керек;

Сабақта оқушылардың дамуына қойлатын талаптарға мыналар жатады:

- балалардың оқу-танымдық қызметінде оңды мотивтерді қалыптастырып дамыту;

- олардың қызығушылықтары мен творчестволық инициативаларын, белсенділігін қалыптастырып дамыту;

- оқушылардың даму деңгейін қарап, ескеру;

Сонымен осы айтылғандардан басқа сабаққа басқа да талаптар қойылады, мұндай талаптар ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, этикалық болып та бөлінеді. Сонымен сабақ дегеніміз мектептегі атқарылатын жұмыстардың басты формасы болып табылады. Сабаққа өте жоғары талаптар қойылады.

 

Дебиеттер тізімі

1. Дидактика средней школы. Глава І. //Под ред. М.А.Данилова, М.Н. Скаткина. Москва: «Просвещение», 1975 г.

2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002 ж.

3. Педагогика. / Под. ред. Бабанского. Глава 5. Москва, 1985 г.

4. Скаткин М.Н. Современные проблемы дидактики. 1970.

5. Подласый И.П. Педагогика. Книг.2. Москва: «Владос», 1999 г.

6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: «Дарын», 2004 ж.

7. Педагогика. //Под ред. С.П.Баранова, В.А. Сластенина. Москва: «Прос», 1998 г.

8. Скаткин М.И. Проблемы сов. дидактики. Москва, 1984 г.

 

 








Date: 2016-05-17; view: 914; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.014 sec.) - Пожаловаться на публикацию