Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Станцияның негізгі жоспары және жабдықтарының құрамы. Технологиялық сызба





 

Құбырлардың трассасы бойынша мұнай айдайтын станциялардың орналасқан жері (1 қосымша) гидравликалық есептеуге сәйкес анықталады.

Станциялардың орналасқан жерін таңдаған кезде энергетикалық ресурстарды тиімді және кешенді қолдану, қоғамдық құрылыс ауданының жылумен және сумен жабдықтау, канализациялық және тазалау жабдықтары қажеттілігі ескеріледі.

Станцияның алаңы құрылыс жүргізілетін ауданның жоспарлау және құрылыс жобасына сәйкес таңдалынады. Таңдау осы ауданның басқа алаңдарында станцияны орналастырудың әр түрлі нұсқаларының техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыруға негізделеді. Алаңның өлшемдерін құрылыстың тиімді тығыздығын, сонымен қатар станцияны кеңейту мүмкіндігін ескере отырып таңдау керек.

Алаңның бедері тегіс, еңіс, беттік суларды ағызу, өздігінен ағатын канализация жүйесінің қолайлы жұмыс шартын жасау және өздігінен ағатын операцияларды жүргізу мүмкіндігі болуы үшін бұрышы нақты болуы керек. Алаңдағы топырақтың жеткілікті түрде салмақ түсіретін қабілеті болуы керек (0,12 МПа кем емес). Табиғи негіз болатын топырақтар берік және тұрақты болуы керек.

Станцияның негізгі жоспары ашық алаңда технологиялық жабдықты орналастыруды ескеріп ең кіші аумақта тиімді экономикалық өндірістік процесті қамтамасыз етуі қажет. Негізі жоспарды дайындағанда жарықты және желдің басым бағытын есепке ала отырып, ғимаратты және жабдықтарды ең тиімді орналастыру қамтамасыз етіледі.

Мұнайды дайындау және айдау үшін қондырғылардан магистралды құбырға қабылдау үшін басты НПС қолданылады. Басты НПС мыналардан тұрады: сорғы станциясы, тіреуі бар станция, негізгі сорғылардығ кавитациясыз жұмысын қамтамасыз ететін резервуарлы парк; қырғышты іске қосатын айдайтын станцияны магистралдық құбырға жалғайтын түйінмен біріктірілген камерасы, сақтандырғыш құрылғысы бар алаң; сұйық санағыштарының қондырғысы; реттейтін құрылғылары бар ғимарат және сүзгі алаңдармен технологиялық құбыр желілері мен жылжыту камеаралары немесе ауыстыру түйіндері.

Аралық НПС магистарлыдқ құбырда айдалатын мұнайдың қысымын жоғарылату үшін арналған. Аралық НПС құрамында басты НПС сияқты нысандар болады, бірақ резервуарлы паркі болмайды.

Басты айдаушы станцияның технологиялық сызбасы 4 суретте келтірілген.

Басты станцияның алаңына келген мұнай сүзгі камерасы 10 арқылы өтеді, ол жерде механикалық қоспалардан тазаланады, одан кейін шығын өлшеу құрылғысының 12 камерасы (алаңы) және манифольд 16 арқылы коллекторлар бойынша резервуарлардың 17 кез келген біреуіне барады. Біраз тұрғаннан кейін манифольддан өткен соң мұнай тіреуіші бар сорғыға 15 келеді. Одан кейін негізгі сорғы 5 желісіне келеді. Тізбектей жұмыс істейтін агрегаттар мен реттеуші қақпақтардың камерасынан өтіп, мұнай қысыммен қырғышты іске қосу камерасы арқылы магистралға келеді.

 

Орытынды.

 

Жүргізілген технологиялық есептеу нәтижесінде көлемі жылына 36 млн. тонна болатын батыс-тебук мұнайын айдау үшін 5 мұнай айдайтын станциямен диаметрі Æ920´8 мм мұнай құбыры оңтайлы болып табылады деген қорытынды жасауға болады.

Басты НПС резервуарлық паркінің көлемі мұнайдың екі тәуліктік айдау көлеміне тең, және әрқайсының көлемі 20000 м3 болатын он екі метал резервуарлардан тұрады.

Аралық НПС басты НПС 344 км қашықтықта орналасады.

 


 

Date: 2016-05-15; view: 840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию