Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пана сұрау, сиыну

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Адамдардың тәңіріне сиынамын де». (Нас 114:1)

Басына қиыншылық түскен кезде жәрдем сұрау.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Жаратқанға жалбарынып көмек сұраңдар, сендерге артынан мың періште жіберіп көмектесемін» деді. (Әнфәл 8:9)

Құрбандық: Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ үшін» де. «Оның серігі жоқ. Осыған бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын»де. (Әнғам 6: 162-163)

Ал сүннеттен дәлел келтіретін болсақ, Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم нің Муслим риуаят еткен хадистінде былай дейді: «Аллаһ Тағала өзінен басқаға арнап құрбан шалғандарға лағнет етті».

Сөз беру:

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Олар өздері берген уәдені (нәзірін) орындайды әрі қиыншылығы қисапсыз Қиямет күнінен қорқады». (Инсан 76:7)

 

Екінші қағида:

Ислам дінін дәлелімен білу.

Дәлелімен білу дегеніміз, жасаған амалдарымызды Аллаһ Тағаланың әмір еткеніндей және Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ның көрсеткеніндей орындау.

Осымен қатар ислам дініне қайшы келетін сөздер мен іс-әрекеттерімізді биъаттардан сақтау делінеді.

Ислам діні: Таухидпен Аллаһтың бірлігіне мойынсұну, Оны ғибадатта жалғыздау, ширктен және ширк жасаушыдан алыс болып оларға дұшпан болу. Аллаһтың жалғыздығына мойынсұну дегеніміз, барлық ғибадат амалдарын тек Аллаһ үшін жасау болып табылады.

Ислам дінінің негіздері:

Ислам, иман және ихсаннан құралады. Әр негіздің жеке-жеке бөлімдері бар.

Бірінші бөлім: Исламның шарты бесеу:

Кәлима шаһадат айту.

Намаз оқу.

Зекет беру.

Ораза тұту.

Хажылыққа бару.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Аллаһ Тағала, періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді». (Әли Имран 3:18)

Бұл аяттан кәлима шаһадат исламның ең бірінші негізі екенін көреміз. Калима шаһадаттың мағынасына тоқтала кетсек, «Лә иләха иллаллаһ»— Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір жоқ.

Лә иләһа— сөзінің мағынасы, тағутты және өзін құдай дәрежесіне жеткізгендерді мойындамайтындығына, олармен барлық қарым-қатынасты үзетіндігіне, Аллаһтан басқа өзіне құлшылық еткізгендердің бәрін мойындамайтындығына Аллаһқа сөз беру.

Иллаллаһ- тың мағынасы, Раббыма арналған құлшылықтарымда (адамдардың көзқарастарына, өзімнің қалауыммен бидъаттарға ілеспейтіндігіме, Құранда және Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم ның сүннетінде құлшылық қалай баян етілсе, солай істейтіндігіме) мүлкінде ұқсасы болмаған Аллаһты құлшылықтарда жалғыздайтындығыма сөз беремін.

Аллаһ Тағала былай бұйырады:

«Сол уақытта Ибраһим عليه السلام әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім» деді. «Бірақ мені жаратқан Аллаһ басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады». «Ибраһим عليه السلام бұл (Аллаһты бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар». (Зұхрұф 43:26, 27, 28.)

Мухаммадصلى الله عليه و سلم):«Әй, Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Содай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шексіз біз мұсылман болдық»деңдер (Әли Имран 3:64).


<== предыдущая | следующая ==>
Міт артатын еді және қорқып жалбарынып жүретін. Бізге бас ие ғибадат ететін» | Тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Аллаһтан екендігіне иман келтіру

Date: 2016-05-15; view: 404; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию