Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Сабақтың тақырыбы:Барлық әлем мен үшін

Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра

отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Өмір жайлы жағымды жайлармен таныстыру

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат,

нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына,

желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон

Ж:Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әлем – дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар.– деп ақын Мұқағали ағамыз шын айтқан.

Ж2:Адамның өмірі бүкіл әлеммен тығыз байланысты. Әлем – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі. Әлем – ол дарқан, кең, құдіретті. Адам өзінің әлемі туралы шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір - құрметін тек жүректен шыққан сырлы сазбен, ойлы әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып - біледі.

Ж1: Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемімен ерекшеленеді. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адам баласының өмірі күн сайынғы оқиғаларға толы. Балалық шаттықпен күлеміз, мұңға батып та үлгереміз.
Қуанамыз, қайғырамыз. Ең бастысы өзіміздің бар екендігімізді сезінеміз. Айналамызға қажет екенімізді білеміз. Өзіңнің керек екеніңді түсінесің. Бұл үлкен қуаныш, бақыт.
Оқушы:

Уақыт - шындық безбені,
Алысқа сал көзіңді.
Білу үшін өзгені,
Сыйлау керек өзіңді.
Ж2:Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Адам баласы түйсік сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып біледі. Әрине, әлем өрісінің, жаратылыс құбылысының әлі де жете танылмаған аясы кең.
Ж1:Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Адам - болмаса, әлем де болмайды. Адам қоршаған әлеммен үйлесілімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады.
Елбасы біз үшін, мен үшін, бүкіл балалар үшін көп игі істер атқаруда. Қазақ халқы: «Болмас елдің баласы, бірін - бірі табалар, болар елдің баласы, бірін - бірі ағалар» - деп бекер айтпаған. Біздің болашағымыз - баладан басталады. Қазіргі балалар қандай болса, келешегіміз де сондай болатыны анық. Қазір бүкіл әлемнің сенетіні - бала. «Темірді дәнекер қосады, өмірді бала қосады.». Президентіміз 2002 жылы 8 тамызда «Балаларды қорғау» туралы заң қабылдады.
Оқушы:

1 - маусым - Халықаралық балалар күні, 20 - қараша дүниежүзілік балалар күні деп жариялаған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 - бабына сәйкес: 1. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Бастауыш білім және жалпы білім тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға міндетті, ал техникалық және кәсіптік білім - көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.
2. Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай - ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке және достыққа ықпал етуі тиіс. 3. Ата - аналар жас балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқылы,- деп жазылған.

Оқушы:

Бүкіл әлемде 1 - қыркүйек білім күні. Осы күні біз балалар мектепке барамыз.
«Білім – ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш. Білім - ол сенің келешек өмірің. Білім осы көзге көрінбейтін, бірақ пайдасы ұшаң. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті. Бала - әрқашанда мемлекеттің қорғауында. Бүкіл әлем мен үшін, бүкіл балалар үшін білім алуға көптеген мекемелер салуда. Президентіміздің атымен аталған «Назарбаев»университеті. Қазіргі кезде «Назарбаев» университетінде көптеген жастар білім алып жатыр.
Президентіміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқытуға жастарды жібереді. Осы бағдарлама бойынша өз білімдерін кеңейте түседі.. Еліміздегі көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға қоғам назарын аудару мақсатында еліміздің барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясы «Балаларды мектепке жинайық!» атты қайырымдылық акциясың өткізуде. Бұл акцияда балаларға оқу құралдарын, киім - жарық береді. Тек бұл ғана емес «Нұр Отан» партиясы көптеген игі істер атқаруда.
Осындай игі істер атқарып жатқан бүкіл әлемге мың алғыс!
Оқушы:

Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық.«Бірінші байлық – денсаулық». Дене шынықтыру ойындары денеге жәрдем етеді. Егер біздің денсаулығымыз болмаса, онда біздің қолымыздан ештеңе келмес еді. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылықтарды деңгейге көтеріле алады. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек.

Президентіміз қазіргі кезде денсаулыққа да көп күтім жасауға жағдай жасаған. Біз үшін, мен үшін, бүкіл балалар үшін, спорт кешендерін, стадиондар, ауруханалар, дәріханалар салғызған. Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған келісімге қол қойған болатын. Ел спортын, оның ішінде кез - келген елге есеміз кетіп жүрген футболды дамыту үшін осындай жоба жүзеге асырылуда. Бұл – балалар үшін үлкен қуаныш.

Ж2:Жаңа ғасыр мен мыңжылдық табалдырығында болашағымыз - балалар қандай күй кешуде деген сұрақ мені жиі мазалайды? Себебі, тірі жетімдер қатары күн санап көбейіп барады. Осы балалардың тек үш мыңы ғана тұл жетім. Қалғанының ата - анасы уақытша болып тұрған қиыншылыққа төзе алмай балаларын тастап кеткен ата - аналар. Олардың балалары жетімдер үйі мен асыраушы ата - аналардың қолына өткен. Мұндайда кімнің жүрегі қан жыламас. Кез - келген адам тіршіліктің тұтқасын шаңырақ деп біледі, ал осы шаңырақтың қызығы бала емес пе?!

Ж1:«Адам ұрпағымен мың жасайды»,- деген Лұқпан Хакім. Ал тағдырдың жазуымен ата - анасыз қалған, не болмаса жастайынан ауыр сырқаттың зардабын тартқан балаларға мемлекет тарапынан да, жекелеген адамдар ерекше қамқорлық, жанашырлық жасалып жатыр. Баласыз үйде бақыт жоқ дегендей баласыз үй қу мазар. Жетім балаларға берілетін жәрдемақы тек 23 - жасқа дейін төленеді. Одан кейін олар қалай өмір сүретіні ешкімнің де басына кіріп шықпайды. Қазіргі әрбір қазақ «жетім бала жыламасын деп» көмек - қолын созуда. Осындай әлемде өмір сүріп жатқан жетімдердің арманы жоқ. Иә, жетімдердің тек бір арманы бар. Оны ата - анасы іздеп тауып, осы жерден алып кетсе деген арман. Жетімдер осы арманмен күн санап өсіп жатады. Жетімдерге көмектесу үшін әншілеріміз де, Майра Ілиясова да қолдан келгенше көмектесуде. Баланың тәрбиесі отбасыдан басталады.

Ж2:Біздің ауылда «Айгөлек» балабақшасы жұмыс істеуде. Онда балалар ойын ойнап, уақыттарын көңілді өткізуде. Балаларға айтарым ата - анасының борышын ақтап, келешек жастарға өзінің білгенін үйрету, өз елінің байлығын сақтап, оны ары қарай молайтуға ықпал етуін сұраймын.
Оқушы:

Желбіреп көкте байрағың,
Артта қап тартқан азабың.
Аман боп ауыл - аймағым,
Айбарың ассын, қазағым.
Ж1:Тағы бір айтарым, күн келбетті кезеңнің көркі біздің достығымызда, сүйіспеншілікте, айналамызға деген қарым - қатынасымызда осыны да естен шығармайық достар. Біз өмір сүріп отырған әлем - әдемі әлем. Өйткені сен барсың, ол бар, біздер бармыз. Әдемі әлемге әдемі жандар лайық. Ойдың әсемдігі қажет.
Біз ғаламды шат күлкі – жанарымен көруге құштармыз. Қап қара түннен жарық іздейміз, сұп - сұр бұлттан жаңбыр күтеміз. Төрткүл дүниеге тек қана жақсылық тілейміз.
Біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат, азаматша болу.

 




<== предыдущая | следующая ==>
Біз кімбіз?” ой-толғаныс | Мәңгәләк Ел»- бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі





Date: 2016-05-16; view: 379; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию