Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алгоритмдер көрсетімінің әдістері





Алгоритм - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі. Көрсетімнің әр түрі алгоритмдерді сипаттаудың өз орындаушысына бағытталған өзіндік қүралдары бар:

— табиғи тіл (орыңдаушы - адам) - орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері;

— графикалық тіл (орындаушы - адам) - әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар);

— алгоритмдік тіл (орындаушы-адам) - өрекет немесе орындаушыға арналған командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;

— программалау тілі (орындаушы-компьютер) – программалау тілінің командалары.

Егер алгоритмдердің жасалу қүрылымын қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықты, тармақталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу төртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.

Орындаушының өрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталган болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады.

Іс жүзінде алгоритмдердің көбінде үш қүрылым да болады.

Компьютер, біз білетіндей, сандық, мөтіндік, графикалық, дыбыстық деректерді өңдей алады.

Программалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар сандық (бүтін, заттық), символдық жөне логикалық болады.Шама атымен, түрімен (типімен) жөне мағынасымен сипатталады.

Мысалы, 25,1.0134, «Мен информатиканы үйренемін» деректеріне ат бере аламыз: 25-ті деп белгілейік, 1.0132-ні В2 деп, «Мен информатиканы үйренемінге» С деген ат меншіктейік.

Осы жерде N-нің мағынасы бүтін сан екенін, В2-нің мағынасы заттық, С-тің мағынасы мәтіндік немесе бедербелгілік екенін атап өтейік. Деректерді компьютер жадында сақтау және кейінгі олар орнын бір мағыналы анықтаумен байланысты, шамаларға немесе деректерге ат берудің басқа да мәні бар.

Деректерді өндеу алгоритмдерінде қолданылатын сөздер — "деректер", "деректер тізімі", "шамалар", "шамалар тізімі", "айнымалылар", "айнымалылар тізімі", "параметрлер", "параметрлер тізімі" — бұлар өзінің мағыналары жағынан бірдей.

Бақылау сұрақтары:

1. Алгоритм ұғымын түсіндіріңіз?

2. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз.

3. Алгоритмнің берілу тәсілдері?

4. Алгоритмнің блок-схема түрінде тұрғызылуын түсіндіріңіз.

5. Алгоритм көрсетілімінің әдістерін атаңыз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.

4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.

5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.

6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.

7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.

9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.

10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.

11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.

12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.

 

ДӘРІС

Date: 2016-05-15; view: 1461; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию