Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨлім. Өндірістегі жалпы жӘне еҢбекті Ұйымдастыру шаралары





КІРІСПЕ

 

Еңбек Тәртібі – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады

Тау-кен өндірісіндегі еңбек тәртібінің сақталуы. Адамның тіршілік әрекеті барысында қоршаған орта оған белгілі бір әсерін тигізеді. Мысалы, атмосфералық ауа адам организмін қыздыруы немесе салқындатуы мүмкін, құлап келе жатқан зат жарақаттандыруы мүмкін. Өз кезегінде адам қоршаған ортамен өзі әсерлеседі, мысалы, қалалар тұрғызып, табиғи жайылымдарды өңделетін алаңдарға айналдырып, орман отырғызып немесе оларды кесіп, осылайша қоршаған ортаны да ластайды. Нәтижесінде қоршаған ортаның барлық факторлары табиғи және адамның қолымен жасалған, антропогендік, немесе жасанды (негізінде тікелей адамның қатынасы жатқан) және техногендік (негізін адам қолымен жасалған технологиялық үрдістер, машиналар мен механизмдердің факторлары құрайды) болып бөлінеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы адамның өзіне оң, сонымен қатар теріс те әсер етуі мүмкін.

 

Тау-кен саласы адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды және қауіпті көптеген факторларының болуымен ерекшеленеді. Жұмыс ортасының техникалық қондырғылармен қанықты болуы, жұмыс орны кеңістіктерінің тарлығы, атмосфералық ауа құрамында қауіпті газдардың пайда болу мүмкіндігінің, өрт қауіптілігінің жоғарылығы, тау-кен жыныстарының құлау қауіптілігі тау-кен жұмыскерлерінің еңбек үрдісін қиындатады.

Тау-кен кәсіпорындарында кәсіптік науқастануға әкеліп соғатын едәуір кең тараған факторларға бұрғылау, аттыру жұмыстары кезінде, жыныстарды тиеп-тасымалдау және т.б. технологиялық үрдістер кезінде кеніш атмосферасының ластануы жатады. Қоршаған ортада жұмысшы денсаулығына зиян келтіретін улы заттардың пайда болуы да аз кездеспейтін жағдай. Сонымен қатар, жалпы және жергілікті дірілдің әсерінен пайда болған науқастануға шалдығу жағдайлары да көптен-көп кездесіп жатады.

 


 

Тау-кен салаларының ішінде жазатайым жағдайлардың болуының айтарлықтай үлесі көмір саласына, оның ішінде көмір кеніштеріне тиесілі. Кеніштердегі жазатайым жағдайлар көп болатын қауіпті аймақтарға тіреуіштерінің болмағандығынан, оның күйінің нашарлығынан немесе тау-кен жұмыстарының көрсеткіштерін дұрыс таңдамағандықтан опырылу қауіпі бар қазба аймақтарын жатқызуға болады. Адам өмірі мен денсаулығына тау-кен игеру механизмдерінің қоршалмаған қозғалмалы бөліктеріне жақын орналасқан кеңістіктер де аса үлкен қауіп туғызады.

 

Кеніштерде болған жазатайым жағдайлардың көп бөлігі – қозғалыстағы көліктік құралдармен байланысты. Сонымен қатар, аса үлкен қауіп - қатерді тау-кен кәсіпорындарында болатын апаттар тудырады. Тау-кен кәсіпорындарында, оның ішінде апаттардың басым бөлігіне тиесілі көмір кеніштеріндегі апаттардың кең тарағандары: жанғыш газ бен көмір шаңының жарылыстары, көмірдің өздігінен және сыртқы жылу көздерінің әсерінен жануы, тау-кен жыныстарының құлауы, кенеттен тау-кен жыныстарының және газдың лақтырысы, тау-кен соққылары т.б.

 

Еңбек жағдайларын жақсарту, жазатайым жағдайлардың және кәсіби науқастанудың деңгейін, сонымен қатар тау-кен апаттарының салдарынан болатын экономикалық зардап көлемін азайту үшін қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша қажетті іс-шаралардың барлығы жүзеге асуы қажет. Тау-кен саласында қызмет атқаратын немесе осы салаларға қажетті жабдықтар дайындап, жобалар құратын мамандар еңбек қауіпсіздігі тұрғысынан тау-кен өндірісін білулері қажет.

 

 


 

БӨЛІМ. ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ

 

Date: 2016-05-13; view: 1050; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию