Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






оғамдық денсаулық мамандығының 4 курс ДСЖДСК пәнінен арналған тест

сұрақтары 360 сұрақ

~Детоксикация – адамның ағзасынан... шығаруға бағытталған медициналық шаралардың кешені:

|алкоголді

|никотинді

|улы заттарды

|шлакты

|суды

~Жеке медициналық кітапша - халықтың жұмыс істейтін тобының өкіліне берілетін, жұмысқа жіберуге болатындығы туралы белгісімен міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері енгізілетін:

|жеке дара құжат

|куәлік

|амбулаториялық карта

|дәрігердің қабылдауына талон

|сырқаттану парағы

~Өзінің еңбек /қызметтік/ міндеттерін орындауға байланысты зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыға ықпалынан туындаған созылмалы немесе күрделі-бұл...

|кәсіби ауру.

|сирек ауру.

|аллергия.

|қауіпті ауру.

|тітіркену.

~Денсаулық сақтау субъектілерінің атқаратын қызметтерін тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредитациядан өткен жеке тұлға:

|тәуелсіз сарапшы

|бейіндік маман

|сот сарапшысы

|бақылаушы

|ревизор

~Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі – ҚР Үкіметі анықтаған... көрсетілетін медициналық қызметтердің тізімі бойынша бірдей медициналық көмек мөлшері:

|қазақстан азаматтарына және оралмандарға

|тек ғана Қазақстан азаматтарына

|азаматтығы жоқ тұлғаларға

|қос азаматтығы бар тұлғаларға

|шетелдіктерге

~Уақытша бейімдеу – бұл адамды... шығару және оны қоршаған орта жағдайына бейімдеу процесі:

|мас күйінен

|қатты жан күйзелісінен

|аффект жағдайынан

|эйфория жағдайынан

|қорқыныш жағдайынан

~Адамның толыққанды ұрпақты болуға қабілетті екендігін аңғартатын денсаулығы:

|репродуктивті денсаулық

|қоғамдық денсаулық

|жақсы жағдай

|әлсіз жағдай

|физикалық денсаулық

~Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың денсаулығының қорғалуына конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейтін:

|Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

|Қылмыстық-іс жүргізу кодексі

|Еңбек туралы заңнамалар кодексі

|Азаматтық іс жүргізу кодексі

|Неке және отбасы туралы кодекс

~Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері... көрсететін медициналық қызметтер болып табылады.

|жеке және заңды тұлғалар

|тек жеке тұлғалар

|тек заңды тұлғалар

|фармокологиялық мекемелер

|облыстық денсаулық сақтау басқармасы

~Медициналық қызмет көрсету саласын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының басшыларының лауазымдарына тағайындалады:

|жоғары медициналық білімі бар Қазақстан азаматтары

|жоғары медициналық және заң білімдері бар Қазақстан азаматтары

|жоғары медициналық және экономикалық білімдері бар Қазақстан азаматтары

|жоғары немесе орта медициналық білімі бар Қазақстан азаматтары

|жоғары медициналық білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар азаматтар

~ҚР медициналық қызмет көрсету саласын бақылау бойынша Бас мемлекеттік инспектор тексеру нәтижесі негізінде... беруге құқылы.

|тапсырма

|нұсқау

|ескерту

|өкім

|қаулы

~Медициналық қызмет көрсету саласын мемлекет бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғалар құқылы емес:

|ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаларға сәйкес медициналық қызметке берілген лицензияның әрекетін тоқтатуға

|ҚР денсаулық сақтау туралы заңнамаларын бұзушылықтарды жою бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне тапсырма беруге

|денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға

|медициналық қызмет көрсету саласын бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге

|өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және денсаулық сақтау туралы ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік шалар көруге

~Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыздандыру көздері болып табылмайды:

|азаматтардың жинақтаушы зейнетақы қоры

|бюджет қаржысы

|ерікті сақтандыру қаржылары

|ақылы қызмет көрсетуден алынған қаржы

|ҚР заңнамаларына қайшы келмейтін көздер

~Денсаулық сақтау субъектісі болып табылмайды:

|ерікті сақтандыру қоғамы

|денсаулық сақтау ұйымдары

|жеке медицина практикасымен айналысатын жеке тұлғалар

|жеке фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

|жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

~Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне енбейді:

|санаториялық-курорттық емдеу

|жедел медициналық көмек және санитарлық авиация

|амбулаториялық-емханалық көмек

|маманның жолдауы бойынша стационарлық медициналық көмек

|қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

~Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек кешеніне саналмайды:

|патологоанатомиялық диагностика

|кең таралған аурулардың диагностикасы дәне емдеу

|жұқпалы аурулар ошағындағы санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар

|халықты гигиеналық оқыту, отбасын, ананы, баланы қорғау

|қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және құнарлы тамақтану бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары

~Санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға лайықты... қамтамасыз етеді.

|күтім және тамақты

|жайбарақаттықты

|жұмыс тәртібін

|күн тәртібін

|оқу үрдісін

~Ұйымдастырып өткізуге тиым салынады:

|жаппай емшілік сеанстарына

|мәдени-бұқаралық шараларға

|салауатты өмір салтын насихаттауға

|емдеу және гигиеналық әдістерге

|емшілікке

~Дәрілік заттардың тіркелуінің аталуы:

|сауда атауы

|реквизитті зат

| этикетті тауар

| заттың қорабы

| препарат

~Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу куәлігінің көшірмесін беру үшін төленеді:

| жинау

| айыппұл

| тауар

| алимент

| айыбы

~Медициналық көмек пациенттің... алғаннан кейін көрсетілуі керек.

| ауызша немесе жазбаша ерікті келісімін

| қшалай рахметін

| нотариалдық сенімхатын

| жоғарғы басшыларының рұқсатын

| төлқұжатын

~Аурудың... мақсаты сырқаттың пайда болуы немесе өршіп кетуінің, сондай-ақ олардың асықынуларының алдын алу болып табылады.

| профилактикасының

| емдеуінің

| диагностикасының

| жойылуының

| тіркелуінің

~ Салауатты өмір салтын қалыптастырудың құрамына... жатпайды.

| халықты мекен-жайы бойынша тіркеу

| салауатты өмір салтын насихаттау

| дұрыс құнарлы тамақтануды насихаттау

| сырқаттанушылықтың алдын алуды насихаттау

| халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу

~ Профилактикалық медициналық тексерулер бөлінеді:

| жаппай және іріктеп

| алдын ала және қорытынды

| қайталап және соңғы

| алғашқы және екінші

| емдеу және оңалту

~ Өндіріс саласындағы және шаруашылық қызметтегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жұмысқа... азаматтарды жібермеулері керек.

| денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған

| алдын ала медициналық тексеруден өткен

| кезекті медициналық тексеруден өткен

| денсаулығы бойынша жұмысқа жарамды деп танылған

| алдын ала немесе кезеңді медициналық тексеруден өткен

~ Емдеуші дәрігер бір уақыттық еңбекке жарамсыздық қағазды бере алады:

| 3-күнтізбелік

| 1-күнтізбелік

| 20-күнтізбелік

| 35-күнтізбелік

| 50-күнтізбелік

~ Емдеуші дәрігер бірыңғай еңбекке жарамсыздық қағазды... соза алады.

| 10-күнтізбелікке

| 35-күнтізбелікке

| 8-айға

| 2-айға

| 3-айға

~ Аурухана орынбасушылық технологиясының негізгі формалары… болып табылады.

| күндізгі стационары

| стационарлық ем

| амбулаторлық хирургия

| күттірмейтін көмек

| хоспис

~ Алғашқы дәрігерлік көмекті жетілдіру келесіні қамтиды:

| кезеңдік медициналық көмекті ендіру

| амбулаторлық көмек көрсетілетін тұрғындар санының кемуімен

| шалғайлы қол жетімсіз тұрғындарға жүйені дамыту

| көмекті ендіру

| технологияны ендіру

~ Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді жетілдіру қызметі қарастырады:

| амбулаторлық қайта оңалту қызметін дамыту

| белсенді патронаж

| жұмыстың әдістерін жетілдіру

| жедел жәрдем жағдайларда

| технологияны енгізу

~ Төсек орнының реконструкциясы төсек орнының типтік бөлінуін қарастырады:

| қарқынды ем төсегі

| ем алдындағы төсек

| жоспарлы ем төсегі

| медициналық-әлеуметтік төсек

| үй жағдайындағы стационар

~ Медициналық жедел жәрдем көмегінің жұмысын жетілдіруді қорытындылайды:

| науқастарды ауруханаға жеткізу бағытының тиімділігі

| науқастарды жеткізу стандартын енгізу

| мобилді байланысты қамтамасыздандыру

| кеңес беру қызметі

| стационарлық ем

~ Жалпы төсек орын қорының құрылымында қомақты орынды құрайды:

| белсенді

| шұғыл

| жоспарсыз

| әлеуметтік

| гигиеналық

~ Қазіргі кездегі бағдарламаны жүзеге асырудағы бағдарламалық-мақсаттық басқару:

| ҚР азаматтарына тегін медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік кепілі

| РФ медициналық көмек сапасын басқару бағдарламасы

| ФРГ медициналық көмек сапасын басқару бағдарламасы

| АҚШ медициналық көмек сапасын басқару бағдарламасы

| Италия медициналық көмек сапасын басқару бағдарламасы

~ Ауыл тұрғындарына 1-ші кезеңдік амбулаторлық ем көрсету кезеңдері:

| фельдшер-акушерлік пункт

| учаскелік дәрігер

| қалалық аурухана ішілік емхана

| қалалық емхана ішілік кеңес

| федералды орталық

~ Қала тұрғындарына амбулаторлық ем көрсету кезеңдері:

| терапевтік учаске

| емхана ішілік операциялық блок

| ертханалық орталық

| аудандық орталық аурухана

| федералды орталық

~ Тұрғындардың жалпы аурушаңдығын зерттеу кезіндегі бақылау болып табылады:

| науқастың ауру себебі бойынша келуі

| науқастың алғаш келуі

| медициналық тексеру кезіндегі тіркелулер

| науқастың ауру бойынша екінші рет келуі

| созылмалы аурулар бойынша келуі

~ Туылуларды зерттеу барысында бақылау бірлігі болып табылады:

| әрбір сәбидің тірі туылу оқиғасы

| әрбір сәбидің туылу оқиғасы

| әрбір босану оқиғасы

| сәбиді босанған әйел

| өлі балалардың барлық туылу оқиғалары

~ Бір мәртелік бақылауға жатады:

| туылу

| халықтың профилактикалық тексерілуі

| өлім-жітім

| стационардағы науқастардың санағы

| халық санағы

~ Әлеуметтік-гигиеналық әдістерге жатады:

| сараптамалық

| әлеуметтік-психологиялық

| экономикалық

| тарихи

| санитарлық-статистикалық

~ Ағымдағы бақылауға жатады:

| халық санағы

| туылғандардың есебі

| халықтың жас құрамын анықтау

| халықтың төсек орынмен қамтылуын зерттеу

| халықтың өлім-жітімін тіркеу

~ Мемлекеттік және жергілікті тапсырмаларды қалыптастыру және енгізудің негізгі мақсаты... болып табылады.

| медициналық көмектің сапасын жақсарту

| стационар мен емханалардың арасындағы тиімділік қатынасын анықтау

| денсаулық сақтауды қаржыландыру мен медициналық көмек көрсету мөлшерінің арасындағы анық қатынасты анықтау

| денсаулық сақтауды қаржыландырудың нақты көлемін анықтау

| медициналық көмек көрсетудің нақты көлемін анықтау

~ Адамның өмір сүру жағдайын анықтайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың жиынтығы... деп аталады.

| адамның өмір сүру ортасы

| адамның жұмыс орны

| адамның оқу орны

| адамның туылған жері

| адамның көңіл-күйі

~ Құпия зерттелу дегеніміз- адамның... ерікті медициналық тексерілуі.

| жеке басын анықтамай

|ота жасамастан

| ескертілместен

| алдын ала тіркелместен

| жолдамасыз

~ Бала – жасы... (кәмелетке) толмаған тұлға:

| он сегізге

| он алтыға

| жетіге

| жиырмаға

| мектепке

~Белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері...бұл.

|бейіндік маман

| дипломды маман

| жоғары санатты маман

| кең сипатты маман

| білікті маман

~ Медицина тарауы және медицина тәжірибесінде көптеген ғасырлар дәстүрлерінде тұрақтанған аурулардың алдын алу және емдеу әдістері мен құралдарына негізделген медицина қызметкерлерінің қызметі...бұл.

| дәстүрлі медицина

|әлеуметтік медицина

| қоғамдық денсаулық сақтау

| қоғамдық денсаулық

| денсаулық сақтау жүйесі

~ Жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат...бұл.

|маманның сертификаты

| маманның дипломы

| маманның грамотасы

| маманның карточкасы

| маманның жолдамасы

~ Пациент –медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын...

| жеке тұлға.

| заңды тұлға.

| азаматтығы жоқ тұлға.

| шетел азаматы.

| жоғары білімді тұлға.

~ Дәрігердің практикалық қызметінде келесі статистикалық әдіс қолданылады:

| орташа биіктікті талдау

| графикалық

| әлеуметтік

| белсенді биіктікті есептеу

| экстенсивтік биіктікті өлшеу

~ Топтастыру... сәйкес жүргізіледі.

| зерттелетін белгілерге

| әзірлеу бағдарламасына

| зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне

| карталарда деректердің барлығына

| зерттелетін құбылыстың ерекшеліктеріне

~ Туылудың жалпы көрсеткіші – бұл...

| салыстырмалы қатынас көрсеткіші.

| интенсивті көрсеткіш.

| көрнекілік көрсеткіші.

| өлім-жітім көрсеткіші.

| демографялық көрсеткіші

~ Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясындағы АДСК-ке... жатпайды.

| дені сау балалардың, созылмалы сырқаты бар тұлғалардың диспансерлік бақылауы

| кең таралған ауруларды, жарақаттарды, улануларды және шұғыл медициналық көмекті талап ететін басқа да жағдайларды емдеу

| аурулардың медициналық профилактикасы, алдын алу мақсатындағы егулер мен тексерулер

| шұғыл медициналық араласуды талап ететін жағдайлар кезінде кезек күттірместен көрсетілетін көмек

| бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, апаттар тағы басқа аурулар

~ Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында жедел медициналық жәрдем (соның ішінде мамандандырылған) қатарына... саналмайды.

| аурулардың медициналық профилактикасы, профилактикалық егулер мен тексерулер

| шұғыл медициналық көмек көрсетілуін талап ететін жағдайларда жедел медициналық жәрдем мекемелері мен бөлімшелері көрсететін көмек

| дені сау балаларды, созылмалы аурулары бар адамдарды диспансерлік бақылау

| бақытсыз жағдайлар, уланулар және басқа да сырқаттанушылықтар

| бақытсыз жағдайлар, жарақаттар және басқа да сырқаттану жағдайлары

~ Денсаулық сақтаудың жеке жүйесі (ДДСҰ анықтауы бойынша) бұл...

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 50% кемі мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 45% астамы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің шамамен 35% мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 15% жуығы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 25% жуығы мемлекеттік сектор.

~ Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі (ДДСҰ анықтауы бойынша) бұл...

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 50% кемі мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 35% астамы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 25% жуығы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 45% жуығы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 15% жуығы мемлекеттік сектор.

~ Реттелетін сақтандыру жүйесі (ДДҰ анықтауы бойынша) бұл...

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 50% кемі мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 45% астамы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 35% жуығы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 25% жуығы мемлекеттік сектор.

| қаржыландырудың жалпы мөлшерінің 15% жуығы мемлекеттік сектор.

~ Науқастардың бақылау хаттамаларында пациенттің моделінің негізгі түрлерін көрсету:

| нозологиялық

| синдромдық

|жағдайлық

| динамикалық

| кескіндік

~ Медициналық көмек көрсетудің соңғы нәтижесі:

| толық сауығу, толық қалпына келу

| жарым-жартылай қалпына келу

| өзгеріссіз жағдай

| мүгедектілік

| нашарлау

~ Емдеу мекемелерінің көрсеткіштерін бағалау әдістеріне жатады:

| статистикалық әдіс

| сарапшылық баға әдісі

| тарихи әдіс

| дәрігерлік-экономикалық талдау әдісі

| сауалнамалық әдіс

~ Медициналық көмек сапасының және тиімділігінің көрсеткіштеріне жатады:

| медициналық нәтижелік коэффициенті

| сапа коэффициенті

| әлеуметтік қанағаттанушылық коэффициенті

| шығындардың қатынас коэффициенті

| тиімділіктің интегралды коэффициенті

~ Пациенттер тұрғысынан алғанда медициналық көмек нәтижелерінің түрі:

| емдеуге қанағаттану

| клиникалық

| тұрмыс сапасы

| экономикалық

| әлеуметтік

~ Пациент үшін медициналық көмектің клиникалық оң нәтижелері байқалады:

| дәрігердің ұқыпты қарым-қатынасы

| ауру белгілерінің пайда болуы

| еңбекке жарамсыздық

| зертханалық зерттеулер нәтижелерінің нашарлауы

| асқынулардың болуы

~ Пациенттің емге қанағаттануы келесі сипатта бағалануы мүмкін:

| қол жетімділік

| ыңғайлылық

| сапалық

| қарапайымдыылық

| қол жетпеушілік

~ Пациенттің өмір сапасының жақсаруы медициналық көмектің нәтижесі ретінде келесі критерийлерден аңғарылуы мүмкін:

| денсаулық жағдайының жақсаруы

| психологиялық жағдайының жамандауы

| әлеуметтік қызметтерінің төмендеуі

| мүгедек болып қалу

| сырқаттану соңының жағымсыз аяқталуы

~ ҚР медициналық көмегінің заманауи деңгейдегі жетілуі... дамуымен байланысты

| алғашқы дәрігерлік санитарлық көмек

| стационарлық көмек

| медициналық ғылым

| ауылдық денсаулық сақтау

| қалалық денсаулық сақтау

~ Еңбекке жарамсыздық парағын беруге негіз болып саналмайды:

| мас болу

| сырқаттану

| улану

| отбасындағы сырқат адамға қарау

| жарақаттану

~ Карантин кезінде еңбекке жарамсыздық парағын береді:

| дәрігер-инфекционист

| дәрігер-инфекционист болмаған жағдайда емдеуші дәрігер

| фельдшер

| медбике

| қабылдау бөлімшесінің дәрігері

~ Емдеу-қорғау тәртібі:

| стационарлық

| амбулаторлық

| санаториялық

| үйде

| емханалық

~ Күндізгі стационар жағдайында емдеу кезінде талап етілетін тәртіп түрі:

| амбулаторлық

| стационарлық

| санаториялық

| үй жағдайында

| курорттық

~ ЖРИ кезінде клиникалық-еңбектік болжам нұсқасын таңдаңыз:

| жағымды

| қатысты жағымды

| күмәнді

| жағымсыз

| белгісіз

~ I топтағы мүгедектікті тағайындағанда клиникалық болжам... болып саналады.

| жағымсыз

| қатысты жағымды

| күмәнді

| жағымды

| белгісіз

~ Аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы … деп аталады.

| денсаулық

| даму

| бақыт

| аурушаңдық

| аффект

~Денсаулық сақтау–денсаулық сақтау субьектілері және мемлекеттік органдардың жиынтығы, азаматтардың... құқын қамтамасыз етуге бағытталған.

| денсаулығын қорғау

| білмге

| еңбек етуге

| демалысқа шығуға

| каникулға

~ Денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық саласында қызметті жүзеге асыратын … тұлға.

| заңды

| коммерциялық

| жеке меншік

| кез келген

| шетелдік

~ Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және... жүйесі туралы» Кодексі:

| денсаулық сақтау

| білім беру

| жақсарту

| ұйымдастыру

| қамтамасыз ету

~ Аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені... деп аталады.

| диагностика

| профилактика

| емдеу

| қарау

| қызмет

~ Ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені:

| емдеу

| қарау

| диагностика

| тексеру

| зерттеу

~Тұрғындардың психикалық, тәни және әлеуметтік салауаттылығының кешенді сипаттамасы:

| қоғамдық денсаулық

| қоғамдық тамақтану

| қоғамдық пікір

| қоғамдық қабылдау

| қоғамдық байланыс

~ Мәжбүрлеп емдеу –... негізінде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу:

| сот шешімінің

| арыздың

| хаттың

| үкімет қаулысының

| денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

~ Кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:

| медицина қызметкерлері

| медицина ұйымдары

| медицина мекемелері

| жарақат бөлімшесі

| облыстық аурухана

~ Халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған, дәрі-дәрмекпен көмектесуді қоса алғанда, медициналық қызмет көрсету кешені... деп аталады.

| медициналық көмек

| санитарлық көмек

| санитарлық авиация

| жедел жәрдем

| стационарлық көмек

~ Денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы... деп аталады.

| медициналық қызметтер көрсету

| емдеу қызметтері

| алдын алу жұмысы

| әлеуметтік қызмет көрсету

| тұрмыстық қызмет көрсету

~ Негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы:

| медициналық ұйым

| әлеуметтік қамтамасыздандыру қызметі

| санатория

| жедел жәрдем

| денсаулық сақтау басқармасы

~ Орфанды деген сөзінің мағынасы:

| сирек

| кездейсоқ

| таза

| байқалмайтын

| жеңіл

~ Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырумен айналыспайды:

| Қазақстан Республикасының Парламенті

| Қазақстан Республикасының Президенті

| Қазақстан Республикасының Үкіметі

| уәкілетті орган

| басқа да орталық және жергілікті атқару органдары өз құзыреттері шегінде

~ Медициналық қызмет түрлеріне... жатпайды.

| медперсоналды оқыту

| медициналық көмек

| зертханалық диагностика

| қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет

| денсаулық сақтау саласындағы сараптама

~ Медициналық көмектің негізгі түрлеріне... жатпайды.

| санитарлық көмек

| дәрігерге дейінгі медициналық көмек

| білікті медициналық көмек

| мамандандырылған медициналық көмек

| медициналық-әлеуметтік көмек

~ Медициналық көмек көрсету нысанына... жатпайды.

| профилактикалық тексеру

| амбулаториялық-емханалық көмек

| алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек

| стационарлық көмек

| санитарлық авиация

~ Адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қоса алғанда тәулік бойына медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек... деп аталады.

| алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек

| санитарлық-эпидемияға қарсы көмек

| санитарлық авиация

| санаториялық-курорттық ем

| амбулаториялық-емханалық көмек

~ Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетпейді:

| анестезиолог

| учаскелік терапевт

| педиатр

| жалпы практика дәрігерлері

| фельдшер

~ Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі... қағидасы бойынша атқарылады:

| аумақтық

| бағыттық

| тікелей

| еркіндік

| қолжетімділік

~ Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмектің түрлері, мөлшері, тәртібі, сонымен қатар азаматтарды АДСК ұйымдарына бекіту тәртібін... белгілейді

| Қазақстан Республикасының Үкіметі

| Қазақстан Республикасының Парламенті

| Денсаулық сақтау министрлігі

| Статистика министрлігі

| облыстық денсаулық сақтау басқармасы

~ АДСК-ті ұйымдастыруды... жүзеге асырады.

| жергілікті мемлекеттік басқару органдары

| республикалық мемлекеттік басқару органдары

| әділет органдары

| бас санитар дәрігер

| фармакологиялық қызмет бастығы

~ Алкоголдік өнімдерді сатуға тиым салынады:

| жиырма бір жасқа толмағандарға

| жиырма бес жасқа толмағандарға

| жиырма үш жасқа толмағандарға

| отыз жасқа толмағандарға

| жиырма алты жасқа толмағандарға

~ Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу кезiнде оларға сараптама жүргiзуге байланысты шығыстарды көтередi:

| өтiнiш берушiлер

| үкімет

| Денсаулық сақтау министрлігі

| әкімшілік

| қоғамдық ұйымдар

~ Тиiстi өндiрiстiк практика жағдайларында өндiрiлген дәрiлiк субстанциялар:

| мемлекеттік тіркелуге жатады

| мемлекеттік тіркелуге жатпайды

| шетелде тікеледі

| халыққа қызмет көрсету орталығында

| лицензиясы болса жеткілікті

~ Дәрiлiк затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу нәтижелерi бойынша... құжат берiледi.

| куәлiк

| патент

| мемлекетік лицензия

| сертификат

| салық инспекциясынан түбіртек

~ Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмді керi қайтарып алы мүмкiн:

| уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен

| облыстық әкімшілік

| прокуратура органдары

| санитарлық-эпидемиологиялық қызмет

| салық басқармасы

~ Фармакологиялық және дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға уәкiлеттi орган... жүргiзедi.

| клиникалық зерттеу, сынау

| жаппай өндіру

| иесіне қайтару

| күрделі жөндеу

| есептен шығару

~ Дәрiлiк заттар тұтынушылық қаптамасына... жазуларымен айналысқа түсуі тиiс.

| мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде

| тек мемлекеттік тілде

| тек орыс тілінде

| кез келген тілді

| қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

~ Қымбат тұратын, сирек қолданылатын, орфандық препараттардың шектеулi көлемiн әкелу кезiнде стикерлердi пайдалануға...

| жол беріледі.

| жол берілмейді.

| егер әкімшілік рұқсат берсе.

| егер дәрілер облыста дайындалса.

| жылына екі рет.

~ Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алуға...

| болады.

| болмайды.

| болады, егер қымбат болмаса.

| әр тоқсан сайын.

| жылына бір рет.

~ Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда... көрсетiледi:

| оның құрамы

| мекеменің басшысы

| лицензияна кім бергені

| қай жылдан бастап шығарылатыны

| қай жерлерде сатылатыны

~ Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсағандағы негізгі...

| оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсаты.

| халықтың қанағаттануы.

| оңай бақыланады.

| жеткіліктілігі.

| арзандығы.

~ Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын айқындайды:

| ҚР-ның Үкiметi

| ҚР денсаулық сақтау министрлігі

| ҚР қаржы полициясы

| Сенат пен Мәжіліс

| Облыс әкімшілігі

~ Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде өнiм берушiнi таңдауының негiзгi критерийi болып табылады:

| өндiрушi не өндiрушiнiң ресми өкiлi мәртебесiнiң болуы

| халықтың жазған пікірлері

| қажетті құжаттарының болуы

| Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты

| қажетті тауарлардың болуы

~ Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың принциптерiне... жатпайды.

| дәрілік заттарды шығаруға лицензиясының болуы

| сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;

| әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;

| сатып алу процесiнiң жариялылығы және ашықтығы;

| отандық тауар өндiрушiлердi қолдау

~ Дәрiлiк препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың... тыйым салынады.

| жарамдылық мерзiмiн ұзартуға

| орнын ауыстыруға

| өндіруші мекеменің атауын айтуға

| бағасын жариялауға

| тізімін жасауға

~ Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сыныптау принциптерiне...жатпайды.

| көлемдері

| қолданылу ұзақтығын

| организммен байланысының болуын немесе онымен өзара байланысын

| организмге енгiзу тәсiлiн

| өмiрлiк маңызы бар ағзаларға қолданылуын

~ Дәрiлiк заттардың жанама әсерлерiнiң мониторингi медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда жүргізеді:

| уәкiлеттi орган

| бірінші басшы

| облыстық аурухананың бас дәрігері

| бас маман

| тендерлік комиссия төрағасы

~ Денсаулық сақтау субъектiлерi уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға мiндеттi:

| дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлмеген жанама әсерлерi туралы

| дәрілік зат бағасының қымбаттығын

| азаматтардың дәріге қатысты айтқан шағымдарын

| дәрі-дәрмектің қанша қалғанын

| дәрілік заттардың қай жерде өндірілгендігін

~ Мемлекет ҚР-ның азаматтарына кепілдік бермейді:

| кез келген сырқатынан тез айығатындығына

| денсаулық сақтау құқығына

| тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң көрсетiлуiне;

| медициналық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;

| медициналық көмектiң сапасына;

~ Қазақстан Республикасы азаматтары құқылы:

| медициналық ұйымды, сапалы әрi уақтылы медициналық көмектi еркiн таңдауға

| профилактикалық медициналық тексерiп-қараудан өтпеуге;

| денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қоғамдық денсаулыққа қатысты ұсқамаларын орындамауға

| сақтық шараларын орындамауға

| инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулар кезiнде едициналық персоналға хабарламау

~ Азаматтардан қандай жағдайда мәжбүрлеу тәртібімен куәландырылуға және емделуге тартылады:

| айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп- қараудан және емделуден жалтарған жағдайда

| тегін ем алудан бас тартса

| денсаулығына ешқандай шағымы болмаса

| жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтпесе

| жұмысқа тұра алмаса

~ Пациенттiң құқылы емес:

| басқа пациенттердің құқығын бұзатын іс-әрекеттер жасауға

| кезектiлiкпен медициналық көмек алуға;

| дәрiгердi немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

| өзiнiң денсаулық жағдайы туралы тәуелсiз пiкiр естуге

| өзінің денсаулығына қатысты консилиум өткiзiлуiне

~ Пациент мiндетті емес:

| ауруханаға демеушілік жасауға

| өз денсаулығын сақтауға

| медицина қызметкерлерiмен қатынаста сыйластық көрсетуге

| диагноз қою және ауруды емдеу үшiн қажеттi бүкiл ақпаратты дәрiгерге хабарлауға

| басқа пациенттердiң құқықтарын бұзатын iс-әрекеттер жасамауға

~ Азаматтардың келiсiмiнсiз медициналық көмек көрсетілмейді:

| спирттік ішімдік ішкен азаматтарға

| өз еркiн бiлдiруге мүмкiндiк бермейтiн есеңгiреген, ес-түссiз жағдайда

| айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегушiге

| психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушiге

| психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегушi және қоғамға қауiптi әрекет жасаған адамдарға

~ Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келiсiмдi бере алмайды:

| прокуратура немесе ішкі істер органдарының басшылары

| ата-анасы немесе жақын туыстары

| олардың заңды өкiлдерi

| заңды өкiлдерi болмаған кезде шешiмдi консилиум қабылдайды

| консилиумды жинау мүмкiн болмаған кезде - медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкiлдердi кейiннен хабардар ете отырып тiкелей медицина қызметкерi

~ Азаматтардың құқығы жоқ:

| тиым салынған әдiстер мен технологияларды қолдана отырып емделуге

| хирургиялық стерилизациялануға

| жүктiлiктi жасанды түрде үзуге

| балалардың санына

| имандылық-жыныстық тәрбие алуға

~ Жүктiлiк кезеңiнде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу кімнің келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін:

| әйелдiң немесе оның заңды өкiлiнiң

| жұмыс берушінің

| бас дәрігердің

| көршілерінің

| ешкімнің келісімінсіз

~ АДСК-те тұрғындар денсаулығын әдістемелік бағалау негіздері:

| статистикалық, экономикалық, эксперименталдық

| идеологиалық

| демографиалық

| биологиялық

| ротационалды, географиялық

~ АДСК-тің денсаулық сақтаудағы негізгі мақсаты:

| кең ауқымды мәселе және ұжымдық адам денсаулығы

| медициналық кадрларды дайындау

| еш жерде бұрын тіркелмеген патологияны оқыту

| жұмысшы денсаулығына әсер етуші факторлар

| денсаулық сақтауды реформалау

~ Тұрғындары.... регрессивті тип деп аталады.

|50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса

| ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым болса

| 0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса

| балалар саны мен 50 жастан асқандар саны тең болса

| 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым болса

~Тұрғындардың... стационарлы тип деп аталады.

| балалар саны мен 50 жастан асқандар саны теңі

| ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым болса

| 0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса

| 50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса

| 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым

~ Тұрғындардың аурушаңдығын сипаттауға...түсінігі қолданылады.

| жалпы аурушаңдық

| өзіндік аурушаңдық

| сырқаттанушылық

| орташа сырқаттанушылық

| патологиялық зақымданушылық

~ Тұрғындардың арасында жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және осы жылы алғаш рет тіркелген аурулар саны:

| өзіндік аурушаңдық

| жалпы аурушаңдық

| сырқаттанушылық

| орташа сырқаттанушылық

| патологиялық зақымданушылық

~ Тұрғындардың арасында осы жылы алғаш рет анықталған және алдыңғы жылдары да тіркелген аурулар саны:

| жалпы сырқаттанушылық

| өзіндік аурушаңдық

| орташа аурушаңдық

| сырқаттанушылық

| патологиялық зақымданушылық

~ Аурушаңдықты зерттеу әдістері... бойынша мәліметтеріне сүйенеді.

| келу

| туылу көрсеткіштері

| медициналық тексеру

| өлім себептері

| көбею

~ Ағзаның даму процесіндегі морфологиялық және функционалды белгілерінің дамуы және құрылу жиынтығының өсуі... аталады.

| физикалық даму

| акселерация

| рухани өсуі

| урбанизация

| антропометрия

~ Физикалық өсу... белгімен бағаланады.

| антропометриялық

| интеллектуалдық

| физиометриялық

| рухани

| соматик-скопитиялық

~ Физиометриялық мәліметтерге... жатады.

| дене салмағы

| интеллектілігі

| табан формасы

| руханилығы

| дене бітімі

~ Өзіндік аурушаңдықты (біріншілік аурушаңдық түсінігінде... деп түсінеді.

| елді-мекен арасындағы осы жылғы және алдыңғы жылдағы аурушаңдықтың

анықталуының тіркелу жиынтығы

| елді-мекен арасындағы алдыңғы жылдағы аурушаңдықтың ұзақ уақытқа тіркелген созылмалы аурулардың анықталуының тіркелу жиынтығы

| тұрғындардың арасында бұрын еш жерде анықталмаған және тіркелмеген аурулардың жиынтығы

| тұрғындар арасындағы осы жылғы және алдыңғы жылдағы аурушаңдықтың қосымша жағдайлардың анықталуының тіркелу жиынтығы

| халық арасындағы осы жылғы және алдыңғы жылдағы белгілі болған және

тұрғындар арасында бірінші пайда болған аурушаңдықтың анықталуының тіркелу иынтығы

~Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті...көрсетеді.

| участкелік терапевт

| анестизиолог

| кардиохирург

| менеджер

| маркетолог

~Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін...емдеу- профилактикалық мекемелер....

| балалар емханасы.

| СӨС орталығы.

| инфекциялық аурухана.

| офтальмология ҒЗИ.

| дезинфекциялық станция.

~ ДДҰ-ның жіктелуі... бөлінеді.

| 20-24 жас топтарының арасындағы жоғары ұрықтанғыш - ерте түріне

| 50 жас топтарының арасындағы жоғары ұрықтанғыш - орта түріне

| 25-29 жас топтарының арасындағы жоғары ұрықтанғыш - кеш түріне

| 20-24 және 25-29 жас топтарының арасындағы жоғары ұрықтанғыш - кең түріне

| 15-19 жас топтарының арасындағы жоғары ұрықтанғыш - жоғарғы түріне

~ Табиғи өсімнің түрлері:

| ұлғаюы (өсу)

| төмендеуі

| теріс

| орташа

| оң

~ Ана өлімі деп:

| тікелей акушерлік қателікке байланысты өлім

| ЖАС (ДТП) пайда болатын апат өлімі

| ЖҚЖ (ССС) ауыруларынан пайда болатын өлім

| жанама акушерлік себептер салдарының өлімі

| су алу себебінен пайда болған өлім

~ ФАП-тің статистикалық есеп беру түрі:

| қызмет көрсету аймағында тұратын тіркелген аурулар санының есебі

| стационар қызметі жөніндегі есебі

| нәрестеге көмек көрсету туралы есебі

| медициналық кадрдың есебі

| жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар есебі

~ Әйелдер кеңесінің статистикалық есеп беру түрі:

| қызмет көрсету аймағында тұратын тіркелген аурулар санының есебі

| стационар қызметі жөніндегі есебі

| нәрестеге көмек көрсету туралы есебі

| төсек орны туралы есебі

| диспансеризация туралы есебі

~ Перзентхананың статистикалық есеп беру түрі:

| босанған және босанатындар мен жүктілерге медициналық көмек көрсету есебі

| жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар есебі

| қызмет көрсету аймағында тұратын тіркелген аурулар санының есебі

| стационарда ота жасаған аурулар туралы есебі

| жүктілердің экстрагениталды патологиясы туралы есебі

~ Жұқпалы аурулар туралы журналды сақтау мерзімі:

| 3 жыл

| 1 жыл

| 10 жыл

| 5 жыл

| тұрақты

~ Стационарда ота жасалғаны туралы журналды сақтау мерзімі:

| тұрақты

| 10 жыл

| 3 жыл

| 5 жыл

| 25 жыл

~ Тұрғындар қозғалысы және өзгерісі...деп аталады.

| тұрғындар динамикасы

| аурушаңдық динамикасы

| тұрғындар статистикасы

| аурушаңдық статистикасы

| туылу статистикасы

~ Әйелдер кеңесінің профилактикалық тексеру түрлері:

| кешенді, мақсатты, орталықтандырылған

| тереңдетілген, орталықтандырылған

| хирургиялық, мақсатты

| апталық, хирургиялық

| жарақаттық, мақсаттық, орталықтандырылған

~ Әйелдер денсаулығын сақтау стратегиясы келесі стандарттарды әзірлеуді көздейді:

| тұрғындардың маргиналды топтары үшін репродуктивті денсаулық, қауіпсіз ана болу әдістемесін енгізу

| жүкті әйелдерге қызмет көрсету және ғылыми-әлеуметтік зерттеулер

| қалыптық-құқықтық актілерді өзгерту

| ғылыми-әлеуметтік зерттеулер

| аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жанұяны жоспарлау

~ Әйелдер денсаулығы мәселесі бойынша негізгі мақсаттар:

| әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау

| қалыптық-құқықтық актілерді заңмен өзгерту механизмдері

| анемия мен теріс ықпалдар

| әйелдер мен балаларға экономикалық факторлар

| жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар

~ Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетілетін мекеме:

| әйелдер кеңесі

| жарақат бөлімі

| перзентхана үйі

| облыстық аурухана

| қалалық аурухана

~ Әйелдер кеңесі емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізу үшін есепке алады:

| өз аумағындағы 15 жастан асқан барлық әйелдер мен қыздарды

| өз аумағындағы 18 жастан асқан барлық әйелдер мен қыздарды

| өз аумағындағы 13 жастан асқан барлық әйелдер мен қыздарды

| өз аумағындағы 20 жастан асқан барлық әйелдер мен қыздарды

| өз аумағындағы 10 жастан асқан барлық әйелдер мен қыздарды

~ Емханадағы есеп нысанына… жатпайды.

| Операция жасалғанын жазатын журнал

| науқастың амбулаториялық картасы

| дәрігердің қабылдауына берілген талон

| сырқаттанудың немесе жарақаттанудың нақтыланған диагнозын жазу үшін талон

| дәрігерді үйге шақыртқанын жазатын кітап

~ Емдеу-профилактикалық мекемесінің негізгі есебіне кіретін тараулар:

| ЕПМ жабдықталуы туралы деректері бар сырт бетіндегі парақ

| мониторингке жатпайтын сырқаттар тізімі

| балаларға медициналық көмек туралы есеп

| жасөспірімдерді диспансерлеу туралы есеп

| денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары

~ N1 есеп-қосымшаға енетін мәлімет:

| жасөспірімдерді диспансерлеу туралы

| балаларға медициналық көмек туралы

| Өкпе құртымен ауыратындардың контингенті туралы

| қатерлі ісікпен ауыратындар туралы

| жүйке ауыруына шалдыққандардың контингенті туралы

~ Санитарлық ағарту әдістері:

| ауызша әдіс, көрнекілік

| арнаулы

| күнтізбелік

| физиологиялық

| психологиялық

~ Профилактика – бұл:

| тәуекел факторларын жою және ауырудың алдын алу жүйесі

| тұрғындардың денсаулығын бақылау және жақсарту бойынша мемлекеттік жүйе

| денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағдарламасы

| медициналық іс-шаралар өткізу тәсілі

| денсаулық сақтаудың теориялық мәселелері

~ Медицина мекемесінде санитарлық ағартуға жауап береді:

| бас дәрігер, санитарлық-ағарту жұмысты ұйымдастырушы

| травматолог, хирург

| әрбір дәрігер

| хирург, гинеколог

| стоматолог, хирург

~ Тұрғындардың қоғамдық денсаулығын бағалайтын деректерге жатады:

| демографиялық көрсеткіштер, физикалық дамудың, аурушаңдықтың және мүгедектіктің сипаттамасы

| білім деңгейі, физикалық даму, тарихи деректер

| экономикалық даму сипаттамалары

| тарихи деректер мен экономикалық даму

| ауру сипаттамасы, психикалық даму

~ Аурушаңдықты зерттеу әдісіне жатады:

1. Қаралу деректері

2. Туылу деректері

3. Медициналық тексерілу деректері

4. Әлім себептері туралы деректер

5. Өнімділік туралы деректери

| 1,3,4

| 1,2

| 2,4,5

| 3,5

| 2,5

~ Денсаулық сақтау жүйесі– бұл:

| атқаратын қызметтері азаматтардың денсаулығын қорғау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы

| заңмен әскери немесе арнайы қызмет атқару көзделген әскери-медициналық бөлімшелер мен мекемелердің жиынтығы

| жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыруға айрықша мәртебесі мен құзыретін тану процедурасы

| клиникалық саланың нақты бір мамандығы бойынша сертификаты бар жоғары медициналық білімді медицина u


<== предыдущая | следующая ==>
Выполнение индивидуального задания. Во время прохождения практики было получено два задания, выполнение которых предполагало максимально полную отработку учебно-теоретических знаний | ПМСП как приоритет в системе здравоохранения, 4-курс, общественное здравоохранение, 360 вопросов

Date: 2016-05-14; view: 682; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию