Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ISDN тораптары





 

ISDN (Integrated Services Digital Network-интегралды қызмет атқаратын сандық желілер) негізгі коммутация режимі каналдарды коммутациялау тәртібі болып табылатын, ал мәліметтері сандық түрде ізделетін желілерге жатады. Жалпы пайдаланудағы телефон желілерінің мәліметтерді толығымен сандық іздеуге көшіру идеясы ертеректе талқыланған болатын, бұл кезде ақырғы абонент мәліметтерді тікелей сандық түрде алып отырады. Алдымен, аталмыш желі абонеттері тек дыбыстық хабарламаларды ғана жөнелте алады деп топшыланған болатын. Осындай желілерге IDN атауы берілді - Integrated Digital Network. "Интеграцияланған желі" термині абонент дауысымен сандық берілісті желімен ақпаратты сандық іздеу интеграциясына қатысты. Осы желі жөніндегі идея 1959 жылы айтылған болатын. Содан кейін айқындалғандай, мұндай желі өз абоненттеріне тек өзара сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар компьютерлік мәліметтерді тарату секілді басқа дак қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Соған қоса, желі абоненттер үшін қолданбалы деңгейдегі әралуан қызметтерді - факсимильді байланыс, телемәтін (қостерминал арасынды мәліметтер тарату), бейнемәтін (мәліметтер желісінде сақтаулы ақпаратты өз терминалына қабылдау), дыбыстық пошта мен бірқатар басқа да қызметтерді қамтуы тиіс болатын.

 

ISDN желілерін енгізу айтарлықтай ертеректе басталды- 80-ші жылдардың соңында, алайда тұтынушылық интерфейстің жоғары техникалық күрделілігі, көптеген өмірлік маңызды қызметтерге арналған біртұтас стандарттардың жоқтығы, сонымен қатар телефондық АТС мен байланыс каналдарын қайта жабдықтау үшін қомақты капитал салымдарының қажеттілігі инкубациялы қезеңнің ұзақ жылдарға созылуына әкеп соқтырды, ал қазіргі таңда, яғни бірнеше ондаған жылдар өткеннен соң ISDN желілерінің таралу ауқымы кеңеюде. АҚШ-да ISDN желілерін енгізу үрдісі Еуропадан әлдеқайда артта қалып қойды, сондықтан желілік индустрия аталмыш желілердің бар екендігін күні кеше аңғарды. Егер коммуникациялы құрал-жабдықтар бойынша жапондық желілерді қарастырсақ, онда жалған қорытынды тууы мүмкін, ISDN технологиясы шамамен 1994-1995 жылдарда пайда болды деген секілді, себебі дәл осы жылдарда ISDN интерфейстеріне қызмет көрсететін маршрутизаторлар пайда бола бастаған болатын. Бұл жағдай келесі тұжырымды дәлелдейді, дәл осы жылдары ISDN желісі АҚШ-та корпоротивті желілерге арналған желілік құрал-жабдықтар өндірісі бойынша көшбастап келе жатқан компанияларды қамтитын елде барынша кең тарады. ISDN желісінің архитектурасы қызметтердің бірнеше түрін қарастырады:

 

• бейкоммутациялы құралдар (бөлінген сандық каналдар);

 

• жалпы қолданыстағы коммутациялы телефон желісі;

• арналар коммутациясымен мәліметтер тарату желісі;


• пакеттер коммутациясымен мәліметтер тарату желісі;

 

• кадрлар көрсетілімімен мәліметтер тарату желісі (frame relay);

 

• желінің жұмысын бақылау жэне басқару құралдары.

 

Келтірілген тізімнен байқағанымыздай, ISDN желілерінің тасымалдау қызметтері әйгілі frame relay қызметтерін қоса алғанда қызметтердің кең ауқымды спектрін қамтиды. Соған қоса, желіні бақылау құралдарына баса назар аудару арқылы желі абонентімен байланысты орнату үшін дабылдарды маршрутизациялауға болады, сонымен қатар желі мониторингі мен басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Басқару қабілеті коммутаторлар мен желілердің ақырғы тораптардың интеллектуалдығымен қамтамасыз етіледі.

 

Date: 2016-01-20; view: 826; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию