Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Төртінші қасиет. Дұрыс қарым-қатынас жасай білу





Оқытушылар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым-қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады. © Джон Максвелл

Мына төрт негізгі ұстанымдарды орындасаңыз, тиімді коммуникатор боласыз:

1. Ойыңызды ықшамдаңыз. Қарым-қатынас – сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес, оны қалай айту да маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына: «Ширақ болыңдар, ширақ болыңдыр, ширақ болыңдар!» деп қайталай беретін.

2. Нақты адамды көре біліңіз. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыз: менің тыңдаушыларым кімдер? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қай мәселесін көтеру керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.

3. Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды жүзеге асыру.

3. Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға көп мәлімет беру арқылы олармен қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әрдайым олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз.

Басқа адамдармен қандай деңгейде араласасыз? Шыныменде араласа білу сіз үшін маңызды ма? Адамдарға шабыт сыйлап, мотивация бере аласыз ба? Сіздің адамдарыңыз түсініп, қабылдап, жүзеге асыра алатындай асқақ армандарыңыз бен жарқын болашағыңызды суреттей аласыз ба? Бірге-бір араласа отырып, ол адаммен шынайы контакт орната аласыз ба? Ал топпен ше? Егерде сіздің тереңде жатқан асқақ армандарыңызды адамдарға түсіндіре алмасаңыз, онда сіз олармен дұрыс қарым-қатынас орнатпағандығыңызда. Қарапайымдылық! Осыны ұмытпағайсыз!
Бесінші қасиет. Біліктілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.
Біз жоғарғы білікті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Алайда басқаларды біліктілік жағынан басып озу міндетті түрде Майкл Джордан немесе Билл Гейтс болу қажет емес. Егер шынымен біліктілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеуіңіз керек:

Әр күн сайын біліктілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін көрсетеді.

Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыз. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам әр кез бастық болады.

Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам білікті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз адамдарымыздан істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.

Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шындығында, білікті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.

Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

Қиын жұмыс кезіндегі сіздің психологиялық дайындығыңыз қалай? Іске бар ынтаңызбен және мүмкіндігіңізбен қимылдайсыз ба? Әлде сіз кейде жақсы ғана жұмыс істей аласыз ба? Сіз кімсіз: ойшыл, қызметкер әлде сенім артуға болатын ойыншысыз ба?
Жеке стандарттарыңыз қаншалықты жақсы болса, сіз де оншалықты жақсы боласыз!
Алтыншы қасиет. Ерлік: ерлігі бар адам, көп адамға тең.

Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет! © Уинстон Черчиль, британдық премьер-министр

Істеріңіз қиын шешімдерді талап еткенде, шынайы ерлік туралы мынаны білуіңіз керек:

Ерлік сіздің ішіңіздегі күрестен басталады. Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады.

Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі шешім қабылдаумен немесе тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан білкті көшбасшы бола алмайсыз!

Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік жұқпалы, — дейді Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп қатаяды». Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқаларды да мықты қыла бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді.

Сіздің өміріңіз сіздің ерлігіңізге пропорционалды түрде кеңейіп тереңдей түседі. Бринтандық дін маман Джон Генри Ньюмен айтқандай: «Өмірім соңына жетті ме деп қорықпаңыз, ол әлі басталмады ма деп қорқыңыз». Ерлік өмірді жақсы бастауға ғана емес, жарқын болашағыңызға да зор мүмкіндік береді. Қорқыныш дегенді жеңе біліңіздер.

Жастар арасындағы көшбасшының тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, түпнұсқалы, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осындай жастар арасындағы көшбасшының бойында батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие көшбасшыларға сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді.

 

Date: 2016-05-15; view: 4605; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию