Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. Флоппи және флеш дискілер





Сурет.CD және DVD дискілер.

ДК-дің қосымша бөліктері:

 

Принтер- мәтіндік және графикалық ақпаратты баспаға шығаруға арналған құрылғы.

Сканер – ДК-ге мәтін, сурет, слайд және басқа да графикалық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

 

Дыбыс зорайтқыштар (колонкалар) – дыбыс және әуендерді жаңғыртуға арналған. Егер ДК-де дыбыс колонкалара мен дыбыстық тақша бар болса, онда оны мультимедиялық деп атайды. Мультимедиа – бұл дыбыс пен бейненің (видео) бірігуі.

 

ЭЕМ тарихын және даму кезеңдерін түсіндіріңіз. ЭЕМ – дердің жіктелуін сипаттаңыз. ЭЕМ-ры мынадай буындардан тұрады:

1) бірінші буын – ЭЕМ-нің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері – ваккумдық электрондық шамдар. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары 1 секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын: екі санды қосу, көбейту, символдарды салыстыру сияқты қарапайым операциялар, ал оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Машиналық команданы орындататын программалау жұмысы көп еңбекті қажет етті;

2) екінші буын – транзисторды ойлап шығаруға байланысты, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын ЭЕМ-ры жарыққа шықты. Бұл машиналардың сыртқы аумағы, массасы, энергияны пайдалану шамасы көп төмендеді. Бұл ЭЕМ-да Алгол, Фортран, Бейсик және т.б. программалау тілдеріндегі программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Тиімді программа құру технологиясына жету арқылы жұмсалатын адам еңбегін үнемдеудің екінші кезеңі басталды;

3) үшінші буын – элементтік негізі жартылай өткізгішті интегралдық схема (ИС) болатын ЭЕМ-ры жасалына бастады. Интегралдық схема (ИС) – мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын, аумағы 1 шаршы см-ге жетпейтін функционалдық блок. Ол жартылай өткізгішті кристалдан (негізінен кремнийден) тұрады да, элементтері он мыңдаған-миллиондаған транзисторлардан, диодтар, конденсаторлар, резисторлар арнайы тақшада тұтас құрастырылады. Тақша – түрлі электрондық схемаларды орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы материалдан құрылған көп қабатты пластинка. Интегралдық схеманы пайдалану ЭЕМ-ның сыртқы аумағын шұғыл кішірейтуге және оның жұмыс өнімділігін көп мыңдаған есе жоғарылатуға себеп болды;

4) төртінші буын – элементтік негізі үлкен интегралдық схема (ҮИС) және аса үлкен интегралдық схема (АҮИС) болатын ЭЕМ-ры жасалына бастады. Бұл ЭЕМ-ры білімді нәтижелі түрде өңдей алатын, параллель жұмыс істейтін ондаған микропроцессорлар жиынтығынан дайындалып шықты. Машина жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық ақпаратты өңдеуге арналған компьютердің негізгі құрылғыларын бірге қосып процессор деп, ал бір немесе бірнеше АҮИС-дан тұратын дербес компьютер (ДК) процессорын микропроцессор деп атайды.

ЭЕМ-ры қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.

5)1990 жылдардан бастап объектілі-бағдарлы программалау тілдері сияқты электрондық құралдары жаңа типті етіліп күрделі дамытылған бесінші буын ЭЕМ-ры дайындалып шықты.

 

Ақпарат және оның түрлерін сипаттаңыз. Ақпараттың өлшем бірліктерін түсіндіріңіз. “Ақпарат” термині латынның «INFORMATION» - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.

Ақпараттың бағалылығы – оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.

Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Date: 2016-05-14; view: 1221; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию