Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Стереометрия– 2 тест тапсырмасы

Математика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

Тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің математика пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 9, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес математика пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.

Тақырып № Мазмұны
  Арифметикалық есептеулер:Алгебралық өрнектерді түрлендіру
  Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Алгебралық теңдеулер және теңдеулер жүйесі
  Мәтін есептер
  Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Көрсеткіштік теңдеулер
  Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Логарифмдер. Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйесі
  Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі: Алгебралық теңсіздіктер. Модульге байланысты теңсіздіктер
  Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі:Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер
  Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Иррационалдық теңдеулер
  Тригонометрия:Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру
  Тригонометрия:Тригонометриялық теңдеулер
  Тригонометрия:Тригонометриялық теңсіздіктер
  Прогрессия:Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
  Функциялар, туынды, интеграл:Функция, қасиеттері және графиктері
  Функциялар, туынды, интеграл:Туынды және оны қолдану
  Функциялар, туынды, интеграл:Алғашқы функция, интеграл және оларды қолдану
  Планиметрия
  Стереометрия
  Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі
  Логика сипатындағы тест тапсырмалары

 

Тест жоспары:

Арифметикалық есептеулер – 3 тест тапсырмасы

Теңдеулер және теңдеулер жүйесі – 5 тест тапсырмасы

Мәтін есептер – 1тест тапсырмасы

Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі – 2 тест тапсырмасы

Тригонометрия – 3 тест тапсырмасы

Прогрессия – 1 тест тапсырмасы

Функциялар, туынды, интеграл – 4 тест тапсырмасы

Планиметрия – 2 тест тапсырмасы

Стереометрия– 2 тест тапсырмасы

Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі – 1 тест тапсырмасы

Логика сипатындағы тест тапсырмалары – 1 тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Арифметикалық есептеулер.: Жай және рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. %-ке және пропорцияға байланысты есептерді шығара білу.

Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Сызықтық, көрсеткіштік, логарифмдік, иррационалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білу.

Мәтін есептер: Теңдеулер және теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтін есептерді шеше білу.

Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі: Интервалдар методын қолдана отырып, квадратты және дәрежеге байланысты теңсіздіктерді, модульге байланысты теңсіздіктерді, көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді және теңсіздіктер жүйесін шеше білу.

Тригонометрия: Негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана білуі, өрнектерді ықшамдай білуі, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білу.

Прогрессия: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын қолдана отырып, олардың n-ші мүшесін, алғашқы n-мүшесінің қосындысын таба білу.

Функциялар, туынды, интеграл: Функцияның туындысын және алғашқы функциясын, анықталу облысын, экстремумдерін таба білу.

Планиметрия: Жай фигуралардың негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, олардың әртүрлі элементтерін, ауданын таба білу, Пифагор теоремасын қолдана білу.

Стереометрия: Көпжақтар мен айналу денелерінің беттерінің аудандары мен көлемдерін таба білу.

Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі: Векторлар және координаттар әдісін қолдана білу.

Логика сипатындағы тест тапсырмалары: Логикалық түрде ойлауды қалыптастырып, әркелкі жағдайларда оларды қолдана білу. Комбинаторика және Ньютон Бином, математикалық статистика және ықтималдықтар теориясының элементтерін пайдаланып есептер шығару.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.

Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.

Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
 | Расчёт телефонной нагрузки, поступающей на линии разного назначения проектируемой АТС

Date: 2016-05-13; view: 872; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию